Кезінде Исраил ұрпақтарынан: «Аллаһтан басқаға құлшылықжасамайсыңдар, ата-анаға, туысқандарға, жетімдерге және кедейлерге жақсылық істейсіңдер, адамдарға жақсы сөз айтасыңдар, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайсыңдар және зекетті бересіңдер», - деп уәдесін алдық. Содан кейін азғантайыңнан өзгелерің, / ол серттен / бас тартқан күйде, теріс айналдыңдар.


الصفحة التالية
Icon