Ақиқатында, Біз Мұсаға Кітапты / Тәуратты / бердік және оның соңынан пайғамбарларды жалғасты түрде жібердік. Мәриям ұлы Исаға да анық белгілер беріп, оны Рухул құддуспен / Жәбірейіл періштемен / қуаттадық. Сендерге бір Елші көңілдерің қаламағанды әкелген сайын, тәкаппарланып, өздеріңді жоғары санамадыңдар ма? Сөйтіп / елшілердің / бір бөлігін өтірікке шығардыңдар да бір бөлігін өлтірдіңдер.