Содан соң да сендер өздеріңді / бір-біріңді / өлтірудесіндер, өздеріңнен бір бөлікті қоныстарыңнан шығарудасындар, оларға қарсы бір-біріңе күнә және дұшпандықтакөмектесесіңдер. Олар / діндестерің / сендерге тұтқын болып келсе, оларға төлем беріп құтқарудасыңдар.Ал, негізінде, сендерге оларды қоныстарынан шығаруға тыйым салынған / болатын /. Сонда сендер Кітаптың бір бөлігіне сеніп, ал басқа бөлігіне күпірлік етесіңдер ме / қарсы келесіңдер ме / ? Сендерден осыны істегендерге бұл өмірде қорлықтан басқа қайтарым жоқ. Ал, Қайта тірілу күні олар азаптың ең ауырына ұшыратылады. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес.


الصفحة التالية
Icon