Ақиқатында, Аллаһ Исраил ұрпақтарынан серт алды әрі олардың ішінен он екі / тайпа / басшысын жібердік. Аллаһ: «Ақиқатында, Мен сендермен біргемін. Егер намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындасаңдар, зекетті берсендер, елшілеріме сеніп, Оларға көмектессеңдер әрі Аллаһқа көркем қарыз берсендер, міндетті түрде жаман істеріңді өшіріп, сендерді астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргіземін. Сендерден кім осыдан кейін де күпірлік етсе / қарсы келсе / , негізінде ол тура жолдан адасқан болады», - деді.