ﯫ
ترجمة معاني سورة الجمعة
باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
.
من تأليف:
جمعية خليفة الطاي الخيرية
.
ﰡ
Аспандардағы және жердегілер барлық нәрсенің шын Билеушісі, өте пәк, бәрінен Үстем, әрі өте Дана / Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді.
Ол сауатсыздарға өздерінің арасынан Елші жіберді. Ол оларға Оның аяттарын оқиды, оларды тазартады және оларға Кітап пен даналықты үйретеді, олар бұрын анық адасуда болса да.
Әрі оларға әлі қосылмаған басқаларға да. Ол бәрінен Үстем, өте Дана.
Міне, осы - Аллаһтың кеңшілігі, Ол оны Өзі қалағанға береді. Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі.
Өздеріне Тәурат міндеттеліп, кейін оны алып жүрмегендердің / орындамағандардың / мысалы - кітаптар артылған есек сияқты. Аллаһтың аят-белгілерін өтірік санаған адамдардың мысалы қандай жаман! Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, иудейлікті ұстанушылар! Егер өздеріңді адамдардың ішінде өзгелерден Аллаһқа жақынбыз деп ойласаңдар / өздеріңе / өлімді тілеңдерші, егер шын сөзді болсаңдар», - деп.
Олар өз қолдарымен бұрын істегені / күнәлары / себепті ешқашан оны тілемейді. Аллаһ - әділетсіздерді жақсы Білуші.
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Ақиқатында өздерің қашатын өлім, күмәнсіз, сендерге кездеседі. Содан кейін сендер құпия мен айқын нәрсені Білушіге қайтарыласыңдар да, Ол сендерге не істегендеріңнің хабарын береді», деп.
Ей, иманға келгендер! Қашан жұма күнгі намазға шақырса / азан айтылса / , Аллаһты еске алуға ұмтылыңдар да сауда-саттықты қойыңдар. Білсеңдер, бұл - сендер үшін қайырлы.
Ал, намаз аяқталғанда, жер бетіне / баратын жерлеріңе / тарқалыңдар да Аллаһтың кеңшілігін іздеңдер әрі мұраттарыңа жетулерің үшін Аллаһты көп еске алыңдар.
Олар сауданы не бір бос нәрсені көрген кезде, сол жаққа бет алды да, сені тұрған күйіңде қалдырып кетті. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтағы / сый /- бос нәрседен де, саудадан да қайырлы. Аллаһ - ризық берушілердің ең қайырлысы», - деп.