Ей, Елші! Тілдерімен «Біз иманға келдік» деп айтқандарымен, жүректері сенбейтіндерден / мұнафиқтардан / күпірлікке / имансыздыққа! ұмтылғандар сені қайғыртпасын. Әрі иудейлерден де. Олар - өтірікті тыңдаушылар әрі олар саған келмеген / сені тыңдамаған! басқа адамдарды тыңдаушылар. Олар сөзді өз орындарынан өзгертеді де: «Егер сендерге осы берілсе - алыңдар, ал егер берілмесе - сақтаныңдар», - дейді. Аллаһ кімнің бүлікке түсуін қаласа, сен ол үшін Аллаһтан болған нәрсеге иелік ете алмайсың. Міне, Аллаһ жүректерін тазартуды қаламағандар - осылар. Олар үшін осы өмірде қорлық бар. Әрі оларға соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / өте үлкен азап бар.