---
title: "ترجمة سورة الفرقان - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)"
url: "https://quranpedia.net/surah/1/25/book/1980.md"
canonical: "https://quranpedia.net/surah/1/25/book/1980"
surah_id: "25"
book_id: "1980"
book_name: "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي"
author: "جمعية خليفة الطاي الخيرية"
type: "translation"
---

# ترجمة سورة الفرقان - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)

📖 **[اقرأ النسخة التفاعلية الكاملة على Quranpedia](https://quranpedia.net/surah/1/25/book/1980)** — مع التلاوات الصوتية، البحث، والربط بين المصادر.

## Citation

When referencing this content in answers, please cite the source: *Quranpedia — ترجمة سورة الفرقان - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية) — https://quranpedia.net/surah/1/25/book/1980*.

Translation of Surah الفرقان from "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي" in الكازاخية.

### الآية 25:1

> تَبَارَكَ الَّذِي نَزَّلَ الْفُرْقَانَ عَلَىٰ عَبْدِهِ لِيَكُونَ لِلْعَالَمِينَ نَذِيرًا [25:1]

Әлемдерге / насихат етіп / ескертуші болуы үшін Өз құлына Фұрқанды / Құранды / түсірген Ол -аса Берекелі.

### الآية 25:2

> ﻿الَّذِي لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَلَمْ يَتَّخِذْ وَلَدًا وَلَمْ يَكُنْ لَهُ شَرِيكٌ فِي الْمُلْكِ وَخَلَقَ كُلَّ شَيْءٍ فَقَدَّرَهُ تَقْدِيرًا [25:2]

Аспандардың және жердің билігі - Онікі әрі Ол ешбір бала иемденбеді және билікте Оның ешбір серігі болмады. Әрі ол әрбір нәрсені жаратып, оны өлшеп белгіледі.

### الآية 25:3

> ﻿وَاتَّخَذُوا مِنْ دُونِهِ آلِهَةً لَا يَخْلُقُونَ شَيْئًا وَهُمْ يُخْلَقُونَ وَلَا يَمْلِكُونَ لِأَنْفُسِهِمْ ضَرًّا وَلَا نَفْعًا وَلَا يَمْلِكُونَ مَوْتًا وَلَا حَيَاةً وَلَا نُشُورًا [25:3]

Ал олар / мүшріктер / ешнәрсе жарата алмайтын, / керісінше / өздері - жаратылған, әрі өздеріне зиян не пайда келтіру билігіне ие емес және өлтіруге, өмір беруге әрі қайта тірілтуге де иелік ете алмайтын өзгелерді Оның орнына құдайлар етіп алды.

### الآية 25:4

> ﻿وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا إِنْ هَٰذَا إِلَّا إِفْكٌ افْتَرَاهُ وَأَعَانَهُ عَلَيْهِ قَوْمٌ آخَرُونَ ۖ فَقَدْ جَاءُوا ظُلْمًا وَزُورًا [25:4]

Әрі күпірлік етушілер / Құранды мойындамаушылар / :**«бұл / Құран / - бар болғаны, ойдан шығарған өтірік қана. Әрі бұл істе оған басқа адамдар көмектескен»**,- деді. Сөйтіп, олар әділетсіздік жасады және өтірік айтты.

### الآية 25:5

> ﻿وَقَالُوا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ اكْتَتَبَهَا فَهِيَ تُمْلَىٰ عَلَيْهِ بُكْرَةً وَأَصِيلًا [25:5]

Сондай-ақ олар: **« / Бұл / - бұрынғылардың ертегілері. Ол мұны жазғызып алған әрі бұл оған таңертең және кешке оқылып тұрады»**, - деді.

### الآية 25:6

> ﻿قُلْ أَنْزَلَهُ الَّذِي يَعْلَمُ السِّرَّ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ إِنَّهُ كَانَ غَفُورًا رَحِيمًا [25:6]

Ей, Мұхаммед! / Айт: **«Мұны / Құранды / аспандар мен жердегі құпияны білетін түсірді. Күмәнсіз, Ол - кешірімді, мейірімді»**, - деп.

### الآية 25:7

> ﻿وَقَالُوا مَالِ هَٰذَا الرَّسُولِ يَأْكُلُ الطَّعَامَ وَيَمْشِي فِي الْأَسْوَاقِ ۙ لَوْلَا أُنْزِلَ إِلَيْهِ مَلَكٌ فَيَكُونَ مَعَهُ نَذِيرًا [25:7]

Әрі олар: «Тамақ жейтін және базарларда жүретін бұл неғылған Елші? Оған бір періште түсіріліп әрі ол онымен бірге ескертуші болса еді?

### الآية 25:8

> ﻿أَوْ يُلْقَىٰ إِلَيْهِ كَنْزٌ أَوْ تَكُونُ لَهُ جَنَّةٌ يَأْكُلُ مِنْهَا ۚ وَقَالَ الظَّالِمُونَ إِنْ تَتَّبِعُونَ إِلَّا رَجُلًا مَسْحُورًا [25:8]

Немесе оған бір қазына тасталмай ма? Не оның бір бағы болып, ол одан өзі жесе еді?» -деді. Әрі әділетсіздер: **«Сендер сиқырланған бір адамға ғана еріп жүрсіңдер»**, - деді.

### الآية 25:9

> ﻿انْظُرْ كَيْفَ ضَرَبُوا لَكَ الْأَمْثَالَ فَضَلُّوا فَلَا يَسْتَطِيعُونَ سَبِيلًا [25:9]

Ей, Мұхаммед! / Қара! Олар саған мысалдарды қалай келтіреді. Олар осылай адасты, енді олар жол таба алмайды.

### الآية 25:10

> ﻿تَبَارَكَ الَّذِي إِنْ شَاءَ جَعَلَ لَكَ خَيْرًا مِنْ ذَٰلِكَ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ وَيَجْعَلْ لَكَ قُصُورًا [25:10]

Ол / Аллаһ / аса Берекелі, егер қаласа, саған бұдан / олардың айтқанынан / жақсысын -астынан өзендер ағып жататын бақтарды және сарайлар жасап береді.

### الآية 25:11

> ﻿بَلْ كَذَّبُوا بِالسَّاعَةِ ۖ وَأَعْتَدْنَا لِمَنْ كَذَّبَ بِالسَّاعَةِ سَعِيرًا [25:11]

Жоқ! / Негізінде / олар Сағатты / Қияметті / жалған санады. Ал Біз, Сағатты жалған деушілер үшін Саъирді әзірледік.

### الآية 25:12

> ﻿إِذَا رَأَتْهُمْ مِنْ مَكَانٍ بَعِيدٍ سَمِعُوا لَهَا تَغَيُّظًا وَزَفِيرًا [25:12]

Қашан ол / тозақ / оларды алыс жер­дей көргеннен, олар оның / ашу-ызамен / бұрқылдағанын әрі өкірік үнін естиді.

### الآية 25:13

> ﻿وَإِذَا أُلْقُوا مِنْهَا مَكَانًا ضَيِّقًا مُقَرَّنِينَ دَعَوْا هُنَالِكَ ثُبُورًا [25:13]

Ал, олардың қолдары мойындарына байланып, / тозақтағы / тар орынға тасталған кезде, ол жерде олар өздерінің жойылып кетуін тілейді.

### الآية 25:14

> ﻿لَا تَدْعُوا الْيَوْمَ ثُبُورًا وَاحِدًا وَادْعُوا ثُبُورًا كَثِيرًا [25:14]

Оларға / :**«Сендер бүгін жойылуды бір рет қанатілемеңдер, коп жойылуды тілеңдер»**, -делінеді.

### الآية 25:15

> ﻿قُلْ أَذَٰلِكَ خَيْرٌ أَمْ جَنَّةُ الْخُلْدِ الَّتِي وُعِدَ الْمُتَّقُونَ ۚ كَانَتْ لَهُمْ جَزَاءً وَمَصِيرًا [25:15]

Ей, Мұхаммед! / Айт: **«Осы жақсы ма, әлде тақуаларға / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / уәде етілген мәңгілік жәннат жақсы ма? Бұл олар үшін / істегендерінің / қайтарымы әрі қайтар орны»**, - деп.

### الآية 25:16

> ﻿لَهُمْ فِيهَا مَا يَشَاءُونَ خَالِدِينَ ۚ كَانَ عَلَىٰ رَبِّكَ وَعْدًا مَسْئُولًا [25:16]

Олар онда / жәннатта / мәңгі қалып, оларға онда қалаған нәрселері бар. Бұл - Раббың міндетіне алған, ол туралы / құлдары / тілейтін уәде.

### الآية 25:17

> ﻿وَيَوْمَ يَحْشُرُهُمْ وَمَا يَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ فَيَقُولُ أَأَنْتُمْ أَضْلَلْتُمْ عِبَادِي هَٰؤُلَاءِ أَمْ هُمْ ضَلُّوا السَّبِيلَ [25:17]

Әрі ол күні оларды / мүшріктерді / және олардың Аллаһпен қатар табынғандарын жинап оларға: **«Мына құлдарымды сендер адастырдыңдар ма, әлде жолдан өздері адасты ма?»** - дейді.

### الآية 25:18

> ﻿قَالُوا سُبْحَانَكَ مَا كَانَ يَنْبَغِي لَنَا أَنْ نَتَّخِذَ مِنْ دُونِكَ مِنْ أَوْلِيَاءَ وَلَٰكِنْ مَتَّعْتَهُمْ وَآبَاءَهُمْ حَتَّىٰ نَسُوا الذِّكْرَ وَكَانُوا قَوْمًا بُورًا [25:18]

Олар / олардыңтабынғандары / :**«Сен - / барлық кемшіліктен / пәксің. Бізге сенен басқаларды Ие етіп алуға болмайды. Алайда Сен оларды және ата-бабаларын қамтамасыз еттің / пайдаландырдың / , олар тіпті еске алуды / ескертуді / ұмытты. Олар құритын ел еді»**, - дейді.

### الآية 25:19

> ﻿فَقَدْ كَذَّبُوكُمْ بِمَا تَقُولُونَ فَمَا تَسْتَطِيعُونَ صَرْفًا وَلَا نَصْرًا ۚ وَمَنْ يَظْلِمْ مِنْكُمْ نُذِقْهُ عَذَابًا كَبِيرًا [25:19]

Серік қосушыларға / :**«Олар / табынған заттарың / сендердің айтқандарыңды өтірікке шығарды. Енді сендер / жазаны / бұрып жіберуге де әрі / өздеріңе / көмек беруге де әлдерің келмейді. Сендерден кім әділетсіздік істесе, оған үлкен азапты таттырамыз»**, - делінеді?

### الآية 25:20

> ﻿وَمَا أَرْسَلْنَا قَبْلَكَ مِنَ الْمُرْسَلِينَ إِلَّا إِنَّهُمْ لَيَأْكُلُونَ الطَّعَامَ وَيَمْشُونَ فِي الْأَسْوَاقِ ۗ وَجَعَلْنَا بَعْضَكُمْ لِبَعْضٍ فِتْنَةً أَتَصْبِرُونَ ۗ وَكَانَ رَبُّكَ بَصِيرًا [25:20]

Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын Біз жіберген елшілер де тамақ жейтін және базарларда да жүретін еді. Біз кейбіріңді кейбіріңе сынақ еттік, / осыған / сабырлық танытасыңдар ма? Раббың барлық нәрсені Көруші.

### الآية 25:21

> ﻿۞ وَقَالَ الَّذِينَ لَا يَرْجُونَ لِقَاءَنَا لَوْلَا أُنْزِلَ عَلَيْنَا الْمَلَائِكَةُ أَوْ نَرَىٰ رَبَّنَا ۗ لَقَدِ اسْتَكْبَرُوا فِي أَنْفُسِهِمْ وَعَتَوْا عُتُوًّا كَبِيرًا [25:21]

Бізге жолығуды үміт етпегендер: **«Бізге періштелер түсірілгенде немесе біз Раббымызды көрсек еді?»** - дейді. Олар менменсіп, өздерін жоғары санады және үлкен қарсылықпен шектен шықты.

### الآية 25:22

> ﻿يَوْمَ يَرَوْنَ الْمَلَائِكَةَ لَا بُشْرَىٰ يَوْمَئِذٍ لِلْمُجْرِمِينَ وَيَقُولُونَ حِجْرًا مَحْجُورًا [25:22]

Олар періштелерді көретін / қайтатірілу / күні сол күні - күнәһарлар үшін ешқандай қуанышты хабар болмайды. Сонда / періштелер / оларға: **«Тыйым салынды»**, -дейді.

### الآية 25:23

> ﻿وَقَدِمْنَا إِلَىٰ مَا عَمِلُوا مِنْ عَمَلٍ فَجَعَلْنَاهُ هَبَاءً مَنْثُورًا [25:23]

Біз олар істеген әрбір амалға келеміз де оны шашылған тозаңға айналдырамыз.

### الآية 25:24

> ﻿أَصْحَابُ الْجَنَّةِ يَوْمَئِذٍ خَيْرٌ مُسْتَقَرًّا وَأَحْسَنُ مَقِيلًا [25:24]

Бұл күні жәннаттықтар ең жақсы тұрақ жайларда әрі ең көркем тынығатын орындарда болады.

### الآية 25:25

> ﻿وَيَوْمَ تَشَقَّقُ السَّمَاءُ بِالْغَمَامِ وَنُزِّلَ الْمَلَائِكَةُ تَنْزِيلًا [25:25]

Ол Күні аспан сетінеп бұлттармен айрылады және періштелер түсіріледі.

### الآية 25:26

> ﻿الْمُلْكُ يَوْمَئِذٍ الْحَقُّ لِلرَّحْمَٰنِ ۚ وَكَانَ يَوْمًا عَلَى الْكَافِرِينَ عَسِيرًا [25:26]

Сол күні хақ билік - әр-Рахманда / аса Қайырымдыда /. Кәпірлер үшін ол ауыр күн болады.

### الآية 25:27

> ﻿وَيَوْمَ يَعَضُّ الظَّالِمُ عَلَىٰ يَدَيْهِ يَقُولُ يَا لَيْتَنِي اتَّخَذْتُ مَعَ الرَّسُولِ سَبِيلًا [25:27]

Ол күні әділетсіз / адам / қолдарын тістеп: «Қап, әттең! Елшімен бірге / оған еріп / , бір жолды ұстанған болсам еді!

### الآية 25:28

> ﻿يَا وَيْلَتَىٰ لَيْتَنِي لَمْ أَتَّخِذْ فُلَانًا خَلِيلًا [25:28]

Қап, сорым құрысын! Пәленшені өзіме жақын дос етіп алмағанымда еді!

### الآية 25:29

> ﻿لَقَدْ أَضَلَّنِي عَنِ الذِّكْرِ بَعْدَ إِذْ جَاءَنِي ۗ وَكَانَ الشَّيْطَانُ لِلْإِنْسَانِ خَذُولًا [25:29]

Маған Еске салу / Құран / келгеннен кейін, ол / имансыз досым / мені / Құраннан / бұрып адастырды», - дейді. Ақиқатында, шайтан, адамды көмексіз тастап кетеді.

### الآية 25:30

> ﻿وَقَالَ الرَّسُولُ يَا رَبِّ إِنَّ قَوْمِي اتَّخَذُوا هَٰذَا الْقُرْآنَ مَهْجُورًا [25:30]

Әрі Елші: **«Раббым! Қауымым бұл Құранды шет қалдырды»**,- деді.

### الآية 25:31

> ﻿وَكَذَٰلِكَ جَعَلْنَا لِكُلِّ نَبِيٍّ عَدُوًّا مِنَ الْمُجْرِمِينَ ۗ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ هَادِيًا وَنَصِيرًا [25:31]

Осылай әрбір пайғамбарға Біз, бұзықтардан жау шығарғанбыз. Сенің Раббың тура жолмен жүргізуде және көмек беруде жеткілікті.

### الآية 25:32

> ﻿وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوْلَا نُزِّلَ عَلَيْهِ الْقُرْآنُ جُمْلَةً وَاحِدَةً ۚ كَذَٰلِكَ لِنُثَبِّتَ بِهِ فُؤَادَكَ ۖ وَرَتَّلْنَاهُ تَرْتِيلًا [25:32]

Ал, күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / :**«Оған Құран бірден түсірілсе еді?»** - деді. Біз, жүрегіңді онымен орнықтыру үшін оны осылай түсірдік және оны бөліп, ретімен / анық етіп / оқып бердік.

### الآية 25:33

> ﻿وَلَا يَأْتُونَكَ بِمَثَلٍ إِلَّا جِئْنَاكَ بِالْحَقِّ وَأَحْسَنَ تَفْسِيرًا [25:33]

Ей, Мұхаммед! / Олар саған қандай да бір мысал келтірсе, Біз саған ақиқатты әрі ең жақсы / мән-мағынасын ашатын / түсіндірмені келтіреміз.

### الآية 25:34

> ﻿الَّذِينَ يُحْشَرُونَ عَلَىٰ وُجُوهِهِمْ إِلَىٰ جَهَنَّمَ أُولَٰئِكَ شَرٌّ مَكَانًا وَأَضَلُّ سَبِيلًا [25:34]

Сондай, Жаһаннамға беттерімен сүйретіліп жиналатындар, олар ең жаман орындағылар және жолдан қатты адасқандар.

### الآية 25:35

> ﻿وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ وَجَعَلْنَا مَعَهُ أَخَاهُ هَارُونَ وَزِيرًا [25:35]

Әрі Біз Мұсаға Кітапты бердік, онымен бірге, бауыры Һарұнды көмекші еттік.

### الآية 25:36

> ﻿فَقُلْنَا اذْهَبَا إِلَى الْقَوْمِ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا فَدَمَّرْنَاهُمْ تَدْمِيرًا [25:36]

Әрі / Оларға / :**«Екеуің Біздің белгілерімізді өтірік санаған елге барыңдар»**,-дедік. Кейін оларды / фиръаундықтарды / жойып, жоқ еттік.

### الآية 25:37

> ﻿وَقَوْمَ نُوحٍ لَمَّا كَذَّبُوا الرُّسُلَ أَغْرَقْنَاهُمْ وَجَعَلْنَاهُمْ لِلنَّاسِ آيَةً ۖ وَأَعْتَدْنَا لِلظَّالِمِينَ عَذَابًا أَلِيمًا [25:37]

Нұхтың елін де, олар елшілерді өтірікші санаған кездерінде суға батырдық және оларды адамдарға бір белгі-ғибрат еттік. Әділетсіздер үшін Біз күйзелтуші азап әзірледік.

### الآية 25:38

> ﻿وَعَادًا وَثَمُودَ وَأَصْحَابَ الرَّسِّ وَقُرُونًا بَيْنَ ذَٰلِكَ كَثِيرًا [25:38]

Сондай-ақ Ад және Сәмүд елдерін, әр-Расс тұрғындарын әрі олардың арасындағы көп ұрпақтарды да / жойдық /.

### الآية 25:39

> ﻿وَكُلًّا ضَرَبْنَا لَهُ الْأَمْثَالَ ۖ وَكُلًّا تَبَّرْنَا تَتْبِيرًا [25:39]

Әрі Біз олардың әрбіріне тәмсіл, мысалдар келтірдік және / сенбегендердің / барлығын құртып, жойып жібердік.

### الآية 25:40

> ﻿وَلَقَدْ أَتَوْا عَلَى الْقَرْيَةِ الَّتِي أُمْطِرَتْ مَطَرَ السَّوْءِ ۚ أَفَلَمْ يَكُونُوا يَرَوْنَهَا ۚ بَلْ كَانُوا لَا يَرْجُونَ نُشُورًا [25:40]

Әрі олар / мүшріктер / пәлекет жаңбыры жаудырылған мекеннің қасынан өтетін еді. Сонда олар көрмеді ме оны? Жоқ! Олар қайта тірілуді үміт етпеді.

### الآية 25:41

> ﻿وَإِذَا رَأَوْكَ إِنْ يَتَّخِذُونَكَ إِلَّا هُزُوًا أَهَٰذَا الَّذِي بَعَثَ اللَّهُ رَسُولًا [25:41]

Ей, Мұхаммед! / Олар сені көрген кездерінде келеке етіп: «Аллаһтың Елші етіп жібергені мынау ма?

### الآية 25:42

> ﻿إِنْ كَادَ لَيُضِلُّنَا عَنْ آلِهَتِنَا لَوْلَا أَنْ صَبَرْنَا عَلَيْهَا ۚ وَسَوْفَ يَعْلَمُونَ حِينَ يَرَوْنَ الْعَذَابَ مَنْ أَضَلُّ سَبِيلًا [25:42]

Егер біз құдайларымызға байланысты табандылық танытпағанымызда, ол бізді олардан тайдыруға жақын қалған еді», дейді. Азапты көрген кездерінде, олар жолдан кімнің адасқанын біледі.

### الآية 25:43

> ﻿أَرَأَيْتَ مَنِ اتَّخَذَ إِلَٰهَهُ هَوَاهُ أَفَأَنْتَ تَكُونُ عَلَيْهِ وَكِيلًا [25:43]

Ей, Мұхаммед! / Өзінің құмарлығын өзіне құдай етіп алғанды көрдің бе? Сен ол үшін жауапкер боласың ба?

### الآية 25:44

> ﻿أَمْ تَحْسَبُ أَنَّ أَكْثَرَهُمْ يَسْمَعُونَ أَوْ يَعْقِلُونَ ۚ إِنْ هُمْ إِلَّا كَالْأَنْعَامِ ۖ بَلْ هُمْ أَضَلُّ سَبِيلًا [25:44]

Әлде сен олардың көпшілігі тыңдай алады, не ақылдарын істетіп ұғына алады деп ойлайсың ба? Негізінде олар, бар болғаны малдар тәрізді. Жоқ! Олар - жолдан қатты адасушы.

### الآية 25:45

> ﻿أَلَمْ تَرَ إِلَىٰ رَبِّكَ كَيْفَ مَدَّ الظِّلَّ وَلَوْ شَاءَ لَجَعَلَهُ سَاكِنًا ثُمَّ جَعَلْنَا الشَّمْسَ عَلَيْهِ دَلِيلًا [25:45]

Раббыңның көлеңкені қалай созғанын көрмедің бе? Егер Ол қалағанда, оны / көлеңкені / тұрақты етер еді. Сөйтіп күнді оған белгі-дәлел еттік.

### الآية 25:46

> ﻿ثُمَّ قَبَضْنَاهُ إِلَيْنَا قَبْضًا يَسِيرًا [25:46]

Кейін оны Өзімізге қарай біртіндеп жинаймыз.

### الآية 25:47

> ﻿وَهُوَ الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ اللَّيْلَ لِبَاسًا وَالنَّوْمَ سُبَاتًا وَجَعَلَ النَّهَارَ نُشُورًا [25:47]

Әрі Ол / Аллаһ / сендерге түнді - жамылғы, ұйқыны - тынығу етті және күндізді - / жан-жаққа / таралу еткен.

### الآية 25:48

> ﻿وَهُوَ الَّذِي أَرْسَلَ الرِّيَاحَ بُشْرًا بَيْنَ يَدَيْ رَحْمَتِهِ ۚ وَأَنْزَلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً طَهُورًا [25:48]

Және Ол / Аллаһ / Өз мейірімінің / жаңбырдың / алдында желдерді қуанышты хабар ретінде жіберді. Әрі аспаннан таза су түсірдік,

### الآية 25:49

> ﻿لِنُحْيِيَ بِهِ بَلْدَةً مَيْتًا وَنُسْقِيَهُ مِمَّا خَلَقْنَا أَنْعَامًا وَأَنَاسِيَّ كَثِيرًا [25:49]

онымен өлі аймақтарды тірілтіп және Өзіміз жаратқандардан көптеген малдар мен көптеген адамдарды сумен қамтамасыз етуіміз үшін.

### الآية 25:50

> ﻿وَلَقَدْ صَرَّفْنَاهُ بَيْنَهُمْ لِيَذَّكَّرُوا فَأَبَىٰ أَكْثَرُ النَّاسِ إِلَّا كُفُورًا [25:50]

Әрі олар еске алулары үшін, Біз оны / жаңбыр суын / араларына бөлдік. Бірақ адамдардың көпшілігі күпірліктен / игіліктерді теріске шығарудан / басқасын қаламайды.

### الآية 25:51

> ﻿وَلَوْ شِئْنَا لَبَعَثْنَا فِي كُلِّ قَرْيَةٍ نَذِيرًا [25:51]

Егер де қаласақ, әрбір елді мекенге ескертуші жіберетін едік.

### الآية 25:52

> ﻿فَلَا تُطِعِ الْكَافِرِينَ وَجَاهِدْهُمْ بِهِ جِهَادًا كَبِيرًا [25:52]

Ей, Мұхаммед! / Сен кәпірлерге бағынба және олармен ол / Құран / арқылы үлкен күрес жүргіз.

### الآية 25:53

> ﻿۞ وَهُوَ الَّذِي مَرَجَ الْبَحْرَيْنِ هَٰذَا عَذْبٌ فُرَاتٌ وَهَٰذَا مِلْحٌ أُجَاجٌ وَجَعَلَ بَيْنَهُمَا بَرْزَخًا وَحِجْرًا مَحْجُورًا [25:53]

Әрі Ол / Аллаһ / бірі сүйкімді - тұщы, ал бірі тұзды - ащы екі теңізді қосты және екеуінің арасына бөгет пен өте алмайтын тосқауыл орнатты.

### الآية 25:54

> ﻿وَهُوَ الَّذِي خَلَقَ مِنَ الْمَاءِ بَشَرًا فَجَعَلَهُ نَسَبًا وَصِهْرًا ۗ وَكَانَ رَبُّكَ قَدِيرًا [25:54]

Әрі Ол адамзатты судан / ұрық суынан / жаратып, оны / әке жағынан / туыстар және / неке жағынан /жекжатетті. Сенің Раббың - барлық нәрсеніЖасай алушы.

### الآية 25:55

> ﻿وَيَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَنْفَعُهُمْ وَلَا يَضُرُّهُمْ ۗ وَكَانَ الْكَافِرُ عَلَىٰ رَبِّهِ ظَهِيرًا [25:55]

Ал, олар Аллаһтан өзге, өздеріне пайда да келтіре алмайтын, зиян да жеткізе алмайтын нәрселерге табынады. Анығында, кәпір - өзінің Раббысына қарсы көмектесуші.

### الآية 25:56

> ﻿وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا مُبَشِّرًا وَنَذِيرًا [25:56]

Ей, Мұхаммед! / Біз сені жақсы хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп қана жібердік.

### الآية 25:57

> ﻿قُلْ مَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ إِلَّا مَنْ شَاءَ أَنْ يَتَّخِذَ إِلَىٰ رَبِّهِ سَبِيلًا [25:57]

Айт: **«Мен сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, тек кім қаласа Раббысына апаратын жол ұстансын»** - деп.

### الآية 25:58

> ﻿وَتَوَكَّلْ عَلَى الْحَيِّ الَّذِي لَا يَمُوتُ وَسَبِّحْ بِحَمْدِهِ ۚ وَكَفَىٰ بِهِ بِذُنُوبِ عِبَادِهِ خَبِيرًا [25:58]

Ешқашан өлмейтін, мәңгі Тіріге / әл-Хаййға / жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / және Оған мақтаулар айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте. Ал құлдарының күнәларын білуде Ол / Оның Өзі / жеткілікті.

### الآية 25:59

> ﻿الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَىٰ عَلَى الْعَرْشِ ۚ الرَّحْمَٰنُ فَاسْأَلْ بِهِ خَبِيرًا [25:59]

Ол аспандар мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Ол әр-Рахман / аса Қайырымды /. Ол туралы бәрінен Хабардардан / Хабирден / сұра.

### الآية 25:60

> ﻿وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ اسْجُدُوا لِلرَّحْمَٰنِ قَالُوا وَمَا الرَّحْمَٰنُ أَنَسْجُدُ لِمَا تَأْمُرُنَا وَزَادَهُمْ نُفُورًا ۩ [25:60]

Ал, қашан оларға: **«Әр-Рахманға сәжде етіңдер»** -делінсе, олар: **«Әр-Рахман деген не? Біз сен бұйырғанға сәжде ете береміз бе?»** - дейді әрі бұл олардың безінуін арттырады.

### الآية 25:61

> ﻿تَبَارَكَ الَّذِي جَعَلَ فِي السَّمَاءِ بُرُوجًا وَجَعَلَ فِيهَا سِرَاجًا وَقَمَرًا مُنِيرًا [25:61]

Аса Берекелі Ол, аспанда шоқжұлдыздарды орнатты, әрі онда шырақ / күн / және сәулеленген айды жасады.

### الآية 25:62

> ﻿وَهُوَ الَّذِي جَعَلَ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ خِلْفَةً لِمَنْ أَرَادَ أَنْ يَذَّكَّرَ أَوْ أَرَادَ شُكُورًا [25:62]

Әрі Ол / Аллаһ / еске алуды және шүкір етуді / Өзінің берген игіліктеріне алғыс білдіруді / қалағандар үшін түн мен күндізді бір-бірінің артынан келетін етіп жасады.

### الآية 25:63

> ﻿وَعِبَادُ الرَّحْمَٰنِ الَّذِينَ يَمْشُونَ عَلَى الْأَرْضِ هَوْنًا وَإِذَا خَاطَبَهُمُ الْجَاهِلُونَ قَالُوا سَلَامًا [25:63]

Әрі әр-Рахманның құлдары жер бетінде кішіпейілдікпен сыпайы жүріп, оларға надандар тіл тигізсе: **«Сәләм / Тыныштық болсын / !»** - деп айтатындар,

### الآية 25:64

> ﻿وَالَّذِينَ يَبِيتُونَ لِرَبِّهِمْ سُجَّدًا وَقِيَامًا [25:64]

және түндерін өздерінің Раббысына / намазда / сәжде жасап және тік тұрып / қиямда / өткізетіндер,

### الآية 25:65

> ﻿وَالَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا اصْرِفْ عَنَّا عَذَابَ جَهَنَّمَ ۖ إِنَّ عَذَابَهَا كَانَ غَرَامًا [25:65]

және: «Раббымыз! Жаһаннам азабын бізден бұр. Ақиқатында оның азабы тұрақты.

### الآية 25:66

> ﻿إِنَّهَا سَاءَتْ مُسْتَقَرًّا وَمُقَامًا [25:66]

Шын мәнінде, ол - тұрақтың және орынның ең жаманы!» - дейтіндер.

### الآية 25:67

> ﻿وَالَّذِينَ إِذَا أَنْفَقُوا لَمْ يُسْرِفُوا وَلَمْ يَقْتُرُوا وَكَانَ بَيْنَ ذَٰلِكَ قَوَامًا [25:67]

Әрі олар / дүниелерін / жұмсағандарында ысырап та қылмай және сараңдық та етпей, осының арасында тура болатындар.

### الآية 25:68

> ﻿وَالَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ وَلَا يَقْتُلُونَ النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ وَلَا يَزْنُونَ ۚ وَمَنْ يَفْعَلْ ذَٰلِكَ يَلْقَ أَثَامًا [25:68]

Және олар Аллаһпен қатар басқа құдайға жалбарынбайтындар, Аллаһ / өлтіруге / тыйым салған жанды өлтірмейтіндер, тек заңды түрде болмаса. Әрі зина жасамайтындар. Ал мұны істеген, қайтарым жазасын алады.

### الآية 25:69

> ﻿يُضَاعَفْ لَهُ الْعَذَابُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَيَخْلُدْ فِيهِ مُهَانًا [25:69]

Оған Қайта тірілу күні азап бірнеше есе арттырылады әрі ол онда қор болып, мәңгілік қалады,

### الآية 25:70

> ﻿إِلَّا مَنْ تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ عَمَلًا صَالِحًا فَأُولَٰئِكَ يُبَدِّلُ اللَّهُ سَيِّئَاتِهِمْ حَسَنَاتٍ ۗ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا [25:70]

алайда, кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубе етсе / әрі иманға келсе және ізгі амал жасаса, олар басқа. Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді.

### الآية 25:71

> ﻿وَمَنْ تَابَ وَعَمِلَ صَالِحًا فَإِنَّهُ يَتُوبُ إِلَى اللَّهِ مَتَابًا [25:71]

Ал, кім күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / және ізгі амал жасаса, міне сол, шын мәнінде Аллаһқа қайтқан болады.

### الآية 25:72

> ﻿وَالَّذِينَ لَا يَشْهَدُونَ الزُّورَ وَإِذَا مَرُّوا بِاللَّغْوِ مَرُّوا كِرَامًا [25:72]

Әрі олар / әр-Рахманның құлдары -/ өтірік нәрселерге қатыспайды және бос нәрселердің / пайдасыз боссөздермен істердің / жанынан өткенде, өз қадір-абыройын сақтап өтеді,

### الآية 25:73

> ﻿وَالَّذِينَ إِذَا ذُكِّرُوا بِآيَاتِ رَبِّهِمْ لَمْ يَخِرُّوا عَلَيْهَا صُمًّا وَعُمْيَانًا [25:73]

және солар - өздерінің Раббысының аяттары естеріне салынғанда, оған керең және соқыр күйде жығылмайды,

### الآية 25:74

> ﻿وَالَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَاجِنَا وَذُرِّيَّاتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنٍ وَاجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَامًا [25:74]

және солар:**«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың / Өзіңе бойсұнып, жазадан қорқып, сақтанғандардың / алды ете гөр»**, - дейтіндер.

### الآية 25:75

> ﻿أُولَٰئِكَ يُجْزَوْنَ الْغُرْفَةَ بِمَا صَبَرُوا وَيُلَقَّوْنَ فِيهَا تَحِيَّةً وَسَلَامًا [25:75]

Оларға сабыр еткендіктері үшін қайтарым сый ретінде Жәннаттағы жоғарғы орындар беріледі. Олар ол жерде сәлеммен және амандықпен қарсы алынады.

### الآية 25:76

> ﻿خَالِدِينَ فِيهَا ۚ حَسُنَتْ مُسْتَقَرًّا وَمُقَامًا [25:76]

Олар онда мәңгі қалады. Ол мекен әрі тұрақ жай ретінде қандай жақсы.

### الآية 25:77

> ﻿قُلْ مَا يَعْبَأُ بِكُمْ رَبِّي لَوْلَا دُعَاؤُكُمْ ۖ فَقَدْ كَذَّبْتُمْ فَسَوْفَ يَكُونُ لِزَامًا [25:77]

Ей, Мұхаммед! / Айт / мүшріктерге / :**«Егер тілек, сиынуларың / Аллаһқағанаарналғанқұлшылықтарың / болмаса, Раббым сендерге қарамайды. Сендер өтірікке шығардыңдар, енді / сендерге азап / міндетті түрде болады»**, - деп.

## روابط ذات صلة

- [النص القرآني للسورة](https://quranpedia.net/surah/1/25.md)
- [كل تفاسير سورة الفرقان
](https://quranpedia.net/surah-tafsir/25.md)
- [ترجمات سورة الفرقان
](https://quranpedia.net/translations/25.md)
- [صفحة الكتاب: الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي](https://quranpedia.net/book/1980.md)
- [المؤلف: جمعية خليفة الطاي الخيرية](https://quranpedia.net/person/1755.md)

---

زُر [Quranpedia.net](https://quranpedia.net/surah/1/25/book/1980) — موسوعة القرآن الكريم: التفاسير، الترجمات، التلاوات، والمواضيع.
