Ақиқатында, «Аллаһ, ол - Мәриям ұлы Мәсих», - деп айтқандар кәпір болды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер Аллаһ Мәриям ұлы Мәсихті әрі оның анасын және жер жүзіндегілердің барлығын жойып жіберуді қаласа, Аллаһтан болған нәрсеге / азапқа / кім иелік ете алады?!» - деп. Аспандар мен жердің және ол екеуінің арасындағылардың билігі Аллаһта. Ол қалағанын жаратады әрі Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы.