Ей, Мұхаммед! / Олардың ішінде сені тыңдап көретіндер де бар. Бірақ Біз олардың / серік қосушылардың / ұқпаулары үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. Олар әрбір белгіні көрсе де оған сенбейді. Тіпті өзіңмен тартысуға алдыңа келген кезде, сол күпірлік еткендер / аяттарды теріске шығарушылар / :«Бұл - бұрынғылардың аңыз-ертегілерінен басқа нәрсе емес», - дейді.