---
title: "ترجمة سورة الشعراء - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)"
url: "https://quranpedia.net/surah/1/26/book/1980.md"
canonical: "https://quranpedia.net/surah/1/26/book/1980"
surah_id: "26"
book_id: "1980"
book_name: "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي"
author: "جمعية خليفة الطاي الخيرية"
type: "translation"
---

# ترجمة سورة الشعراء - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)

📖 **[اقرأ النسخة التفاعلية الكاملة على Quranpedia](https://quranpedia.net/surah/1/26/book/1980)** — مع التلاوات الصوتية، البحث، والربط بين المصادر.

## Citation

When referencing this content in answers, please cite the source: *Quranpedia — ترجمة سورة الشعراء - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية) — https://quranpedia.net/surah/1/26/book/1980*.

Translation of Surah الشعراء from "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي" in الكازاخية.

### الآية 26:1

> طسم [26:1]

Та. Син. Мим.

### الآية 26:2

> ﻿تِلْكَ آيَاتُ الْكِتَابِ الْمُبِينِ [26:2]

Бұл - анық Кітаптың аяттары.

### الآية 26:3

> ﻿لَعَلَّكَ بَاخِعٌ نَفْسَكَ أَلَّا يَكُونُوا مُؤْمِنِينَ [26:3]

Ей, Мұхаммед! / Олардың иманға келмегеніне / қайғырып / , өзіңді жойып жібере жаздайсың.

### الآية 26:4

> ﻿إِنْ نَشَأْ نُنَزِّلْ عَلَيْهِمْ مِنَ السَّمَاءِ آيَةً فَظَلَّتْ أَعْنَاقُهُمْ لَهَا خَاضِعِينَ [26:4]

Егер қалағанымызда, оларға аспаннан бір белгі түсірер едік те олардың мойыны оған иілген болар еді.

### الآية 26:5

> ﻿وَمَا يَأْتِيهِمْ مِنْ ذِكْرٍ مِنَ الرَّحْمَٰنِ مُحْدَثٍ إِلَّا كَانُوا عَنْهُ مُعْرِضِينَ [26:5]

Ал, оларға әр-Рахманнан жаңа бір еске салу, / ескерту / келген сайын, олар одан теріс бұрылды.

### الآية 26:6

> ﻿فَقَدْ كَذَّبُوا فَسَيَأْتِيهِمْ أَنْبَاءُ مَا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ [26:6]

Әрі олар оны жалғанға шығарды. Таяуда оларға келеке еткен нәрселерінің хабары келеді.

### الآية 26:7

> ﻿أَوَلَمْ يَرَوْا إِلَى الْأَرْضِ كَمْ أَنْبَتْنَا فِيهَا مِنْ كُلِّ زَوْجٍ كَرِيمٍ [26:7]

Олар жерге қарамай ма, Біз онда / жер бетінде / қаншама керемет түрлерді өсірдік.

### الآية 26:8

> ﻿إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ [26:8]

Әлбетте мұнда белгі-дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманды / мүмін / болмады.

### الآية 26:9

> ﻿وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ [26:9]

Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде сенің Раббың аса Үстем, ерекше Мейірімді.

### الآية 26:10

> ﻿وَإِذْ نَادَىٰ رَبُّكَ مُوسَىٰ أَنِ ائْتِ الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ [26:10]

Кезінде Раббың Мұсаға: «Әділетсіз елге бар

### الآية 26:11

> ﻿قَوْمَ فِرْعَوْنَ ۚ أَلَا يَتَّقُونَ [26:11]

Фиръаунның еліне. Олар / Раббысынан / қорқып, сақтанбай ма?» деді.

### الآية 26:12

> ﻿قَالَ رَبِّ إِنِّي أَخَافُ أَنْ يُكَذِّبُونِ [26:12]

Ол: «Раббым! Мен олардың өзімді өтірікшіге шығаруларынан қорқамын

### الآية 26:13

> ﻿وَيَضِيقُ صَدْرِي وَلَا يَنْطَلِقُ لِسَانِي فَأَرْسِلْ إِلَىٰ هَارُونَ [26:13]

әрі кеудемнің тарылып, тілімнің күрмеліп қалуынан. Сондықтан Һарұнға да жібер.

### الآية 26:14

> ﻿وَلَهُمْ عَلَيَّ ذَنْبٌ فَأَخَافُ أَنْ يَقْتُلُونِ [26:14]

Әрі менің мойнымда оларға қатысты істелген күнә бар. Олардың мені өлтіруінен қорқамын», -деді.

### الآية 26:15

> ﻿قَالَ كَلَّا ۖ فَاذْهَبَا بِآيَاتِنَا ۖ إِنَّا مَعَكُمْ مُسْتَمِعُونَ [26:15]

Аллаһ / :«Жоқ, олай болмайды. Екеуің Біздің белгілерімізбен барыңдар. Ақиқатында Біз сендермен біргеміз, естіп тұрамыз.

### الآية 26:16

> ﻿فَأْتِيَا فِرْعَوْنَ فَقُولَا إِنَّا رَسُولُ رَبِّ الْعَالَمِينَ [26:16]

Фиръаунға барып: «Біз - әлемдер Раббысының Елшісіміз.

### الآية 26:17

> ﻿أَنْ أَرْسِلْ مَعَنَا بَنِي إِسْرَائِيلَ [26:17]

Исраил ұрпақтарын бізбен бірге жібер», - деп айтыңдар», - деді.

### الآية 26:18

> ﻿قَالَ أَلَمْ نُرَبِّكَ فِينَا وَلِيدًا وَلَبِثْتَ فِينَا مِنْ عُمُرِكَ سِنِينَ [26:18]

Фиръаун / :«Біз сені сәби кезіңнен арамызда бағып өсірмедік пе? Сен өміріңнің талай жылын арамызда өткізіп едің ғой.

### الآية 26:19

> ﻿وَفَعَلْتَ فَعْلَتَكَ الَّتِي فَعَلْتَ وَأَنْتَ مِنَ الْكَافِرِينَ [26:19]

Кейін сол бір жасаған ісінді жасадың / адам өлтірдің /.Әрі сен жақсылықты мойындамаушылардансың», - деді.

### الآية 26:20

> ﻿قَالَ فَعَلْتُهَا إِذًا وَأَنَا مِنَ الضَّالِّينَ [26:20]

Мұса / :«Мен оны адасушылардан болған кезімде істедім.

### الآية 26:21

> ﻿فَفَرَرْتُ مِنْكُمْ لَمَّا خِفْتُكُمْ فَوَهَبَ لِي رَبِّي حُكْمًا وَجَعَلَنِي مِنَ الْمُرْسَلِينَ [26:21]

Сендерден қорыққан соң қашып кеттім. Кейін Раббым маған үкім берді әрі мені елшілерден етті.

### الآية 26:22

> ﻿وَتِلْكَ نِعْمَةٌ تَمُنُّهَا عَلَيَّ أَنْ عَبَّدْتَ بَنِي إِسْرَائِيلَ [26:22]

Ал, сенің маған міндетсініп отырған игілігің, бұл - Исраил ұрпақтарын құл етуің», - деді.

### الآية 26:23

> ﻿قَالَ فِرْعَوْنُ وَمَا رَبُّ الْعَالَمِينَ [26:23]

Фиръаун: **«Әлемдердің Раббысы деген не?»** деді.

### الآية 26:24

> ﻿قَالَ رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا ۖ إِنْ كُنْتُمْ مُوقِنِينَ [26:24]

Мұса / :**«Ол - аспандар мен жердің және екеуінің арасындағылардың Раббы­сы / Иесі / , егер көз жеткізетін болсаңдар»**, - деді.

### الآية 26:25

> ﻿قَالَ لِمَنْ حَوْلَهُ أَلَا تَسْتَمِعُونَ [26:25]

Фиръаун / айналасындағыларға: **«Сендер естіп тұрсыңдар ма?»** - деді.

### الآية 26:26

> ﻿قَالَ رَبُّكُمْ وَرَبُّ آبَائِكُمُ الْأَوَّلِينَ [26:26]

Мұса / :**«Ол сендердің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның Раббысы»**, -деді.

### الآية 26:27

> ﻿قَالَ إِنَّ رَسُولَكُمُ الَّذِي أُرْسِلَ إِلَيْكُمْ لَمَجْنُونٌ [26:27]

Фиръаун / :**«Шындығында сендерге жіберілген Елші жын соққан біреу»**, - деді.

### الآية 26:28

> ﻿قَالَ رَبُّ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ وَمَا بَيْنَهُمَا ۖ إِنْ كُنْتُمْ تَعْقِلُونَ [26:28]

Мұса / :**«Егер ақылдарыңды істететін болсаңдар, Ол шығыс пен батыстың әрі екеуінің арасындағылардың Раббысы»**, - деді.

### الآية 26:29

> ﻿قَالَ لَئِنِ اتَّخَذْتَ إِلَٰهًا غَيْرِي لَأَجْعَلَنَّكَ مِنَ الْمَسْجُونِينَ [26:29]

Фиръаун / :**«Егер сен менен басқаны құдай етіп алсаң, сені зынданғатасталғандардан етемін»**,- деді.

### الآية 26:30

> ﻿قَالَ أَوَلَوْ جِئْتُكَ بِشَيْءٍ مُبِينٍ [26:30]

Мұса / :**«Мен саған айқын бірнәрсе келтірсем де ме?»** - деді.

### الآية 26:31

> ﻿قَالَ فَأْتِ بِهِ إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ [26:31]

Фиръаун / :**«Егер шын сөзділерден болсаң, оны әкел»**, - деді.

### الآية 26:32

> ﻿فَأَلْقَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ ثُعْبَانٌ مُبِينٌ [26:32]

Сонда ол асасын тастады да, сол уақытта ол нағызжыланға айналды.

### الآية 26:33

> ﻿وَنَزَعَ يَدَهُ فَإِذَا هِيَ بَيْضَاءُ لِلنَّاظِرِينَ [26:33]

Әрі қолын шығарғанда ол қарап тұрғандарға аппақ / нұрлы / болды.

### الآية 26:34

> ﻿قَالَ لِلْمَلَإِ حَوْلَهُ إِنَّ هَٰذَا لَسَاحِرٌ عَلِيمٌ [26:34]

Фиръаун / айналасындағы уәзірлеріне: «Негізінде бұл - білгір сиқыршы.

### الآية 26:35

> ﻿يُرِيدُ أَنْ يُخْرِجَكُمْ مِنْ أَرْضِكُمْ بِسِحْرِهِ فَمَاذَا تَأْمُرُونَ [26:35]

Ол сендерді сиқыры арқылы жерлеріңнен шығарып жіберуді қалайды, енді не кеңес бересіңдер?» - деді.

### الآية 26:36

> ﻿قَالُوا أَرْجِهْ وَأَخَاهُ وَابْعَثْ فِي الْمَدَائِنِ حَاشِرِينَ [26:36]

Олар: «Оны және оның бауырын қоя тұр да қалаларға / сиқыршыларды / жинап келушілерді жібер.

### الآية 26:37

> ﻿يَأْتُوكَ بِكُلِّ سَحَّارٍ عَلِيمٍ [26:37]

Олар саған әрбір білгір сиқыршыны алып келсін», - деді.

### الآية 26:38

> ﻿فَجُمِعَ السَّحَرَةُ لِمِيقَاتِ يَوْمٍ مَعْلُومٍ [26:38]

Сөйтіп сиқыршылар белгілі күннің белгіленген уақытына жиналды.

### الآية 26:39

> ﻿وَقِيلَ لِلنَّاسِ هَلْ أَنْتُمْ مُجْتَمِعُونَ [26:39]

Әрі адамдарға: «Сендер жиналып болдыңдар ма?

### الآية 26:40

> ﻿لَعَلَّنَا نَتَّبِعُ السَّحَرَةَ إِنْ كَانُوا هُمُ الْغَالِبِينَ [26:40]

Егер сиқыршылар жеңетін болса, біз соларға еретін шығармыз», - делінді.

### الآية 26:41

> ﻿فَلَمَّا جَاءَ السَّحَرَةُ قَالُوا لِفِرْعَوْنَ أَئِنَّ لَنَا لَأَجْرًا إِنْ كُنَّا نَحْنُ الْغَالِبِينَ [26:41]

Сиқыршылар келген соң, олар Фиръаунға: **«Егер жеңіске жетсек, бізге сый бар ма?»** -деді.

### الآية 26:42

> ﻿قَالَ نَعَمْ وَإِنَّكُمْ إِذًا لَمِنَ الْمُقَرَّبِينَ [26:42]

Ол: **«Иә. Ол жағдайда сендер / маған / жақындатылғандардан боласыңдар»**, - деді.

### الآية 26:43

> ﻿قَالَ لَهُمْ مُوسَىٰ أَلْقُوا مَا أَنْتُمْ مُلْقُونَ [26:43]

Мұса Оларға: **«Тастайтын нәрселеріңді тастаңдар»**, - деді

### الآية 26:44

> ﻿فَأَلْقَوْا حِبَالَهُمْ وَعِصِيَّهُمْ وَقَالُوا بِعِزَّةِ فِرْعَوْنَ إِنَّا لَنَحْنُ الْغَالِبُونَ [26:44]

Олар жіптері мен асаларын / таяқтарын / тастап: **«Фиръаунның құдіретімен ант етеміз! Әлбетте біз жеңеміз»**,- деді.

### الآية 26:45

> ﻿فَأَلْقَىٰ مُوسَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ تَلْقَفُ مَا يَأْفِكُونَ [26:45]

Мұса да асасын тастады, сол кезде ол олардың жасаған жалған / елес етіп көрсеткен / нәрселерін жұта бастады.

### الآية 26:46

> ﻿فَأُلْقِيَ السَّحَرَةُ سَاجِدِينَ [26:46]

Сонда сиқыршылар сәждеге жығылды.

### الآية 26:47

> ﻿قَالُوا آمَنَّا بِرَبِّ الْعَالَمِينَ [26:47]

Олар: «Біз әлемдердің Раббысына сендік -

### الآية 26:48

> ﻿رَبِّ مُوسَىٰ وَهَارُونَ [26:48]

Мұса мен Һарұнның Раббысына», - деді.

### الآية 26:49

> ﻿قَالَ آمَنْتُمْ لَهُ قَبْلَ أَنْ آذَنَ لَكُمْ ۖ إِنَّهُ لَكَبِيرُكُمُ الَّذِي عَلَّمَكُمُ السِّحْرَ فَلَسَوْفَ تَعْلَمُونَ ۚ لَأُقَطِّعَنَّ أَيْدِيَكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ مِنْ خِلَافٍ وَلَأُصَلِّبَنَّكُمْ أَجْمَعِينَ [26:49]

Фиръаун / :**«Сендер мен рұқсат берместен бұрын оған сендіңдер ме? Негізінде ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Жақында білесіңдер. Мен сендердің қол-аяқтарыңды айқыштап / оң қол - сол аяқ, сол қол - оң аяқтарыңды / кесемін жәнебарлығыңды керіп тастаймын»**,- деді.

### الآية 26:50

> ﻿قَالُوا لَا ضَيْرَ ۖ إِنَّا إِلَىٰ رَبِّنَا مُنْقَلِبُونَ [26:50]

Олар: «Бізге оның зияны жоқ! Өйткені біз -Раббымызға қайтушымыз.

### الآية 26:51

> ﻿إِنَّا نَطْمَعُ أَنْ يَغْفِرَ لَنَا رَبُّنَا خَطَايَانَا أَنْ كُنَّا أَوَّلَ الْمُؤْمِنِينَ [26:51]

Біз иманға келушілердің ең алдыңғылары болғанымыз үшін Раббымыздың күнәларымызды кешіруін қатты үміт етеміз», - деді.

### الآية 26:52

> ﻿۞ وَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ مُوسَىٰ أَنْ أَسْرِ بِعِبَادِي إِنَّكُمْ مُتَّبَعُونَ [26:52]

Біз Мұсаға: **«Құлдарымды түн ішінде жолға алып шық, өйткені олар сендердің соңдарыңнан түседі»**, - деп уахи еттік.

### الآية 26:53

> ﻿فَأَرْسَلَ فِرْعَوْنُ فِي الْمَدَائِنِ حَاشِرِينَ [26:53]

Сонда Фиръаун қалаларға / әскер / жинаушыларды жіберді.

### الآية 26:54

> ﻿إِنَّ هَٰؤُلَاءِ لَشِرْذِمَةٌ قَلِيلُونَ [26:54]

Ол / :«Негізінде олар аз ғана топ.

### الآية 26:55

> ﻿وَإِنَّهُمْ لَنَا لَغَائِظُونَ [26:55]

Әрі олар біздің ашу-ызамызды келтірді,

### الآية 26:56

> ﻿وَإِنَّا لَجَمِيعٌ حَاذِرُونَ [26:56]

және шын мәнінде біз барлығымыз да сақ болуымыз керек», - деді.

### الآية 26:57

> ﻿فَأَخْرَجْنَاهُمْ مِنْ جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ [26:57]

Біз оларды бақтары мен бұлақтарынан / осылай / шығардық

### الآية 26:58

> ﻿وَكُنُوزٍ وَمَقَامٍ كَرِيمٍ [26:58]

әрі қазыналары мен сәулетті тұрақ жайларынан.

### الآية 26:59

> ﻿كَذَٰلِكَ وَأَوْرَثْنَاهَا بَنِي إِسْرَائِيلَ [26:59]

Осылай. Әрі Біз оны / ол жерді / Исраил ұрпақтарына мура етіп бердік.

### الآية 26:60

> ﻿فَأَتْبَعُوهُمْ مُشْرِقِينَ [26:60]

Олар / Мұсаның / артынан таңертең түскен еді.

### الآية 26:61

> ﻿فَلَمَّا تَرَاءَى الْجَمْعَانِ قَالَ أَصْحَابُ مُوسَىٰ إِنَّا لَمُدْرَكُونَ [26:61]

Екі топ бірін-бірі көрген кезде, Мұсаның жанындағылар: **«Анығында, бізге қуып жететін болды»**, - деді.

### الآية 26:62

> ﻿قَالَ كَلَّا ۖ إِنَّ مَعِيَ رَبِّي سَيَهْدِينِ [26:62]

Мұса / :**«Жоқ, олай емес! Ақиқатында, Раббым менімен. Ол маған жол көрсетеді»**, -деді.

### الآية 26:63

> ﻿فَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ مُوسَىٰ أَنِ اضْرِبْ بِعَصَاكَ الْبَحْرَ ۖ فَانْفَلَقَ فَكَانَ كُلُّ فِرْقٍ كَالطَّوْدِ الْعَظِيمِ [26:63]

Сонда Біз Мұсаға: **«Таяғыңмен теңізді ұр»**, - деп уахи еттік. Сол кезде ол / теңіз / екіге жарылып, әр бөлігі үлкен таудай болды.

### الآية 26:64

> ﻿وَأَزْلَفْنَا ثَمَّ الْآخَرِينَ [26:64]

Әрі Біз / ол жерге / басқаларды / фиръаундықтарды / жақындаттық.

### الآية 26:65

> ﻿وَأَنْجَيْنَا مُوسَىٰ وَمَنْ مَعَهُ أَجْمَعِينَ [26:65]

Әрі Біз Мұсаны және онымен бірге болғандарды - барлығын құтқардық.

### الآية 26:66

> ﻿ثُمَّ أَغْرَقْنَا الْآخَرِينَ [26:66]

Содан кейін басқаларды суға батырдық.

### الآية 26:67

> ﻿إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ [26:67]

Шын мәнінде мұнда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көбі иманға келушілерден болмады.

### الآية 26:68

> ﻿وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ [26:68]

Ақиқатында, Раббың аса Үстем , ерекше Мейірімді.

### الآية 26:69

> ﻿وَاتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ إِبْرَاهِيمَ [26:69]

Оларға Ибраһим жайлы хабарды оқы.

### الآية 26:70

> ﻿إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِ مَا تَعْبُدُونَ [26:70]

Кезінде ол әкесіне және еліне: **«Сендер не нәрсеге құлшылық етесіңдер?»** - деді.

### الآية 26:71

> ﻿قَالُوا نَعْبُدُ أَصْنَامًا فَنَظَلُّ لَهَا عَاكِفِينَ [26:71]

Олар: **«Біз пұттарға табынамыз әрі олармен әрқашан біргеміз»**, - деді.

### الآية 26:72

> ﻿قَالَ هَلْ يَسْمَعُونَكُمْ إِذْ تَدْعُونَ [26:72]

Ол: «Сұрап, жалбарынған кездерінде, олар сендерді ести ме?

### الآية 26:73

> ﻿أَوْ يَنْفَعُونَكُمْ أَوْ يَضُرُّونَ [26:73]

Әлде олар сендерге пайда келтіре ала ма, не зиян жеткізе ала ма?» - деді.

### الآية 26:74

> ﻿قَالُوا بَلْ وَجَدْنَا آبَاءَنَا كَذَٰلِكَ يَفْعَلُونَ [26:74]

Олар: **«Жоқ. Біз аталарымыздың / құлшылықтарын / осылай жасайтынын көрдік»**, -деді.

### الآية 26:75

> ﻿قَالَ أَفَرَأَيْتُمْ مَا كُنْتُمْ تَعْبُدُونَ [26:75]

Ол: «Не нәрсеге табынып жатқандарыңа байқап қарадыңдар ма,

### الآية 26:76

> ﻿أَنْتُمْ وَآبَاؤُكُمُ الْأَقْدَمُونَ [26:76]

өздеріңнің және бұрынғы өткен аталарыңның.

### الآية 26:77

> ﻿فَإِنَّهُمْ عَدُوٌّ لِي إِلَّا رَبَّ الْعَالَمِينَ [26:77]

Ақиқатында, тек әлемдердің Раббысынан басқа олардың / пұттардың / бәрі - менің жауым.

### الآية 26:78

> ﻿الَّذِي خَلَقَنِي فَهُوَ يَهْدِينِ [26:78]

Ол мені жаратты әрі Ол мені тура жолмен жүргізеді,

### الآية 26:79

> ﻿وَالَّذِي هُوَ يُطْعِمُنِي وَيَسْقِينِ [26:79]

және Ол мені тамақтандырады әрі сусындатады.

### الآية 26:80

> ﻿وَإِذَا مَرِضْتُ فَهُوَ يَشْفِينِ [26:80]

Ал, ауырған кезімде, Ол маған шипа береді.

### الآية 26:81

> ﻿وَالَّذِي يُمِيتُنِي ثُمَّ يُحْيِينِ [26:81]

Әрі Ол мені өлтіреді, содан кейін тірілтеді.

### الآية 26:82

> ﻿وَالَّذِي أَطْمَعُ أَنْ يَغْفِرَ لِي خَطِيئَتِي يَوْمَ الدِّينِ [26:82]

Ал Есеп күні мен Оның қателерімді кешіруін үміт етемін.

### الآية 26:83

> ﻿رَبِّ هَبْ لِي حُكْمًا وَأَلْحِقْنِي بِالصَّالِحِينَ [26:83]

Раббым! Маған даналық / білім / бер және мені ізгілермен бірге ет,

### الآية 26:84

> ﻿وَاجْعَلْ لِي لِسَانَ صِدْقٍ فِي الْآخِرِينَ [26:84]

Және кейінгілердің ішінде мені тура сөз / турашылдықтың тілі / ет,

### الآية 26:85

> ﻿وَاجْعَلْنِي مِنْ وَرَثَةِ جَنَّةِ النَّعِيمِ [26:85]

және мені Наъим жәннатының мұрагерлерінен ете гөр!

### الآية 26:86

> ﻿وَاغْفِرْ لِأَبِي إِنَّهُ كَانَ مِنَ الضَّالِّينَ [26:86]

Әрі әкемді кешір, өйткені ол адасушылардан болды.

### الآية 26:87

> ﻿وَلَا تُخْزِنِي يَوْمَ يُبْعَثُونَ [26:87]

және олар қайта тірілтілетін күні мені қор ете көрме», - деді.

### الآية 26:88

> ﻿يَوْمَ لَا يَنْفَعُ مَالٌ وَلَا بَنُونَ [26:88]

Ол күні байлық та, балалар да пайда бермейді,

### الآية 26:89

> ﻿إِلَّا مَنْ أَتَى اللَّهَ بِقَلْبٍ سَلِيمٍ [26:89]

тек Аллаһқа cay жүрекпен келгендер ғана басқа.

### الآية 26:90

> ﻿وَأُزْلِفَتِ الْجَنَّةُ لِلْمُتَّقِينَ [26:90]

Әрі тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / Жәннат жақындатылады.

### الآية 26:91

> ﻿وَبُرِّزَتِ الْجَحِيمُ لِلْغَاوِينَ [26:91]

Ал, адасқандарға Жаһим / тозағы / көрсетіледі.

### الآية 26:92

> ﻿وَقِيلَ لَهُمْ أَيْنَ مَا كُنْتُمْ تَعْبُدُونَ [26:92]

Оларға: «Сендердің табынғандарың қайда,

### الآية 26:93

> ﻿مِنْ دُونِ اللَّهِ هَلْ يَنْصُرُونَكُمْ أَوْ يَنْتَصِرُونَ [26:93]

Аллаһтан өзге? Олар сендерге жәрдем бере ала ма, әлде өздеріне көмек бере ала ма?» - делінеді.

### الآية 26:94

> ﻿فَكُبْكِبُوا فِيهَا هُمْ وَالْغَاوُونَ [26:94]

Сөйтіп олар және адасқандар оның ішіне лақтырылады,

### الآية 26:95

> ﻿وَجُنُودُ إِبْلِيسَ أَجْمَعُونَ [26:95]

әрі Ібілістің / жын мен адамнан болган2Ш / әскерлерінің барлығы да.

### الآية 26:96

> ﻿قَالُوا وَهُمْ فِيهَا يَخْتَصِمُونَ [26:96]

**Олар онда тартысқан күйлерінде:**

### الآية 26:97

> ﻿تَاللَّهِ إِنْ كُنَّا لَفِي ضَلَالٍ مُبِينٍ [26:97]

«Аллаһпен ант етейік, шын мәнінде біз анық адасуда болыппыз,

### الآية 26:98

> ﻿إِذْ نُسَوِّيكُمْ بِرَبِّ الْعَالَمِينَ [26:98]

сендерді әлемдердің Раббысына теңеген кезімізде.

### الآية 26:99

> ﻿وَمَا أَضَلَّنَا إِلَّا الْمُجْرِمُونَ [26:99]

Бізді тек қылмыскерлер / күнәһарлар / адастырды.

### الآية 26:100

> ﻿فَمَا لَنَا مِنْ شَافِعِينَ [26:100]

Енді бізге ара түсушілер жоқ,

### الآية 26:101

> ﻿وَلَا صَدِيقٍ حَمِيمٍ [26:101]

жанашыр дос та жоқ.

### الآية 26:102

> ﻿فَلَوْ أَنَّ لَنَا كَرَّةً فَنَكُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ [26:102]

Егер де бізге қайту мүмкіндігі болғанда, онда біз имандылардан / мүміндерден / болар едік», - дейді.

### الآية 26:103

> ﻿إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ [26:103]

Әлбетте Мұнда / осы оқиғада / 2080 белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.

### الآية 26:104

> ﻿وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ [26:104]

Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем , ерекше Мейірімді.

### الآية 26:105

> ﻿كَذَّبَتْ قَوْمُ نُوحٍ الْمُرْسَلِينَ [26:105]

Нұхтың елі елшілерді өтірікшіге шығарды.

### الآية 26:106

> ﻿إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ نُوحٌ أَلَا تَتَّقُونَ [26:106]

Кезінде оларға ағайыны Нұх: «Сендер қорықпайсыңдар ма?

### الآية 26:107

> ﻿إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ [26:107]

Ақиқатында, мен - сендерге сенімді бір Елшімін,

### الآية 26:108

> ﻿فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ [26:108]

енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.

### الآية 26:109

> ﻿وَمَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ الْعَالَمِينَ [26:109]

Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында.

### الآية 26:110

> ﻿فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ [26:110]

Енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар»,- деді.

### الآية 26:111

> ﻿۞ قَالُوا أَنُؤْمِنُ لَكَ وَاتَّبَعَكَ الْأَرْذَلُونَ [26:111]

Олар: **«Саған ілескендер ең төмен / бейшара / адамдар болса, біз саған сенеміз бе?»** - деді.

### الآية 26:112

> ﻿قَالَ وَمَا عِلْمِي بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ [26:112]

Ол: «Менде олардың не істегендері туралы білім жоқ.

### الآية 26:113

> ﻿إِنْ حِسَابُهُمْ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّي ۖ لَوْ تَشْعُرُونَ [26:113]

Егер де сезетін / аңғаратын / болсаңдар, олардың есебі Раббымда.

### الآية 26:114

> ﻿وَمَا أَنَا بِطَارِدِ الْمُؤْمِنِينَ [26:114]

Әрі мен иманға келгендерді қумаймын.

### الآية 26:115

> ﻿إِنْ أَنَا إِلَّا نَذِيرٌ مُبِينٌ [26:115]

Мен тек анық ескертуші ғанамын»,- деді.

### الآية 26:116

> ﻿قَالُوا لَئِنْ لَمْ تَنْتَهِ يَا نُوحُ لَتَكُونَنَّ مِنَ الْمَرْجُومِينَ [26:116]

Олар: **«Ей, Нұх! Егер / насихатыңды / тоқтатпасаң, таспен атқыланғандардан боласың»**, - деді.

### الآية 26:117

> ﻿قَالَ رَبِّ إِنَّ قَوْمِي كَذَّبُونِ [26:117]

Ол: «Раббым! Елім мені өтірікші санады.

### الآية 26:118

> ﻿فَافْتَحْ بَيْنِي وَبَيْنَهُمْ فَتْحًا وَنَجِّنِي وَمَنْ مَعِيَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ [26:118]

Енді мені мен олардың арасына нақ үкім бер және мені әрі менімен бірге болған имандыларды құтқар», - деді.

### الآية 26:119

> ﻿فَأَنْجَيْنَاهُ وَمَنْ مَعَهُ فِي الْفُلْكِ الْمَشْحُونِ [26:119]

Сонда, Біз оны және онымен бірге болғандарды лық толы кемеде құтқардық.

### الآية 26:120

> ﻿ثُمَّ أَغْرَقْنَا بَعْدُ الْبَاقِينَ [26:120]

Содан кейін қалғандарды суға батырдық.

### الآية 26:121

> ﻿إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ [26:121]

Әлбетте, мұнда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.

### الآية 26:122

> ﻿وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ [26:122]

Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.

### الآية 26:123

> ﻿كَذَّبَتْ عَادٌ الْمُرْسَلِينَ [26:123]

Ад елі елшілерді өтірікшігешығарды.

### الآية 26:124

> ﻿إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ هُودٌ أَلَا تَتَّقُونَ [26:124]

Сонда оларға ағайыны Һұд: «Сендер қорықпайсыңдар ма?

### الآية 26:125

> ﻿إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ [26:125]

Ақиқатында мен - сендерге сенімді бір Елшімін,

### الآية 26:126

> ﻿فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ [26:126]

енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.

### الآية 26:127

> ﻿وَمَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ الْعَالَمِينَ [26:127]

Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында.

### الآية 26:128

> ﻿أَتَبْنُونَ بِكُلِّ رِيعٍ آيَةً تَعْبَثُونَ [26:128]

Сендер әр төбеге қажетсіз бір белгі / ескерткіш / тұрғызасыңдар ма?

### الآية 26:129

> ﻿وَتَتَّخِذُونَ مَصَانِعَ لَعَلَّكُمْ تَخْلُدُونَ [26:129]

Әрі мәңгі өмір сүретіндей сарайлар саласыңдар.

### الآية 26:130

> ﻿وَإِذَا بَطَشْتُمْ بَطَشْتُمْ جَبَّارِينَ [26:130]

Ал, / біреуді / ұстасаңдар, қатыгездікпен ұстадыңдар / жазаладыңдар /.

### الآية 26:131

> ﻿فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ [26:131]

Енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.

### الآية 26:132

> ﻿وَاتَّقُوا الَّذِي أَمَدَّكُمْ بِمَا تَعْلَمُونَ [26:132]

Сендерді өздерің білетін нәрселермен қамтамасыз еткеннен қорқыңдар:

### الآية 26:133

> ﻿أَمَدَّكُمْ بِأَنْعَامٍ وَبَنِينَ [26:133]

Ол сендерге малдарды және ұлдарды берді,

### الآية 26:134

> ﻿وَجَنَّاتٍ وَعُيُونٍ [26:134]

бақтар мен бұлақтарды.

### الآية 26:135

> ﻿إِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ [26:135]

Ақиқатында, мен сендерге ұлы Күннің азабы түсуінен қорқамын», - деді.

### الآية 26:136

> ﻿قَالُوا سَوَاءٌ عَلَيْنَا أَوَعَظْتَ أَمْ لَمْ تَكُنْ مِنَ الْوَاعِظِينَ [26:136]

Олар: «Сен үгіттесең де, үгіттеушілерден болмасаң да - біз үшін бәрібір.

### الآية 26:137

> ﻿إِنْ هَٰذَا إِلَّا خُلُقُ الْأَوَّلِينَ [26:137]

Бұл - бар болғаны бұрынғылардың салты ғана,

### الآية 26:138

> ﻿وَمَا نَحْنُ بِمُعَذَّبِينَ [26:138]

әрі біз азапталмаймыз», - деді.

### الآية 26:139

> ﻿فَكَذَّبُوهُ فَأَهْلَكْنَاهُمْ ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ [26:139]

Сөйтіп олар оны өтірікшіге шығарды, сонда Біз оларды жойдық. Әлбетте Мұнда / осы оқиғада / дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.

### الآية 26:140

> ﻿وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ [26:140]

Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.

### الآية 26:141

> ﻿كَذَّبَتْ ثَمُودُ الْمُرْسَلِينَ [26:141]

Сәмұд елі елшілерді өтірікшіге шығарды.

### الآية 26:142

> ﻿إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ صَالِحٌ أَلَا تَتَّقُونَ [26:142]

Сонда оларға ағайыны Салих: «Сендер қорықпайсыңдар ма?

### الآية 26:143

> ﻿إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ [26:143]

Анығында, мен - сендерге сенімді бір Елшімін,

### الآية 26:144

> ﻿فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ [26:144]

енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.

### الآية 26:145

> ﻿وَمَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ الْعَالَمِينَ [26:145]

Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында.

### الآية 26:146

> ﻿أَتُتْرَكُونَ فِي مَا هَاهُنَا آمِنِينَ [26:146]

Сендер осындағы бар нәрселердің арасында қауіпсіз күйде қалдырыласыңдар ма,

### الآية 26:147

> ﻿فِي جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ [26:147]

бақтар мен бұлақтардың,

### الآية 26:148

> ﻿وَزُرُوعٍ وَنَخْلٍ طَلْعُهَا هَضِيمٌ [26:148]

және егіндіктер мен жемісі жұмсақ құрма ағаштары арасында?

### الآية 26:149

> ﻿وَتَنْحِتُونَ مِنَ الْجِبَالِ بُيُوتًا فَارِهِينَ [26:149]

Әрі сендер менмендік танытып, тауларда үйлер қашап аласыңдар.

### الآية 26:150

> ﻿فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ [26:150]

Енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.

### الآية 26:151

> ﻿وَلَا تُطِيعُوا أَمْرَ الْمُسْرِفِينَ [26:151]

Әрі шектен шығушылардың бұйрығына бағынбаңдар,

### الآية 26:152

> ﻿الَّذِينَ يُفْسِدُونَ فِي الْأَرْضِ وَلَا يُصْلِحُونَ [26:152]

сондай, жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасап, ешбір нәрсе түзетпейтіндердің», деді.

### الآية 26:153

> ﻿قَالُوا إِنَّمَا أَنْتَ مِنَ الْمُسَحَّرِينَ [26:153]

Олар: «Шын мәнінде сен сиқырланғанның бірісің.

### الآية 26:154

> ﻿مَا أَنْتَ إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُنَا فَأْتِ بِآيَةٍ إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ [26:154]

Сен бар болғаны біз секілді бір адамсың. Егер шын сөзділерден болсаң, онда бір белгі келтір»,- деді.

### الآية 26:155

> ﻿قَالَ هَٰذِهِ نَاقَةٌ لَهَا شِرْبٌ وَلَكُمْ شِرْبُ يَوْمٍ مَعْلُومٍ [26:155]

Ол / Салих / :«Міне, мынау - түйе. Оның су ішетін кезегі әрі сендердің де су ішетін кезектерің белгіленген күндер бойынша / бөлінеді /.

### الآية 26:156

> ﻿وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوءٍ فَيَأْخُذَكُمْ عَذَابُ يَوْمٍ عَظِيمٍ [26:156]

Оған жамандықпен тиіспеңдер, болмаса сендерге ұлы Күннің азабы тиеді», - деді.

### الآية 26:157

> ﻿فَعَقَرُوهَا فَأَصْبَحُوا نَادِمِينَ [26:157]

Алайда олар оның тірсегін кесіп / өлтіріп / , кейін өкінушілерге айналды.

### الآية 26:158

> ﻿فَأَخَذَهُمُ الْعَذَابُ ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ [26:158]

Сонда оларға азап түсті. Әлбетте мұнда / осы оқиғада / дәлел-ғибрат бар. Алайда олардың көпшілігі иманға келмейді.

### الآية 26:159

> ﻿وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ [26:159]

Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.

### الآية 26:160

> ﻿كَذَّبَتْ قَوْمُ لُوطٍ الْمُرْسَلِينَ [26:160]

Лұттың елі елшілерді өтірікшіге шығарды.

### الآية 26:161

> ﻿إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ لُوطٌ أَلَا تَتَّقُونَ [26:161]

Оларға ағайыны Лұт: «Сендер / Аллаһтың жазасынан / қорқып,сақтанбайсыңдарма?

### الآية 26:162

> ﻿إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ [26:162]

Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін,

### الآية 26:163

> ﻿فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ [26:163]

енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.

### الآية 26:164

> ﻿وَمَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ الْعَالَمِينَ [26:164]

Мен сендерден бүл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым – әлемдердің Раббысында.

### الآية 26:165

> ﻿أَتَأْتُونَ الذُّكْرَانَ مِنَ الْعَالَمِينَ [26:165]

Бүкіл әлемдердің ішінде сендер еркектермен жақындасып,

### الآية 26:166

> ﻿وَتَذَرُونَ مَا خَلَقَ لَكُمْ رَبُّكُمْ مِنْ أَزْوَاجِكُمْ ۚ بَلْ أَنْتُمْ قَوْمٌ عَادُونَ [26:166]

өздеріңнің Раббың, сендер үшін жаратқан жұбайларыңды тастайсыңдар ма? Күмәнсіз, сендер шектен шыққан елсіңдер», - деді.

### الآية 26:167

> ﻿قَالُوا لَئِنْ لَمْ تَنْتَهِ يَا لُوطُ لَتَكُونَنَّ مِنَ الْمُخْرَجِينَ [26:167]

Олар: **«Ей, Лұт! Егер сен тоқтатпасаң, әлбетте, / елден қуып / шығарылғандардан боласың»**, - деді.

### الآية 26:168

> ﻿قَالَ إِنِّي لِعَمَلِكُمْ مِنَ الْقَالِينَ [26:168]

Ол: «Әрине, мен сендердің істеріңнен жиіркенемін.

### الآية 26:169

> ﻿رَبِّ نَجِّنِي وَأَهْلِي مِمَّا يَعْمَلُونَ [26:169]

Раббым! Мені және үй-ішімді олардың істеп жатқандарынан құтқар», - деді.

### الآية 26:170

> ﻿فَنَجَّيْنَاهُ وَأَهْلَهُ أَجْمَعِينَ [26:170]

Сонда Біз оны және оның үй ішінің барлығын құтқардық,

### الآية 26:171

> ﻿إِلَّا عَجُوزًا فِي الْغَابِرِينَ [26:171]

тек, қалатындардың қатарындағы бір кемпірден басқасын.

### الآية 26:172

> ﻿ثُمَّ دَمَّرْنَا الْآخَرِينَ [26:172]

Содан кейін, басқаларын жойып жібердік.

### الآية 26:173

> ﻿وَأَمْطَرْنَا عَلَيْهِمْ مَطَرًا ۖ فَسَاءَ مَطَرُ الْمُنْذَرِينَ [26:173]

Әрі олардың үстіне жаңбыр жаудырдық. Ескертілгендердің жаңбыры неткен жаман!

### الآية 26:174

> ﻿إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ [26:174]

Әлбетте осыда / бұл хабарда / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.

### الآية 26:175

> ﻿وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ [26:175]

Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында Раббың әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді /.

### الآية 26:176

> ﻿كَذَّبَ أَصْحَابُ الْأَيْكَةِ الْمُرْسَلِينَ [26:176]

Әйке тұрғындары елшілерді өтірікшіге шығарды.

### الآية 26:177

> ﻿إِذْ قَالَ لَهُمْ شُعَيْبٌ أَلَا تَتَّقُونَ [26:177]

Сонда оларға Шұғайып: «Сендер қорықпайсыңдар ма?

### الآية 26:178

> ﻿إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ [26:178]

Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін,

### الآية 26:179

> ﻿فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ [26:179]

енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.

### الآية 26:180

> ﻿وَمَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ الْعَالَمِينَ [26:180]

Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында.

### الآية 26:181

> ﻿۞ أَوْفُوا الْكَيْلَ وَلَا تَكُونُوا مِنَ الْمُخْسِرِينَ [26:181]

Өлшеуді толық сақтаңдар, кемітушілерден болмаңдар,

### الآية 26:182

> ﻿وَزِنُوا بِالْقِسْطَاسِ الْمُسْتَقِيمِ [26:182]

әрі тура таразымен тартыңдар,

### الآية 26:183

> ﻿وَلَا تَبْخَسُوا النَّاسَ أَشْيَاءَهُمْ وَلَا تَعْثَوْا فِي الْأَرْضِ مُفْسِدِينَ [26:183]

және адамдардың заттарын кемітіп бермеңдер әрі бұзу-бүлдірушілік жасап, жер бетіне таратпаңдар.

### الآية 26:184

> ﻿وَاتَّقُوا الَّذِي خَلَقَكُمْ وَالْجِبِلَّةَ الْأَوَّلِينَ [26:184]

Әрі сендерді және алғашқы ұрпақтарды жаратқаннан қорқыңдар», деді.

### الآية 26:185

> ﻿قَالُوا إِنَّمَا أَنْتَ مِنَ الْمُسَحَّرِينَ [26:185]

Олар: «Шын мәнінде сен - сиқырланған адамдардың бірісің.

### الآية 26:186

> ﻿وَمَا أَنْتَ إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُنَا وَإِنْ نَظُنُّكَ لَمِنَ الْكَاذِبِينَ [26:186]

Әрі сен бар болғаны біз сияқты адамсың. Біз сені сөзсіз өтірікшілерден деп ойлаймыз.

### الآية 26:187

> ﻿فَأَسْقِطْ عَلَيْنَا كِسَفًا مِنَ السَّمَاءِ إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ [26:187]

Егер шын сөзділерден болсаң, үстімізге аспаннан бір бөлік түсір», - деді.

### الآية 26:188

> ﻿قَالَ رَبِّي أَعْلَمُ بِمَا تَعْمَلُونَ [26:188]

Ол / Шұғайып / :**«Раббым сендердің не істеп жатқандарыңды жақсы біледі»**,- деді.

### الآية 26:189

> ﻿فَكَذَّبُوهُ فَأَخَذَهُمْ عَذَابُ يَوْمِ الظُّلَّةِ ۚ إِنَّهُ كَانَ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ [26:189]

Олар оны өтірікші санады. Сондықтан оларға көлеңкелі күннің азабы түсті. Негізінде ол - ұлы Күннің азабы еді.

### الآية 26:190

> ﻿إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ [26:190]

Әлбетте мұнда / осы хабарда / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.

### الآية 26:191

> ﻿وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ [26:191]

Ей, Мұхаммед / / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.

### الآية 26:192

> ﻿وَإِنَّهُ لَتَنْزِيلُ رَبِّ الْعَالَمِينَ [26:192]

Шын мәнінде, бұл / Құран / - әлемдердің Раббысының түсіргені.

### الآية 26:193

> ﻿نَزَلَ بِهِ الرُّوحُ الْأَمِينُ [26:193]

Оны сенімді Рух / Жәбірейіл / түсірді,

### الآية 26:194

> ﻿عَلَىٰ قَلْبِكَ لِتَكُونَ مِنَ الْمُنْذِرِينَ [26:194]

ескертушілерден болуың үшін сенің жүрегіңе,

### الآية 26:195

> ﻿بِلِسَانٍ عَرَبِيٍّ مُبِينٍ [26:195]

анық араб тілінде / түсірді /.

### الآية 26:196

> ﻿وَإِنَّهُ لَفِي زُبُرِ الْأَوَّلِينَ [26:196]

Әрі ол / жайлы / бұрынғылардың кітаптарында бар.

### الآية 26:197

> ﻿أَوَلَمْ يَكُنْ لَهُمْ آيَةً أَنْ يَعْلَمَهُ عُلَمَاءُ بَنِي إِسْرَائِيلَ [26:197]

Оны Исраил ұрпақтарының ғалымдары білуі, олар үшін / жеткілікті / дәлел болмады ма?

### الآية 26:198

> ﻿وَلَوْ نَزَّلْنَاهُ عَلَىٰ بَعْضِ الْأَعْجَمِينَ [26:198]

Егер де оны араб емес, өзгелердің біріне түсіріп,

### الآية 26:199

> ﻿فَقَرَأَهُ عَلَيْهِمْ مَا كَانُوا بِهِ مُؤْمِنِينَ [26:199]

ол оны оларға оқып берсе де, олар / бәрібір / оған сенуші болмас еді.

### الآية 26:200

> ﻿كَذَٰلِكَ سَلَكْنَاهُ فِي قُلُوبِ الْمُجْرِمِينَ [26:200]

Біз қылмыскерлердің жүректеріне оны / имансыздықты, қарсы келуді / осылай кіргіземіз.

### الآية 26:201

> ﻿لَا يُؤْمِنُونَ بِهِ حَتَّىٰ يَرَوُا الْعَذَابَ الْأَلِيمَ [26:201]

Олар күйзелтуші азапты көрмейінше, оған сенбейді.

### الآية 26:202

> ﻿فَيَأْتِيَهُمْ بَغْتَةً وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ [26:202]

Ол / жаза / кенеттен, олар оны сезбеген күйлерінде келеді.

### الآية 26:203

> ﻿فَيَقُولُوا هَلْ نَحْنُ مُنْظَرُونَ [26:203]

Сонда олар: **«Бізге бір мұрсат беріле ме?»** - дейді.

### الآية 26:204

> ﻿أَفَبِعَذَابِنَا يَسْتَعْجِلُونَ [26:204]

Олар Біздің азабымыздың тез болуын қалай ма?

### الآية 26:205

> ﻿أَفَرَأَيْتَ إِنْ مَتَّعْنَاهُمْ سِنِينَ [26:205]

Ей, Мұхаммед! / Көрдің бе, егер олар­ды жылдар бойы пайдаландырсақ,

### الآية 26:206

> ﻿ثُمَّ جَاءَهُمْ مَا كَانُوا يُوعَدُونَ [26:206]

содан кейін оларға, уәде етілген нәрсе келгенде,

### الآية 26:207

> ﻿مَا أَغْنَىٰ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يُمَتَّعُونَ [26:207]

сол пайдаланып келгендері оларды құтқармайды.

### الآية 26:208

> ﻿وَمَا أَهْلَكْنَا مِنْ قَرْيَةٍ إِلَّا لَهَا مُنْذِرُونَ [26:208]

Біз ескертушіні жібермей тұрып, ешбір елді мекенді жойған емеспіз.

### الآية 26:209

> ﻿ذِكْرَىٰ وَمَا كُنَّا ظَالِمِينَ [26:209]

Оларды / еске салу үшін / жібергенбіз /. Біз әділетсіздік жасаған жоқпыз.

### الآية 26:210

> ﻿وَمَا تَنَزَّلَتْ بِهِ الشَّيَاطِينُ [26:210]

Әрі оны / Құранды / шайтандар алып түскен жоқ.

### الآية 26:211

> ﻿وَمَا يَنْبَغِي لَهُمْ وَمَا يَسْتَطِيعُونَ [26:211]

Олар бұған лайықты емес әрі олар істей алмайды.

### الآية 26:212

> ﻿إِنَّهُمْ عَنِ السَّمْعِ لَمَعْزُولُونَ [26:212]

Анығында, олар оны тыңдаудан шеттетілген.

### الآية 26:213

> ﻿فَلَا تَدْعُ مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ فَتَكُونَ مِنَ الْمُعَذَّبِينَ [26:213]

Ей, Мұхаммед! / Аллаһпен қатар өзге құдайды шақырма / басқадан тілеме / , олай етсең, азапқа салынатындардан боласың.

### الآية 26:214

> ﻿وَأَنْذِرْ عَشِيرَتَكَ الْأَقْرَبِينَ [26:214]

Әрі жақын туыстарыңды сақтандырып, ескерт.

### الآية 26:215

> ﻿وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِمَنِ اتَّبَعَكَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ [26:215]

Әрі өзіңе ерген имандыларға қанатыңды игін.

### الآية 26:216

> ﻿فَإِنْ عَصَوْكَ فَقُلْ إِنِّي بَرِيءٌ مِمَّا تَعْمَلُونَ [26:216]

Егер олар сені тыңдамаса: **«Сендердің істеп жатқандарыңа менің қатысым жоқ»**, -де.

### الآية 26:217

> ﻿وَتَوَكَّلْ عَلَى الْعَزِيزِ الرَّحِيمِ [26:217]

Әрі бәрінен Үстем, ерекше Мейірімдіге жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет /.

### الآية 26:218

> ﻿الَّذِي يَرَاكَ حِينَ تَقُومُ [26:218]

Ол сені / намазда / тұрғанында көріп тұрады,

### الآية 26:219

> ﻿وَتَقَلُّبَكَ فِي السَّاجِدِينَ [26:219]

әрі сәжде етушілердің ішінде ауысу қимылдарын істегеніңді.

### الآية 26:220

> ﻿إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ [26:220]

Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , бәрін Білуші.

### الآية 26:221

> ﻿هَلْ أُنَبِّئُكُمْ عَلَىٰ مَنْ تَنَزَّلُ الشَّيَاطِينُ [26:221]

Шайтандардың кімге түсетіні туралы сендерге хабар берейін бе?

### الآية 26:222

> ﻿تَنَزَّلُ عَلَىٰ كُلِّ أَفَّاكٍ أَثِيمٍ [26:222]

Олар әрбір өтірікшіге,күнәһарға түседі.

### الآية 26:223

> ﻿يُلْقُونَ السَّمْعَ وَأَكْثَرُهُمْ كَاذِبُونَ [26:223]

Олар естігендерін / адамдарға / тастайды / жеткізеді / , ал олардың көбі өтірікші.

### الآية 26:224

> ﻿وَالشُّعَرَاءُ يَتَّبِعُهُمُ الْغَاوُونَ [26:224]

Әрі ақындарға адасушылар ереді.

### الآية 26:225

> ﻿أَلَمْ تَرَ أَنَّهُمْ فِي كُلِّ وَادٍ يَهِيمُونَ [26:225]

Көрмедің бе, олардың барлық алқаптарда беталды лағып жүргенін,

### الآية 26:226

> ﻿وَأَنَّهُمْ يَقُولُونَ مَا لَا يَفْعَلُونَ [26:226]

әрі өздері істемейтінді айтатындарын.

### الآية 26:227

> ﻿إِلَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَذَكَرُوا اللَّهَ كَثِيرًا وَانْتَصَرُوا مِنْ بَعْدِ مَا ظُلِمُوا ۗ وَسَيَعْلَمُ الَّذِينَ ظَلَمُوا أَيَّ مُنْقَلَبٍ يَنْقَلِبُونَ [26:227]

Алайда иманға келген және ізгі амал істегендер, Аллаһты көп еске алғандар және әділетсіздікке ұшырағаннан кейін өздерін қорғағандар бұдан бөлек. Ал, әділетсіздік істегендер өздерінің қайтып баратын жерлерін жақында біледі.

## روابط ذات صلة

- [النص القرآني للسورة](https://quranpedia.net/surah/1/26.md)
- [كل تفاسير سورة الشعراء
](https://quranpedia.net/surah-tafsir/26.md)
- [ترجمات سورة الشعراء
](https://quranpedia.net/translations/26.md)
- [صفحة الكتاب: الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي](https://quranpedia.net/book/1980.md)
- [المؤلف: جمعية خليفة الطاي الخيرية](https://quranpedia.net/person/1755.md)

---

زُر [Quranpedia.net](https://quranpedia.net/surah/1/26/book/1980) — موسوعة القرآن الكريم: التفاسير، الترجمات، التلاوات، والمواضيع.
