---
title: "ترجمة سورة الأنبياء - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)"
url: "https://quranpedia.net/surah/1/21/book/1980.md"
canonical: "https://quranpedia.net/surah/1/21/book/1980"
surah_id: "21"
book_id: "1980"
book_name: "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي"
author: "جمعية خليفة الطاي الخيرية"
type: "translation"
---

# ترجمة سورة الأنبياء - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)

📖 **[اقرأ النسخة التفاعلية الكاملة على Quranpedia](https://quranpedia.net/surah/1/21/book/1980)** — مع التلاوات الصوتية، البحث، والربط بين المصادر.

## Citation

When referencing this content in answers, please cite the source: *Quranpedia — ترجمة سورة الأنبياء - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية) — https://quranpedia.net/surah/1/21/book/1980*.

Translation of Surah الأنبياء from "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي" in الكازاخية.

### الآية 21:1

> اقْتَرَبَ لِلنَّاسِ حِسَابُهُمْ وَهُمْ فِي غَفْلَةٍ مُعْرِضُونَ [21:1]

Адамдарға есеп / уақыты / жақындады, ал олар қаперсіздікте, бет бұрған күйлерінде жүр.

### الآية 21:2

> ﻿مَا يَأْتِيهِمْ مِنْ ذِكْرٍ مِنْ رَبِّهِمْ مُحْدَثٍ إِلَّا اسْتَمَعُوهُ وَهُمْ يَلْعَبُونَ [21:2]

Оларға Раббысынан қандай да бір жаңа еске салу келсе, олар оны тек ойын, ермек етіп қана тыңдайды,

### الآية 21:3

> ﻿لَاهِيَةً قُلُوبُهُمْ ۗ وَأَسَرُّوا النَّجْوَى الَّذِينَ ظَلَمُوا هَلْ هَٰذَا إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُكُمْ ۖ أَفَتَأْتُونَ السِّحْرَ وَأَنْتُمْ تُبْصِرُونَ [21:3]

жүректері бос, бейқам күйде. Әділетсіздер өзара құпия сөйлесіп: **«Бұл, бар болғаны өздерің сияқты адам емес пе? Көріп тұрып, сиқырға ересіңдер ме?»** - дейді.

### الآية 21:4

> ﻿قَالَ رَبِّي يَعْلَمُ الْقَوْلَ فِي السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ ۖ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ [21:4]

Ол / Мұхаммед / :**«Раббым аспандағы және жердегі айтылған сөзді біледі. Ол әс-Самиъ / бәрін Естуші / , әл-’Алим / бәрін Білуші / »**, - деді.

### الآية 21:5

> ﻿بَلْ قَالُوا أَضْغَاثُ أَحْلَامٍ بَلِ افْتَرَاهُ بَلْ هُوَ شَاعِرٌ فَلْيَأْتِنَا بِآيَةٍ كَمَا أُرْسِلَ الْأَوَّلُونَ [21:5]

Олар: **«Олай емес, бұл бір шым-шытырық түстер. Жоқ, ол оны ойдан шығарған. Жоқ, ол - ақын. Ол бізге бұрынғыларға түсірілгендей бір белгі - мұғжиза келтірсін»**, - деді.

### الآية 21:6

> ﻿مَا آمَنَتْ قَبْلَهُمْ مِنْ قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَاهَا ۖ أَفَهُمْ يُؤْمِنُونَ [21:6]

Оларға дейін Біз жойып жіберген елді мекендердің ешбірі иманға келмеген еді. Енді бұлар / мұғжизаны көргенде / иманға келе ме?!

### الآية 21:7

> ﻿وَمَا أَرْسَلْنَا قَبْلَكَ إِلَّا رِجَالًا نُوحِي إِلَيْهِمْ ۖ فَاسْأَلُوا أَهْلَ الذِّكْرِ إِنْ كُنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ [21:7]

Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да оларға уахи етіп, тек ер адамдарды жібердік. Егер өздерің білмесеңдер, Еске салу / Кітап / берілген қауымнан сұрандар.

### الآية 21:8

> ﻿وَمَا جَعَلْنَاهُمْ جَسَدًا لَا يَأْكُلُونَ الطَّعَامَ وَمَا كَانُوا خَالِدِينَ [21:8]

Әрі біз оларды / пайғамбарларды / тамақ ішпейтін бір дене етіп жаратқан жоқпыз және олар мәңгі қалушы да емес.

### الآية 21:9

> ﻿ثُمَّ صَدَقْنَاهُمُ الْوَعْدَ فَأَنْجَيْنَاهُمْ وَمَنْ نَشَاءُ وَأَهْلَكْنَا الْمُسْرِفِينَ [21:9]

Кейін оларға берген уәдені шындыққа шығарып, оларды / пайғамбарларды / және қалағандарымызды құтқардық. Ал шектен шыққандарды жойып жібердік.

### الآية 21:10

> ﻿لَقَدْ أَنْزَلْنَا إِلَيْكُمْ كِتَابًا فِيهِ ذِكْرُكُمْ ۖ أَفَلَا تَعْقِلُونَ [21:10]

Біз сендерге Кітап түсірдік. Онда сен­дерге еске салу бар. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма?

### الآية 21:11

> ﻿وَكَمْ قَصَمْنَا مِنْ قَرْيَةٍ كَانَتْ ظَالِمَةً وَأَنْشَأْنَا بَعْدَهَا قَوْمًا آخَرِينَ [21:11]

Әрі біз / халқы / әділетсіз болған қаншама елді мекендерді жойдық және олардан кейін басқа халықтарды пайда еттік.

### الآية 21:12

> ﻿فَلَمَّا أَحَسُّوا بَأْسَنَا إِذَا هُمْ مِنْهَا يَرْكُضُونَ [21:12]

Сонда, қашан олар Біздің азабымызды сезген кезде, одан / тұрған жерлерінен / қаша бастады.

### الآية 21:13

> ﻿لَا تَرْكُضُوا وَارْجِعُوا إِلَىٰ مَا أُتْرِفْتُمْ فِيهِ وَمَسَاكِنِكُمْ لَعَلَّكُمْ تُسْأَلُونَ [21:13]

Оларға: **«Қашпаңдар! Өздеріне мол етіп берілгенге / сән-салтанаттарыңа / және үйлеріңе қайтыңдар, мүмкін сендерге өтініш жасайтын болар»**, - делінді.

### الآية 21:14

> ﻿قَالُوا يَا وَيْلَنَا إِنَّا كُنَّا ظَالِمِينَ [21:14]

Олар: **«О, сорымыз кұрысын! Шын мәнінде біз әділетсіз болдық»**,- деді.

### الآية 21:15

> ﻿فَمَا زَالَتْ تِلْكَ دَعْوَاهُمْ حَتَّىٰ جَعَلْنَاهُمْ حَصِيدًا خَامِدِينَ [21:15]

Біз оларды орып бастырылған шөптей еткенге дейін олар осылай деулерін тоқтатпады.

### الآية 21:16

> ﻿وَمَا خَلَقْنَا السَّمَاءَ وَالْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا لَاعِبِينَ [21:16]

Біз аспан мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын ермек етіп жаратқан жоқпыз.

### الآية 21:17

> ﻿لَوْ أَرَدْنَا أَنْ نَتَّخِذَ لَهْوًا لَاتَّخَذْنَاهُ مِنْ لَدُنَّا إِنْ كُنَّا فَاعِلِينَ [21:17]

Егер де ермек етуді қалағанымызда, бұны істейтін болсақ, оны Өзімізден алар едік.

### الآية 21:18

> ﻿بَلْ نَقْذِفُ بِالْحَقِّ عَلَى الْبَاطِلِ فَيَدْمَغُهُ فَإِذَا هُوَ زَاهِقٌ ۚ وَلَكُمُ الْوَيْلُ مِمَّا تَصِفُونَ [21:18]

Керісінше! Біз ақиқатты жалғанның үстіне тастаймыз. Сонда ол / шындық / оны күйретеді. Сөйтіп, ол / жалған / кетеді, әрі сипаттағандарың үшін сендерге қасірет бар!

### الآية 21:19

> ﻿وَلَهُ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ وَمَنْ عِنْدَهُ لَا يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِهِ وَلَا يَسْتَحْسِرُونَ [21:19]

Аспандардағы және жердегі әркім де - Онікі. Оның құзырыңдағылар / періштелер! Оған құлшылық етуден өздерін жоғары санамайды әрі жалықпайды.

### الآية 21:20

> ﻿يُسَبِّحُونَ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ لَا يَفْتُرُونَ [21:20]

Олар түнде және күндіз / күндіз-түні / шаршамастан Оны дәріптейді.

### الآية 21:21

> ﻿أَمِ اتَّخَذُوا آلِهَةً مِنَ الْأَرْضِ هُمْ يُنْشِرُونَ [21:21]

Бұлар жер бетінен қайта тірілте алатын құдайлар / жасап / алды ма?

### الآية 21:22

> ﻿لَوْ كَانَ فِيهِمَا آلِهَةٌ إِلَّا اللَّهُ لَفَسَدَتَا ۚ فَسُبْحَانَ اللَّهِ رَبِّ الْعَرْشِ عَمَّا يَصِفُونَ [21:22]

Егер екеуінде / аспандар мен жерде / Аллаһтан басқа құдайлар болғанда, ол екеуі де бүлініп кетер еді. Аршының Раббысы - Аллаһ олардың сипаттағандарынан / жапқан жалаларынан / пәк.

### الآية 21:23

> ﻿لَا يُسْأَلُ عَمَّا يَفْعَلُ وَهُمْ يُسْأَلُونَ [21:23]

Ол / Аллаһ / не істегенінен сұралмайды. Ал, олар / жаратылғандар / сұралады.

### الآية 21:24

> ﻿أَمِ اتَّخَذُوا مِنْ دُونِهِ آلِهَةً ۖ قُلْ هَاتُوا بُرْهَانَكُمْ ۖ هَٰذَا ذِكْرُ مَنْ مَعِيَ وَذِكْرُ مَنْ قَبْلِي ۗ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ الْحَقَّ ۖ فَهُمْ مُعْرِضُونَ [21:24]

Әлде олар Одан басқаларды құдайлар етіп алды ма? Айт: **«Дәлелдеріңді келтіріңдер. Бұл / ақиқат, дәлел / - менімен бірге болғандардың Еске салуы / Құран / әрі менен алдын болғандардың Еске салуы / Тәурат, Інжіл / »**,- деп. Негізінде, олардың көпшілігі ақиқатты білмейді, сондықтан олар теріс бұрады.

### الآية 21:25

> ﻿وَمَا أَرْسَلْنَا مِنْ قَبْلِكَ مِنْ رَسُولٍ إِلَّا نُوحِي إِلَيْهِ أَنَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا أَنَا فَاعْبُدُونِ [21:25]

Ей, Мұхаммед! / Біз сенен алдын бір Елші жіберсек, оған: **«Менен басқа құдай жоқ. Сондықтан Маған құлшылық етіңдер»**, - деп уахи етпей тұрып жібермедік.

### الآية 21:26

> ﻿وَقَالُوا اتَّخَذَ الرَّحْمَٰنُ وَلَدًا ۗ سُبْحَانَهُ ۚ بَلْ عِبَادٌ مُكْرَمُونَ [21:26]

Сондай-ақ, олар / мүшріктер / :**«Әр-Рахман Өзіне бала алды»**, - деді. Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Анығында, / періштелер / құрметтелген құлдар.

### الآية 21:27

> ﻿لَا يَسْبِقُونَهُ بِالْقَوْلِ وَهُمْ بِأَمْرِهِ يَعْمَلُونَ [21:27]

Олар / періштелер / Одан / Аллаһтан / бұрын бір сөз айтпайды. Әрі олар Оның бұйрығы бойынша амал жасайды.

### الآية 21:28

> ﻿يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلَا يَشْفَعُونَ إِلَّا لِمَنِ ارْتَضَىٰ وَهُمْ مِنْ خَشْيَتِهِ مُشْفِقُونَ [21:28]

Ол / Аллаһ / олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар Ол разы болғаннан басқаға араша түспейді / шапағат етпейді /. Олар Одан қорыққаннан діріл қағып тұрады.

### الآية 21:29

> ﻿۞ وَمَنْ يَقُلْ مِنْهُمْ إِنِّي إِلَٰهٌ مِنْ دُونِهِ فَذَٰلِكَ نَجْزِيهِ جَهَنَّمَ ۚ كَذَٰلِكَ نَجْزِي الظَّالِمِينَ [21:29]

Ал олардан кім: **«Мен Одан басқа құдаймын»**, - десе, оны Жаһаннаммен жазалаймыз. Біз әділетсіздердің қайтарым жазасын осылай береміз.

### الآية 21:30

> ﻿أَوَلَمْ يَرَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنَّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ كَانَتَا رَتْقًا فَفَتَقْنَاهُمَا ۖ وَجَعَلْنَا مِنَ الْمَاءِ كُلَّ شَيْءٍ حَيٍّ ۖ أَفَلَا يُؤْمِنُونَ [21:30]

Аспандар мен жер біртұтас болып, Біз оларды ажыратқанымызды және әрбір тірі нәрсені судан жасағанымызды күпірлік етушілер / Аллаһқа сенуден бас тартқандар / көрмей ме / білмей ме / ? Олар сонда да сенбей ме?

### الآية 21:31

> ﻿وَجَعَلْنَا فِي الْأَرْضِ رَوَاسِيَ أَنْ تَمِيدَ بِهِمْ وَجَعَلْنَا فِيهَا فِجَاجًا سُبُلًا لَعَلَّهُمْ يَهْتَدُونَ [21:31]

Біз жерде, оның олармен бірге шайқалмауы үшін берік тұрғандарды / тауларды / орнаттық. және онда олардың жол табулары үшін кең жолдар жасадық.

### الآية 21:32

> ﻿وَجَعَلْنَا السَّمَاءَ سَقْفًا مَحْفُوظًا ۖ وَهُمْ عَنْ آيَاتِهَا مُعْرِضُونَ [21:32]

Әрі аспанды қорғаулы шатыр еттік. Ал, олар Оның белгілерінен теріс айналуда.

### الآية 21:33

> ﻿وَهُوَ الَّذِي خَلَقَ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ وَالشَّمْسَ وَالْقَمَرَ ۖ كُلٌّ فِي فَلَكٍ يَسْبَحُونَ [21:33]

Әрі Ол / Аллаһ / сондай - түн мен күндізді және күн мен айды жаратты. Әрбірі өз жолымен / орбитасымен / жүзіп жүреді.

### الآية 21:34

> ﻿وَمَا جَعَلْنَا لِبَشَرٍ مِنْ قَبْلِكَ الْخُلْدَ ۖ أَفَإِنْ مِتَّ فَهُمُ الْخَالِدُونَ [21:34]

Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да адамдардың ешқайсысына мәңгілікті / мәңгі өмірді / бермедік. Сен өлсең, олар мәңгі қала ма?!

### الآية 21:35

> ﻿كُلُّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ الْمَوْتِ ۗ وَنَبْلُوكُمْ بِالشَّرِّ وَالْخَيْرِ فِتْنَةً ۖ وَإِلَيْنَا تُرْجَعُونَ [21:35]

Әрбір жан - өлімді татушы. Біз сендерден емтихан алу үшін өздеріңді жамандықпен және жақсылықпен сынаймыз. Әрі Бізге қайтарыласыңдар.

### الآية 21:36

> ﻿وَإِذَا رَآكَ الَّذِينَ كَفَرُوا إِنْ يَتَّخِذُونَكَ إِلَّا هُزُوًا أَهَٰذَا الَّذِي يَذْكُرُ آلِهَتَكُمْ وَهُمْ بِذِكْرِ الرَّحْمَٰنِ هُمْ كَافِرُونَ [21:36]

Ал, сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / сені көрген кезде, келеке етіп: **«құдайларыңды сөз қылып жүрген мынау ма?»** - дейді. Әрі өздері әр-Рахманның / аса Қайырымдының / еске салуын / Құранды / теріске шығарады.

### الآية 21:37

> ﻿خُلِقَ الْإِنْسَانُ مِنْ عَجَلٍ ۚ سَأُرِيكُمْ آيَاتِي فَلَا تَسْتَعْجِلُونِ [21:37]

Адам баласы асыққыш болып жаратылған. Жақында сендерге белгілерімді көрсетемін. Мені асықтырмаңдар.

### الآية 21:38

> ﻿وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا الْوَعْدُ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ [21:38]

Сондай-ақ, олар / мүшріктер / :**«Егер шын сөзді болсаңдар, бұл уәде қашан?»**- дейді.

### الآية 21:39

> ﻿لَوْ يَعْلَمُ الَّذِينَ كَفَرُوا حِينَ لَا يَكُفُّونَ عَنْ وُجُوهِهِمُ النَّارَ وَلَا عَنْ ظُهُورِهِمْ وَلَا هُمْ يُنْصَرُونَ [21:39]

Күпірлік етушілер / имансыздар / беттері мен арқаларын оттан қорғай алмайтын және оларға көмек берілмейтін кезді білсе еді!

### الآية 21:40

> ﻿بَلْ تَأْتِيهِمْ بَغْتَةً فَتَبْهَتُهُمْ فَلَا يَسْتَطِيعُونَ رَدَّهَا وَلَا هُمْ يُنْظَرُونَ [21:40]

Негізінде ол / азап / оларға кенеттен келіп, састырып қояды. Сонда олар оны қайтара алмайды әрі оларға мұрсат та берілмейді.

### الآية 21:41

> ﻿وَلَقَدِ اسْتُهْزِئَ بِرُسُلٍ مِنْ قَبْلِكَ فَحَاقَ بِالَّذِينَ سَخِرُوا مِنْهُمْ مَا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ [21:41]

Сондай-ақ, саған дейінгі елшілер де келеке етілген еді. Сонда оларды / елшілерді / келеке еткендердің мазақ еткен нәрселері өздерін орап алды / бастарына келді /.

### الآية 21:42

> ﻿قُلْ مَنْ يَكْلَؤُكُمْ بِاللَّيْلِ وَالنَّهَارِ مِنَ الرَّحْمَٰنِ ۗ بَلْ هُمْ عَنْ ذِكْرِ رَبِّهِمْ مُعْرِضُونَ [21:42]

Ей, Мұхаммед! / Айт: **«Сендерді түнде және күндіз әр-Рахманнан кім қорғайды?»**- деп. Алайда олар Раббысын еске алудан теріс бұрылуда.

### الآية 21:43

> ﻿أَمْ لَهُمْ آلِهَةٌ تَمْنَعُهُمْ مِنْ دُونِنَا ۚ لَا يَسْتَطِيعُونَ نَصْرَ أَنْفُسِهِمْ وَلَا هُمْ مِنَّا يُصْحَبُونَ [21:43]

Әлде оларда өздерін Бізден қорғайтын құдайлары бар ма? Олар өз-өздеріне көмек бере алмайды әрі оларды ешкім де Бізден құтқара алмайды.

### الآية 21:44

> ﻿بَلْ مَتَّعْنَا هَٰؤُلَاءِ وَآبَاءَهُمْ حَتَّىٰ طَالَ عَلَيْهِمُ الْعُمُرُ ۗ أَفَلَا يَرَوْنَ أَنَّا نَأْتِي الْأَرْضَ نَنْقُصُهَا مِنْ أَطْرَافِهَا ۚ أَفَهُمُ الْغَالِبُونَ [21:44]

Анығында, Біз оларды және аталарын / бұл өмірде / оларға өмір ұзақ созылғанға дейін пайдаландырдық. Біз жерді жан-жағынан кемітіп келе жатқанымызды олар көрмей ме? Сонда, үстем болатын солар ма?!

### الآية 21:45

> ﻿قُلْ إِنَّمَا أُنْذِرُكُمْ بِالْوَحْيِ ۚ وَلَا يَسْمَعُ الصُّمُّ الدُّعَاءَ إِذَا مَا يُنْذَرُونَ [21:45]

Ей, Мұхаммед! / Айт: **«Анығында мен сендерді уахимен ғана ескертемін»**, - деп. Кереңдер ескертіліп жатқан кезде шақыруды / үгіт-ескертуді / естімейді.

### الآية 21:46

> ﻿وَلَئِنْ مَسَّتْهُمْ نَفْحَةٌ مِنْ عَذَابِ رَبِّكَ لَيَقُولُنَّ يَا وَيْلَنَا إِنَّا كُنَّا ظَالِمِينَ [21:46]

Егер Оларға Раббыңның азабынан бір титтейі ғана тисе, олар: **«Сорымыз құрысын! Шын мәнінде біз әділетсіз болдық»**, - дейді.

### الآية 21:47

> ﻿وَنَضَعُ الْمَوَازِينَ الْقِسْطَ لِيَوْمِ الْقِيَامَةِ فَلَا تُظْلَمُ نَفْسٌ شَيْئًا ۖ وَإِنْ كَانَ مِثْقَالَ حَبَّةٍ مِنْ خَرْدَلٍ أَتَيْنَا بِهَا ۗ وَكَفَىٰ بِنَا حَاسِبِينَ [21:47]

Әрі Біз Қайта тірілу күні үшін әділ таразыларды орнатамыз. Сонда бірде-бір жанға ешбір нәрседе әділетсіздік етілмейді. Тіпті қыша дәнінің салмағындай бір нәрсе болса, оны да әкелеміз. Біз есептеуде жеткіліктіміз.

### الآية 21:48

> ﻿وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَىٰ وَهَارُونَ الْفُرْقَانَ وَضِيَاءً وَذِكْرًا لِلْمُتَّقِينَ [21:48]

Әрі Біз Мұса мен Һарұнға тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін фұрқанды (ақиқат пен жалғанды ажыратушы, яғни бұл жерде Тәурат), нұрды және еске салатынды бердік.

### الآية 21:49

> ﻿الَّذِينَ يَخْشَوْنَ رَبَّهُمْ بِالْغَيْبِ وَهُمْ مِنَ السَّاعَةِ مُشْفِقُونَ [21:49]

Олар / тақуалар / өздерінің Раббысын көрмей-ақ Одан қорқады әрі олар Сағаттан / Есеп күнінен / зәресіұшып тұрады.

### الآية 21:50

> ﻿وَهَٰذَا ذِكْرٌ مُبَارَكٌ أَنْزَلْنَاهُ ۚ أَفَأَنْتُمْ لَهُ مُنْكِرُونَ [21:50]

Біз түсірген бұл / Құран / - берекелі Еске салушы. Сендер оны теріске шығарасыңдар ма?!

### الآية 21:51

> ﻿۞ وَلَقَدْ آتَيْنَا إِبْرَاهِيمَ رُشْدَهُ مِنْ قَبْلُ وَكُنَّا بِهِ عَالِمِينَ [21:51]

Әрі Біз бұрын Ибраһимге туралықты бердік әрі оны білдік.

### الآية 21:52

> ﻿إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِ مَا هَٰذِهِ التَّمَاثِيلُ الَّتِي أَنْتُمْ لَهَا عَاكِفُونَ [21:52]

Кезінде ол әкесі мен еліне: **«Сендер ынталана табынып жүрген мына мүсіндер не?»** -деді.

### الآية 21:53

> ﻿قَالُوا وَجَدْنَا آبَاءَنَا لَهَا عَابِدِينَ [21:53]

Олар: **«Біз әкелерімізді осыларғатабынған күйде көрдік»**, - деді.

### الآية 21:54

> ﻿قَالَ لَقَدْ كُنْتُمْ أَنْتُمْ وَآبَاؤُكُمْ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ [21:54]

Ибраһим / :**«Онда сендер де, әкелерің де анық адасуда болғансыңдар»**, - деді.

### الآية 21:55

> ﻿قَالُوا أَجِئْتَنَا بِالْحَقِّ أَمْ أَنْتَ مِنَ اللَّاعِبِينَ [21:55]

Олар: **«Сен бізге ақиқатпен келдің бе, әлде ермек етушілерденсің бе?»**- деді.

### الآية 21:56

> ﻿قَالَ بَلْ رَبُّكُمْ رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ الَّذِي فَطَرَهُنَّ وَأَنَا عَلَىٰ ذَٰلِكُمْ مِنَ الشَّاهِدِينَ [21:56]

Ибраһим / :**«Жоқ, / әзіл емес / :Сендердің Раббың аспандардың және жердің Раббысы. Соларды жаратқан - Ол. Мен осыған куәлік берушілерденмін»**,- деді.

### الآية 21:57

> ﻿وَتَاللَّهِ لَأَكِيدَنَّ أَصْنَامَكُمْ بَعْدَ أَنْ تُوَلُّوا مُدْبِرِينَ [21:57]

Әрі: **«Аллаһпен ант етемін! Сендер кеткеннен кейін табынатын заттарыңа, міндетті түрде айла-амал жасаймын»**,- деді.

### الآية 21:58

> ﻿فَجَعَلَهُمْ جُذَاذًا إِلَّا كَبِيرًا لَهُمْ لَعَلَّهُمْ إِلَيْهِ يَرْجِعُونَ [21:58]

Сөйтіп ол оларды қиратып тастады да, олар оған оралар деп, тек үлкенін қалдырды.

### الآية 21:59

> ﻿قَالُوا مَنْ فَعَلَ هَٰذَا بِآلِهَتِنَا إِنَّهُ لَمِنَ الظَّالِمِينَ [21:59]

Олар: **«құдайларымызға мұны кім істеді? Ол - әділетсіздерден»**,- деді.

### الآية 21:60

> ﻿قَالُوا سَمِعْنَا فَتًى يَذْكُرُهُمْ يُقَالُ لَهُ إِبْرَاهِيمُ [21:60]

Олардың кейбірі / :**«Ибраһим дейтін бір жігіттің оларды сөз етіп жүргенін естіген едік»**, - деді.

### الآية 21:61

> ﻿قَالُوا فَأْتُوا بِهِ عَلَىٰ أَعْيُنِ النَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَشْهَدُونَ [21:61]

Олар / басшылары / :**«Оны адамдардың көз алдына алып келіңдер, олар куә болуы үшін»**,- деді.

### الآية 21:62

> ﻿قَالُوا أَأَنْتَ فَعَلْتَ هَٰذَا بِآلِهَتِنَا يَا إِبْرَاهِيمُ [21:62]

Олар: **«Ей, Ибраһим! құдайларымызға мұны сен істедің бе?»** деді.

### الآية 21:63

> ﻿قَالَ بَلْ فَعَلَهُ كَبِيرُهُمْ هَٰذَا فَاسْأَلُوهُمْ إِنْ كَانُوا يَنْطِقُونَ [21:63]

Ол: **«Жоқ. Бұны олардың мына үлкені істеді. Егер олар сөйлей алса, олардың өздерінен сұраңдар»**,- деді.

### الآية 21:64

> ﻿فَرَجَعُوا إِلَىٰ أَنْفُسِهِمْ فَقَالُوا إِنَّكُمْ أَنْتُمُ الظَّالِمُونَ [21:64]

Олар өз-өздеріне: **«Негізінде, сендер - әділетсізсіңдер»**, - деді.

### الآية 21:65

> ﻿ثُمَّ نُكِسُوا عَلَىٰ رُءُوسِهِمْ لَقَدْ عَلِمْتَ مَا هَٰؤُلَاءِ يَنْطِقُونَ [21:65]

Содан кейін олар, қайтадан бастарына кері аударылып / бұрынғы теріс халдеріне қайта оралып / :**«Сен бұлардың сөйлемейтінін білесің ғой»**,- деді.

### الآية 21:66

> ﻿قَالَ أَفَتَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَنْفَعُكُمْ شَيْئًا وَلَا يَضُرُّكُمْ [21:66]

Ол / Ибраһим / :«Сендер Аллаһтан өзге, өздеріңе ешбір пайда не зиян келтіре алмайтын нәрселерге табынасыңдар ма?

### الآية 21:67

> ﻿أُفٍّ لَكُمْ وَلِمَا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ ۖ أَفَلَا تَعْقِلُونَ [21:67]

Сендер де және Аллаһтан өзге табынғандарың да құрысын! Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма?»- деді.

### الآية 21:68

> ﻿قَالُوا حَرِّقُوهُ وَانْصُرُوا آلِهَتَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ فَاعِلِينَ [21:68]

Олар: **«Бір нәрсе істейтін болсаңдар, оны жағыңдар, сөйтіп құдайларыңа көмектесіңдер»**,- деді.

### الآية 21:69

> ﻿قُلْنَا يَا نَارُ كُونِي بَرْدًا وَسَلَامًا عَلَىٰ إِبْرَاهِيمَ [21:69]

Біз: **«Ей, от! Ибраһимге салқын әрі қауіпсіз бол»**,- дедік.

### الآية 21:70

> ﻿وَأَرَادُوا بِهِ كَيْدًا فَجَعَلْنَاهُمُ الْأَخْسَرِينَ [21:70]

Сондай-ақ, олар оған айла-шарғы жасауды қалады. Ал, Біз оларды ең үлкен зиян шегушілерден еттік.

### الآية 21:71

> ﻿وَنَجَّيْنَاهُ وَلُوطًا إِلَى الْأَرْضِ الَّتِي بَارَكْنَا فِيهَا لِلْعَالَمِينَ [21:71]

Әрі біз оны / Ибраһимды / және Лұтты әлемдер үшін берекелі еткен жерге шығарыпқұтқардық.

### الآية 21:72

> ﻿وَوَهَبْنَا لَهُ إِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ نَافِلَةً ۖ وَكُلًّا جَعَلْنَا صَالِحِينَ [21:72]

Және Біз оған Исхақты, әрі оған қоса Йаъқубты сыйладық, олардың барлығын ізгілерден еттік.

### الآية 21:73

> ﻿وَجَعَلْنَاهُمْ أَئِمَّةً يَهْدُونَ بِأَمْرِنَا وَأَوْحَيْنَا إِلَيْهِمْ فِعْلَ الْخَيْرَاتِ وَإِقَامَ الصَّلَاةِ وَإِيتَاءَ الزَّكَاةِ ۖ وَكَانُوا لَنَا عَابِدِينَ [21:73]

Әрі Біз оларды әміріміз бойынша тура жол бастайтын имамдар / жетекшілер / еттік. Біз оларға жақсылық істеуді және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындауды және зекетті беруді уахи еттік. Сондай-ақ, олар Бізге құлшылық етушілер болды.

### الآية 21:74

> ﻿وَلُوطًا آتَيْنَاهُ حُكْمًا وَعِلْمًا وَنَجَّيْنَاهُ مِنَ الْقَرْيَةِ الَّتِي كَانَتْ تَعْمَلُ الْخَبَائِثَ ۗ إِنَّهُمْ كَانُوا قَوْمَ سَوْءٍ فَاسِقِينَ [21:74]

Әрі Лұтқа даналық және білім бердік. Оны жиіркенішті істер жасайтын кенттен құтқардық. Олар жаман, бұзық / бойсұнбайтын / ел еді.

### الآية 21:75

> ﻿وَأَدْخَلْنَاهُ فِي رَحْمَتِنَا ۖ إِنَّهُ مِنَ الصَّالِحِينَ [21:75]

Әрі біз оны Өз мейірімімізге кіргіздік. Анығында, ол ізгілерден еді.

### الآية 21:76

> ﻿وَنُوحًا إِذْ نَادَىٰ مِنْ قَبْلُ فَاسْتَجَبْنَا لَهُ فَنَجَّيْنَاهُ وَأَهْلَهُ مِنَ الْكَرْبِ الْعَظِيمِ [21:76]

Әрі Нұхқа да, ол бұрын жалбарынып сұраған кезде, Біз оған жауап беріп / тілегін қабылдап / , оны және үй ішін үлкен қасіреттен құтқардық.

### الآية 21:77

> ﻿وَنَصَرْنَاهُ مِنَ الْقَوْمِ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا قَوْمَ سَوْءٍ فَأَغْرَقْنَاهُمْ أَجْمَعِينَ [21:77]

Біз оған белгілерімізді өтірік санаған елге қарсы көмек бердік. Олар жаман адамдар еді, сонда олардың барлығын суға батырдық.

### الآية 21:78

> ﻿وَدَاوُودَ وَسُلَيْمَانَ إِذْ يَحْكُمَانِ فِي الْحَرْثِ إِذْ نَفَشَتْ فِيهِ غَنَمُ الْقَوْمِ وَكُنَّا لِحُكْمِهِمْ شَاهِدِينَ [21:78]

Әрі Дәуіт пен Сүлейменге де. Кезінде бір адамдардың қойы түсіп кеткен егінге қатысты ол екеуі үкім шығарған еді. Біз олардың үкім шығарғанына куә болдық.

### الآية 21:79

> ﻿فَفَهَّمْنَاهَا سُلَيْمَانَ ۚ وَكُلًّا آتَيْنَا حُكْمًا وَعِلْمًا ۚ وَسَخَّرْنَا مَعَ دَاوُودَ الْجِبَالَ يُسَبِّحْنَ وَالطَّيْرَ ۚ وَكُنَّا فَاعِلِينَ [21:79]

Әрі біз оны / дұрыс шешімді / Сүлейменге ұқтырдық. Әрқайсысына даналық / үкім шығаруды / және білім бердік. Әрі тауларды және құстарды Дәуітпен бірге / Аллаһты / дәріптейтін етіп бағындырдық. Мұны Біз істедік.

### الآية 21:80

> ﻿وَعَلَّمْنَاهُ صَنْعَةَ لَبُوسٍ لَكُمْ لِتُحْصِنَكُمْ مِنْ بَأْسِكُمْ ۖ فَهَلْ أَنْتُمْ شَاكِرُونَ [21:80]

Әрі біз оған / Дәуітке / , сендер үшін өздеріңді зияннан қорғайтын сауыт жасау өнерін үйреттік. Сендер шүкір етушісіңдер ме / берген игіліктерге алғыс білдірушісіңдер ме / ?

### الآية 21:81

> ﻿وَلِسُلَيْمَانَ الرِّيحَ عَاصِفَةً تَجْرِي بِأَمْرِهِ إِلَى الْأَرْضِ الَّتِي بَارَكْنَا فِيهَا ۚ وَكُنَّا بِكُلِّ شَيْءٍ عَالِمِينَ [21:81]

Ал, Сүлейменге күшті желді / бағындырдың /. Ол / жел / оның бұйрығымен Біз берекелі еткен жерге қарай еседі. Біз - барлық нәрсені Білушіміз.

### الآية 21:82

> ﻿وَمِنَ الشَّيَاطِينِ مَنْ يَغُوصُونَ لَهُ وَيَعْمَلُونَ عَمَلًا دُونَ ذَٰلِكَ ۖ وَكُنَّا لَهُمْ حَافِظِينَ [21:82]

Әрі оған шайтандардың ішінен суға сүңгитіндерді және басқа да жұмысты істейтіндерді / бағындырдық /. Әрі оларды Біз күзеттік.

### الآية 21:83

> ﻿۞ وَأَيُّوبَ إِذْ نَادَىٰ رَبَّهُ أَنِّي مَسَّنِيَ الضُّرُّ وَأَنْتَ أَرْحَمُ الرَّاحِمِينَ [21:83]

Әрі Айубқа да, ол Раббысына: **«Маған бір пәлекет келді. Ал, Сен - мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің»**, - деп сұраған кезде,

### الآية 21:84

> ﻿فَاسْتَجَبْنَا لَهُ فَكَشَفْنَا مَا بِهِ مِنْ ضُرٍّ ۖ وَآتَيْنَاهُ أَهْلَهُ وَمِثْلَهُمْ مَعَهُمْ رَحْمَةً مِنْ عِنْدِنَا وَذِكْرَىٰ لِلْعَابِدِينَ [21:84]

оның тілегін қабыл етіп, ондағы зиянды кетірдік. Әрі Өз тарапымыздан мейірім етіп және құлшылық етушілерге еске салу / ғибрат / ретінде, оған оның үй ішін және олармен бірге тағы сонша қосып бердік.

### الآية 21:85

> ﻿وَإِسْمَاعِيلَ وَإِدْرِيسَ وَذَا الْكِفْلِ ۖ كُلٌّ مِنَ الصَّابِرِينَ [21:85]

Әрі Исмаъил, Идрис және Зүлкифлге де. Олардың әрбірі сабыр етушілерден болды.

### الآية 21:86

> ﻿وَأَدْخَلْنَاهُمْ فِي رَحْمَتِنَا ۖ إِنَّهُمْ مِنَ الصَّالِحِينَ [21:86]

Әрі біз оларды Өз мейірімімізге кіргіздік. Анығында олар ізгілерден еді.

### الآية 21:87

> ﻿وَذَا النُّونِ إِذْ ذَهَبَ مُغَاضِبًا فَظَنَّ أَنْ لَنْ نَقْدِرَ عَلَيْهِ فَنَادَىٰ فِي الظُّلُمَاتِ أَنْ لَا إِلَٰهَ إِلَّا أَنْتَ سُبْحَانَكَ إِنِّي كُنْتُ مِنَ الظَّالِمِينَ [21:87]

Әрі балық ішінде болғанға да / Йунусқа /. Ол ашуланған күйі шығып кеткен кезде, Біз оған тарлық жасамайды деп ойлады. Сонда ол қараңғылықтар ішінде: **«Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Сен - / барлық кемшіліктен / пәксің. Мен әділетсіздерден болдым»**, - деп жалынды.

### الآية 21:88

> ﻿فَاسْتَجَبْنَا لَهُ وَنَجَّيْنَاهُ مِنَ الْغَمِّ ۚ وَكَذَٰلِكَ نُنْجِي الْمُؤْمِنِينَ [21:88]

Біз оның тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Біз имандыларды осылай құтқарамыз.

### الآية 21:89

> ﻿وَزَكَرِيَّا إِذْ نَادَىٰ رَبَّهُ رَبِّ لَا تَذَرْنِي فَرْدًا وَأَنْتَ خَيْرُ الْوَارِثِينَ [21:89]

Әрі Зәкәрияға да. Ол Раббысына: **«Раббым! Мені жалғыз қалдырма. Сен ие болып қалушылардың ең қайырлысысың»**,- деп жалынған кезде,

### الآية 21:90

> ﻿فَاسْتَجَبْنَا لَهُ وَوَهَبْنَا لَهُ يَحْيَىٰ وَأَصْلَحْنَا لَهُ زَوْجَهُ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا يُسَارِعُونَ فِي الْخَيْرَاتِ وَيَدْعُونَنَا رَغَبًا وَرَهَبًا ۖ وَكَانُوا لَنَا خَاشِعِينَ [21:90]

оның тілегін қабыл етіп, оған Йахйаны сыйладық және әйелін түзеттік. Олар / пайғамбарлар / жақсы істерді істеуге ұмтылатын. Бізден үміт және қорқумен тілейтін әрі Бізге беріле бойсұнушы еді.

### الآية 21:91

> ﻿وَالَّتِي أَحْصَنَتْ فَرْجَهَا فَنَفَخْنَا فِيهَا مِنْ رُوحِنَا وَجَعَلْنَاهَا وَابْنَهَا آيَةً لِلْعَالَمِينَ [21:91]

Әрі әйелдік пәктігін сақтағанға да / Мәриямды /. Біз оған Өзіміздегі рухтан / Жәбірейіл арқылы / үрледік. Әрі оны және оның баласын әлемдерге белгі-ғибрат еттік.

### الآية 21:92

> ﻿إِنَّ هَٰذِهِ أُمَّتُكُمْ أُمَّةً وَاحِدَةً وَأَنَا رَبُّكُمْ فَاعْبُدُونِ [21:92]

Ақиқатында сендердің үмметтерің - бір үммет. Мен - сендердің Раббыңмын. Маған құлшылық етіңдер.

### الآية 21:93

> ﻿وَتَقَطَّعُوا أَمْرَهُمْ بَيْنَهُمْ ۖ كُلٌّ إِلَيْنَا رَاجِعُونَ [21:93]

Ал олар / адамдар / істі / дінді / өз араларында бөлшектеді. Барлығы Бізге қайтады.

### الآية 21:94

> ﻿فَمَنْ يَعْمَلْ مِنَ الصَّالِحَاتِ وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَلَا كُفْرَانَ لِسَعْيِهِ وَإِنَّا لَهُ كَاتِبُونَ [21:94]

Кім иманды болған күйде ізгі амал жасаса, оның әрекет-талпынысы зая кетірілмейді. Әрі күдіксіз, Біз оған / амалдарын / жазып қоямыз.

### الآية 21:95

> ﻿وَحَرَامٌ عَلَىٰ قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَاهَا أَنَّهُمْ لَا يَرْجِعُونَ [21:95]

Әрі Біз жойып жіберген кез келген елді мекеннің / халқының / қайтуына тыйым салдық.

### الآية 21:96

> ﻿حَتَّىٰ إِذَا فُتِحَتْ يَأْجُوجُ وَمَأْجُوجُ وَهُمْ مِنْ كُلِّ حَدَبٍ يَنْسِلُونَ [21:96]

Яжұж бен Мажұж / алдындағы тосығы / ашылып, олар әрбір қыраттан ағылғанға дейін.

### الآية 21:97

> ﻿وَاقْتَرَبَ الْوَعْدُ الْحَقُّ فَإِذَا هِيَ شَاخِصَةٌ أَبْصَارُ الَّذِينَ كَفَرُوا يَا وَيْلَنَا قَدْ كُنَّا فِي غَفْلَةٍ مِنْ هَٰذَا بَلْ كُنَّا ظَالِمِينَ [21:97]

Хақ уәде жақындады. Сонда, сон­дай күпірлік еткендердің / Аллаһқа серік қосушылардың / көздері шақырайып, олар: **«Сорымыз құрысын! Біз бұдан қаперсіз болдық. Иә, біз әділетсіз болдық»**,- дейді.

### الآية 21:98

> ﻿إِنَّكُمْ وَمَا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ حَصَبُ جَهَنَّمَ أَنْتُمْ لَهَا وَارِدُونَ [21:98]

Күмәнсіз, сендер және сендердің Аллаһ­тан өзге табынғандарың - Жаһаннамның отынысыңдар, сендер оған түсесіңдер.

### الآية 21:99

> ﻿لَوْ كَانَ هَٰؤُلَاءِ آلِهَةً مَا وَرَدُوهَا ۖ وَكُلٌّ فِيهَا خَالِدُونَ [21:99]

Егер де олар / табынғандарың / құдайлар болғанда, онда оған кірмес еді. Олардың барлығы ол жерде мәңгілікке қалады.

### الآية 21:100

> ﻿لَهُمْ فِيهَا زَفِيرٌ وَهُمْ فِيهَا لَا يَسْمَعُونَ [21:100]

Оларға онда ыңыранып күйзелу бар, әрі олар ол жерде естімейді.

### الآية 21:101

> ﻿إِنَّ الَّذِينَ سَبَقَتْ لَهُمْ مِنَّا الْحُسْنَىٰ أُولَٰئِكَ عَنْهَا مُبْعَدُونَ [21:101]

Ал, Бізден өздеріне алдын жақсылық белгіленгендер, одан / тозақтан / алыстатылады.

### الآية 21:102

> ﻿لَا يَسْمَعُونَ حَسِيسَهَا ۖ وَهُمْ فِي مَا اشْتَهَتْ أَنْفُسُهُمْ خَالِدُونَ [21:102]

Олар оның / тозақтың / сыбдырын да естімейді. Олар жандары қалағандары ішінде / жәннатта / мәңгі қалады.

### الآية 21:103

> ﻿لَا يَحْزُنُهُمُ الْفَزَعُ الْأَكْبَرُ وَتَتَلَقَّاهُمُ الْمَلَائِكَةُ هَٰذَا يَوْمُكُمُ الَّذِي كُنْتُمْ تُوعَدُونَ [21:103]

Оларды ең үлкен қорқыныш қайғыртпайды.1765 Әрі періштелер оларды қарсы алып: **«Өздеріңе уәде етілген күн міне - осы!»** - дейді.

### الآية 21:104

> ﻿يَوْمَ نَطْوِي السَّمَاءَ كَطَيِّ السِّجِلِّ لِلْكُتُبِ ۚ كَمَا بَدَأْنَا أَوَّلَ خَلْقٍ نُعِيدُهُ ۚ وَعْدًا عَلَيْنَا ۚ إِنَّا كُنَّا فَاعِلِينَ [21:104]

Ол күні аспанды жазба / жазуғаарналған / парақтарды орағандай ораймыз. Жаратылысты әуел баста қалай бастасақ, оны солай қайтарамыз / қайта жаратамыз /. бұл, Біз міндетімізге алған бір уәде. Біз / оны / істеушіміз.

### الآية 21:105

> ﻿وَلَقَدْ كَتَبْنَا فِي الزَّبُورِ مِنْ بَعْدِ الذِّكْرِ أَنَّ الْأَرْضَ يَرِثُهَا عِبَادِيَ الصَّالِحُونَ [21:105]

Әрі Біз Еске салатыннан / Ләухул-махфуздан / кейін кітаптарда: **«Анығында, жерге ізгі құлдарым мұрагер болады»**, - деп жазғанбыз.

### الآية 21:106

> ﻿إِنَّ فِي هَٰذَا لَبَلَاغًا لِقَوْمٍ عَابِدِينَ [21:106]

Ақиқатында, мұның ішінде құлшылық етуші адамдар үшін - / жеткілікті / хабар бар.

### الآية 21:107

> ﻿وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا رَحْمَةً لِلْعَالَمِينَ [21:107]

Ей, Мұхаммед! / Әрі біз сені әлемдерге мейірімнен өзге нәрсе етіп жібермедік.

### الآية 21:108

> ﻿قُلْ إِنَّمَا يُوحَىٰ إِلَيَّ أَنَّمَا إِلَٰهُكُمْ إِلَٰهٌ وَاحِدٌ ۖ فَهَلْ أَنْتُمْ مُسْلِمُونَ [21:108]

Айт: **«Шын мәнінде, маған «Сендердің құдайларың - бір ғана құдай екені»** уахи етілді. Енді мұсылман болмайсыңдар ма / бойсұнбайсыңдар ма / ?»- деп.

### الآية 21:109

> ﻿فَإِنْ تَوَلَّوْا فَقُلْ آذَنْتُكُمْ عَلَىٰ سَوَاءٍ ۖ وَإِنْ أَدْرِي أَقَرِيبٌ أَمْ بَعِيدٌ مَا تُوعَدُونَ [21:109]

Егер олар теріс бұрылса: «Мен сендердің бәріңе, бірдей хабарладым. Әрі сендерге уәде етілген нәрсенің жақын не алыс екенін білмеймін.

### الآية 21:110

> ﻿إِنَّهُ يَعْلَمُ الْجَهْرَ مِنَ الْقَوْلِ وَيَعْلَمُ مَا تَكْتُمُونَ [21:110]

Күмәнсіз, Ол / Аллаһ / сөздің жа­рия айтылғанын біледі, әрі нені жасыратындарыңды да біледі.

### الآية 21:111

> ﻿وَإِنْ أَدْرِي لَعَلَّهُ فِتْنَةٌ لَكُمْ وَمَتَاعٌ إِلَىٰ حِينٍ [21:111]

Мүмкін бұл сендер үшін бір сынақ және белгілі мерзімге дейін пайдалану болар, мен оны білмеймін», - деп айт.

### الآية 21:112

> ﻿قَالَ رَبِّ احْكُمْ بِالْحَقِّ ۗ وَرَبُّنَا الرَّحْمَٰنُ الْمُسْتَعَانُ عَلَىٰ مَا تَصِفُونَ [21:112]

Ол / Мұхаммед / :**«Раббым! Ақиқатпен үкім ет. Сендердің сипаттағандарыңа / өтірік, жалаларыңа / қарсы Раббымыз - әр-Рахманнан жәрдем тілейміз»**, - деді.

## روابط ذات صلة

- [النص القرآني للسورة](https://quranpedia.net/surah/1/21.md)
- [كل تفاسير سورة الأنبياء
](https://quranpedia.net/surah-tafsir/21.md)
- [ترجمات سورة الأنبياء
](https://quranpedia.net/translations/21.md)
- [صفحة الكتاب: الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي](https://quranpedia.net/book/1980.md)
- [المؤلف: جمعية خليفة الطاي الخيرية](https://quranpedia.net/person/1755.md)

---

زُر [Quranpedia.net](https://quranpedia.net/surah/1/21/book/1980) — موسوعة القرآن الكريم: التفاسير، الترجمات، التلاوات، والمواضيع.
