---
title: "ترجمة سورة مريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)"
url: "https://quranpedia.net/surah/1/19/book/1980.md"
canonical: "https://quranpedia.net/surah/1/19/book/1980"
surah_id: "19"
book_id: "1980"
book_name: "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي"
author: "جمعية خليفة الطاي الخيرية"
type: "translation"
---

# ترجمة سورة مريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)

📖 **[اقرأ النسخة التفاعلية الكاملة على Quranpedia](https://quranpedia.net/surah/1/19/book/1980)** — مع التلاوات الصوتية، البحث، والربط بين المصادر.

## Citation

When referencing this content in answers, please cite the source: *Quranpedia — ترجمة سورة مريم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية) — https://quranpedia.net/surah/1/19/book/1980*.

Translation of Surah مريم from "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي" in الكازاخية.

### الآية 19:1

> كهيعص [19:1]

Кәф, Ха, Йа, 'Айн, Сад.

### الآية 19:2

> ﻿ذِكْرُ رَحْمَتِ رَبِّكَ عَبْدَهُ زَكَرِيَّا [19:2]

Ей, Мұхаммед! / Бұл - Раббыңның Өз құлы Зәкәрияға / жасаған / игілігін еске салуы.

### الآية 19:3

> ﻿إِذْ نَادَىٰ رَبَّهُ نِدَاءً خَفِيًّا [19:3]

Міне, кезінде ол Раббысына / өзгелерден / жасырын түрде жалбарынды.

### الآية 19:4

> ﻿قَالَ رَبِّ إِنِّي وَهَنَ الْعَظْمُ مِنِّي وَاشْتَعَلَ الرَّأْسُ شَيْبًا وَلَمْ أَكُنْ بِدُعَائِكَ رَبِّ شَقِيًّا [19:4]

Ол: «Раббым! Менің сүйегім қаусады, басымды ақ шалды. Раббым! Саған дұға еткенімде бақытсыз болған жоқ едім.

### الآية 19:5

> ﻿وَإِنِّي خِفْتُ الْمَوَالِيَ مِنْ وَرَائِي وَكَانَتِ امْرَأَتِي عَاقِرًا فَهَبْ لِي مِنْ لَدُنْكَ وَلِيًّا [19:5]

Мен артымда қалатын ағайындарымнан қорқамын / қауіптемін /. Әйелім бедеу. Маған өз қасыңнан бір мұрагер бере гөр!

### الآية 19:6

> ﻿يَرِثُنِي وَيَرِثُ مِنْ آلِ يَعْقُوبَ ۖ وَاجْعَلْهُ رَبِّ رَضِيًّا [19:6]

Маған да мұрагер әрі Яғқұптың әулетіне де мұрагер болатын. Раббым! Оны Өзің разы болатын / ізгілерден / ет», - деді.

### الآية 19:7

> ﻿يَا زَكَرِيَّا إِنَّا نُبَشِّرُكَ بِغُلَامٍ اسْمُهُ يَحْيَىٰ لَمْ نَجْعَلْ لَهُ مِنْ قَبْلُ سَمِيًّا [19:7]

**«Ей, Зәкәрия! Біз сені ұлмен сүйіншілейміз, есімі Йахйа. Бұған дейін ешкімді ол секілді атамадық»**.

### الآية 19:8

> ﻿قَالَ رَبِّ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي غُلَامٌ وَكَانَتِ امْرَأَتِي عَاقِرًا وَقَدْ بَلَغْتُ مِنَ الْكِبَرِ عِتِيًّا [19:8]

Зәкәрия / :**«Раббым!? Әйелім бедеу, ал, өзім қатты қартайған болсам, менде қалай бала болмақ?»** - деді.

### الآية 19:9

> ﻿قَالَ كَذَٰلِكَ قَالَ رَبُّكَ هُوَ عَلَيَّ هَيِّنٌ وَقَدْ خَلَقْتُكَ مِنْ قَبْلُ وَلَمْ تَكُ شَيْئًا [19:9]

Періште / :**«Міне осылай. Раббың айтты: «Ол маған оңай. Сені, бұрын сен ешнәрсе болмағаныңда да жараттым»**, - деді.

### الآية 19:10

> ﻿قَالَ رَبِّ اجْعَلْ لِي آيَةً ۚ قَالَ آيَتُكَ أَلَّا تُكَلِّمَ النَّاسَ ثَلَاثَ لَيَالٍ سَوِيًّا [19:10]

Зәкәрия / :**«Раббым, маған бір белгі бер»**,- деді. Ол: **«Сенің белгің - сау бола тұра адамдарға қатарынан үш түн сөйлемеуің»**,- деді.

### الآية 19:11

> ﻿فَخَرَجَ عَلَىٰ قَوْمِهِ مِنَ الْمِحْرَابِ فَأَوْحَىٰ إِلَيْهِمْ أَنْ سَبِّحُوا بُكْرَةً وَعَشِيًّا [19:11]

Сөйтіп ол, құлшылық ететін орнынан қауымының алдына шығып, оларға: **«Таңертең және кешке Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптеңдер»**,- деп / ишарамен / білдірді.

### الآية 19:12

> ﻿يَا يَحْيَىٰ خُذِ الْكِتَابَ بِقُوَّةٍ ۖ وَآتَيْنَاهُ الْحُكْمَ صَبِيًّا [19:12]

Оған / :**«Ей, Йахйа! Кітапты мықтап ұста!»** - дедік. Әрі Біз оған бала кезінен даналық бердік.

### الآية 19:13

> ﻿وَحَنَانًا مِنْ لَدُنَّا وَزَكَاةً ۖ وَكَانَ تَقِيًّا [19:13]

Әрі оған Өз тарапымыздан мейірбандық пен тазалық бердік.1510 Ол тақуа / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушы! еді.

### الآية 19:14

> ﻿وَبَرًّا بِوَالِدَيْهِ وَلَمْ يَكُنْ جَبَّارًا عَصِيًّا [19:14]

Әрі ол ата-анасына игілік істеуші болып, өктемшіл, бойсұнбаушы емес еді.

### الآية 19:15

> ﻿وَسَلَامٌ عَلَيْهِ يَوْمَ وُلِدَ وَيَوْمَ يَمُوتُ وَيَوْمَ يُبْعَثُ حَيًّا [19:15]

Әрі оған туылған күні, қайтыс болатын күні және қайта тірілетін күні амандық болады.

### الآية 19:16

> ﻿وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ مَرْيَمَ إِذِ انْتَبَذَتْ مِنْ أَهْلِهَا مَكَانًا شَرْقِيًّا [19:16]

Әрі Кітаптағы Мәриямды есіңе ал. Ол үйіндегілерден шығыс жақтағы бір орынға оңашаланып,

### الآية 19:17

> ﻿فَاتَّخَذَتْ مِنْ دُونِهِمْ حِجَابًا فَأَرْسَلْنَا إِلَيْهَا رُوحَنَا فَتَمَثَّلَ لَهَا بَشَرًا سَوِيًّا [19:17]

олардан тосық артына тасаланып алды. Біз оған Рухымызды / Жәбірейілді / жібердік. Ол оған толыққанды адам бейнесінде көрінді.

### الآية 19:18

> ﻿قَالَتْ إِنِّي أَعُوذُ بِالرَّحْمَٰنِ مِنْكَ إِنْ كُنْتَ تَقِيًّا [19:18]

Мэриям / :**«Мен әр-Рахманға / аса Мейірімдіге / сиынып, сенен қорғауын сұраймын. Егер Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушы / тақуа / болсаң / тиіспе / »**, -деді.

### الآية 19:19

> ﻿قَالَ إِنَّمَا أَنَا رَسُولُ رَبِّكِ لِأَهَبَ لَكِ غُلَامًا زَكِيًّا [19:19]

Періште / :**«Анығында мен саған бір таза бала сыйлау үшін Раббыңның жіберген Елшісімін»**, - деді.

### الآية 19:20

> ﻿قَالَتْ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي غُلَامٌ وَلَمْ يَمْسَسْنِي بَشَرٌ وَلَمْ أَكُ بَغِيًّا [19:20]

Мәриям / :**«Маған ешбір адам жақындамаған болса және мен жеңіл жүрісті болмасам, менде қалай бала болмақ?»** - деді.

### الآية 19:21

> ﻿قَالَ كَذَٰلِكِ قَالَ رَبُّكِ هُوَ عَلَيَّ هَيِّنٌ ۖ وَلِنَجْعَلَهُ آيَةً لِلنَّاسِ وَرَحْمَةً مِنَّا ۚ وَكَانَ أَمْرًا مَقْضِيًّا [19:21]

Періште / :**«Міне осылай. Раббың: «Бұл Маған оңай. Оны адамдар үшін Бізден бір белгі / мұғжиза / және мейірім етеміз. Бүл - шешіліп қойылған іс»**, - деп айтты»,- деді.

### الآية 19:22

> ﻿۞ فَحَمَلَتْهُ فَانْتَبَذَتْ بِهِ مَكَانًا قَصِيًّا [19:22]

Сөйтіп, ол оған жүкті болып, онымен / кұрсағындағымен / алыс бір орынға барып оңашаланды.

### الآية 19:23

> ﻿فَأَجَاءَهَا الْمَخَاضُ إِلَىٰ جِذْعِ النَّخْلَةِ قَالَتْ يَا لَيْتَنِي مِتُّ قَبْلَ هَٰذَا وَكُنْتُ نَسْيًا مَنْسِيًّا [19:23]

Сонда, толғақ оны бір құрма ағашының діңіне алып келді. Ол: **«Қап, бұдан бұрын өліп кетсем әрі мүлдем ұмытылған болсам еді»**, - деді.

### الآية 19:24

> ﻿فَنَادَاهَا مِنْ تَحْتِهَا أَلَّا تَحْزَنِي قَدْ جَعَلَ رَبُّكِ تَحْتَكِ سَرِيًّا [19:24]

Періште / оған төменгі жақтан үн қатып: «Қайғырма! Раббың аяқ астыңнан бастау ағызды.

### الآية 19:25

> ﻿وَهُزِّي إِلَيْكِ بِجِذْعِ النَّخْلَةِ تُسَاقِطْ عَلَيْكِ رُطَبًا جَنِيًّا [19:25]

Құрманың діңін өзіңе қарай сілкі. Саған жаңа піскен кұрма түседі.

### الآية 19:26

> ﻿فَكُلِي وَاشْرَبِي وَقَرِّي عَيْنًا ۖ فَإِمَّا تَرَيِنَّ مِنَ الْبَشَرِ أَحَدًا فَقُولِي إِنِّي نَذَرْتُ لِلرَّحْمَٰنِ صَوْمًا فَلَنْ أُكَلِّمَ الْيَوْمَ إِنْسِيًّا [19:26]

Құрмадан / же, су іш әрі тыныштыққа болен! Егер адамдардан біреуді көрсең: **«Мен әр-Рахман / аса Мейірімді / үшін ауыз бекітуге нәзір атадым. Енді бүгін ешбір адаммен сөйлеспеймін»**, - деп айт»,- деді.

### الآية 19:27

> ﻿فَأَتَتْ بِهِ قَوْمَهَا تَحْمِلُهُ ۖ قَالُوا يَا مَرْيَمُ لَقَدْ جِئْتِ شَيْئًا فَرِيًّا [19:27]

Ол оны көтеріп еліне келді. Олар: «Ей, Мэриям! Сен шошынарлық нәрсе келтірдің.

### الآية 19:28

> ﻿يَا أُخْتَ هَارُونَ مَا كَانَ أَبُوكِ امْرَأَ سَوْءٍ وَمَا كَانَتْ أُمُّكِ بَغِيًّا [19:28]

Ей, Һарұнның қарындасы! Әкең жаман кісі емес еді, әрі анаң да теріс жолда емес еді»,-деді.

### الآية 19:29

> ﻿فَأَشَارَتْ إِلَيْهِ ۖ قَالُوا كَيْفَ نُكَلِّمُ مَنْ كَانَ فِي الْمَهْدِ صَبِيًّا [19:29]

Сонда ол оған / балаға / меңзеді. Олар: **«Біз құндақтағы нәрестемен қайтып сөйлесеміз?»** - деді.

### الآية 19:30

> ﻿قَالَ إِنِّي عَبْدُ اللَّهِ آتَانِيَ الْكِتَابَ وَجَعَلَنِي نَبِيًّا [19:30]

Иса / :«Мен - Аллаһтың құлымын. Ол маған Кітапты берді әрі мені Пайғамбар етті.

### الآية 19:31

> ﻿وَجَعَلَنِي مُبَارَكًا أَيْنَ مَا كُنْتُ وَأَوْصَانِي بِالصَّلَاةِ وَالزَّكَاةِ مَا دُمْتُ حَيًّا [19:31]

Әрі қайда болсам да мені берекелі етті. Өмір сүріп тұрған кезімде намазды және зекетті / өтеуді / бұйырды.

### الآية 19:32

> ﻿وَبَرًّا بِوَالِدَتِي وَلَمْ يَجْعَلْنِي جَبَّارًا شَقِيًّا [19:32]

Әрі анама игілік етуші / перзент / етті және мені өктемшіл, бақытсыз етпеді.

### الآية 19:33

> ﻿وَالسَّلَامُ عَلَيَّ يَوْمَ وُلِدْتُ وَيَوْمَ أَمُوتُ وَيَوْمَ أُبْعَثُ حَيًّا [19:33]

Әрі маған, мен туылған күні, қайтыс болатын күні және қайта тірілетін күні амандық / болады / », - деді.

### الآية 19:34

> ﻿ذَٰلِكَ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ ۚ قَوْلَ الْحَقِّ الَّذِي فِيهِ يَمْتَرُونَ [19:34]

Міне бұл - олар күмәнданып, тартысатын Мәриямның ұлы Иса жайлы хақ сөз.

### الآية 19:35

> ﻿مَا كَانَ لِلَّهِ أَنْ يَتَّخِذَ مِنْ وَلَدٍ ۖ سُبْحَانَهُ ۚ إِذَا قَضَىٰ أَمْرًا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ [19:35]

Аллаһтың бала иемденуі мүмкін емес. Ол - / барлық кемшіліктен / пәк. Ол бір істің болуын үкім етсе, оған тек қана **«бол»** дейді. Сонда ол, болады.

### الآية 19:36

> ﻿وَإِنَّ اللَّهَ رَبِّي وَرَبُّكُمْ فَاعْبُدُوهُ ۚ هَٰذَا صِرَاطٌ مُسْتَقِيمٌ [19:36]

Иса / **«Ақиқатында, Аллаһ - менің Раббым әрі сендердің Раббың. Оған құлшылық етіңдер. Міне осы тура жол»**, - деді.

### الآية 19:37

> ﻿فَاخْتَلَفَ الْأَحْزَابُ مِنْ بَيْنِهِمْ ۖ فَوَيْلٌ لِلَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ مَشْهَدِ يَوْمٍ عَظِيمٍ [19:37]

Ал айда топтар өзара қайшылыққа түсті. Сондай күпірлік етушілерге / хақ дінді бұрмалаушы ағымдарға / Ұлы күннің / Қияметтің / көрінісінен үлкен қасірет бар\\

### الآية 19:38

> ﻿أَسْمِعْ بِهِمْ وَأَبْصِرْ يَوْمَ يَأْتُونَنَا ۖ لَٰكِنِ الظَّالِمُونَ الْيَوْمَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ [19:38]

Бізге келген күні, олардың есту, көрулері өте анық болады. Алайда бүгін әділетсіздер ашық адасуда.

### الآية 19:39

> ﻿وَأَنْذِرْهُمْ يَوْمَ الْحَسْرَةِ إِذْ قُضِيَ الْأَمْرُ وَهُمْ فِي غَفْلَةٍ وَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ [19:39]

Ей, Мұхаммед! / Оларға барлық іс шешілетін - қасіретті Күнді ескерт. Ал, олар қаперсіздік танытуда / бейғамдықта / әрі сенбеуде.

### الآية 19:40

> ﻿إِنَّا نَحْنُ نَرِثُ الْأَرْضَ وَمَنْ عَلَيْهَا وَإِلَيْنَا يُرْجَعُونَ [19:40]

Ақиқатында жер және оның үстіндегілері Бізде қалады. Әрі олар Бізге қайтарылады.

### الآية 19:41

> ﻿وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ إِبْرَاهِيمَ ۚ إِنَّهُ كَانَ صِدِّيقًا نَبِيًّا [19:41]

Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Ибраһимді есіңе ал. Анығында, ол өте шыншыл және Пайғамбар еді.

### الآية 19:42

> ﻿إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ يَا أَبَتِ لِمَ تَعْبُدُ مَا لَا يَسْمَعُ وَلَا يُبْصِرُ وَلَا يُغْنِي عَنْكَ شَيْئًا [19:42]

Міне, кезінде ол әкесіне: «Әй, әкешім! Неге сен естімейтін, көрмейтін және өзіңе ешпайда бермейтін нәрсеге табынасың?

### الآية 19:43

> ﻿يَا أَبَتِ إِنِّي قَدْ جَاءَنِي مِنَ الْعِلْمِ مَا لَمْ يَأْتِكَ فَاتَّبِعْنِي أَهْدِكَ صِرَاطًا سَوِيًّا [19:43]

Әй, әкетайым! Шын мәнінде маған, саған келмеген бір білім келді. Сондықтан маған ілес, сені тура жолға бастаймын.

### الآية 19:44

> ﻿يَا أَبَتِ لَا تَعْبُدِ الشَّيْطَانَ ۖ إِنَّ الشَّيْطَانَ كَانَ لِلرَّحْمَٰنِ عَصِيًّا [19:44]

Әй, әкешім! Шайтанға табынба! Анығында, шайтан, әр-Рахманға / аса Қайырымдыға / бойсұнбаушы болды.

### الآية 19:45

> ﻿يَا أَبَتِ إِنِّي أَخَافُ أَنْ يَمَسَّكَ عَذَابٌ مِنَ الرَّحْمَٰنِ فَتَكُونَ لِلشَّيْطَانِ وَلِيًّا [19:45]

Әй, әкешім! Мен саған әр-Рахманнан азап тиіп, шайтанға жақын болып қалуыңнан қорқамын», - деді.

### الآية 19:46

> ﻿قَالَ أَرَاغِبٌ أَنْتَ عَنْ آلِهَتِي يَا إِبْرَاهِيمُ ۖ لَئِنْ لَمْ تَنْتَهِ لَأَرْجُمَنَّكَ ۖ وَاهْجُرْنِي مَلِيًّا [19:46]

Әкесі / :**«Ей, Ибраһим! Сен менің құдайларымнан бас тартасың ба? Егер, тыйылмасаң, менің сөгісіме ұшырайсың. Менен біраз уақыт аулақ жүр»**, - деді.

### الآية 19:47

> ﻿قَالَ سَلَامٌ عَلَيْكَ ۖ سَأَسْتَغْفِرُ لَكَ رَبِّي ۖ إِنَّهُ كَانَ بِي حَفِيًّا [19:47]

Ибраһим / :«Саған амандық болсын. Мен сен үшін Раббымнан кешірім тілеймін. Шын мәнінде, Ол маған Мейірбан..

### الآية 19:48

> ﻿وَأَعْتَزِلُكُمْ وَمَا تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَأَدْعُو رَبِّي عَسَىٰ أَلَّا أَكُونَ بِدُعَاءِ رَبِّي شَقِيًّا [19:48]

Әрі мен сендерден және сендердің Аллаһтан өзге тілейтіндеріңнен араны ашамын әрі Раббымнан тілеймін. Раббыма сиынып, тілек етуімде бақытсыз болмауды үміт етемін»,- деді.

### الآية 19:49

> ﻿فَلَمَّا اعْتَزَلَهُمْ وَمَا يَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَهَبْنَا لَهُ إِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ ۖ وَكُلًّا جَعَلْنَا نَبِيًّا [19:49]

Сөйтіп ол олардан және олардың Аллаһтан өзге табынатындарынан алыстап, бөлек кеткенде, Біз оған Исхақ пен Яғқұпты тарту еттік әрі олардың барлығын пайғамбар қылдық.

### الآية 19:50

> ﻿وَوَهَبْنَا لَهُمْ مِنْ رَحْمَتِنَا وَجَعَلْنَا لَهُمْ لِسَانَ صِدْقٍ عَلِيًّا [19:50]

Әрі оларға Өз мейірімізден тарту етіп, олар жайлы ақиқат сөзін жоғары еттік.

### الآية 19:51

> ﻿وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ مُوسَىٰ ۚ إِنَّهُ كَانَ مُخْلَصًا وَكَانَ رَسُولًا نَبِيًّا [19:51]

Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Мұсаны есіңе ал. Ол таңдалған және Елші / расул / әрі Пайғамбар / нәби / еді.

### الآية 19:52

> ﻿وَنَادَيْنَاهُ مِنْ جَانِبِ الطُّورِ الْأَيْمَنِ وَقَرَّبْنَاهُ نَجِيًّا [19:52]

Біз оған таудың оң жағынан үн қаттық және сөйлесу үшін оны жақындаттық.

### الآية 19:53

> ﻿وَوَهَبْنَا لَهُ مِنْ رَحْمَتِنَا أَخَاهُ هَارُونَ نَبِيًّا [19:53]

Әрі Өз мейірімізбен оған бауыры Һарұнды пайғамбар етіп сыйладық.

### الآية 19:54

> ﻿وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ إِسْمَاعِيلَ ۚ إِنَّهُ كَانَ صَادِقَ الْوَعْدِ وَكَانَ رَسُولًا نَبِيًّا [19:54]

Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Исмаъилды есіңе ал. Ол уәдеге адал әрі Елші және Пайғамбар еді.

### الآية 19:55

> ﻿وَكَانَ يَأْمُرُ أَهْلَهُ بِالصَّلَاةِ وَالزَّكَاةِ وَكَانَ عِنْدَ رَبِّهِ مَرْضِيًّا [19:55]

Ол үй-ішін намазға / оны орындауға / және зекетке / парыз, нәпіл садақа беруге / бұйыратын. Әрі Раббысы одан разы болған еді.

### الآية 19:56

> ﻿وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ إِدْرِيسَ ۚ إِنَّهُ كَانَ صِدِّيقًا نَبِيًّا [19:56]

Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Идристі есіңе ал. Ол шыншыл әрі Пайғамбар еді.

### الآية 19:57

> ﻿وَرَفَعْنَاهُ مَكَانًا عَلِيًّا [19:57]

Біз оны жоғары орынға көтердік.

### الآية 19:58

> ﻿أُولَٰئِكَ الَّذِينَ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ مِنَ النَّبِيِّينَ مِنْ ذُرِّيَّةِ آدَمَ وَمِمَّنْ حَمَلْنَا مَعَ نُوحٍ وَمِنْ ذُرِّيَّةِ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْرَائِيلَ وَمِمَّنْ هَدَيْنَا وَاجْتَبَيْنَا ۚ إِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُ الرَّحْمَٰنِ خَرُّوا سُجَّدًا وَبُكِيًّا ۩ [19:58]

Міне осылар - Аллаһ игілік берген Адамның ұрпағындағы пайғамбарлардан әрі Біз Нұхпен бірге алып жүргендеріміздің және Ибраһим мен Исраилдың ұрпағындағы әрі Біз тура жолмен жүргізіп және таңдап алғандардан. Оларға әр-Рахманның / аса Қайырымдының / аяттары оқылған кезде олар жылаған күйлерінде сәждеге жығылады.

### الآية 19:59

> ﻿۞ فَخَلَفَ مِنْ بَعْدِهِمْ خَلْفٌ أَضَاعُوا الصَّلَاةَ وَاتَّبَعُوا الشَّهَوَاتِ ۖ فَسَوْفَ يَلْقَوْنَ غَيًّا [19:59]

Олардан кейін намазды зая қылған әрі тән құмарлықтарына / шәһуәттарына / ергендер келді. Жақында олар Ғайға / тозақтағы терең шұңқырға / тасталады.

### الآية 19:60

> ﻿إِلَّا مَنْ تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ صَالِحًا فَأُولَٰئِكَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ وَلَا يُظْلَمُونَ شَيْئًا [19:60]

Тек істеген күнәсіне шынайы өкініп, Раббысына бойсұнуға қайтып / тәубе етіп / , иманға келген әрі ізгі амал істегендер басқа. Олар Жәннатқа кіреді әрі Оларға еш әділетсіздік жасалмайды.

### الآية 19:61

> ﻿جَنَّاتِ عَدْنٍ الَّتِي وَعَدَ الرَّحْمَٰنُ عِبَادَهُ بِالْغَيْبِ ۚ إِنَّهُ كَانَ وَعْدُهُ مَأْتِيًّا [19:61]

Олар ’Адн / жәннатының / бақтарына / кіреді / , сондай, әр-Рахман құлдарына ғайып түрде / көрсетпестен / уәде еткен. Ақиқатында оның уәдесі орындалады.

### الآية 19:62

> ﻿لَا يَسْمَعُونَ فِيهَا لَغْوًا إِلَّا سَلَامًا ۖ وَلَهُمْ رِزْقُهُمْ فِيهَا بُكْرَةً وَعَشِيًّا [19:62]

Олар ол жерде бос сөз естімейді. Еститіндері тек **«Сәлам»** / Амандық болсын / - деген сөздер. Әрі олардың ондағы ризықтары таңертең де, кешке де / қалаған кездерінде /

### الآية 19:63

> ﻿تِلْكَ الْجَنَّةُ الَّتِي نُورِثُ مِنْ عِبَادِنَا مَنْ كَانَ تَقِيًّا [19:63]

Құлдарымыздан тақуа болғандарға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға / мұра ететін Жәннат - осы.

### الآية 19:64

> ﻿وَمَا نَتَنَزَّلُ إِلَّا بِأَمْرِ رَبِّكَ ۖ لَهُ مَا بَيْنَ أَيْدِينَا وَمَا خَلْفَنَا وَمَا بَيْنَ ذَٰلِكَ ۚ وَمَا كَانَ رَبُّكَ نَسِيًّا [19:64]

Ей, Жәбірейіл Мұхаммедке айт! / :«Біз / періштелер / Раббыңның әмірімен ғана түсеміз. Біздің алдымыздағы және артымыздағы әрі осының арасындағылар Оның иелігінде. Раббың - ұмытушы емес.

### الآية 19:65

> ﻿رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا فَاعْبُدْهُ وَاصْطَبِرْ لِعِبَادَتِهِ ۚ هَلْ تَعْلَمُ لَهُ سَمِيًّا [19:65]

Ол - аспандардың және жердің әрі олардың арасындағыларының Раббысы. Оған құлшылық ет және Оған құлшылық етуде сабырлы бол. Оған ұқсас біреуді білесің бе?», - деп

### الآية 19:66

> ﻿وَيَقُولُ الْإِنْسَانُ أَإِذَا مَا مِتُّ لَسَوْفَ أُخْرَجُ حَيًّا [19:66]

Әрі адам баласы: **«Мен өлгеннен кейін, / қайтадан / тірі күйімде шығарыламын ба?»** - дейді.

### الآية 19:67

> ﻿أَوَلَا يَذْكُرُ الْإِنْسَانُ أَنَّا خَلَقْنَاهُ مِنْ قَبْلُ وَلَمْ يَكُ شَيْئًا [19:67]

Адам баласы әуелде Біздің оны жаратқанымызды есіне алмай ма? Ал, ол ешнәрсе болмаған еді.

### الآية 19:68

> ﻿فَوَرَبِّكَ لَنَحْشُرَنَّهُمْ وَالشَّيَاطِينَ ثُمَّ لَنُحْضِرَنَّهُمْ حَوْلَ جَهَنَّمَ جِثِيًّا [19:68]

Раббыңмен ант етемін! Біз оларды және шайтандарды әлбетте жинаймыз. Содан кейін оларды Жаһаннамның айналасына тізерлетіп қоямыз.

### الآية 19:69

> ﻿ثُمَّ لَنَنْزِعَنَّ مِنْ كُلِّ شِيعَةٍ أَيُّهُمْ أَشَدُّ عَلَى الرَّحْمَٰنِ عِتِيًّا [19:69]

Кейін әрбір топтан, олардың ішіндегі әр-Рахманға / аса Қайырымдыға / бойсұнбауда ең қатты болғандарын шығарып аламыз.

### الآية 19:70

> ﻿ثُمَّ لَنَحْنُ أَعْلَمُ بِالَّذِينَ هُمْ أَوْلَىٰ بِهَا صِلِيًّا [19:70]

Одан кейін, әлбетте онда жандырылуға ең лайықтылардың кім екенін Біз жақсы білеміз.

### الآية 19:71

> ﻿وَإِنْ مِنْكُمْ إِلَّا وَارِدُهَا ۚ كَانَ عَلَىٰ رَبِّكَ حَتْمًا مَقْضِيًّا [19:71]

Сендерден әрбіреу оған келеді. Бұл - Раббыңның міндетіндегі, шешілген бір үкім.

### الآية 19:72

> ﻿ثُمَّ نُنَجِّي الَّذِينَ اتَّقَوْا وَنَذَرُ الظَّالِمِينَ فِيهَا جِثِيًّا [19:72]

Кейін, тақуа болғандарды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / құтқарамыз. Ал, әділетсіздерді оның ішінде тізерлеген күйінде қалдырамыз.

### الآية 19:73

> ﻿وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُنَا بَيِّنَاتٍ قَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِلَّذِينَ آمَنُوا أَيُّ الْفَرِيقَيْنِ خَيْرٌ مَقَامًا وَأَحْسَنُ نَدِيًّا [19:73]

Оларға анық түрдегі аяттарымыз оқылған кезде, күпірлік еткендер / имансыздар / иманға келгендерге: **«Екі топтың / имандылар мен имансыздардың / қайсысы жағдайы және жиыны / құрамы / тұрғысында артық?»** - дейді.

### الآية 19:74

> ﻿وَكَمْ أَهْلَكْنَا قَبْلَهُمْ مِنْ قَرْنٍ هُمْ أَحْسَنُ أَثَاثًا وَرِئْيًا [19:74]

Ал, олардан бұрын қанша халықтарды жойған едік. Олар байлықтарында және түр-тұрпатында жақсырақ еді.

### الآية 19:75

> ﻿قُلْ مَنْ كَانَ فِي الضَّلَالَةِ فَلْيَمْدُدْ لَهُ الرَّحْمَٰنُ مَدًّا ۚ حَتَّىٰ إِذَا رَأَوْا مَا يُوعَدُونَ إِمَّا الْعَذَابَ وَإِمَّا السَّاعَةَ فَسَيَعْلَمُونَ مَنْ هُوَ شَرٌّ مَكَانًا وَأَضْعَفُ جُنْدًا [19:75]

Ей, Мұхаммед! / Айт: **«Кім адасуда болса, әр-Рахман оларға оны / адасуларын / өздеріне уәде етілген - не азап, не Сағатты / қияметті / көргендеріне дейін ұзартып қойсын. Сол кезде олар, кімнің орын тұрғысынан жаман әрі әскері әлсіз екенін біледі»**,- деп.

### الآية 19:76

> ﻿وَيَزِيدُ اللَّهُ الَّذِينَ اهْتَدَوْا هُدًى ۗ وَالْبَاقِيَاتُ الصَّالِحَاتُ خَيْرٌ عِنْدَ رَبِّكَ ثَوَابًا وَخَيْرٌ مَرَدًّا [19:76]

Әрі Аллаһ тура жолда болғандардың туралығын арттырады. Ал, қалатын / жойылмайтын / ізгі амалдар - Раббыңның құзырында қайтарым сый әрі нәтиже ретінде одан қайырлы.

### الآية 19:77

> ﻿أَفَرَأَيْتَ الَّذِي كَفَرَ بِآيَاتِنَا وَقَالَ لَأُوتَيَنَّ مَالًا وَوَلَدًا [19:77]

Аяттарымызға күпірлік етіп / сенбей / :**«Маған мал және балалар беріледі»**,- дегенді көрдің бе?

### الآية 19:78

> ﻿أَطَّلَعَ الْغَيْبَ أَمِ اتَّخَذَ عِنْدَ الرَّحْمَٰنِ عَهْدًا [19:78]

Ол ғайыпты білді ме, әлдеәр-Рахманнан / аса Қайырымдыдан / серт алды ма?

### الآية 19:79

> ﻿كَلَّا ۚ سَنَكْتُبُ مَا يَقُولُ وَنَمُدُّ لَهُ مِنَ الْعَذَابِ مَدًّا [19:79]

Жоқ! Олай емес! Біз оның айтқанын жазып қоямыз әрі оған азапты арттырамыз.

### الآية 19:80

> ﻿وَنَرِثُهُ مَا يَقُولُ وَيَأْتِينَا فَرْدًا [19:80]

Әрі оның айтқан нәрселері Бізге қалады да, ол Бізге бір өзі келеді.

### الآية 19:81

> ﻿وَاتَّخَذُوا مِنْ دُونِ اللَّهِ آلِهَةً لِيَكُونُوا لَهُمْ عِزًّا [19:81]

Олар өздеріне абырой / күш-құдірет / болуы үшін Аллаһтан өзгелерді құдай етіп алды.

### الآية 19:82

> ﻿كَلَّا ۚ سَيَكْفُرُونَ بِعِبَادَتِهِمْ وَيَكُونُونَ عَلَيْهِمْ ضِدًّا [19:82]

Жоқ! Олай емес! Олар / табынғандары / бұлардың құлшылықтарын теріске шығарады және бұларға қарсы болады.

### الآية 19:83

> ﻿أَلَمْ تَرَ أَنَّا أَرْسَلْنَا الشَّيَاطِينَ عَلَى الْكَافِرِينَ تَؤُزُّهُمْ أَزًّا [19:83]

Ей, Мұхаммед! / Біз кәпірлердің үстінен шайтандарды, оларға түрткі салып, итермелеуші етіп жібергенімізді көрмедің бе?

### الآية 19:84

> ﻿فَلَا تَعْجَلْ عَلَيْهِمْ ۖ إِنَّمَا نَعُدُّ لَهُمْ عَدًّا [19:84]

Сондықтан оларға / жазаның келуіне / асықпа. Біз олар үшін / нақты / есеп жүргізушіміз.

### الآية 19:85

> ﻿يَوْمَ نَحْشُرُ الْمُتَّقِينَ إِلَى الرَّحْمَٰنِ وَفْدًا [19:85]

Сол / қайта тірілу / Күні, тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / әр-Рахманға таңдаулы өкілдер тобы етіп жинап,

### الآية 19:86

> ﻿وَنَسُوقُ الْمُجْرِمِينَ إِلَىٰ جَهَنَّمَ وِرْدًا [19:86]

ал қылмыскерлерді қатты шөлдеген халдерінде Жаһаннамға айдаймыз.

### الآية 19:87

> ﻿لَا يَمْلِكُونَ الشَّفَاعَةَ إِلَّا مَنِ اتَّخَذَ عِنْدَ الرَّحْمَٰنِ عَهْدًا [19:87]

Әр-Рахманнан уәде алғандардан басқалары арашалық ету / шапағат ету / құқығына ие болмайды.

### الآية 19:88

> ﻿وَقَالُوا اتَّخَذَ الرَّحْمَٰنُ وَلَدًا [19:88]

Әрі олар: **«әр-Рахман / аса Қайырымды / Өзіне бала алды»**, - деді.

### الآية 19:89

> ﻿لَقَدْ جِئْتُمْ شَيْئًا إِدًّا [19:89]

Расында сендер өрескел нәрсе істедіңдер.

### الآية 19:90

> ﻿تَكَادُ السَّمَاوَاتُ يَتَفَطَّرْنَ مِنْهُ وَتَنْشَقُّ الْأَرْضُ وَتَخِرُّ الْجِبَالُ هَدًّا [19:90]

Бұдан аспандар жарылып әрі жер айрылып және таулар күйреп, құлап түсе жаздайды,

### الآية 19:91

> ﻿أَنْ دَعَوْا لِلرَّحْمَٰنِ وَلَدًا [19:91]

олардың әр-Рахманға бала таңғандықтары үшін.

### الآية 19:92

> ﻿وَمَا يَنْبَغِي لِلرَّحْمَٰنِ أَنْ يَتَّخِذَ وَلَدًا [19:92]

Өзіне бала иемдену әр-Рахманға лайықты емес / үйлеспейді /.

### الآية 19:93

> ﻿إِنْ كُلُّ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ إِلَّا آتِي الرَّحْمَٰنِ عَبْدًا [19:93]

Аспандар мен жердегілердің барлығы әр-Рахманға бар болғаны құл ғана болып келеді.

### الآية 19:94

> ﻿لَقَدْ أَحْصَاهُمْ وَعَدَّهُمْ عَدًّا [19:94]

Ол / Аллаһ / оларды санап, есептеп қойған.

### الآية 19:95

> ﻿وَكُلُّهُمْ آتِيهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فَرْدًا [19:95]

Олардың барлығы Қайта тірілу күні Оған жалғыз келеді.

### الآية 19:96

> ﻿إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ سَيَجْعَلُ لَهُمُ الرَّحْمَٰنُ وُدًّا [19:96]

Иманға келген және ізгі амал істегендерге әр-Рахман / аса Қайырымды / сүйіспеншілік салады.

### الآية 19:97

> ﻿فَإِنَّمَا يَسَّرْنَاهُ بِلِسَانِكَ لِتُبَشِّرَ بِهِ الْمُتَّقِينَ وَتُنْذِرَ بِهِ قَوْمًا لُدًّا [19:97]

Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, Біз бұны / Құранды / өз тіліңде жеңіл еттік, сенің онымен тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / қуандыруың және қасарысқан керісшіл адамдарды ескертуің үшін.

### الآية 19:98

> ﻿وَكَمْ أَهْلَكْنَا قَبْلَهُمْ مِنْ قَرْنٍ هَلْ تُحِسُّ مِنْهُمْ مِنْ أَحَدٍ أَوْ تَسْمَعُ لَهُمْ رِكْزًا [19:98]

Әрі олардан бұрын қанша халықтарды жоқ еттік. Енді сен олардың бірін сезіп, біле аласың ба немесе олардың сыбдырын естисің бе?

## روابط ذات صلة

- [النص القرآني للسورة](https://quranpedia.net/surah/1/19.md)
- [كل تفاسير سورة مريم
](https://quranpedia.net/surah-tafsir/19.md)
- [ترجمات سورة مريم
](https://quranpedia.net/translations/19.md)
- [صفحة الكتاب: الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي](https://quranpedia.net/book/1980.md)
- [المؤلف: جمعية خليفة الطاي الخيرية](https://quranpedia.net/person/1755.md)

---

زُر [Quranpedia.net](https://quranpedia.net/surah/1/19/book/1980) — موسوعة القرآن الكريم: التفاسير، الترجمات، التلاوات، والمواضيع.
