ﯝ
ترجمة معاني سورة الفتح
باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
.
من تأليف:
جمعية خليفة الطاي الخيرية
.
ﰡ
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында Біз саған анық жеңіс бердік,
сөйтіп, сенің бұрынғы жіберген және кейінгі жаңсақтық, қателеріңді Аллаһ кешіріп, саған Өзінің игілігін толықтыруы және сені тура жолымен жүргізуі үшін,
әрі Аллаһтың саған ұлы көмекпен жәрдем беруі үшін.
Ол иманға келгендердің имандарын арттыру үшін олардың жүректеріне сакина / тыныштық / түсірді. Аспандар мен жердің әскерлері Аллаһтікі. Аллаһ бәрін Білуші , аса Дана.
і/ Әрі бүл жеңіс / иманды ерлер мен иманды әйелдерді астынан өзендер ағып жататын, олар онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізуі және олардың жамандықтарын кешіру үшін. Бұл - Аллаһтың алдында ұлы табыс.
Әрі Аллаһқа байланысты жаман ой ойлаған мұнафиқ ерлер мен мұнафиқ әйелдерді және Аллаһқа серік қосушы ерлер мен серік қосушы әйелдерді азаптауы үшін. Жамандық олардың өздеріне қайтады. Аллаһ оларға ашуланды, оларды лағнет етті және оларға Жаһаннамды дайындады. Ол баратын орын неткен жаман!
Аспандар мен жердің әскерлері Аллаһтікі. Аллаһ өте Үстем , аса Дана.
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз сені куә етіп, қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп жібердік,
Аллаһқа және Оның Елшісіне сенулерің, әрі Оны ұлықтауларың және Оны құрметтеулерің, әрі Оны / Аллаһты / таңертең және кешке / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптеулерің үшін.
Ей, Мұхаммед! / Негізінде саған серт беретіндер, шын мәнінде Аллаһқа серт береді. Аллаһтың қолы олардың қолдарының үстінде. Сонда кім / сертті / бұзса, өз зиянына бұзады. Ал, кім Аллаһқа берген сертін орындаса, Ол оған ұлы сый береді.
Бәдәуилердің ішіндегі қалып қойғандар саған: «Бізді мал-мүліктеріміз бен үй ішіміз ұстап қалды. Біз үшін кешірім тіле»,- дейді. Олар жүректерінде жоқ нәрсені тілдерімен айтады. Айт: «Егер Ол сендерге бір зиян қаласа немесе Ол сендерге бір пайда қалайтын болса, сендер үшін кім Аллаһтың алдында бірнәрсеге иелік ете алады?» Жоқ! Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар.
Керісінше, сендер Елші және иманға келгендер үй-ішіне ешқашан оралмайды деп ойладыңдар. Әрі бұл сендердің жүректеріңде көркем етіліп көрсетілді. Сендер жаман ой ойладыңдар әрі жойылуға ұшырайтын топ болдыңдар.
Кім Аллаһқа және Оның елшісіне сенбесе, Біз анығында, кәпірлер үшін Саъирді дайындадық.
Аспандар және жердің билігі Аллаһта. Ол кімді қаласа кешіреді, әрі кімді қаласа азаптайды. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
Сендер олжа алу үшін жорыққа шыққандарыңда / соғысқа шықпай / қалдырылғандар: «Бізді жіберіңдер, сендерге ерейік», - дейді. Олар Аллаһтың сөзін өзгертуді қалайды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер бізге ешқашан ермейсіңдер. Аллаһ сендерге қатысты бұрын осылай деген», - деп. Сонда олар: «Жоқ, сендер бізден қызғанып тұрсыңдар», - дейді. Анығында, олар аз ғана түсінеді.
Ей, Мұхаммед! / Бәдәуилерден қалдырылғандарға айт: «Сендер жақында бір күшті елге қарсы шақырыласыңдар. Олармен не соғысасыңдар, не олар бойсұнады. Егер сендер / Аллаһтың бұйрығына / бағынсаңдар, Аллаһ сендерге көркем сый береді. Ал, егер бұрын теріс бұрылғандарың сияқты теріс бұрылсаңдар, Ол сендерді күйзелтуші азаппен жазалайды», - деп.
Соқырға күнә емес, ақсаққа да күнә емес және ауруға да / соғысқа қатыспағаны / күнә емес. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса, Ол оны астынан өзендер ағып жататын / жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Ал, кім теріс бұрылса, оны күйзелтуші азапқа ұшыратады.
Ей, Мұхаммед! / Саған имандылар, ағаш түбінде серт берген кезде, Аллаһ олардан разы болды. Ол / Аллаһ / олардың жүректеріндегіні білді, әрі олардың үстінен сакина / тыныштық / түсірді және оларды жақын бір жеңіспен марапаттады,
және олар алатын көп олжалармен де. Әрі Аллаһ өте Үстем, аса Дана.
Аллаһ сендерге өздерің алатын көп олжаларды уәде етті және оны сендерге берілуін тездетті әрі адамдардың қолдарын сендерден тосты. Ол мұны имандыларға бір белгі болуы үшін және сендерді тура жолға салуы үшін / жасады /.
Сондай-ақ, әлі шамаларың келмеген басқа да нәрселер бар. Аллаһ оларды қоршап қойған әрі Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы.
Ал, егер күпірлік етушілер / иманға келмегендер / сендермен соғысса, артқа бұрылып қашар еді, содан кейін олар қамқоршы да, көмектесуші де таппайды.
Бұл бұрыннан келе жатқан Аллаһтың бекіткен жолы. Аллаһтың бекіткеніне ешбір өзгеріс таппайсың.
Ол Мекке жазығында сендерді олардан үстем еткеннен кейін олардың қолдарын сендерден, ал сендердің қолдарыңды олардан тыйды. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші.
Олар - күпірлік еткендер / Аллаһ және Оның Елшісіне қарсы шыққандар / , әрі сендерді әл-Харам мешітінен және құрбандық малдарын сойылатын орнына жетуден тосқандар. Егер де сендер өздерің білмеген иманды ерлер мен иманды әйелдерді таптап кетіп, білместікпен обалына / күнәға / қалмайтын болмағандарыңда еді, алайда Аллаһ қалағандарын Өзі мейіріміне ендіруі үшін / осылай істеді /. Егер де олар бір-бірінен / ерекшеленіп / бөлінгенде, олардан күпірлік еткендерді / иманға келмегендерді / күйзелтуші азапқа душар етер едік.
Күпірлік етушілер / Аллаһтың бірлігіне қарсы шьщцандар/ өз жүректеріне қайнаған ыза-кекті - жәһилият кезінің ыза-кегін кіргізген кезде, Аллаһ Өз Елшісінің үстінен және имандылардың үстінен сакинасын / тыныштығын / түсірді, әрі оларға тақуалық / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылық / сөзін айрылмас / тұрақты / етті. Олар бұған хақылы әрі лайықты еді. Аллаһ барлық нәрсені Білуші.
Аллаһ Өз Елшісінің көргенін / түсін / ақиқатпен растады. Аллаһ қаласа, сендер әлбетте әл-Харам мешітіне қауіпсіз түрде, шаштарыңды қырған не қысқартқан күйі қорықпай кіресіңдер. Ол сендер білмегенді білді әрі алдын ала жақын бір жеңіс белгіледі.
Ол - Өз елшісін / тура жолды ұстану үшін / басшылықпен және хақ дінмен, оны / ислам дінін / діндердің барлығынан үстем ету үшін жіберді. Аллаһ - бәріне куә / Шәһид / ретінде жеткілікті.
Мұхаммед - Аллаһтың елшісі. Онымен бірге болғандар кәпірлерге қатаң, ал бір-біріне мейірімді. Оларды рукуғ жасаған / намазда иілген / , сәжде еткен, Аллаһтан кеңшілік әрі ризалық іздеген түрде көресің. Олардың белгілері - жүздеріндегі сәжделердің эсері. Олардың Тәураттағы сипаты осындай. Ал, олардың Інжілдегі мысалы - тұқымнан бүршіктеніп шығып, сосын қуаттанып, жуандап, сабағында тік тұрып, егіншілерді сүйсіндіретін егін сияқты. / Бұл / кәпірлерді олармен ызаландыру үшін. Аллаһ олардың ішінен иманға келген әрі ізгі амал жасағандарға кешірім және ұлы сый / жәннат / уәде етті.