Ей, Мұхаммед! / Біз саған Кітапты / Құранды / ақиқатпен, өзінен алдыңғы кітаптарды растаушы әрі оларға куәлік етуші ретінде түсірдік. Енді олардың араларына Аллаһтың түсіргенімен үкім ет. Өзіңе келген ақиқаттан ауытқып, олардың көңіл құмарлығына ерме. Сендерден әрбір / үммет / үшін шариғат және жол белгіледік. Аллаһ қалағанда, сендерді бір үммет етер еді. Бірақ Ол сендерді Өзінің берген нәрселерінде сынамақшы. Сондықтан қайырлы істерде алдында болуға ұмтылыңдар / жақсылықтарға жарысыңдар / ! Барлығың Аллаһқа қайтасыңдар. Сонда Ол сендердің қайшылыққа түскен нәрселеріңнің хабарын береді.