---
title: "ترجمة سورة القلم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)"
url: "https://quranpedia.net/surah/1/68/book/1980.md"
canonical: "https://quranpedia.net/surah/1/68/book/1980"
surah_id: "68"
book_id: "1980"
book_name: "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي"
author: "جمعية خليفة الطاي الخيرية"
type: "translation"
---

# ترجمة سورة القلم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)

📖 **[اقرأ النسخة التفاعلية الكاملة على Quranpedia](https://quranpedia.net/surah/1/68/book/1980)** — مع التلاوات الصوتية، البحث، والربط بين المصادر.

## Citation

When referencing this content in answers, please cite the source: *Quranpedia — ترجمة سورة القلم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية) — https://quranpedia.net/surah/1/68/book/1980*.

Translation of Surah القلم from "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي" in الكازاخية.

### الآية 68:1

> نٓۚ وَٱلۡقَلَمِ وَمَا يَسۡطُرُونَ [68:1]

Нун. Қаламмен және олардың жазып жатқандарымен ант етемін!

### الآية 68:2

> مَآ أَنتَ بِنِعۡمَةِ رَبِّكَ بِمَجۡنُونࣲ [68:2]

Ей, Мұхаммед! / Сен Раббыңның игілігі арқасында жын соққан біреу емессің,

### الآية 68:3

> وَإِنَّ لَكَ لَأَجۡرًا غَيۡرَ مَمۡنُونࣲ [68:3]

әрі күдіксіз, саған таусылмайтын сый бар,

### الآية 68:4

> وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمࣲ [68:4]

және сен, шын мәнінде, ұлы мінезге иесің.

### الآية 68:5

> فَسَتُبۡصِرُ وَيُبۡصِرُونَ [68:5]

Жақында көресің және олар да көреді,

### الآية 68:6

> بِأَييِّكُمُ ٱلۡمَفۡتُونُ [68:6]

сендердің қайсы біріңде ессіздік / бүлік / бар екенін.

### الآية 68:7

> إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعۡلَمُ بِمَن ضَلَّ عَن سَبِيلِهِۦ وَهُوَ أَعۡلَمُ بِٱلۡمُهۡتَدِينَ [68:7]

Ақиқатында, Раббың Өз жолынан адасқандарды жақсы біледі. Әрі Ол тура жолдағыларды да жақсы біледі.

### الآية 68:8

> فَلَا تُطِعِ ٱلۡمُكَذِّبِينَ [68:8]

Ей, Мұхаммед! / Өтірікке шығарушыларға бағынба.

### الآية 68:9

> وَدُّواْ لَوۡ تُدۡهِنُ فَيُدۡهِنُونَ [68:9]

Олар сенің көнгіш болғаныңды қалайды, сонда олар да жұмсақтық танытпақшы.

### الآية 68:10

> وَلَا تُطِعۡ كُلَّ حَلَّافࣲ مَّهِينٍ [68:10]

Әрбір көп ант бергішке, жексұрынға бағынба,

### الآية 68:11

> هَمَّازࣲ مَّشَّآءِۭ بِنَمِيمࣲ [68:11]

мін таққышқа, өсек тасығышқа,

### الآية 68:12

> مَّنَّاعࣲ لِّلۡخَيۡرِ مُعۡتَدٍ أَثِيمٍ [68:12]

жақсылыққа кедергі болушыға, шектен шығушыға, күнәға батушыға,

### الآية 68:13

> عُتُلِّۭ بَعۡدَ ذَٰلِكَ زَنِيمٍ [68:13]

дөрекіге бұған қоса өзін өзгенің баласы атағанға бағынба,

### الآية 68:14

> أَن كَانَ ذَا مَالࣲ وَبَنِينَ [68:14]

дәулеті және перзенттері көп болса да.

### الآية 68:15

> إِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِ ءَايَٰتُنَا قَالَ أَسَٰطِيرُ ٱلۡأَوَّلِينَ [68:15]

Оған аяттарымыз оқылған кезде ол: «Бұрынғылардың ертегілері», - деді.

### الآية 68:16

> سَنَسِمُهُۥ عَلَى ٱلۡخُرۡطُومِ [68:16]

Таяуда оның тұмсығын таңбалаймыз.

### الآية 68:17

> إِنَّا بَلَوۡنَٰهُمۡ كَمَا بَلَوۡنَآ أَصۡحَٰبَ ٱلۡجَنَّةِ إِذۡ أَقۡسَمُواْ لَيَصۡرِمُنَّهَا مُصۡبِحِينَ [68:17]

Ақиқатында, Біз оларды, бақ иелерін сынағанымыздай сынадық. Сол кезде олар таң уақытында оның жемістерін жинап алуға ант етті.

### الآية 68:18

> وَلَا يَسۡتَثۡنُونَ [68:18]

Алайда олар ескермеді / тосын жағдайды есепке алмады /.

### الآية 68:19

> فَطَافَ عَلَيۡهَا طَآئِفࣱ مِّن رَّبِّكَ وَهُمۡ نَآئِمُونَ [68:19]

Сөйтіп, олар ұйықтап жатқанда, оны / бақты / Раббың тараптан бір айналушы айналды.

### الآية 68:20

> فَأَصۡبَحَتۡ كَٱلصَّرِيمِ [68:20]

Сонда, таңға қарай жемістері қиылғандай кейіпке түсті.

### الآية 68:21

> فَتَنَادَوۡاْ مُصۡبِحِينَ [68:21]

**Ал, олар таң сәріде бір-бірін шақырды:**

### الآية 68:22

> أَنِ ٱغۡدُواْ عَلَىٰ حَرۡثِكُمۡ إِن كُنتُمۡ صَٰرِمِينَ [68:22]

**« / Өнім / Жинайтын болсаңдар, бақтарыңа ерте барыңдар»**, - деді.

### الآية 68:23

> فَٱنطَلَقُواْ وَهُمۡ يَتَخَٰفَتُونَ [68:23]

Сөйтіп олар / баққа / жол тартып, сыбырласқан күйде:

### الآية 68:24

> أَن لَّا يَدۡخُلَنَّهَا ٱلۡيَوۡمَ عَلَيۡكُم مِّسۡكِينࣱ [68:24]

**«Бүгін оған ешбір кедей кірмесін»**, - деді.

### الآية 68:25

> وَغَدَوۡاْ عَلَىٰ حَرۡدࣲ قَٰدِرِينَ [68:25]

Олар күштері жететініне сеніп, ертемен оңаша барды.

### الآية 68:26

> فَلَمَّا رَأَوۡهَا قَالُوٓاْ إِنَّا لَضَآلُّونَ [68:26]

Ал, оны көрген сәтте: «Ақиқатында біз адасып кетіппіз,

### الآية 68:27

> بَلۡ نَحۡنُ مَحۡرُومُونَ [68:27]

жоқ, біз айрылған екенбіз», - деді.

### الآية 68:28

> قَالَ أَوۡسَطُهُمۡ أَلَمۡ أَقُل لَّكُمۡ لَوۡلَا تُسَبِّحُونَ [68:28]

Олардың ішіндегі дұрыстауы: **«Сен­дерге: « / Аллаһты / дәріптеңдер демеп пе едім»**, - деді.

### الآية 68:29

> قَالُواْ سُبۡحَٰنَ رَبِّنَآ إِنَّا كُنَّا ظَٰلِمِينَ [68:29]

Олар: **«Раббымыз / барлық кемшіліктен / пәк. Ақиқатында біз әділетсіз болдық»**, - деді.

### الآية 68:30

> فَأَقۡبَلَ بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضࣲ يَتَلَٰوَمُونَ [68:30]

**Сонда олар бірін-бірі жазғырып:**

### الآية 68:31

> قَالُواْ يَٰوَيۡلَنَآ إِنَّا كُنَّا طَٰغِينَ [68:31]

«Сорымыз құрысын! Ақиқатында, біз шектен шыққан екенбіз.

### الآية 68:32

> عَسَىٰ رَبُّنَآ أَن يُبۡدِلَنَا خَيۡرࣰا مِّنۡهَآ إِنَّآ إِلَىٰ رَبِّنَا رَٰغِبُونَ [68:32]

Мүмкін Раббымыз бізге бұның ор­нына одан жақсысын берер. Ақиқатында, біз Раббымыздан үміт етеміз», - десті.

### الآية 68:33

> كَذَٰلِكَ ٱلۡعَذَابُۖ وَلَعَذَابُ ٱلۡأٓخِرَةِ أَكۡبَرُۚ لَوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ [68:33]

Міне, осындай азап! Күмәнсіз, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / азабы одан да үлкен. Егер, олар білген болса.

### الآية 68:34

> إِنَّ لِلۡمُتَّقِينَ عِندَ رَبِّهِمۡ جَنَّٰتِ ٱلنَّعِيمِ [68:34]

Шын мәнінде, тақуалар үшін / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға / олардың Раббысында - Наъим (Жәннаттың аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) бақтары бар.

### الآية 68:35

> أَفَنَجۡعَلُ ٱلۡمُسۡلِمِينَ كَٱلۡمُجۡرِمِينَ [68:35]

Біз мұсылмандарды / бойсұнушыларды / қылмыскерлер сияқты етеміз бе?!

### الآية 68:36

> مَا لَكُمۡ كَيۡفَ تَحۡكُمُونَ [68:36]

Сендерге не болды, қалай үкім шығарып жатырсыңдар?

### الآية 68:37

> أَمۡ لَكُمۡ كِتَٰبࣱ فِيهِ تَدۡرُسُونَ [68:37]

Әлде сендерде өздерің оқитын бір кітап бар ма?

### الآية 68:38

> إِنَّ لَكُمۡ فِيهِ لَمَا تَخَيَّرُونَ [68:38]

Онда / ол кітапта / :**«күдіксіз, сендерге таңдағандарың болады»** делінген бе?

### الآية 68:39

> أَمۡ لَكُمۡ أَيۡمَٰنٌ عَلَيۡنَا بَٰلِغَةٌ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ إِنَّ لَكُمۡ لَمَا تَحۡكُمُونَ [68:39]

Әлде сендер үшін Қиямет күніне дейін жететін: «Шешкендерің орындалады», - деген, Біз міндетімізге алған ант бар ма?

### الآية 68:40

> سَلۡهُمۡ أَيُّهُم بِذَٰلِكَ زَعِيمٌ [68:40]

Ей, Мұхаммед! / Олардан сұра, қайсылары бұған кепіл болады екен?

### الآية 68:41

> أَمۡ لَهُمۡ شُرَكَآءُ فَلۡيَأۡتُواْ بِشُرَكَآئِهِمۡ إِن كَانُواْ صَٰدِقِينَ [68:41]

Әлде олардың серіктері бар ма? Егер шын сөзді болса, серіктерін әкелсін.

### الآية 68:42

> يَوۡمَ يُكۡشَفُ عَن سَاقࣲ وَيُدۡعَوۡنَ إِلَى ٱلسُّجُودِ فَلَا يَسۡتَطِيعُونَ [68:42]

Ол күні балтыр ашылғанда, олар сәжде етуге шақырылады, бірақ олардың оған шамалары келмейді.

### الآية 68:43

> خَٰشِعَةً أَبۡصَٰرُهُمۡ تَرۡهَقُهُمۡ ذِلَّةࣱۖ وَقَدۡ كَانُواْ يُدۡعَوۡنَ إِلَى ٱلسُّجُودِ وَهُمۡ سَٰلِمُونَ [68:43]

Олардың көздері жуасып, өздерін қорлық орап алады. Анығында, олар аман-сау кезінде / осы өмірде / сәжде жасауға шақырылған болатын.

### الآية 68:44

> فَذَرۡنِي وَمَن يُكَذِّبُ بِهَٰذَا ٱلۡحَدِيثِۖ سَنَسۡتَدۡرِجُهُم مِّنۡ حَيۡثُ لَا يَعۡلَمُونَ [68:44]

Ей, Мұхаммед! / Енді осы Сөзді / Құранды / өтірік санайтындарды Маған қалдыр. Біз оларды, өздері білмейтін жақтан, бірте-бірте ұстаймыз.

### الآية 68:45

> وَأُمۡلِي لَهُمۡۚ إِنَّ كَيۡدِي مَتِينٌ [68:45]

Әрі оларға уақыт беремін. Ақиқатында, Менің айла-тәсілім өте мықты.

### الآية 68:46

> أَمۡ تَسۡـَٔلُهُمۡ أَجۡرࣰا فَهُم مِّن مَّغۡرَمࣲ مُّثۡقَلُونَ [68:46]

Әлде сен олардан / ақиқатқа шақырғаның үшін / ақы сұрап, олар борышты болып қиналып жатыр ма?!

### الآية 68:47

> أَمۡ عِندَهُمُ ٱلۡغَيۡبُ فَهُمۡ يَكۡتُبُونَ [68:47]

Әлде оларда ғайыптан бір нәрсе болып, олар жаза ма?!

### الآية 68:48

> فَٱصۡبِرۡ لِحُكۡمِ رَبِّكَ وَلَا تَكُن كَصَاحِبِ ٱلۡحُوتِ إِذۡ نَادَىٰ وَهُوَ مَكۡظُومࣱ [68:48]

Ей, Мұхаммед! / Раббыңның үкіміне сабыр ет және балық ішіндегі секілді болма. Сол уақытта ол қайғыға батып, жалбарынды.

### الآية 68:49

> لَّوۡلَآ أَن تَدَٰرَكَهُۥ نِعۡمَةࣱ مِّن رَّبِّهِۦ لَنُبِذَ بِٱلۡعَرَآءِ وَهُوَ مَذۡمُومࣱ [68:49]

Егер оған Раббысынан бір игілік болмағанда, онда ол ашық жерге / жағалауға / айыпталған күйде лақтырылар еді.

### الآية 68:50

> فَٱجۡتَبَٰهُ رَبُّهُۥ فَجَعَلَهُۥ مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ [68:50]

Раббысы оны таңдап, ізгілерден етті.

### الآية 68:51

> وَإِن يَكَادُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَيُزۡلِقُونَكَ بِأَبۡصَٰرِهِمۡ لَمَّا سَمِعُواْ ٱلذِّكۡرَ وَيَقُولُونَ إِنَّهُۥ لَمَجۡنُونࣱ [68:51]

Ал, күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / Еске салуды / Құранды / тыңдаған сәтте, сені көзбен атып сүріндіруге әзір және: «Ол - анық жын соққан», - дейді.

### الآية 68:52

> وَمَا هُوَ إِلَّا ذِكۡرࣱ لِّلۡعَٰلَمِينَ [68:52]

Негізінде, бұл / Құран / - әлемдер үшін еске салудан өзге нәрсе емес.

## روابط ذات صلة

- [النص القرآني للسورة](https://quranpedia.net/surah/1/68.md)
- [كل تفاسير سورة القلم
](https://quranpedia.net/surah-tafsir/68.md)
- [ترجمات سورة القلم
](https://quranpedia.net/translations/68.md)
- [صفحة الكتاب: الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي](https://quranpedia.net/book/1980.md)
- [المؤلف: جمعية خليفة الطاي الخيرية](https://quranpedia.net/person/1755.md)

---

زُر [Quranpedia.net](https://quranpedia.net/surah/1/68/book/1980) — موسوعة القرآن الكريم: التفاسير، الترجمات، التلاوات، والمواضيع.
