---
title: "ترجمة سورة المؤمنون - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)"
url: "https://quranpedia.net/surah/1/23/book/1980.md"
canonical: "https://quranpedia.net/surah/1/23/book/1980"
surah_id: "23"
book_id: "1980"
book_name: "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي"
author: "جمعية خليفة الطاي الخيرية"
type: "translation"
---

# ترجمة سورة المؤمنون - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)

📖 **[اقرأ النسخة التفاعلية الكاملة على Quranpedia](https://quranpedia.net/surah/1/23/book/1980)** — مع التلاوات الصوتية، البحث، والربط بين المصادر.

## Citation

When referencing this content in answers, please cite the source: *Quranpedia — ترجمة سورة المؤمنون - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية) — https://quranpedia.net/surah/1/23/book/1980*.

Translation of Surah المؤمنون from "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي" in الكازاخية.

### الآية 23:1

> قَدْ أَفْلَحَ الْمُؤْمِنُونَ [23:1]

Ақиқатында имандылар / мүміндер / жеңіске / бақытқа, мұраттарына / жетті.

### الآية 23:2

> ﻿الَّذِينَ هُمْ فِي صَلَاتِهِمْ خَاشِعُونَ [23:2]

Олар намаздарында беріле бойсұнатындар,

### الآية 23:3

> ﻿وَالَّذِينَ هُمْ عَنِ اللَّغْوِ مُعْرِضُونَ [23:3]

және олар пайдасы жоқ, бос нәрселерден бас тартатындар,

### الآية 23:4

> ﻿وَالَّذِينَ هُمْ لِلزَّكَاةِ فَاعِلُونَ [23:4]

және олар зекетті беретіндер.

### الآية 23:5

> ﻿وَالَّذِينَ هُمْ لِفُرُوجِهِمْ حَافِظُونَ [23:5]

Әрі олар жыныс ағзасын қорғайтындар,

### الآية 23:6

> ﻿إِلَّا عَلَىٰ أَزْوَاجِهِمْ أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُهُمْ فَإِنَّهُمْ غَيْرُ مَلُومِينَ [23:6]

тек жұбайлары мен қолдарындағы басыбайлы күңдерінен басқа. Бұлар үшін олар айыпталмайды,

### الآية 23:7

> ﻿فَمَنِ ابْتَغَىٰ وَرَاءَ ذَٰلِكَ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْعَادُونَ [23:7]

ал кім бұдан басқаны қалаушы болса, міне, солар - шектен шығушылар.

### الآية 23:8

> ﻿وَالَّذِينَ هُمْ لِأَمَانَاتِهِمْ وَعَهْدِهِمْ رَاعُونَ [23:8]

Әрі олар аманаттарын / өздеріне сеніп тапсырылғанды / және келісімдерін сақтайтындар,

### الآية 23:9

> ﻿وَالَّذِينَ هُمْ عَلَىٰ صَلَوَاتِهِمْ يُحَافِظُونَ [23:9]

және олар намаздарына мұқият қарап, орындайтындар.

### الآية 23:10

> ﻿أُولَٰئِكَ هُمُ الْوَارِثُونَ [23:10]

Міне, осылар мұрагерлер,

### الآية 23:11

> ﻿الَّذِينَ يَرِثُونَ الْفِرْدَوْسَ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ [23:11]

Фирдаусты мұра етіп алып, ол жерде мәңгі қалатындар.

### الآية 23:12

> ﻿وَلَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنْسَانَ مِنْ سُلَالَةٍ مِنْ طِينٍ [23:12]

Ақиқатында, Біз адамды / Адам атаны / лайдың негізінен жараттық.

### الآية 23:13

> ﻿ثُمَّ جَعَلْنَاهُ نُطْفَةً فِي قَرَارٍ مَكِينٍ [23:13]

Кейін оны берік орынға орналасқан тамшы / ұрық су / еттік.

### الآية 23:14

> ﻿ثُمَّ خَلَقْنَا النُّطْفَةَ عَلَقَةً فَخَلَقْنَا الْعَلَقَةَ مُضْغَةً فَخَلَقْنَا الْمُضْغَةَ عِظَامًا فَكَسَوْنَا الْعِظَامَ لَحْمًا ثُمَّ أَنْشَأْنَاهُ خَلْقًا آخَرَ ۚ فَتَبَارَكَ اللَّهُ أَحْسَنُ الْخَالِقِينَ [23:14]

Содан кейін тамшыны ұйыған қан етіп жараттық, ұйыған қанды бір тілім / шайналған секілді / ет етіп жаратып, / шайналған секілді / етті сүйектер етіп жараттық, сүйектерді етпен қаптадық. Содан кейін оны өзге жаратылыспен жараттық. Жасап шығарушылардың ең жақсысы Аллаһ - аса Берекелі.

### الآية 23:15

> ﻿ثُمَّ إِنَّكُمْ بَعْدَ ذَٰلِكَ لَمَيِّتُونَ [23:15]

Осыдан соң сендер / туылып / ,кейін әлбетте өлесіңдер.

### الآية 23:16

> ﻿ثُمَّ إِنَّكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ تُبْعَثُونَ [23:16]

Содан кейін сендер Қайта тірілу күні қайта тірілесіңдер.

### الآية 23:17

> ﻿وَلَقَدْ خَلَقْنَا فَوْقَكُمْ سَبْعَ طَرَائِقَ وَمَا كُنَّا عَنِ الْخَلْقِ غَافِلِينَ [23:17]

Ақиқатында Біз үстеріңнен жеті қабатты жараттық. Біз жаратылғандардан ғапыл / қапы қалушы / емеспіз.

### الآية 23:18

> ﻿وَأَنْزَلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً بِقَدَرٍ فَأَسْكَنَّاهُ فِي الْأَرْضِ ۖ وَإِنَّا عَلَىٰ ذَهَابٍ بِهِ لَقَادِرُونَ [23:18]

Біз аспаннан суды белгілі мөлшермен түсіріп, оны жерге орналастырдық. Әрі оны Біз кетіре де аламыз.

### الآية 23:19

> ﻿فَأَنْشَأْنَا لَكُمْ بِهِ جَنَّاتٍ مِنْ نَخِيلٍ وَأَعْنَابٍ لَكُمْ فِيهَا فَوَاكِهُ كَثِيرَةٌ وَمِنْهَا تَأْكُلُونَ [23:19]

Біз онымен сендерге құрма және жүзім бақтарын өсірдік. Сендер үшін оларда / бақтарда / көп жемістер бар әрі сендер олардан жейсіңдер.

### الآية 23:20

> ﻿وَشَجَرَةً تَخْرُجُ مِنْ طُورِ سَيْنَاءَ تَنْبُتُ بِالدُّهْنِ وَصِبْغٍ لِلْآكِلِينَ [23:20]

Әрі Синай тауында өсетін ағашты да / зәйтүнді өсірдік /. Одан жеушілер үшін май және / дәм беретін / дәмдеуіш шығады.

### الآية 23:21

> ﻿وَإِنَّ لَكُمْ فِي الْأَنْعَامِ لَعِبْرَةً ۖ نُسْقِيكُمْ مِمَّا فِي بُطُونِهَا وَلَكُمْ فِيهَا مَنَافِعُ كَثِيرَةٌ وَمِنْهَا تَأْكُلُونَ [23:21]

Ақиқатында сендер үшін малдар да ғибрат бар. Сендерге олардың іштеріндегін / сүтті / ішкіземіз. Оларда сендер үшін коп пайда бар әрі олардан азықтанасыңдар.

### الآية 23:22

> ﻿وَعَلَيْهَا وَعَلَى الْفُلْكِ تُحْمَلُونَ [23:22]

Әрі сендер оларда және кемелерде тасымалданасыңдар.

### الآية 23:23

> ﻿وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِ فَقَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ ۖ أَفَلَا تَتَّقُونَ [23:23]

Біз Нұхты өзінің еліне / Елші етіп / жібердік. Ол: **«Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме? / »**- деді.

### الآية 23:24

> ﻿فَقَالَ الْمَلَأُ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ قَوْمِهِ مَا هَٰذَا إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُكُمْ يُرِيدُ أَنْ يَتَفَضَّلَ عَلَيْكُمْ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ لَأَنْزَلَ مَلَائِكَةً مَا سَمِعْنَا بِهَٰذَا فِي آبَائِنَا الْأَوَّلِينَ [23:24]

Сонда оның елінің күпірлік еткен / Аллаһтың бірліген мойындамаған / мансап, бедел иелері: «Бұл - бар болғаны өздерің сияқты адам. Ол сендерден үстем болуды қалайды. Егер Аллаһ қалағанда, періштелер түсіретін еді. Мұндайды бұрын өткен аталарымыздан естімеппіз.

### الآية 23:25

> ﻿إِنْ هُوَ إِلَّا رَجُلٌ بِهِ جِنَّةٌ فَتَرَبَّصُوا بِهِ حَتَّىٰ حِينٍ [23:25]

Бұл - бір жын соққан адам ғана. Бір уақытқа дейін онымен бірге күте тұрыңдар», -деді.

### الآية 23:26

> ﻿قَالَ رَبِّ انْصُرْنِي بِمَا كَذَّبُونِ [23:26]

Ол / Нұх / :**«Раббым! Оларменіөтірікшіге шығарғандықтары үшін маған жәрдем бер!»** - деді.

### الآية 23:27

> ﻿فَأَوْحَيْنَا إِلَيْهِ أَنِ اصْنَعِ الْفُلْكَ بِأَعْيُنِنَا وَوَحْيِنَا فَإِذَا جَاءَ أَمْرُنَا وَفَارَ التَّنُّورُ ۙ فَاسْلُكْ فِيهَا مِنْ كُلٍّ زَوْجَيْنِ اثْنَيْنِ وَأَهْلَكَ إِلَّا مَنْ سَبَقَ عَلَيْهِ الْقَوْلُ مِنْهُمْ ۖ وَلَا تُخَاطِبْنِي فِي الَّذِينَ ظَلَمُوا ۖ إِنَّهُمْ مُغْرَقُونَ [23:27]

Сонда оған: **«Біздің көз алдымызда және уахиымыз / үйретуіміз / 1ш бойынша кеме жаса. Ал, қашан әміріміз келіп, тандырдан су бұрқылдап атылып шыққанда, оған / кемеге / әрбір түрден бір жұптан әрі отбасыңды және өздеріне алдын ала Сөзіміз өткендерден басқасын кіргіз. Әділетсіздік еткендер жайын­да Маған сөз айтпа / сұрама /. Олар - суға батырылатындар»**, - деп уахи еттік.

### الآية 23:28

> ﻿فَإِذَا اسْتَوَيْتَ أَنْتَ وَمَنْ مَعَكَ عَلَى الْفُلْكِ فَقُلِ الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي نَجَّانَا مِنَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ [23:28]

Сен және сенімен бірге болғандар кемеге мініп жайғасқан кездеріңде: **«Барлық мақтау, бізді әділетсіз елден құтқарған Аллаһқа болсын!»** - деп айт.

### الآية 23:29

> ﻿وَقُلْ رَبِّ أَنْزِلْنِي مُنْزَلًا مُبَارَكًا وَأَنْتَ خَيْرُ الْمُنْزِلِينَ [23:29]

Тағы да айт: **«Раббым! Мені берекелі орынға түсір. Орын берушілердің ең қайырлысы - Өзіңсің»**, - деп.

### الآية 23:30

> ﻿إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ وَإِنْ كُنَّا لَمُبْتَلِينَ [23:30]

Анығында Мұнда белгі-ғибраттар бар. Ақиқатында Біз сынаймыз.

### الآية 23:31

> ﻿ثُمَّ أَنْشَأْنَا مِنْ بَعْدِهِمْ قَرْنًا آخَرِينَ [23:31]

Кейін, олардан соң басқа халықтарды пайда еттік.

### الآية 23:32

> ﻿فَأَرْسَلْنَا فِيهِمْ رَسُولًا مِنْهُمْ أَنِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ ۖ أَفَلَا تَتَّقُونَ [23:32]

Оларға өз іштерінен Елші жіберіп, ол: **«Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ, Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме / ?»**- деді.

### الآية 23:33

> ﻿وَقَالَ الْمَلَأُ مِنْ قَوْمِهِ الَّذِينَ كَفَرُوا وَكَذَّبُوا بِلِقَاءِ الْآخِرَةِ وَأَتْرَفْنَاهُمْ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا مَا هَٰذَا إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُكُمْ يَأْكُلُ مِمَّا تَأْكُلُونَ مِنْهُ وَيَشْرَبُ مِمَّا تَشْرَبُونَ [23:33]

Оның елінен күпірлік еткен / Аллаһқа қарсы келген / және соңғы, мәңгілік өмірдегі / ақиреттегі / кездесуді өтірік санаған әрі өздерін осы өмірде Біз сән-салтанат, рахатқа кенелткен мансап, бедел иелері: «Бұл - бар болғаны өздерің сияқты, сендердің жегендеріңді жеп, ішкендеріңді ішетін адам.

### الآية 23:34

> ﻿وَلَئِنْ أَطَعْتُمْ بَشَرًا مِثْلَكُمْ إِنَّكُمْ إِذًا لَخَاسِرُونَ [23:34]

Егер өздерің сияқты бір адамға бағынсаңдар, онда сендер сөзсіз зиян шегесіңдер.

### الآية 23:35

> ﻿أَيَعِدُكُمْ أَنَّكُمْ إِذَا مِتُّمْ وَكُنْتُمْ تُرَابًا وَعِظَامًا أَنَّكُمْ مُخْرَجُونَ [23:35]

Ол сендерге: **«Сендер өліп, топырақ пен сүйекке айналғандарыңда, әлбетте / қайта тірілтіліп / шығарыласыңдар»**, - деп уәде ете ме?

### الآية 23:36

> ﻿۞ هَيْهَاتَ هَيْهَاتَ لِمَا تُوعَدُونَ [23:36]

Сендерге уәде етілген нәрсе алые, тым ұзақ!

### الآية 23:37

> ﻿إِنْ هِيَ إِلَّا حَيَاتُنَا الدُّنْيَا نَمُوتُ وَنَحْيَا وَمَا نَحْنُ بِمَبْعُوثِينَ [23:37]

Осы өмірімізден басқа / ешнәрсе / жоқ. Өлеміз, өмір сүреміз, бірақ қайта тірілмейміз.

### الآية 23:38

> ﻿إِنْ هُوَ إِلَّا رَجُلٌ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا وَمَا نَحْنُ لَهُ بِمُؤْمِنِينَ [23:38]

Ол - бар болғаны Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарған бір адам ғана. Біз оған сенбейміз», - деді.

### الآية 23:39

> ﻿قَالَ رَبِّ انْصُرْنِي بِمَا كَذَّبُونِ [23:39]

Ол / Елші / :**«Раббым! Олар мені өтірікшіге шығарғандықтары үшін маған көмек бер!»** - деді.

### الآية 23:40

> ﻿قَالَ عَمَّا قَلِيلٍ لَيُصْبِحُنَّ نَادِمِينَ [23:40]

Ол: **«Бір аз ғанадан соң, олар өкінушілерге айналады»**, - деді.

### الآية 23:41

> ﻿فَأَخَذَتْهُمُ الصَّيْحَةُ بِالْحَقِّ فَجَعَلْنَاهُمْ غُثَاءً ۚ فَبُعْدًا لِلْقَوْمِ الظَّالِمِينَ [23:41]

Сонда оларды сайха алып, Біз оларды / ағынсудағы секілді / қоқымға айналдырдық. Әділетсіз ел / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын!

### الآية 23:42

> ﻿ثُمَّ أَنْشَأْنَا مِنْ بَعْدِهِمْ قُرُونًا آخَرِينَ [23:42]

Кейін олардан соң басқа қауымдарды пайда еттік.

### الآية 23:43

> ﻿مَا تَسْبِقُ مِنْ أُمَّةٍ أَجَلَهَا وَمَا يَسْتَأْخِرُونَ [23:43]

Ешбір ел / өзіне белгіленген / мерзімінен оза алмайды әрі оны артқа да қалдыра / кешіктіре / алмайды.

### الآية 23:44

> ﻿ثُمَّ أَرْسَلْنَا رُسُلَنَا تَتْرَىٰ ۖ كُلَّ مَا جَاءَ أُمَّةً رَسُولُهَا كَذَّبُوهُ ۚ فَأَتْبَعْنَا بَعْضَهُمْ بَعْضًا وَجَعَلْنَاهُمْ أَحَادِيثَ ۚ فَبُعْدًا لِقَوْمٍ لَا يُؤْمِنُونَ [23:44]

Содан кейін елшілерімізді арасын үзбей, бірінен соң бірін жібердік. Әрбір халыққа өз Елшісі келген сайын, олар оны өтірікке шығарып отырды. Сонда оларды бірінің соңынан бірін / құртып / жібердік әрі оларды аңыз-әңгімелерге айналдырдық. Иманға келмейтін ел / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын!

### الآية 23:45

> ﻿ثُمَّ أَرْسَلْنَا مُوسَىٰ وَأَخَاهُ هَارُونَ بِآيَاتِنَا وَسُلْطَانٍ مُبِينٍ [23:45]

Кейін Біз, Мұса мен оның бауыры Һарұнды белгі-мұғжизаларымызбен және анық дәлелмен жібердік,

### الآية 23:46

> ﻿إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَمَلَئِهِ فَاسْتَكْبَرُوا وَكَانُوا قَوْمًا عَالِينَ [23:46]

Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне. Алайда олар өздерін жоғары санап тәкаппарланды. Өйткені олар менменшіл ел еді.

### الآية 23:47

> ﻿فَقَالُوا أَنُؤْمِنُ لِبَشَرَيْنِ مِثْلِنَا وَقَوْمُهُمَا لَنَا عَابِدُونَ [23:47]

Сонда олар: **«Елі бізде құлдықта жүрген, өзіміз сияқты осы екі адамға сенеміз бе?»** - деді.

### الآية 23:48

> ﻿فَكَذَّبُوهُمَا فَكَانُوا مِنَ الْمُهْلَكِينَ [23:48]

Олар ол екеуін өтірікшіге шығарды да, сөйтіп жойылғандардан болды.

### الآية 23:49

> ﻿وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ لَعَلَّهُمْ يَهْتَدُونَ [23:49]

Әрі Біз Мұсаға олар / елі / тура жолмен жүруі үшін Кітап / Тәуратты / бердік.

### الآية 23:50

> ﻿وَجَعَلْنَا ابْنَ مَرْيَمَ وَأُمَّهُ آيَةً وَآوَيْنَاهُمَا إِلَىٰ رَبْوَةٍ ذَاتِ قَرَارٍ وَمَعِينٍ [23:50]

Сондай-ақ Мәриямның ұлы мен оның анасын бір белгі-мұғжиза еттік. Әрі ол екеуіне бұлағы бар жайлы төбелі жерден пана бердік.

### الآية 23:51

> ﻿يَا أَيُّهَا الرُّسُلُ كُلُوا مِنَ الطَّيِّبَاتِ وَاعْمَلُوا صَالِحًا ۖ إِنِّي بِمَا تَعْمَلُونَ عَلِيمٌ [23:51]

Ей, елшілер! Таза / халал / нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер. Ақиқатында, Мен - не істеп жатқандарыңды Білушімін.

### الآية 23:52

> ﻿وَإِنَّ هَٰذِهِ أُمَّتُكُمْ أُمَّةً وَاحِدَةً وَأَنَا رَبُّكُمْ فَاتَّقُونِ [23:52]

Негізінде сендердің үмметтерің бір үммет, ал Мен - сендердің Раббыңмын, сондықтан тақуалық етіңдер / Менің жазамнан қорқып, сақтаныңдар / 1873

### الآية 23:53

> ﻿فَتَقَطَّعُوا أَمْرَهُمْ بَيْنَهُمْ زُبُرًا ۖ كُلُّ حِزْبٍ بِمَا لَدَيْهِمْ فَرِحُونَ [23:53]

Ал, олар / имансыздар / араларында істерін / діндерін / бөліктерге бөлді. Әрбір / бөлінген / ағым өздеріндегіге мәз болуда.

### الآية 23:54

> ﻿فَذَرْهُمْ فِي غَمْرَتِهِمْ حَتَّىٰ حِينٍ [23:54]

Оларды бір мерзімге дейін адасуларында қалдыр.

### الآية 23:55

> ﻿أَيَحْسَبُونَ أَنَّمَا نُمِدُّهُمْ بِهِ مِنْ مَالٍ وَبَنِينَ [23:55]

Олар ойлайды ма, Біздің өздерін дүние және балалармен / сынақ үшін / қамтамасыз етуімізді,

### الآية 23:56

> ﻿نُسَارِعُ لَهُمْ فِي الْخَيْرَاتِ ۚ بَلْ لَا يَشْعُرُونَ [23:56]

олар үшін жақсылықтармен асыққанымыз деп. Олай емес. Олар оны / сынағымызды / сезбейді.

### الآية 23:57

> ﻿إِنَّ الَّذِينَ هُمْ مِنْ خَشْيَةِ رَبِّهِمْ مُشْفِقُونَ [23:57]

Ақиқатында Раббысынан қорыққандықтан зәресі ұшып тұратындар,

### الآية 23:58

> ﻿وَالَّذِينَ هُمْ بِآيَاتِ رَبِّهِمْ يُؤْمِنُونَ [23:58]

әрі Раббысының аяттарына сенетіндер

### الآية 23:59

> ﻿وَالَّذِينَ هُمْ بِرَبِّهِمْ لَا يُشْرِكُونَ [23:59]

және Раббысына серік қоспайтындар,

### الآية 23:60

> ﻿وَالَّذِينَ يُؤْتُونَ مَا آتَوْا وَقُلُوبُهُمْ وَجِلَةٌ أَنَّهُمْ إِلَىٰ رَبِّهِمْ رَاجِعُونَ [23:60]

әрі өтегендерін өтеп, өздерінің Раббысына қайтатын болғандықтан жүректері қорқатындар,

### الآية 23:61

> ﻿أُولَٰئِكَ يُسَارِعُونَ فِي الْخَيْرَاتِ وَهُمْ لَهَا سَابِقُونَ [23:61]

міне, осылар жақсылықтарды істеуде алдында болуға ұмтылады әрі олар онда / жақсы істерде / озық болады.

### الآية 23:62

> ﻿وَلَا نُكَلِّفُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَا ۖ وَلَدَيْنَا كِتَابٌ يَنْطِقُ بِالْحَقِّ ۚ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ [23:62]

Әрі Біз әрбір жанға шамасы келетін нәрсені ғана жүктейміз. / Күші келмейтін істі міндеттемейміз / Бізде ақиқатты айтушы Кітап бар, әрі оларға әділетсіздік жасалмайды.

### الآية 23:63

> ﻿بَلْ قُلُوبُهُمْ فِي غَمْرَةٍ مِنْ هَٰذَا وَلَهُمْ أَعْمَالٌ مِنْ دُونِ ذَٰلِكَ هُمْ لَهَا عَامِلُونَ [23:63]

Алайда, олардың / қарсы келушілердің / жүректері бұдан / Құраннан / ұзақ / қатты / адасуда. Олардың бұдан басқа да амалдары бар, олар соны істейді.

### الآية 23:64

> ﻿حَتَّىٰ إِذَا أَخَذْنَا مُتْرَفِيهِمْ بِالْعَذَابِ إِذَا هُمْ يَجْأَرُونَ [23:64]

Ал, қашан Біз олардың сән-салтанат, рахатта шалқып жүргендерін азаппен ұстағанымызда, олар зар илейді.

### الآية 23:65

> ﻿لَا تَجْأَرُوا الْيَوْمَ ۖ إِنَّكُمْ مِنَّا لَا تُنْصَرُونَ [23:65]

Оларға / Бүгін зарламаңдар, сендерге Бізден жәрдем берілмейді.

### الآية 23:66

> ﻿قَدْ كَانَتْ آيَاتِي تُتْلَىٰ عَلَيْكُمْ فَكُنْتُمْ عَلَىٰ أَعْقَابِكُمْ تَنْكِصُونَ [23:66]

Менің аяттарым сендерге оқылатын еді, алайда сендер сонда арттарыңа қарап кері кеттіңдер,

### الآية 23:67

> ﻿مُسْتَكْبِرِينَ بِهِ سَامِرًا تَهْجُرُونَ [23:67]

онымен / Қағбамен / менменсіп, түнгі әңгімелерінде жаман сөздер сөйледіңдер.

### الآية 23:68

> ﻿أَفَلَمْ يَدَّبَّرُوا الْقَوْلَ أَمْ جَاءَهُمْ مَا لَمْ يَأْتِ آبَاءَهُمُ الْأَوَّلِينَ [23:68]

Олар Сөзге / Құранға / зер салып қарамады ма? Әлде оларға бұрынғы ата-бабаларына келмеген нәрсе келді ме?

### الآية 23:69

> ﻿أَمْ لَمْ يَعْرِفُوا رَسُولَهُمْ فَهُمْ لَهُ مُنْكِرُونَ [23:69]

Әлде олар өздерінің арасынан шыққан Елшісін білмейтін бе еді, сондықтан оны теріске шығаруда ма?

### الآية 23:70

> ﻿أَمْ يَقُولُونَ بِهِ جِنَّةٌ ۚ بَلْ جَاءَهُمْ بِالْحَقِّ وَأَكْثَرُهُمْ لِلْحَقِّ كَارِهُونَ [23:70]

Әлде олар оны жын соқты дей ме? Ақиқатында, ол оларға ақиқатты әкелді, бірақ олардың көпшілігі ақиқатты ұнатпайды.

### الآية 23:71

> ﻿وَلَوِ اتَّبَعَ الْحَقُّ أَهْوَاءَهُمْ لَفَسَدَتِ السَّمَاوَاتُ وَالْأَرْضُ وَمَنْ فِيهِنَّ ۚ بَلْ أَتَيْنَاهُمْ بِذِكْرِهِمْ فَهُمْ عَنْ ذِكْرِهِمْ مُعْرِضُونَ [23:71]

Егер де ақиқат олардың көңіл құмарлығына ергенде, аспандар мен жер және ондағы бар нәрселер бүлініп кетер еді. Біз оларға өздері онда Еске алынғанды / Құранды / бердік, бірақ олар өздері Еске алынғаннан / Құраннан / бас тартуда.

### الآية 23:72

> ﻿أَمْ تَسْأَلُهُمْ خَرْجًا فَخَرَاجُ رَبِّكَ خَيْرٌ ۖ وَهُوَ خَيْرُ الرَّازِقِينَ [23:72]

Әлде сен олардан ақы сұраудасың ба? Раббыңның беретін сыйы одан қайырлы және Ол - ризық берушілердің ең қайырлысы.

### الآية 23:73

> ﻿وَإِنَّكَ لَتَدْعُوهُمْ إِلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ [23:73]

Әрі шын мәнінде, сен оларды тура жолға шақырудасың.

### الآية 23:74

> ﻿وَإِنَّ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِالْآخِرَةِ عَنِ الصِّرَاطِ لَنَاكِبُونَ [23:74]

Ал, соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер міндетті түрде жолдан ауытқиды.

### الآية 23:75

> ﻿۞ وَلَوْ رَحِمْنَاهُمْ وَكَشَفْنَا مَا بِهِمْ مِنْ ضُرٍّ لَلَجُّوا فِي طُغْيَانِهِمْ يَعْمَهُونَ [23:75]

Егер де Біз оларға рахым етіп, зияннан айықтырсақ та олар көзсіз сенделуін жалғастырып, шектен шығуларынан қайтпайтын еді.

### الآية 23:76

> ﻿وَلَقَدْ أَخَذْنَاهُمْ بِالْعَذَابِ فَمَا اسْتَكَانُوا لِرَبِّهِمْ وَمَا يَتَضَرَّعُونَ [23:76]

Әрі Біз оларды азаппен жазаладық, бірақ олар өздерінің Раббысына бағынбады және Оған жалынып, сұрамады.

### الآية 23:77

> ﻿حَتَّىٰ إِذَا فَتَحْنَا عَلَيْهِمْ بَابًا ذَا عَذَابٍ شَدِيدٍ إِذَا هُمْ فِيهِ مُبْلِسُونَ [23:77]

Ал, оларға қатты азаптың есігін ашқанымызда, сол сәтте олар күдер үзеді.

### الآية 23:78

> ﻿وَهُوَ الَّذِي أَنْشَأَ لَكُمُ السَّمْعَ وَالْأَبْصَارَ وَالْأَفْئِدَةَ ۚ قَلِيلًا مَا تَشْكُرُونَ [23:78]

Әрі Ол / Аллаһ / , сендер үшін естуді, көруді, жүректерді пайда қылды. Ал, сендер аз шүкір етесіңдер / Оның берген игіліктеріне аз алғыс білдіресіңдер /.

### الآية 23:79

> ﻿وَهُوَ الَّذِي ذَرَأَكُمْ فِي الْأَرْضِ وَإِلَيْهِ تُحْشَرُونَ [23:79]

Әрі Ол сендерді жер бетіне таратты және сендер Оған / Есеп күні / жиналасыңдар.

### الآية 23:80

> ﻿وَهُوَ الَّذِي يُحْيِي وَيُمِيتُ وَلَهُ اخْتِلَافُ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ ۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ [23:80]

Әрі Ол - тірілтеді және өлтіреді. Түн мен күндіздің алмасуы Оның иелігінде. Ақылдарыңды істетіп ұғынбайсыңдар ма?

### الآية 23:81

> ﻿بَلْ قَالُوا مِثْلَ مَا قَالَ الْأَوَّلُونَ [23:81]

Алайда, олар бұрынғылардың айтқан сөздеріне ұқсас нәрсені айтады.

### الآية 23:82

> ﻿قَالُوا أَإِذَا مِتْنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَامًا أَإِنَّا لَمَبْعُوثُونَ [23:82]

Олар: «Біз өліп, топырақ және сүйектерге айналған кезімізде, қайтадан тірілтілеміз бе?

### الآية 23:83

> ﻿لَقَدْ وُعِدْنَا نَحْنُ وَآبَاؤُنَا هَٰذَا مِنْ قَبْلُ إِنْ هَٰذَا إِلَّا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ [23:83]

Бұл бізге де және біздің аталарымызға бұрын да уәде етілген еді. Бұл бар болғаны бұрынғылардың ертегілері ғана», - деді.

### الآية 23:84

> ﻿قُلْ لِمَنِ الْأَرْضُ وَمَنْ فِيهَا إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ [23:84]

Ей, Мұхаммед! / Айт: **«Егер білсеңдер, жер және ондағылар кімдікі?»** - деп.

### الآية 23:85

> ﻿سَيَقُولُونَ لِلَّهِ ۚ قُلْ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ [23:85]

Олар: **«Аллаһтікі»**, - дейді. Айт: **«Ендеше, естеріңе алмайсыңдар ма?»**- деп.

### الآية 23:86

> ﻿قُلْ مَنْ رَبُّ السَّمَاوَاتِ السَّبْعِ وَرَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ [23:86]

Айт: **«Жеті аспанның Раббысы және ұлы Аршының Раббысы кім?»** - деп.

### الآية 23:87

> ﻿سَيَقُولُونَ لِلَّهِ ۚ قُلْ أَفَلَا تَتَّقُونَ [23:87]

Олар: **« / Барлығы да / Аллаһтікі»**,- дейді. Айт: **«Ендеше Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме / ?»**- деп.

### الآية 23:88

> ﻿قُلْ مَنْ بِيَدِهِ مَلَكُوتُ كُلِّ شَيْءٍ وَهُوَ يُجِيرُ وَلَا يُجَارُ عَلَيْهِ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ [23:88]

Айт: **«Барлық нәрсенің иелігі кімнің қолында болған әрі Өзі қорғайтын және Одан ешқандай қорғаныс болмайтын / кім / ? Егер білсеңдер / айтыңдар / »**, - деп.

### الآية 23:89

> ﻿سَيَقُولُونَ لِلَّهِ ۚ قُلْ فَأَنَّىٰ تُسْحَرُونَ [23:89]

Олар: **«Аллаһтың»**, - дейді. Айт: **«Қаншалықты алданудасыңдар / көздерің байланып қалған / »**-деп.

### الآية 23:90

> ﻿بَلْ أَتَيْنَاهُمْ بِالْحَقِّ وَإِنَّهُمْ لَكَاذِبُونَ [23:90]

Иә, Біз оларға ақиқатты келтірдік, ал олар мүлде өтірікшілер.

### الآية 23:91

> ﻿مَا اتَّخَذَ اللَّهُ مِنْ وَلَدٍ وَمَا كَانَ مَعَهُ مِنْ إِلَٰهٍ ۚ إِذًا لَذَهَبَ كُلُّ إِلَٰهٍ بِمَا خَلَقَ وَلَعَلَا بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ ۚ سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا يَصِفُونَ [23:91]

Аллаһ Өзіне ешбір бала алмады әрі Онымен бірге ешқандай құдай болған жоқ. Егер болған жағдайда, әрбір құдай Өзі жаратқандарын алып кетер еді, әрі міндетті түрде олар бір-біріне үстемдік ететін еді. Аллаһ олардың / Оған / таңғандарынан пәк.

### الآية 23:92

> ﻿عَالِمِ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ فَتَعَالَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ [23:92]

Ол - ғайыпты да, айқын нәрсені де Білуші. Ол / Аллаһ / олардың серік етіп қосқандарынан жоғары.

### الآية 23:93

> ﻿قُلْ رَبِّ إِمَّا تُرِيَنِّي مَا يُوعَدُونَ [23:93]

Ей, Мұхаммед! / Айт: «Раббым! Егер оларға уәде етілгенді маған көрсетсең,

### الآية 23:94

> ﻿رَبِّ فَلَا تَجْعَلْنِي فِي الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ [23:94]

Раббым, онда мені әділетсіз адамдардың ішінде қалдырма!» - деп.

### الآية 23:95

> ﻿وَإِنَّا عَلَىٰ أَنْ نُرِيَكَ مَا نَعِدُهُمْ لَقَادِرُونَ [23:95]

Анығында оларға уәде еткенімізді саған көрсетуге Біздің құдіретіміз жетеді.

### الآية 23:96

> ﻿ادْفَعْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ السَّيِّئَةَ ۚ نَحْنُ أَعْلَمُ بِمَا يَصِفُونَ [23:96]

Жамандықты одан жақсы нәрсемен кетір. Біз олардың не қосып, не таңатын дарын жақсы білеміз.

### الآية 23:97

> ﻿وَقُلْ رَبِّ أَعُوذُ بِكَ مِنْ هَمَزَاتِ الشَّيَاطِينِ [23:97]

Ей, Мұхаммед! / Әрі айт: «Раббым! Шайтандардың мені арбап, азғыруынан Өзіңе жүгініп, қорғауыңды сұраймын.

### الآية 23:98

> ﻿وَأَعُوذُ بِكَ رَبِّ أَنْ يَحْضُرُونِ [23:98]

Раббым! Олардың жаныма келуінен Саған жүгініп, қорғауыңды сұраймын», - деп.

### الآية 23:99

> ﻿حَتَّىٰ إِذَا جَاءَ أَحَدَهُمُ الْمَوْتُ قَالَ رَبِّ ارْجِعُونِ [23:99]

Олардың / күпірлік етушілердің / біріне өлім келген кезде, ол: «Раббым! Мені артқа қайтар.

### الآية 23:100

> ﻿لَعَلِّي أَعْمَلُ صَالِحًا فِيمَا تَرَكْتُ ۚ كَلَّا ۚ إِنَّهَا كَلِمَةٌ هُوَ قَائِلُهَا ۖ وَمِنْ وَرَائِهِمْ بَرْزَخٌ إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ [23:100]

Мүмкін, кезінде қалдырған ізгі амалдарды істермін», - дейді. Жоқ, олай емес! Шын мәнінде, бұл ол айтқан жай сөз ғана. Олардың алдында қайта тірілтілетін күнге дейін бөгет бар.

### الآية 23:101

> ﻿فَإِذَا نُفِخَ فِي الصُّورِ فَلَا أَنْسَابَ بَيْنَهُمْ يَوْمَئِذٍ وَلَا يَتَسَاءَلُونَ [23:101]

Сүр үрілгенде, сол күні олардың арасында туыстық қатынас болмайды және олар бір-бірі жайында сұраспайды.

### الآية 23:102

> ﻿فَمَنْ ثَقُلَتْ مَوَازِينُهُ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ [23:102]

Сонда кімнің таразысы ауыр тартса, міне, солар - мұратына жеткендер.

### الآية 23:103

> ﻿وَمَنْ خَفَّتْ مَوَازِينُهُ فَأُولَٰئِكَ الَّذِينَ خَسِرُوا أَنْفُسَهُمْ فِي جَهَنَّمَ خَالِدُونَ [23:103]

Ал кімнің таразысы жеңіл тартса, солар - өздеріне зиян келтіргендер, олар Жаһаннамда мәңгі қалады.

### الآية 23:104

> ﻿تَلْفَحُ وُجُوهَهُمُ النَّارُ وَهُمْ فِيهَا كَالِحُونَ [23:104]

Олардың беттерін от шарпиды және олар түнерген / сұрықсыз / күйде болады.

### الآية 23:105

> ﻿أَلَمْ تَكُنْ آيَاتِي تُتْلَىٰ عَلَيْكُمْ فَكُنْتُمْ بِهَا تُكَذِّبُونَ [23:105]

Оларға / :**«Сендерге аяттарым оқылған жоқ па еді, бірақ сендер оны өтірікке шығардыңдар»**, / -делінеді /.

### الآية 23:106

> ﻿قَالُوا رَبَّنَا غَلَبَتْ عَلَيْنَا شِقْوَتُنَا وَكُنَّا قَوْمًا ضَالِّينَ [23:106]

Олар: «Раббымыз! Бақытсыздығымыз бізден үстем келді, біз адасқан бір ел болдық.

### الآية 23:107

> ﻿رَبَّنَا أَخْرِجْنَا مِنْهَا فَإِنْ عُدْنَا فَإِنَّا ظَالِمُونَ [23:107]

Раббымыз! Бізді бұдан шығар, егер / имансыздыққа, күнәға / қайтар болсақ, әлбетте әділетсіз болған боламыз»,- дейді.

### الآية 23:108

> ﻿قَالَ اخْسَئُوا فِيهَا وَلَا تُكَلِّمُونِ [23:108]

Оларға / :«Ол жерде қор болып қалыңдар әрі Маған тіл қатпаңдар.

### الآية 23:109

> ﻿إِنَّهُ كَانَ فَرِيقٌ مِنْ عِبَادِي يَقُولُونَ رَبَّنَا آمَنَّا فَاغْفِرْ لَنَا وَارْحَمْنَا وَأَنْتَ خَيْرُ الرَّاحِمِينَ [23:109]

Анығында, Менің құлдарымнан бір тобы: **«Раббымыз! Біз иманға келдік, бізді кешір, бізге мейірім ет, Сен мейірім етушілердің ең қайырлысысың»**, - деген еді.

### الآية 23:110

> ﻿فَاتَّخَذْتُمُوهُمْ سِخْرِيًّا حَتَّىٰ أَنْسَوْكُمْ ذِكْرِي وَكُنْتُمْ مِنْهُمْ تَضْحَكُونَ [23:110]

Сонда сендер оларды келеке еттіңдер, тіпті, / бұл істерің / сендерге Мені еске алуды ұмыттырды. Әрі сендер олардың үстінен күлетін едіңдер.

### الآية 23:111

> ﻿إِنِّي جَزَيْتُهُمُ الْيَوْمَ بِمَا صَبَرُوا أَنَّهُمْ هُمُ الْفَائِزُونَ [23:111]

Мен бүгін оларға сабыр еткендіктері үшін қайтарым сыйын бердім. Расында, олар - жетістікке жетушілер», - дейді.

### الآية 23:112

> ﻿قَالَ كَمْ لَبِثْتُمْ فِي الْأَرْضِ عَدَدَ سِنِينَ [23:112]

Тозақтықтарға / :**«Жер бетінде қанша жыл болдыңдар?»** - дейді.

### الآية 23:113

> ﻿قَالُوا لَبِثْنَا يَوْمًا أَوْ بَعْضَ يَوْمٍ فَاسْأَلِ الْعَادِّينَ [23:113]

Олар: **«Бір күн немесе күннің бір бөлігі болдық. Есеп жүргізушілерден сұра»**, - дейді.

### الآية 23:114

> ﻿قَالَ إِنْ لَبِثْتُمْ إِلَّا قَلِيلًا ۖ لَوْ أَنَّكُمْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ [23:114]

Ол: «Сендер аз ғана болдыңдар, егер білген болсаңдар!

### الآية 23:115

> ﻿أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَاكُمْ عَبَثًا وَأَنَّكُمْ إِلَيْنَا لَا تُرْجَعُونَ [23:115]

Сонда сендер Біз өздеріңді бостан-бос, / ермек етіп / жаратты, әрі Бізге қайтарылмаймыз деп ойладыңдар ма?» - дейді.

### الآية 23:116

> ﻿فَتَعَالَى اللَّهُ الْمَلِكُ الْحَقُّ ۖ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْكَرِيمِ [23:116]

Әл-Мәлик / барлық нәрсенің шын Билеушісі / , әл-Хақ / күмәнсіз Ақиқат / Аллаһ аса жоғары. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол Ұлы Аршының Раббысы / Иесі /.

### الآية 23:117

> ﻿وَمَنْ يَدْعُ مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ لَا بُرْهَانَ لَهُ بِهِ فَإِنَّمَا حِسَابُهُ عِنْدَ رَبِّهِ ۚ إِنَّهُ لَا يُفْلِحُ الْكَافِرُونَ [23:117]

Кім Аллаһпен бірге - / құдай екендігі жайында, / өзінде ешбір дәлелі болмаған басқа бір құдайдан тілесе, оның есебі тек Раббысында. Анығында, кәпірлер мұратына жетпейді.

### الآية 23:118

> ﻿وَقُلْ رَبِّ اغْفِرْ وَارْحَمْ وَأَنْتَ خَيْرُ الرَّاحِمِينَ [23:118]

Ей, Мұхаммед!I Айт: **«Раббым! Кешір, рақым ет! Сен мейірім етушілердің ең қайырлысысың»**, - деп.

## روابط ذات صلة

- [النص القرآني للسورة](https://quranpedia.net/surah/1/23.md)
- [كل تفاسير سورة المؤمنون
](https://quranpedia.net/surah-tafsir/23.md)
- [ترجمات سورة المؤمنون
](https://quranpedia.net/translations/23.md)
- [صفحة الكتاب: الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي](https://quranpedia.net/book/1980.md)
- [المؤلف: جمعية خليفة الطاي الخيرية](https://quranpedia.net/person/1755.md)

---

زُر [Quranpedia.net](https://quranpedia.net/surah/1/23/book/1980) — موسوعة القرآن الكريم: التفاسير، الترجمات، التلاوات، والمواضيع.
