Осы себептен Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген не жер бетінде бұзғыншылық жасамаған бір адамды өлтірсе, шын мәнінде, ол адамдардың барлығын өлтіргендей болады, ал кім оны / бір адамды / тірілтсе / тірі қалуына септігі тисе / , адамдардың барлығын тірілткендей болады», - деп жаздық. Ақиқатында оларға елшілеріміз анық дәлелдермен келді. Содан кейін де олардың көбісі жер жүзінде шектен шығады.