Әрі Ол аспаннан су түсірген. Біз ол арқылы әртүрлі өсімдікті шығардық. Одан көк шығарып, ал одан шоғырланған дән шығарамыз. Құрманың түйінінен иілген жемісті шақтар шығарамыз. Сондай-ақ жүзімнен бақтар және бір-біріне ұқсайтын, ұқсамайтынзәйтүн мен анар шығарамыз. Олардың жеміс салған және жемісі пісіп жетілген кезіне назар салыңдар. Ақиқатында, Мұнда имандылар / мүміндер / үшін белгі-дәлелдер бар.