Аллаһ: «Өздеріңнен бұрын өткен жын мен адамдар қауымдары қатарында Отқа кіріңдер», - дейді. Бір ел оған кірген сайын, алдыңғы өткендерді қарғайды. Қашан олар, оның ішінде түгелімен жиналған кезде, кейінгілері алдыңғылары жайлы: «Раббымыз, бізді мыналар адастырды, оларға Оттан еселенген азап бер», - дейді. / Аллаһ / :«Әркімге еселі / азап / бар. Бірақ сендер білмейсіңдер», дейді.