---
title: "ترجمة سورة السجدة - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)"
url: "https://quranpedia.net/surah/1/32/book/1980.md"
canonical: "https://quranpedia.net/surah/1/32/book/1980"
surah_id: "32"
book_id: "1980"
book_name: "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي"
author: "جمعية خليفة الطاي الخيرية"
type: "translation"
---

# ترجمة سورة السجدة - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)

📖 **[اقرأ النسخة التفاعلية الكاملة على Quranpedia](https://quranpedia.net/surah/1/32/book/1980)** — مع التلاوات الصوتية، البحث، والربط بين المصادر.

## Citation

When referencing this content in answers, please cite the source: *Quranpedia — ترجمة سورة السجدة - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية) — https://quranpedia.net/surah/1/32/book/1980*.

Translation of Surah السجدة from "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي" in الكازاخية.

### الآية 32:1

> الم [32:1]

Әлиф. Ләм. Мим.

### الآية 32:2

> ﻿تَنْزِيلُ الْكِتَابِ لَا رَيْبَ فِيهِ مِنْ رَبِّ الْعَالَمِينَ [32:2]

Бұл Кітаптың әлемдердің Раббысынан түсірілгендігіне ешқандай күмән жоқ.

### الآية 32:3

> ﻿أَمْ يَقُولُونَ افْتَرَاهُ ۚ بَلْ هُوَ الْحَقُّ مِنْ رَبِّكَ لِتُنْذِرَ قَوْمًا مَا أَتَاهُمْ مِنْ نَذِيرٍ مِنْ قَبْلِكَ لَعَلَّهُمْ يَهْتَدُونَ [32:3]

Әлде олар: **«Ол оны ойдан шығарды»**, дей ме? Жоқ, олай емес! Бұл - сенен бұрын ескертуші келмеген елдің тура жолға түсуіне үгіттеп, ескертуің үшін Раббыңнан / түскен / ақиқат.

### الآية 32:4

> ﻿اللَّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَىٰ عَلَى الْعَرْشِ ۖ مَا لَكُمْ مِنْ دُونِهِ مِنْ وَلِيٍّ وَلَا شَفِيعٍ ۚ أَفَلَا تَتَذَكَّرُونَ [32:4]

Аллаһ, Ол сондай, - аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Сендер үшін Одан басқа ешбір қамқоршы да, араша түсуші де жоқ. Еске алмайсыңдар ма?

### الآية 32:5

> ﻿يُدَبِّرُ الْأَمْرَ مِنَ السَّمَاءِ إِلَى الْأَرْضِ ثُمَّ يَعْرُجُ إِلَيْهِ فِي يَوْمٍ كَانَ مِقْدَارُهُ أَلْفَ سَنَةٍ مِمَّا تَعُدُّونَ [32:5]

Ол аспаннан жерге дейін Өз әмірін жүргізеді. Кейін ол / ол істер / , мөлшері сендердің есептеріңмен мың жыл болатын бір күнде Оған көтеріледі.

### الآية 32:6

> ﻿ذَٰلِكَ عَالِمُ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ [32:6]

Міне, сол - ғайып пен айқын нәрсені Білуші, бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді,

### الآية 32:7

> ﻿الَّذِي أَحْسَنَ كُلَّ شَيْءٍ خَلَقَهُ ۖ وَبَدَأَ خَلْقَ الْإِنْسَانِ مِنْ طِينٍ [32:7]

Ол әрбір нәрсені өте жақсы / кемел де кемшіліксіз / етіп жаратты. Әрі Ол адамның / Адам атаның / жаратылысын лайдан бастады,

### الآية 32:8

> ﻿ثُمَّ جَعَلَ نَسْلَهُ مِنْ سُلَالَةٍ مِنْ مَاءٍ مَهِينٍ [32:8]

кейін оның ұрпағын әлсіз / елеусіз / судың тамшысынан жасады.

### الآية 32:9

> ﻿ثُمَّ سَوَّاهُ وَنَفَخَ فِيهِ مِنْ رُوحِهِ ۖ وَجَعَلَ لَكُمُ السَّمْعَ وَالْأَبْصَارَ وَالْأَفْئِدَةَ ۚ قَلِيلًا مَا تَشْكُرُونَ [32:9]

Кейін оны / рет-ретімен / теңестіріп, оған Өзіндегі / иелігіндегі / рухтан үрледі. Әрі Ол сендерге естуді, көруді және жүректерді берді. Сендер аз шүкір етесіңдер / Оның берген игіліктеріне аз алғысбілдіресіңдер /.

### الآية 32:10

> ﻿وَقَالُوا أَإِذَا ضَلَلْنَا فِي الْأَرْضِ أَإِنَّا لَفِي خَلْقٍ جَدِيدٍ ۚ بَلْ هُمْ بِلِقَاءِ رَبِّهِمْ كَافِرُونَ [32:10]

Ал, олар / сенбейтіндер / :**«Біз жермен араласып жоғалсақ та жаңадан / қайта / жаратыламыз ба?»** - деді. Жоқ, олар өздерінің Раббысымен жолығуға сенбейді.

### الآية 32:11

> ﻿۞ قُلْ يَتَوَفَّاكُمْ مَلَكُ الْمَوْتِ الَّذِي وُكِّلَ بِكُمْ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّكُمْ تُرْجَعُونَ [32:11]

Ей, Мұхаммед! / Айт: **«Жандарыңды сендерге уәкіл етілген өлім періштесі алады, одан кейін сендер өздеріңнің Раббыңа қайтарыласыңдар»**, -деп.

### الآية 32:12

> ﻿وَلَوْ تَرَىٰ إِذِ الْمُجْرِمُونَ نَاكِسُو رُءُوسِهِمْ عِنْدَ رَبِّهِمْ رَبَّنَا أَبْصَرْنَا وَسَمِعْنَا فَارْجِعْنَا نَعْمَلْ صَالِحًا إِنَّا مُوقِنُونَ [32:12]

Сен қылмыскерлердің өздерінің Раббы­сы алдында бастарын иіп: **«Раббымыз! Біз көрдік және естідік. Бізді артқа қайтар, ізгі амал істейік. Біз енді анық сендік»**, — деп айтқандарын көргеніңде еді.

### الآية 32:13

> ﻿وَلَوْ شِئْنَا لَآتَيْنَا كُلَّ نَفْسٍ هُدَاهَا وَلَٰكِنْ حَقَّ الْقَوْلُ مِنِّي لَأَمْلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنَ الْجِنَّةِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ [32:13]

Егер де қалағанымызда, барлық адамды тура жолмен жүргізер едік. Бірақ Менен: **«Тозақты жындардың және адамдардың / кәпір, күнәһарларының / барлығымен әлбетте толтырамын»** - деп айтылған сөз болды.

### الآية 32:14

> ﻿فَذُوقُوا بِمَا نَسِيتُمْ لِقَاءَ يَوْمِكُمْ هَٰذَا إِنَّا نَسِينَاكُمْ ۖ وَذُوقُوا عَذَابَ الْخُلْدِ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ [32:14]

Имансыздарға / :**«Өздеріңнің осы күндеріңе жолығуды ұмытқандарың үшін / азапты / татыңдар. Анығында, Біз де сендерді / Есеп күнін ұмытқандарыңдай / ұмыттық. Істеп өткен амалдарың үшін мәңгіліктің азабын татыңдар»**, - делінеді.

### الآية 32:15

> ﻿إِنَّمَا يُؤْمِنُ بِآيَاتِنَا الَّذِينَ إِذَا ذُكِّرُوا بِهَا خَرُّوا سُجَّدًا وَسَبَّحُوا بِحَمْدِ رَبِّهِمْ وَهُمْ لَا يَسْتَكْبِرُونَ ۩ [32:15]

Анығында, Біздің аяттарымызға, - ол арқылы естеріне салынған кезде, өздерін жоғары санап, менменсімей сәждеге жығылып және өздерінің Раббысына мақтаулар айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейтіндер ғана сенеді.

### الآية 32:16

> ﻿تَتَجَافَىٰ جُنُوبُهُمْ عَنِ الْمَضَاجِعِ يَدْعُونَ رَبَّهُمْ خَوْفًا وَطَمَعًا وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنْفِقُونَ [32:16]

Олар жамбастары төсектерден ажырап, өздерінің Раббысынан қорқып және үміт етіп тілейді әрі Біз өздеріне ризық етіп бергеннен жұмсайды.

### الآية 32:17

> ﻿فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَا أُخْفِيَ لَهُمْ مِنْ قُرَّةِ أَعْيُنٍ جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ [32:17]

Ешбір жан істеген амалдары үшін қайтарым сый ретінде өздері көзайым болатын қандай қуаныштың жасырылғанын білмейді.

### الآية 32:18

> ﻿أَفَمَنْ كَانَ مُؤْمِنًا كَمَنْ كَانَ فَاسِقًا ۚ لَا يَسْتَوُونَ [32:18]

Иманды жан / мүмін / - бүлдіруші / бойсұнбаушы / біреу секілді ме?! Олар тең емес.

### الآية 32:19

> ﻿أَمَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فَلَهُمْ جَنَّاتُ الْمَأْوَىٰ نُزُلًا بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ [32:19]

Иманға келген және ізгі амал жасағандарға істеген амалдары үшін Мәуа / жәннатының / бақтарында сый-құрметтер болады.

### الآية 32:20

> ﻿وَأَمَّا الَّذِينَ فَسَقُوا فَمَأْوَاهُمُ النَّارُ ۖ كُلَّمَا أَرَادُوا أَنْ يَخْرُجُوا مِنْهَا أُعِيدُوا فِيهَا وَقِيلَ لَهُمْ ذُوقُوا عَذَابَ النَّارِ الَّذِي كُنْتُمْ بِهِ تُكَذِّبُونَ [32:20]

Ал, бұзық іс істейтіндердің / бойсұнбағандардың / тұрағы - От. Олар әркез ол жерден шығуды қалағанда, оған қайтарылады әрі оларға: **«Өздерің өтірік санаған от азабын татыңдар»**, - делінеді.

### الآية 32:21

> ﻿وَلَنُذِيقَنَّهُمْ مِنَ الْعَذَابِ الْأَدْنَىٰ دُونَ الْعَذَابِ الْأَكْبَرِ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ [32:21]

Әрі міндетті түрде, Біз оларға / иманға / қайтулары үшін үлкен азаптан алдын жақын азапты / осы дүниедегі ауыртпашылықтарды / таттырамыз.

### الآية 32:22

> ﻿وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنْ ذُكِّرَ بِآيَاتِ رَبِّهِ ثُمَّ أَعْرَضَ عَنْهَا ۚ إِنَّا مِنَ الْمُجْرِمِينَ مُنْتَقِمُونَ [32:22]

Әрі Раббысының аят-белгілері есіне салынғаннан кейін, одан теріс бұрылғаннан өткен әділетсіз кім бар? Анығында, Біз қылмыскерлерден кек аламыз.

### الآية 32:23

> ﻿وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ فَلَا تَكُنْ فِي مِرْيَةٍ مِنْ لِقَائِهِ ۖ وَجَعَلْنَاهُ هُدًى لِبَنِي إِسْرَائِيلَ [32:23]

Ей, Мұхаммед! / Біз Мұсаға Кітапты бердік. Онымен жолығудан күмәнда болма. Әрі Біз оны / Тәуратты / Исраил ұрпақтарына / тура жолды ұстануға / жолбасшы еттік,

### الآية 32:24

> ﻿وَجَعَلْنَا مِنْهُمْ أَئِمَّةً يَهْدُونَ بِأَمْرِنَا لَمَّا صَبَرُوا ۖ وَكَانُوا بِآيَاتِنَا يُوقِنُونَ [32:24]

және олар сабыр етіп, аяттарымызға айқын сенген кезде, араларынан әміріміз бойынша тура жолға бастайтын жетекшілер шығардық.

### الآية 32:25

> ﻿إِنَّ رَبَّكَ هُوَ يَفْصِلُ بَيْنَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فِيمَا كَانُوا فِيهِ يَخْتَلِفُونَ [32:25]

Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты олардың араларына, әлбетте, үкім шығарады.

### الآية 32:26

> ﻿أَوَلَمْ يَهْدِ لَهُمْ كَمْ أَهْلَكْنَا مِنْ قَبْلِهِمْ مِنَ الْقُرُونِ يَمْشُونَ فِي مَسَاكِنِهِمْ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ ۖ أَفَلَا يَسْمَعُونَ [32:26]

Олардан бұрын өткен қаншама ұрпақтарды Біздің жойып жібергеніміз, оларды шынымен жолға салмады ма? Өздері / бүгін / олардың жұрттарынан / мекендерінен / өтіп жүр. Ақиқатында, мұнда белгі-ғибраттар бар. Олар сонда да құлақ аспай ма?

### الآية 32:27

> ﻿أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّا نَسُوقُ الْمَاءَ إِلَى الْأَرْضِ الْجُرُزِ فَنُخْرِجُ بِهِ زَرْعًا تَأْكُلُ مِنْهُ أَنْعَامُهُمْ وَأَنْفُسُهُمْ ۖ أَفَلَا يُبْصِرُونَ [32:27]

Олар / имансыздар / суды шел жерге қарай айдап, ол арқылы олардың малдары және өздері жейтін егін шығарғанымызды көрмеді ме? Олар әлі де көрмей ме?

### الآية 32:28

> ﻿وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا الْفَتْحُ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ [32:28]

Әрі олар: **«Егер шын сөзді болсаңдар, бұл үкім / шешім / қашан болады?»** - дейді.

### الآية 32:29

> ﻿قُلْ يَوْمَ الْفَتْحِ لَا يَنْفَعُ الَّذِينَ كَفَرُوا إِيمَانُهُمْ وَلَا هُمْ يُنْظَرُونَ [32:29]

Ей, Мұхаммед! / Айт: **«Үкім берілетін күні сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқа қарсы келгендерге / сенімдері пайда бермейді және оларға мұрсат та берілмейді»**, -деп.

### الآية 32:30

> ﻿فَأَعْرِضْ عَنْهُمْ وَانْتَظِرْ إِنَّهُمْ مُنْتَظِرُونَ [32:30]

Енді олардан теріс бұрыл және күт. Өйткені олар да күтуде.

## روابط ذات صلة

- [النص القرآني للسورة](https://quranpedia.net/surah/1/32.md)
- [كل تفاسير سورة السجدة
](https://quranpedia.net/surah-tafsir/32.md)
- [ترجمات سورة السجدة
](https://quranpedia.net/translations/32.md)
- [صفحة الكتاب: الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي](https://quranpedia.net/book/1980.md)
- [المؤلف: جمعية خليفة الطاي الخيرية](https://quranpedia.net/person/1755.md)

---

زُر [Quranpedia.net](https://quranpedia.net/surah/1/32/book/1980) — موسوعة القرآن الكريم: التفاسير، الترجمات، التلاوات، والمواضيع.
