Ақиқатында, Біз Тәуратты түсірдік. Онда тура жол және нұр бар. Аллаһқа бойсұнған / Мұсылман / пайғамбарлар иудейлерге онымен үкім етеді. Сондай-ақ, Аллаһтың Кітабынан өздеріне сақтау міндеті жүктелген иудейлердің ғибадатшыл ұстаздары мен дін ғалымдары да / Аллаһтың Кітабы бойынша үкім айтты / әрі олар оған / Кітаптың ақиқатына / куә болды. Сендер адамдардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар және аяттарымның орнына аз бағаны / бұл дүниелікті / сатып алмандар! Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар - кәпірлер.