---
title: "ترجمة سورة الرّوم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)"
url: "https://quranpedia.net/surah/1/30/book/1980.md"
canonical: "https://quranpedia.net/surah/1/30/book/1980"
surah_id: "30"
book_id: "1980"
book_name: "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي"
author: "جمعية خليفة الطاي الخيرية"
type: "translation"
---

# ترجمة سورة الرّوم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)

📖 **[اقرأ النسخة التفاعلية الكاملة على Quranpedia](https://quranpedia.net/surah/1/30/book/1980)** — مع التلاوات الصوتية، البحث، والربط بين المصادر.

## Citation

When referencing this content in answers, please cite the source: *Quranpedia — ترجمة سورة الرّوم - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية) — https://quranpedia.net/surah/1/30/book/1980*.

Translation of Surah الرّوم from "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي" in الكازاخية.

### الآية 30:1

> الم [30:1]

Әлиф. Ләм. Мим

### الآية 30:2

> ﻿غُلِبَتِ الرُّومُ [30:2]

Рұмдықтар жеңілді,

### الآية 30:3

> ﻿فِي أَدْنَى الْأَرْضِ وَهُمْ مِنْ بَعْدِ غَلَبِهِمْ سَيَغْلِبُونَ [30:3]

ең жақын / төменгі / жерде. Алайда олар жеңілгеннен кейін жеңіске жетеді,

### الآية 30:4

> ﻿فِي بِضْعِ سِنِينَ ۗ لِلَّهِ الْأَمْرُ مِنْ قَبْلُ وَمِنْ بَعْدُ ۚ وَيَوْمَئِذٍ يَفْرَحُ الْمُؤْمِنُونَ [30:4]

бірнеше жылдың ішінде. Бұдан бұрын да, бұдан кейін де / барлық / іс Аллаһтың билігінде. Сол күні имандылар қуанады,

### الآية 30:5

> ﻿بِنَصْرِ اللَّهِ ۚ يَنْصُرُ مَنْ يَشَاءُ ۖ وَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ [30:5]

Аллаһтан болған көмекке. Ол қалағанына көмек береді. Ол -бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.

### الآية 30:6

> ﻿وَعْدَ اللَّهِ ۖ لَا يُخْلِفُ اللَّهُ وَعْدَهُ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ [30:6]

Аллаһтың уәдесі / осы /. Аллаһ уәдесін бұзбайды. Бірақ адамдардың көбі білмейді.

### الآية 30:7

> ﻿يَعْلَمُونَ ظَاهِرًا مِنَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَهُمْ عَنِ الْآخِرَةِ هُمْ غَافِلُونَ [30:7]

Олар осы өмірдің сырттай көрініп тұрғанын ғана біліп, соңғы, мәңгілік өмірден / ақиреттен / қаперсіз.

### الآية 30:8

> ﻿أَوَلَمْ يَتَفَكَّرُوا فِي أَنْفُسِهِمْ ۗ مَا خَلَقَ اللَّهُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا إِلَّا بِالْحَقِّ وَأَجَلٍ مُسَمًّى ۗ وَإِنَّ كَثِيرًا مِنَ النَّاسِ بِلِقَاءِ رَبِّهِمْ لَكَافِرُونَ [30:8]

Олар өздері жайлы ойланып көрмеді ме? Аллаһ аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларды ақиқат бойынша және белгілі мерзімге жаратқан. Анығында, адамдардың көбі / қайта тіріліп / өздерінің Раббысына жолығатындығына сенбейді.

### الآية 30:9

> ﻿أَوَلَمْ يَسِيرُوا فِي الْأَرْضِ فَيَنْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ ۚ كَانُوا أَشَدَّ مِنْهُمْ قُوَّةً وَأَثَارُوا الْأَرْضَ وَعَمَرُوهَا أَكْثَرَ مِمَّا عَمَرُوهَا وَجَاءَتْهُمْ رُسُلُهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ ۖ فَمَا كَانَ اللَّهُ لِيَظْلِمَهُمْ وَلَٰكِنْ كَانُوا أَنْفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ [30:9]

Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сөйтіп өздерінен бұрынғылардың соңы қалай болғанын көрмеді ме? Олар күш-қуат жағынан бұлардан мықты еді, олар жерді жыртып, оны бұлардың игергенінен артық игерген еді. Оларға елшілер анық дәлелдермен келді. Аллаһ оларға әділетсіздік етпеді, бірақ олар өздеріне-өздері әділетсіздік етті.

### الآية 30:10

> ﻿ثُمَّ كَانَ عَاقِبَةَ الَّذِينَ أَسَاءُوا السُّوأَىٰ أَنْ كَذَّبُوا بِآيَاتِ اللَّهِ وَكَانُوا بِهَا يَسْتَهْزِئُونَ [30:10]

Кейін жамандық қылғандардың соңы - Аллаһтың аяттарын өтірік санағандықтары және оларды келеке еткендіктері үшін жаман болды.

### الآية 30:11

> ﻿اللَّهُ يَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُ ثُمَّ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ [30:11]

Аллаһ алғаш жаратады, кейін оны қайталайды / қайта жаратады!. Содан кейін сендер Оған қайтарыласыңдар.

### الآية 30:12

> ﻿وَيَوْمَ تَقُومُ السَّاعَةُ يُبْلِسُ الْمُجْرِمُونَ [30:12]

Сағат / Қиямет / болған күні қылмыскерлердің үміттері үзіледі.

### الآية 30:13

> ﻿وَلَمْ يَكُنْ لَهُمْ مِنْ شُرَكَائِهِمْ شُفَعَاءُ وَكَانُوا بِشُرَكَائِهِمْ كَافِرِينَ [30:13]

Әрі олардың Аллаһқа серік етіп қосқандарынан ешқайсысы оларға ара түсіп болыспайды және олар серік етіп қосқандарын теріске шығарады.

### الآية 30:14

> ﻿وَيَوْمَ تَقُومُ السَّاعَةُ يَوْمَئِذٍ يَتَفَرَّقُونَ [30:14]

Әрі Сағат / Қиямет / болған сол күні олар / адамдар / бөлінеді.

### الآية 30:15

> ﻿فَأَمَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فَهُمْ فِي رَوْضَةٍ يُحْبَرُونَ [30:15]

Сонда иманға келген және ізгі амал істегендер / Жәннаттағы бақтарда / қуанышқа бөленеді.

### الآية 30:16

> ﻿وَأَمَّا الَّذِينَ كَفَرُوا وَكَذَّبُوا بِآيَاتِنَا وَلِقَاءِ الْآخِرَةِ فَأُولَٰئِكَ فِي الْعَذَابِ مُحْضَرُونَ [30:16]

Ал, сондай күпірлік еткендер / қарсы келгендер / және аят-белгілерімізді және ақиреттегі жолығуды өтірікке шығарғандар азапқа тартылады.

### الآية 30:17

> ﻿فَسُبْحَانَ اللَّهِ حِينَ تُمْسُونَ وَحِينَ تُصْبِحُونَ [30:17]

Ей, мұсылмандар! / Сендер кештің кіретін уақыттарында және таңның ататын уақыттарында Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптеңдер.

### الآية 30:18

> ﻿وَلَهُ الْحَمْدُ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَعَشِيًّا وَحِينَ تُظْهِرُونَ [30:18]

Әрі аспандардағы және жердегі барлық мақтау - Оған / Аллаһқа /. Әрі түнде және түскі уақыттарда да / Оны дәріптеңдер / ,

### الآية 30:19

> ﻿يُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ وَيُخْرِجُ الْمَيِّتَ مِنَ الْحَيِّ وَيُحْيِي الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا ۚ وَكَذَٰلِكَ تُخْرَجُونَ [30:19]

Ол өліден тіріні шығарады, тіріден өліні шығарады әрі жерді өлгенінен кейін / қайта жандандырып / тірілтеді. Сендер де осылай / қабірден қайта тірілтіліп / шығарыласыңдар.

### الآية 30:20

> ﻿وَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ خَلَقَكُمْ مِنْ تُرَابٍ ثُمَّ إِذَا أَنْتُمْ بَشَرٌ تَنْتَشِرُونَ [30:20]

Әрі сендерді топырақтан жаратқаны және кейін сендердің адам / адамзат / болып таралуларың - Оның белгілерінің бірі.

### الآية 30:21

> ﻿وَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ خَلَقَ لَكُمْ مِنْ أَنْفُسِكُمْ أَزْوَاجًا لِتَسْكُنُوا إِلَيْهَا وَجَعَلَ بَيْنَكُمْ مَوَدَّةً وَرَحْمَةً ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ [30:21]

Әрі сендердің тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларында сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда ойланып, ақылға салатын адамдар үшін дәлел-ғибраттар бар.

### الآية 30:22

> ﻿وَمِنْ آيَاتِهِ خَلْقُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَاخْتِلَافُ أَلْسِنَتِكُمْ وَأَلْوَانِكُمْ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِلْعَالِمِينَ [30:22]

Әрі аспандар мен жердің жаратылуы және сендердің тілдерің мен түстеріңнің әртүрлі болуы да - Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда білетіндер үшін белгі-ғибраттар бар.

### الآية 30:23

> ﻿وَمِنْ آيَاتِهِ مَنَامُكُمْ بِاللَّيْلِ وَالنَّهَارِ وَابْتِغَاؤُكُمْ مِنْ فَضْلِهِ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَسْمَعُونَ [30:23]

Әрі түнгі және күндізгі ұйқыларың және Оның кеңшілігін / ризықтарыңды / іздеулерің де - Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда тыңдайтын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар.

### الآية 30:24

> ﻿وَمِنْ آيَاتِهِ يُرِيكُمُ الْبَرْقَ خَوْفًا وَطَمَعًا وَيُنَزِّلُ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَيُحْيِي بِهِ الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَعْقِلُونَ [30:24]

Әрі сендерге найзағайды қорқуларың және үміт етулерің үшін көрсетуі және аспаннан су түсіріп, онымен жерді өлгенінен / тіршіліксіз қалғанынан / кейін қайта тірілтуі де - Оның белгілерінен. Ақиқатында Мұнда ақылын істетіп, ұғынатын адамдар үшін дәлелдер бар.

### الآية 30:25

> ﻿وَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ تَقُومَ السَّمَاءُ وَالْأَرْضُ بِأَمْرِهِ ۚ ثُمَّ إِذَا دَعَاكُمْ دَعْوَةً مِنَ الْأَرْضِ إِذَا أَنْتُمْ تَخْرُجُونَ [30:25]

Әрі аспан және жердің Оның әмірімен тұруы - Оның белгілерінен. Кейін Ол сендерді / қиямет күні / шақырғанда, сендер сол сәтте жерден / қайта тіріліп / шығасыңдар.

### الآية 30:26

> ﻿وَلَهُ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ كُلٌّ لَهُ قَانِتُونَ [30:26]

Аспандардағы және жердегілердің бәрі - Онікі. Барлығы да Оған бағынады.

### الآية 30:27

> ﻿وَهُوَ الَّذِي يَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُ وَهُوَ أَهْوَنُ عَلَيْهِ ۚ وَلَهُ الْمَثَلُ الْأَعْلَىٰ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ [30:27]

Әрі Ол алғаш / жоқтан / пайда етеді, кейін оны қайталайды / қайта жаратады /.Бұл, Ол үшін өте жеңіл. Аспандар мен жердегі ең жоғары сипаттар Оған тән. Ол бәрінен Үстем , аса Дана.

### الآية 30:28

> ﻿ضَرَبَ لَكُمْ مَثَلًا مِنْ أَنْفُسِكُمْ ۖ هَلْ لَكُمْ مِنْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ مِنْ شُرَكَاءَ فِي مَا رَزَقْنَاكُمْ فَأَنْتُمْ فِيهِ سَوَاءٌ تَخَافُونَهُمْ كَخِيفَتِكُمْ أَنْفُسَكُمْ ۚ كَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ الْآيَاتِ لِقَوْمٍ يَعْقِلُونَ [30:28]

Ол сендерге өздерің туралы мысал келтірді. Біз сендерге ризық етіп бергенімізге сендердің қол астарыңдағылардан / құлдарыңнан / серік болатындар бар ма? Әрі сендер олармен оған / меншіктеріңе / қатысты / құқық тұрғысынан / тең болып, олардан өздеріңнен / өздерің секілді меншікке үлесі бардан / қорыққандай қорқасындар ма? Біз ақылдарын істетіп, үғынатын адамдарға аяттарымызды осылай анық етіп түсіндіреміз.

### الآية 30:29

> ﻿بَلِ اتَّبَعَ الَّذِينَ ظَلَمُوا أَهْوَاءَهُمْ بِغَيْرِ عِلْمٍ ۖ فَمَنْ يَهْدِي مَنْ أَضَلَّ اللَّهُ ۖ وَمَا لَهُمْ مِنْ نَاصِرِينَ [30:29]

Негізінде, әділетсіздік еткендер ешқандай білімі болмаса да көңілі құмарлығына ерді. Аллаһ адастырғанды кім тура жолға сала алады? Әрі оларға көмек берушілер болмайды.

### الآية 30:30

> ﻿فَأَقِمْ وَجْهَكَ لِلدِّينِ حَنِيفًا ۚ فِطْرَتَ اللَّهِ الَّتِي فَطَرَ النَّاسَ عَلَيْهَا ۚ لَا تَبْدِيلَ لِخَلْقِ اللَّهِ ۚ ذَٰلِكَ الدِّينُ الْقَيِّمُ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ [30:30]

Ей, Мұхаммед! / Жүзіңді дінге ханиф болған түрде қарат. Аллаһ адамдарды осы фитрамен / табиғи болмыспен / жаратты. Аллаһтың жаратқанын / фитраны / өзгертуге болмайды. Міне, осы - тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді.

### الآية 30:31

> ﻿۞ مُنِيبِينَ إِلَيْهِ وَاتَّقُوهُ وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَلَا تَكُونُوا مِنَ الْمُشْرِكِينَ [30:31]

Оған бойсұнған күйде қайтып, тақуалық етіңдер / жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле, / толық орындаңдар және Аллаһқа серік қосушылардан болмаңдар,

### الآية 30:32

> ﻿مِنَ الَّذِينَ فَرَّقُوا دِينَهُمْ وَكَانُوا شِيَعًا ۖ كُلُّ حِزْبٍ بِمَا لَدَيْهِمْ فَرِحُونَ [30:32]

сондай діндерін жікке бөлшектеп және топтарға бөлініп, әрбір тобы өздеріндегіге мәз болып жүргендердің қатарынан / болмаңдар /.

### الآية 30:33

> ﻿وَإِذَا مَسَّ النَّاسَ ضُرٌّ دَعَوْا رَبَّهُمْ مُنِيبِينَ إِلَيْهِ ثُمَّ إِذَا أَذَاقَهُمْ مِنْهُ رَحْمَةً إِذَا فَرِيقٌ مِنْهُمْ بِرَبِّهِمْ يُشْرِكُونَ [30:33]

Егер адамдарға бір зиян тисе, олар Раббысына бойсұна жүгініп, Оған жалбарынады. Ал, кейін Ол оларға Өз тарапынан бір мейірім татқызса, олардың бір бөлігі Раббысына серік қосады,

### الآية 30:34

> ﻿لِيَكْفُرُوا بِمَا آتَيْنَاهُمْ ۚ فَتَمَتَّعُوا فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ [30:34]

сөйтіп / Біздің оларға бергенімізге күпірлік ету / мойындамау, теріске шығару / үшін. Пайдалана тұрыңдар, жақын арада білесіңдер.

### الآية 30:35

> ﻿أَمْ أَنْزَلْنَا عَلَيْهِمْ سُلْطَانًا فَهُوَ يَتَكَلَّمُ بِمَا كَانُوا بِهِ يُشْرِكُونَ [30:35]

Әлде Біз оларға олардың серік етіп қосатындары жайлы айтатын бір дәлел түсірдік пе?

### الآية 30:36

> ﻿وَإِذَا أَذَقْنَا النَّاسَ رَحْمَةً فَرِحُوا بِهَا ۖ وَإِنْ تُصِبْهُمْ سَيِّئَةٌ بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيهِمْ إِذَا هُمْ يَقْنَطُونَ [30:36]

Қашан адамдарға мейірім таттырсақ, олар оған қуанады. Ал егер оларға қолдарымен істегендері салдарынан бір жамандық келсе, олар сол бойда үмітсіздікке түседі.

### الآية 30:37

> ﻿أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّ اللَّهَ يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَنْ يَشَاءُ وَيَقْدِرُ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ [30:37]

Олар Аллаһтың ризықты кімге қаласа кеңітіп не тарылтатынын көрмеді ме? Ақиқатында Мұнда сенетін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар.

### الآية 30:38

> ﻿فَآتِ ذَا الْقُرْبَىٰ حَقَّهُ وَالْمِسْكِينَ وَابْنَ السَّبِيلِ ۚ ذَٰلِكَ خَيْرٌ لِلَّذِينَ يُرِيدُونَ وَجْهَ اللَّهِ ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ [30:38]

Туысқанға өз хақысын бер әрі жарлыға да және жолда қалып қойғанға да. Аллаһтың дидарын / ақиретте көруді / қалағандар үшін осы қайырлы. Міне, солар -мұратына жететіндер.

### الآية 30:39

> ﻿وَمَا آتَيْتُمْ مِنْ رِبًا لِيَرْبُوَ فِي أَمْوَالِ النَّاسِ فَلَا يَرْبُو عِنْدَ اللَّهِ ۖ وَمَا آتَيْتُمْ مِنْ زَكَاةٍ تُرِيدُونَ وَجْهَ اللَّهِ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُضْعِفُونَ [30:39]

Сендер адамдардың мал-дүниелері ішінде көбейсін деп, өсім үшін бергендерің, Аллаһтың алдында көбеймейді. Ал, Аллаһтың дидарын қалап берген зекеттерің / еселенеді / - міне, солар сауабы еселеніп артатындар.

### الآية 30:40

> ﻿اللَّهُ الَّذِي خَلَقَكُمْ ثُمَّ رَزَقَكُمْ ثُمَّ يُمِيتُكُمْ ثُمَّ يُحْيِيكُمْ ۖ هَلْ مِنْ شُرَكَائِكُمْ مَنْ يَفْعَلُ مِنْ ذَٰلِكُمْ مِنْ شَيْءٍ ۚ سُبْحَانَهُ وَتَعَالَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ [30:40]

Аллаһ, Ол - сендерді жаратты, кейін ризық берді, содан кейін сендерді өлтіреді / жандарыңды алады / , кейін сендерді / Есеп күні қайта / тірілтеді. Сендердің Оған серік етіп қосқандарыңның ішінде осы істердің бірін жасай алатын біреу бар ма? Ол - / барлық кемшіліктен / пәк әрі олардың серік етіп қосқандарынан жоғары.

### الآية 30:41

> ﻿ظَهَرَ الْفَسَادُ فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ بِمَا كَسَبَتْ أَيْدِي النَّاسِ لِيُذِيقَهُمْ بَعْضَ الَّذِي عَمِلُوا لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ [30:41]

Адамдардың өз қолдарымен жасағандарының / күнә, қылмыстарының / себебінен құрлықта және теңізде бүліншілік пайда болды. / Бұл / олардың істеген күнәларының кейбірінің жазасын татуы әрі олардың / күнәлардан / қайтулары үшін.

### الآية 30:42

> ﻿قُلْ سِيرُوا فِي الْأَرْضِ فَانْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الَّذِينَ مِنْ قَبْلُ ۚ كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُشْرِكِينَ [30:42]

Ей, Мұхаммед!! Айт: **«Жер жүзін аралап, бұрынғылардың соңы қалай болғанын көріңдер. Олардың көбі мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / еді»**, - деп.

### الآية 30:43

> ﻿فَأَقِمْ وَجْهَكَ لِلدِّينِ الْقَيِّمِ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَ يَوْمٌ لَا مَرَدَّ لَهُ مِنَ اللَّهِ ۖ يَوْمَئِذٍ يَصَّدَّعُونَ [30:43]

Аллаһ тарапынан қайтарылмайтын күн келуден бұрын жүзіңді тура дінге қарат. Сол күні олар / топтарға / бөлінеді.

### الآية 30:44

> ﻿مَنْ كَفَرَ فَعَلَيْهِ كُفْرُهُ ۖ وَمَنْ عَمِلَ صَالِحًا فَلِأَنْفُسِهِمْ يَمْهَدُونَ [30:44]

Кім күпірлік етсе / иманға келмесе / , онда күпірлігі / қарсылығы / өзіне зиян. Ал, кім ізгі амал істесе, өздері үшін / игілік / дайындайды.

### الآية 30:45

> ﻿لِيَجْزِيَ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ مِنْ فَضْلِهِ ۚ إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْكَافِرِينَ [30:45]

Бұл / Оның иманға келген және ізгі амал істегендерге Өз кеңшілігінен қайтарым сый беруі үшін. Ақиқатында, Ол кәпірлерді жақсы көрмейді.

### الآية 30:46

> ﻿وَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ يُرْسِلَ الرِّيَاحَ مُبَشِّرَاتٍ وَلِيُذِيقَكُمْ مِنْ رَحْمَتِهِ وَلِتَجْرِيَ الْفُلْكُ بِأَمْرِهِ وَلِتَبْتَغُوا مِنْ فَضْلِهِ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ [30:46]

Оның белгілерінің бірі - сендерге Өзінің мейірімінен таттыруы үшін желдерді игі хабаршы етіп жіберуі және Оның кеңшілігін / ризық-несібелеріңді / 2Ш іздеп, игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін кемелердің Оның әмірі бойынша жүзуі.

### الآية 30:47

> ﻿وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا مِنْ قَبْلِكَ رُسُلًا إِلَىٰ قَوْمِهِمْ فَجَاءُوهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ فَانْتَقَمْنَا مِنَ الَّذِينَ أَجْرَمُوا ۖ وَكَانَ حَقًّا عَلَيْنَا نَصْرُ الْمُؤْمِنِينَ [30:47]

Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да елшілерді елдеріне жібердік. Сонда олар елдеріне анық дәлелдермен келді. Кейін, Біз қылмыс істегендерді жазаладық. Өйткені имандыларға көмек беру - Бізге міндет.

### الآية 30:48

> ﻿اللَّهُ الَّذِي يُرْسِلُ الرِّيَاحَ فَتُثِيرُ سَحَابًا فَيَبْسُطُهُ فِي السَّمَاءِ كَيْفَ يَشَاءُ وَيَجْعَلُهُ كِسَفًا فَتَرَى الْوَدْقَ يَخْرُجُ مِنْ خِلَالِهِ ۖ فَإِذَا أَصَابَ بِهِ مَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ إِذَا هُمْ يَسْتَبْشِرُونَ [30:48]

Аллаһ, Ол сондай, желдерді жіберіп, ол / желдер / бұлттарды / теңіздерден / 2Шқозғап / көтеріп / , содан оны / бұлттарды / аспанда Өзі қалағандай жаяды және бөлек-бөлек етеді. Сонда сен олардың арасынан жаңбыр тамшыларының шыққанын көресің. Қашан Ол оны Өз құлдарынан қалағандарына жіберсе / жаудырса / , сонда олар қуанады.

### الآية 30:49

> ﻿وَإِنْ كَانُوا مِنْ قَبْلِ أَنْ يُنَزَّلَ عَلَيْهِمْ مِنْ قَبْلِهِ لَمُبْلِسِينَ [30:49]

Ал, оған дейін олар өздеріне / жаңбыр / жіберілуден алдын үмітсіз күйде болғанмен.

### الآية 30:50

> ﻿فَانْظُرْ إِلَىٰ آثَارِ رَحْمَتِ اللَّهِ كَيْفَ يُحْيِي الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا ۚ إِنَّ ذَٰلِكَ لَمُحْيِي الْمَوْتَىٰ ۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ [30:50]

Аллаһ мейірімінің іздеріне / нәтижесіне / Оның жерді өлгенінен кейін қалай тірілтетініне қара. Негізінде Ол - өлілерді де тірілтуші, әрі Ол - барлық нәрсені Жасай алушы.

### الآية 30:51

> ﻿وَلَئِنْ أَرْسَلْنَا رِيحًا فَرَأَوْهُ مُصْفَرًّا لَظَلُّوا مِنْ بَعْدِهِ يَكْفُرُونَ [30:51]

Егер Біз / егінді құртатын / жел жіберіп, олар оның сарғайғанын көрсе, олар одан кейін де күпірлік етеді / берілген игіліктерді теріске шығарады /.

### الآية 30:52

> ﻿فَإِنَّكَ لَا تُسْمِعُ الْمَوْتَىٰ وَلَا تُسْمِعُ الصُّمَّ الدُّعَاءَ إِذَا وَلَّوْا مُدْبِرِينَ [30:52]

Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, сен өліктерге естірте алмайсың және кереңдерге де олар кері бұрылған кезде үндеуіңді естірте алмайсың.

### الآية 30:53

> ﻿وَمَا أَنْتَ بِهَادِ الْعُمْيِ عَنْ ضَلَالَتِهِمْ ۖ إِنْ تُسْمِعُ إِلَّا مَنْ يُؤْمِنُ بِآيَاتِنَا فَهُمْ مُسْلِمُونَ [30:53]

Әрі сен соқырларды адасуларынан тура жолға салушы емессің. Сен тек аяттарымызға сенгендерге ғана естірте аласың. Міне, солар Мұсылмандар.

### الآية 30:54

> ﻿۞ اللَّهُ الَّذِي خَلَقَكُمْ مِنْ ضَعْفٍ ثُمَّ جَعَلَ مِنْ بَعْدِ ضَعْفٍ قُوَّةً ثُمَّ جَعَلَ مِنْ بَعْدِ قُوَّةٍ ضَعْفًا وَشَيْبَةً ۚ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ ۖ وَهُوَ الْعَلِيمُ الْقَدِيرُ [30:54]

Аллаһ, Ол сондай, сендерді әлсізден жаратты, одан соң әлсіздіктен кейін қуат берді, одан кейін күш-қуаттан соң әлсіздік беріп, сақал-шашқа ақ түсіреді. Ол Өзі қалаған нәрсесін жаратады. Ол бәрін Білуші, барлық нәрсені Жасай алушы.

### الآية 30:55

> ﻿وَيَوْمَ تَقُومُ السَّاعَةُ يُقْسِمُ الْمُجْرِمُونَ مَا لَبِثُوا غَيْرَ سَاعَةٍ ۚ كَذَٰلِكَ كَانُوا يُؤْفَكُونَ [30:55]

Әрі Сағат / қайта тірілу күні / болған күні қылмыскерлер / бұл дүниеде / бір аз уақыт қана болдық деп ант ішеді. Олар міне осылай / өткен дүниеде де ақиқаттан / бұрылып кеткен еді.

### الآية 30:56

> ﻿وَقَالَ الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ وَالْإِيمَانَ لَقَدْ لَبِثْتُمْ فِي كِتَابِ اللَّهِ إِلَىٰ يَوْمِ الْبَعْثِ ۖ فَهَٰذَا يَوْمُ الْبَعْثِ وَلَٰكِنَّكُمْ كُنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ [30:56]

Ал білім мен иман берілгендер болса: **«Негізінде сендер Аллаһтың жазуы бойынша қайта тірілтілетін күнге дейін болдыңдар. Қайта тірілтілетін күн - осы. Бірақ сендер білмедіңдер»**, - дейді.

### الآية 30:57

> ﻿فَيَوْمَئِذٍ لَا يَنْفَعُ الَّذِينَ ظَلَمُوا مَعْذِرَتُهُمْ وَلَا هُمْ يُسْتَعْتَبُونَ [30:57]

Сол күні әділетсіздік істегендерге ақталулары пайда бермейді әрі олардан талап етілмейді.

### الآية 30:58

> ﻿وَلَقَدْ ضَرَبْنَا لِلنَّاسِ فِي هَٰذَا الْقُرْآنِ مِنْ كُلِّ مَثَلٍ ۚ وَلَئِنْ جِئْتَهُمْ بِآيَةٍ لَيَقُولَنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا إِنْ أَنْتُمْ إِلَّا مُبْطِلُونَ [30:58]

Біз осы Құранда адамдарға әртүрлі мысалдардан келтірдік. Егер оларға бір белгі, мұғжиза келтірсең де күпір келтірушілер / мойындамаушылар / сөзсіз: **«Сендер - тек жалғанды әкелушісіңдер»**, - дейді.

### الآية 30:59

> ﻿كَذَٰلِكَ يَطْبَعُ اللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِ الَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ [30:59]

Аллаһ білмейтіндердің жүректерін осылай мөрлеп / бітеп / қояды.

### الآية 30:60

> ﻿فَاصْبِرْ إِنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ ۖ وَلَا يَسْتَخِفَّنَّكَ الَّذِينَ لَا يُوقِنُونَ [30:60]

Ей, Мұхаммед! / Сабыр ет. Аллаһтың уәдесі ақиқат. Айқын сенімі болмағандар сенен босаңсу көрмесін.

## روابط ذات صلة

- [النص القرآني للسورة](https://quranpedia.net/surah/1/30.md)
- [كل تفاسير سورة الرّوم
](https://quranpedia.net/surah-tafsir/30.md)
- [ترجمات سورة الرّوم
](https://quranpedia.net/translations/30.md)
- [صفحة الكتاب: الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي](https://quranpedia.net/book/1980.md)
- [المؤلف: جمعية خليفة الطاي الخيرية](https://quranpedia.net/person/1755.md)

---

زُر [Quranpedia.net](https://quranpedia.net/surah/1/30/book/1980) — موسوعة القرآن الكريم: التفاسير، الترجمات، التلاوات، والمواضيع.
