---
title: "ترجمة سورة سبأ - الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد (الكازاخية)"
url: "https://quranpedia.net/surah/1/34/book/1979.md"
canonical: "https://quranpedia.net/surah/1/34/book/1979"
surah_id: "34"
book_id: "1979"
book_name: "الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد"
author: "خليفة الطاي"
type: "translation"
---

# ترجمة سورة سبأ - الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد (الكازاخية)

📖 **[اقرأ النسخة التفاعلية الكاملة على Quranpedia](https://quranpedia.net/surah/1/34/book/1979)** — مع التلاوات الصوتية، البحث، والربط بين المصادر.

## Citation

When referencing this content in answers, please cite the source: *Quranpedia — ترجمة سورة سبأ - الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد (الكازاخية) — https://quranpedia.net/surah/1/34/book/1979*.

Translation of Surah سبأ from "الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد" in الكازاخية.

### الآية 34:1

> الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ وَلَهُ الْحَمْدُ فِي الْآخِرَةِ ۚ وَهُوَ الْحَكِيمُ الْخَبِيرُ [34:1]

Көктер мен жерде болған нәрселер; өзіне тән болған Аллаға, барлық мақтау лайық. Әрі ахиреттегі мақтау да Оған лайық. Ол, хикнет иесі, толық хабар алушы.

### الآية 34:2

> ﻿يَعْلَمُ مَا يَلِجُ فِي الْأَرْضِ وَمَا يَخْرُجُ مِنْهَا وَمَا يَنْزِلُ مِنَ السَّمَاءِ وَمَا يَعْرُجُ فِيهَا ۚ وَهُوَ الرَّحِيمُ الْغَفُورُ [34:2]

Ол, жерге кіргенді, одан шықанды әрі көкге шыққанды, одан түскенді біледі. Ол, тым мейірімді, аса жарылқаушы.

### الآية 34:3

> ﻿وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لَا تَأْتِينَا السَّاعَةُ ۖ قُلْ بَلَىٰ وَرَبِّي لَتَأْتِيَنَّكُمْ عَالِمِ الْغَيْبِ ۖ لَا يَعْزُبُ عَنْهُ مِثْقَالُ ذَرَّةٍ فِي السَّمَاوَاتِ وَلَا فِي الْأَرْضِ وَلَا أَصْغَرُ مِنْ ذَٰلِكَ وَلَا أَكْبَرُ إِلَّا فِي كِتَابٍ مُبِينٍ [34:3]

Қарсы болғандар: "Бізге қиямет келмейді" деді. (Мұхаммед Ғ.С.): "Олай емес, көместі білетін Раббына ант етемін! Әлбетте сендерге ол мезгіл келеді. Көктердегі, жердегі тозаңның түйірінің салмағындай нәрсе Одан тасаланбайды. Сондай-ақ одан үлкені де кішкенесі де белгілі бір Кітапта жазулы" де

### الآية 34:4

> ﻿لِيَجْزِيَ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ ۚ أُولَٰئِكَ لَهُمْ مَغْفِرَةٌ وَرِزْقٌ كَرِيمٌ [34:4]

(Ол күні) иман келтіріп, ізгі іс істегендерге сыйлық берілуі үшін. Міне солар үшін; жарылқау, көркем несібе бар.

### الآية 34:5

> ﻿وَالَّذِينَ سَعَوْا فِي آيَاتِنَا مُعَاجِزِينَ أُولَٰئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ مِنْ رِجْزٍ أَلِيمٌ [34:5]

Ал аяттарымыз жайында оны күшінен қалдыруға тырысқандар, міне соларға жаман бейнетті азап бар.

### الآية 34:6

> ﻿وَيَرَى الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ الَّذِي أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ هُوَ الْحَقَّ وَيَهْدِي إِلَىٰ صِرَاطِ الْعَزِيزِ الْحَمِيدِ [34:6]

Өздеріне білім берілгендердің, саған Раббыңнан түсірілгеннің хақ екендігіне және мақтаулы, үстем Алланың жолына салатындығына көздері жетеді.

### الآية 34:7

> ﻿وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا هَلْ نَدُلُّكُمْ عَلَىٰ رَجُلٍ يُنَبِّئُكُمْ إِذَا مُزِّقْتُمْ كُلَّ مُمَزَّقٍ إِنَّكُمْ لَفِي خَلْقٍ جَدِيدٍ [34:7]

Сондай қарсы болғандар, (өзара): "Қашан сендер бөлшектеліп, тозаңға айналғаннан кейін, шын жаңадан жаратылатындарыңнан сендерге хабар беретін адамды көрсетейік бе?",- деседі.

### الآية 34:8

> ﻿أَفْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا أَمْ بِهِ جِنَّةٌ ۗ بَلِ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِالْآخِرَةِ فِي الْعَذَابِ وَالضَّلَالِ الْبَعِيدِ [34:8]

"Ол, Аллаға байланысты өтірік жала қоя ма? Немесе оның жындылығы бар ма?" Жоқ олай емес. Ахиретке сенбегендер, азапта және ұзақ адасуда.

### الآية 34:9

> ﻿أَفَلَمْ يَرَوْا إِلَىٰ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ مِنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ ۚ إِنْ نَشَأْ نَخْسِفْ بِهِمُ الْأَرْضَ أَوْ نُسْقِطْ عَلَيْهِمْ كِسَفًا مِنَ السَّمَاءِ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً لِكُلِّ عَبْدٍ مُنِيبٍ [34:9]

Олар, көктен және жерден алды-артындағы нәрселерді көрмей ме? Егер қаласақ, оларды жерге жұтқызамыз не үстеріне көктен көсектер түсіреміз. Рас мұнда Аллаға берілген әр құл үшін ғибрат бар.

### الآية 34:10

> ﻿۞ وَلَقَدْ آتَيْنَا دَاوُودَ مِنَّا فَضْلًا ۖ يَا جِبَالُ أَوِّبِي مَعَهُ وَالطَّيْرَ ۖ وَأَلَنَّا لَهُ الْحَدِيدَ [34:10]

Расында Дәуіт (Ғ.С.) ке өз жанымыздан ізгілік бердік: "Әй таулар, құстар! Онымен бірге үн қосыңдар" (дедік.) Және оған темірді жұмсаттық: (21-С. 79-А.) (Дәуіт Ғ.С. ның мұғжизалары; ол тәсбих айтқанда, таулар, құштар ән қосып, қолында; қара темір жұмсап, одан аспаптар жасайды. Б.Ж.К.М.Р.)

### الآية 34:11

> ﻿أَنِ اعْمَلْ سَابِغَاتٍ وَقَدِّرْ فِي السَّرْدِ ۖ وَاعْمَلُوا صَالِحًا ۖ إِنِّي بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ [34:11]

"Кең сауыттар жаса, оны тоқығанда мөлшерле. Оң істеңдер. Әрине не істегендеріңді толық көрушімін."

### الآية 34:12

> ﻿وَلِسُلَيْمَانَ الرِّيحَ غُدُوُّهَا شَهْرٌ وَرَوَاحُهَا شَهْرٌ ۖ وَأَسَلْنَا لَهُ عَيْنَ الْقِطْرِ ۖ وَمِنَ الْجِنِّ مَنْ يَعْمَلُ بَيْنَ يَدَيْهِ بِإِذْنِ رَبِّهِ ۖ وَمَنْ يَزِغْ مِنْهُمْ عَنْ أَمْرِنَا نُذِقْهُ مِنْ عَذَابِ السَّعِيرِ [34:12]

Сүлеймен (Ғ.С.) ге де ерте кетуі бір айлық, кешке қайтуы бір айлық (жол алатын) желдерді бағындырдық. Ол үшін еріген мыстан бұлақ ағыздық. Я, Раббының бұйрығымен оның алдында жұмыс істейтін жындарды да бағындырдық. Олардан кім әмірімізден тайса, оған жалындаған азаптан таттырамыз.

### الآية 34:13

> ﻿يَعْمَلُونَ لَهُ مَا يَشَاءُ مِنْ مَحَارِيبَ وَتَمَاثِيلَ وَجِفَانٍ كَالْجَوَابِ وَقُدُورٍ رَاسِيَاتٍ ۚ اعْمَلُوا آلَ دَاوُودَ شُكْرًا ۚ وَقَلِيلٌ مِنْ عِبَادِيَ الشَّكُورُ [34:13]

Олар, Сүлеймен (Ғ.С.) нін қалауынша, құрылыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және орнатылған қазандар жасайтын еді. "Ей Дәуіт (Ғ.С.) тің үй-іші! Шүкірлік етіңдер!" Құлдарымнан шүкір етуші аз.

### الآية 34:14

> ﻿فَلَمَّا قَضَيْنَا عَلَيْهِ الْمَوْتَ مَا دَلَّهُمْ عَلَىٰ مَوْتِهِ إِلَّا دَابَّةُ الْأَرْضِ تَأْكُلُ مِنْسَأَتَهُ ۖ فَلَمَّا خَرَّ تَبَيَّنَتِ الْجِنُّ أَنْ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ الْغَيْبَ مَا لَبِثُوا فِي الْعَذَابِ الْمُهِينِ [34:14]

Біз оның (Сүлеймен Р.С. нің) өліміне үкім берген заманда, жындарға оның өлімін; оның таяғын жеген бір жердің кұрты ғана көрсетті. Сонда ол жығылған сәтте, жындарға аян болды. Егер жындар, көместі білген болса еді, олар, ауыр машақатта қалмас еді. (Сүлеймен Ғ.С. Месжид Ақсаны жындарға салғызып жатқанда; өлсе де таяғына сүйеніп тұрғандықтан жындар, білмей істей беріп; таяғын құрт жеп жығылғанда бір-ақ біледі. Б.Ж.М.К.)

### الآية 34:15

> ﻿لَقَدْ كَانَ لِسَبَإٍ فِي مَسْكَنِهِمْ آيَةٌ ۖ جَنَّتَانِ عَنْ يَمِينٍ وَشِمَالٍ ۖ كُلُوا مِنْ رِزْقِ رَبِّكُمْ وَاشْكُرُوا لَهُ ۚ بَلْدَةٌ طَيِّبَةٌ وَرَبٌّ غَفُورٌ [34:15]

Расында Сәбә елдерінің қоныстарында бір ғибрат бар. Оңнан, солдан екі бақша (бар еді. Оларға): "Раббыларыңның несібесін жеңдер де Оған шүкір етіңдер. Бір көркем қала, Раббыларың да аса жарылқаушы" (делінді.) (27-С. 22-А.)

### الآية 34:16

> ﻿فَأَعْرَضُوا فَأَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ سَيْلَ الْعَرِمِ وَبَدَّلْنَاهُمْ بِجَنَّتَيْهِمْ جَنَّتَيْنِ ذَوَاتَيْ أُكُلٍ خَمْطٍ وَأَثْلٍ وَشَيْءٍ مِنْ سِدْرٍ قَلِيلٍ [34:16]

Олар бас тартты. Сондықтан оларға күшті сел жібердік те ол бакшаларын ащы мәуелі, жыңғылды бір азғантай жеміс ағашы бар; екі бақшаға айналдырдық.

### الآية 34:17

> ﻿ذَٰلِكَ جَزَيْنَاهُمْ بِمَا كَفَرُوا ۖ وَهَلْ نُجَازِي إِلَّا الْكَفُورَ [34:17]

Өстіп оларды нәсүкірліктері себепті жазаландырдық. Қарсы келгендерді ғана жазаландырамыз.

### الآية 34:18

> ﻿وَجَعَلْنَا بَيْنَهُمْ وَبَيْنَ الْقُرَى الَّتِي بَارَكْنَا فِيهَا قُرًى ظَاهِرَةً وَقَدَّرْنَا فِيهَا السَّيْرَ ۖ سِيرُوا فِيهَا لَيَالِيَ وَأَيَّامًا آمِنِينَ [34:18]

Оларменен сондай біз берекет берген кенттер арасында көрініп тұрған ауылдар бар. Онда кезілетін жер белгіледік: Ол жерде күндіз-түні аман-есен кезіңдер." (Бүлар, Шам мен Йеменнің арасындағы ауылдар. Бірақ олар бұған қанағат қылмады.) (Б.Ж.М.)

### الآية 34:19

> ﻿فَقَالُوا رَبَّنَا بَاعِدْ بَيْنَ أَسْفَارِنَا وَظَلَمُوا أَنْفُسَهُمْ فَجَعَلْنَاهُمْ أَحَادِيثَ وَمَزَّقْنَاهُمْ كُلَّ مُمَزَّقٍ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِكُلِّ صَبَّارٍ شَكُورٍ [34:19]

Сонда олар: "Раббымыз! Сапарларымыздың араларын ұзақтастыр!",- деп, өздеріне кесірлері тиді. Сонда оларды аңызға айналдырып, быт-шыт қылып, мүлде тозғындыққа ұшыраттық. Сөз жоқ, бұнда әр сабыр етуші, шүкір етушілерге үлгі бар.

### الآية 34:20

> ﻿وَلَقَدْ صَدَّقَ عَلَيْهِمْ إِبْلِيسُ ظَنَّهُ فَاتَّبَعُوهُ إِلَّا فَرِيقًا مِنَ الْمُؤْمِنِينَ [34:20]

Расында оларға деген Ібілістің ойы шынға шығып, бір-ақ топ мүміндерден басқасы саған ілесті.

### الآية 34:21

> ﻿وَمَا كَانَ لَهُ عَلَيْهِمْ مِنْ سُلْطَانٍ إِلَّا لِنَعْلَمَ مَنْ يُؤْمِنُ بِالْآخِرَةِ مِمَّنْ هُوَ مِنْهَا فِي شَكٍّ ۗ وَرَبُّكَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ حَفِيظٌ [34:21]

Негізінде Ібілістің оларға ешбір ықпалы жоқ еді. Бірақ ақиретке сенген кісімен, одан күдікте болғанды ажырату үшін ғана. Раббың әр нәрсені қорғаушы.

### الآية 34:22

> ﻿قُلِ ادْعُوا الَّذِينَ زَعَمْتُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ ۖ لَا يَمْلِكُونَ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ فِي السَّمَاوَاتِ وَلَا فِي الْأَرْضِ وَمَا لَهُمْ فِيهِمَا مِنْ شِرْكٍ وَمَا لَهُ مِنْهُمْ مِنْ ظَهِيرٍ [34:22]

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Алладан өзге, көктерде де жерде де тозаңның салмағындай түкке ие бола алмайтын, екеуінде де бір ортақтығы жоқ. Сондай-ақ Аллаға олардың ешбіреуі көмекші де емес. Тәңір деп ойлағандарыңды шақырыңдар" де.

### الآية 34:23

> ﻿وَلَا تَنْفَعُ الشَّفَاعَةُ عِنْدَهُ إِلَّا لِمَنْ أَذِنَ لَهُ ۚ حَتَّىٰ إِذَا فُزِّعَ عَنْ قُلُوبِهِمْ قَالُوا مَاذَا قَالَ رَبُّكُمْ ۖ قَالُوا الْحَقَّ ۖ وَهُوَ الْعَلِيُّ الْكَبِيرُ [34:23]

Алланың қасында, рұхсат берілген біреуден басқаның шапағаты пайда бермейді. Ақыр жүректерінен шошыну кеткен кезде, өзара: "Раббың нө айтты?",- десе: "Хақты айтты" деседі. Ол Алла, аса жоғары, тым үлкен.

### الآية 34:24

> ﻿۞ قُلْ مَنْ يَرْزُقُكُمْ مِنَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ قُلِ اللَّهُ ۖ وَإِنَّا أَوْ إِيَّاكُمْ لَعَلَىٰ هُدًى أَوْ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ [34:24]

(Мұхаммед Ғ.С.) олардан: "Сендерге көктерден және жерден кім несібе береді?",- деп сұра да: "Алла" де. Негізінде біз немесе сендер әлбетте тура жолда не ашық адасудамыз.

### الآية 34:25

> ﻿قُلْ لَا تُسْأَلُونَ عَمَّا أَجْرَمْنَا وَلَا نُسْأَلُ عَمَّا تَعْمَلُونَ [34:25]

Оларға: "Біздің кесірімізден сендер сұралмайсыңдар да сендердің істегендеріңнен біз сұралмаймыз" де.

### الآية 34:26

> ﻿قُلْ يَجْمَعُ بَيْنَنَا رَبُّنَا ثُمَّ يَفْتَحُ بَيْنَنَا بِالْحَقِّ وَهُوَ الْفَتَّاحُ الْعَلِيمُ [34:26]

Оларға: "Раббымыз арамызды қосып, сосын арамызға шындықпен үкім етеді. Ол, қара қылды қақ жарған, аса білгіш" де.

### الآية 34:27

> ﻿قُلْ أَرُونِيَ الَّذِينَ أَلْحَقْتُمْ بِهِ شُرَكَاءَ ۖ كَلَّا ۚ بَلْ هُوَ اللَّهُ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ [34:27]

"Оған ортақтар етіп, қосқандарыңды маган көрсетіңдерші. Әсте мүмкін емес. Әрине Ол Алла, өтө үстем, аса дана" де.

### الآية 34:28

> ﻿وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا كَافَّةً لِلنَّاسِ بَشِيرًا وَنَذِيرًا وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ [34:28]

Сені біртұтас адам баласына қуандырушы, қорқытушы етіп қана жібердік. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді.

### الآية 34:29

> ﻿وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا الْوَعْدُ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ [34:29]

Олар: "Егер шыншыл болсаңдар, осы құқайлаған уәделерің қашан?",-дейді.

### الآية 34:30

> ﻿قُلْ لَكُمْ مِيعَادُ يَوْمٍ لَا تَسْتَأْخِرُونَ عَنْهُ سَاعَةً وَلَا تَسْتَقْدِمُونَ [34:30]

"Сендерге уәде етілген бір күн бар. Одан бір сәтке кейін қалмайсыңдар да ілгері кете алмайсыңдар" де.

### الآية 34:31

> ﻿وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لَنْ نُؤْمِنَ بِهَٰذَا الْقُرْآنِ وَلَا بِالَّذِي بَيْنَ يَدَيْهِ ۗ وَلَوْ تَرَىٰ إِذِ الظَّالِمُونَ مَوْقُوفُونَ عِنْدَ رَبِّهِمْ يَرْجِعُ بَعْضُهُمْ إِلَىٰ بَعْضٍ الْقَوْلَ يَقُولُ الَّذِينَ اسْتُضْعِفُوا لِلَّذِينَ اسْتَكْبَرُوا لَوْلَا أَنْتُمْ لَكُنَّا مُؤْمِنِينَ [34:31]

Сондай қарсы келгендер: "Біз әсте бүл Құранға сенбейміз әрі бұның алдындағы (кітап) ларға да сенбейміз" деді. Ол залымдарды, Раббыларының хұзырында тұргызылып, бір-бірлеріне сөз қайтарып тұрғанда бір көрсең: Езілгендер; өздерін ірі санағандарға: "Сендер болмасаңдар, иман келтіретін едік" дейді.

### الآية 34:32

> ﻿قَالَ الَّذِينَ اسْتَكْبَرُوا لِلَّذِينَ اسْتُضْعِفُوا أَنَحْنُ صَدَدْنَاكُمْ عَنِ الْهُدَىٰ بَعْدَ إِذْ جَاءَكُمْ ۖ بَلْ كُنْتُمْ مُجْرِمِينَ [34:32]

Өздерін ірі санағандар, езілгендерге: "Сендерге тура жол келгеннен кейін, сендерге біз бөгет болдық па? Керісінше өздерің күнәкар едіңдер" дер.

### الآية 34:33

> ﻿وَقَالَ الَّذِينَ اسْتُضْعِفُوا لِلَّذِينَ اسْتَكْبَرُوا بَلْ مَكْرُ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ إِذْ تَأْمُرُونَنَا أَنْ نَكْفُرَ بِاللَّهِ وَنَجْعَلَ لَهُ أَنْدَادًا ۚ وَأَسَرُّوا النَّدَامَةَ لَمَّا رَأَوُا الْعَذَابَ وَجَعَلْنَا الْأَغْلَالَ فِي أَعْنَاقِ الَّذِينَ كَفَرُوا ۚ هَلْ يُجْزَوْنَ إِلَّا مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ [34:33]

Езілгендер, өздерін ірі санағандарға: "Күндіз-түні қулықпен, Аллаға қарсы келуімізді, Оған теңеулер жасауымызды әмір етуші едіңдер" дер. Сондай-ақ азапты көрген кезде, ішінен өкінеді; қарсы келгендердің мойындарына боғаулар жасадық. Оларға істегендерінің ғана жазасы беріледі.

### الآية 34:34

> ﻿وَمَا أَرْسَلْنَا فِي قَرْيَةٍ مِنْ نَذِيرٍ إِلَّا قَالَ مُتْرَفُوهَا إِنَّا بِمَا أُرْسِلْتُمْ بِهِ كَافِرُونَ [34:34]

Бір кентке ескертуші жіберген болсақ, әсіресе олардың байлары: "Рас сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз" деді.

### الآية 34:35

> ﻿وَقَالُوا نَحْنُ أَكْثَرُ أَمْوَالًا وَأَوْلَادًا وَمَا نَحْنُ بِمُعَذَّبِينَ [34:35]

Сондай-ақ олар: "Біздер, көп малдар, балаларға иеміз. Сондықтан да азапқа душар болмаймыз" деді.

### الآية 34:36

> ﻿قُلْ إِنَّ رَبِّي يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَنْ يَشَاءُ وَيَقْدِرُ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ [34:36]

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Сөз жоқ, Раббым әлде кімге тілесе, несібесін кеңітіп, тарайтады; бірақ адамдардың көбі түсінбейді" де.

### الآية 34:37

> ﻿وَمَا أَمْوَالُكُمْ وَلَا أَوْلَادُكُمْ بِالَّتِي تُقَرِّبُكُمْ عِنْدَنَا زُلْفَىٰ إِلَّا مَنْ آمَنَ وَعَمِلَ صَالِحًا فَأُولَٰئِكَ لَهُمْ جَزَاءُ الضِّعْفِ بِمَا عَمِلُوا وَهُمْ فِي الْغُرُفَاتِ آمِنُونَ [34:37]

Малдарың да балаларың да сендерді жанымызға жақындастырмайды. Бірақ кім иман келтіріп, оң іс істесе, міне соларға істегендерінің салдарынан неше есе сыйлық бар. Сондай-ақ олар аман-есен жоғары орындарда болады.

### الآية 34:38

> ﻿وَالَّذِينَ يَسْعَوْنَ فِي آيَاتِنَا مُعَاجِزِينَ أُولَٰئِكَ فِي الْعَذَابِ مُحْضَرُونَ [34:38]

Сондай-ақ аяттарымызды күшінен қалдыруға тырысқандарға келсек, міне солар; азапқа душар болатындар.

### الآية 34:39

> ﻿قُلْ إِنَّ رَبِّي يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ وَيَقْدِرُ لَهُ ۚ وَمَا أَنْفَقْتُمْ مِنْ شَيْءٍ فَهُوَ يُخْلِفُهُ ۖ وَهُوَ خَيْرُ الرَّازِقِينَ [34:39]

(Мұхаммед Ғ.С.): "Рас Раббым, несібені құлдарынан кімге қаласа; кеңітеді де оған өлшеп-тамап та береді. Тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла, тағы есесін береді. Ол, ризық берушілердің ең жақсысы" де.

### الآية 34:40

> ﻿وَيَوْمَ يَحْشُرُهُمْ جَمِيعًا ثُمَّ يَقُولُ لِلْمَلَائِكَةِ أَهَٰؤُلَاءِ إِيَّاكُمْ كَانُوا يَعْبُدُونَ [34:40]

Ол күні, Алла оларды тұтас жинайды. Сосын періштелерге: "Осылар, сендерге табынушы ма еді?",- деп сұрайды. (25-С. 17-А.)

### الآية 34:41

> ﻿قَالُوا سُبْحَانَكَ أَنْتَ وَلِيُّنَا مِنْ دُونِهِمْ ۖ بَلْ كَانُوا يَعْبُدُونَ الْجِنَّ ۖ أَكْثَرُهُمْ بِهِمْ مُؤْمِنُونَ [34:41]

(Періштелер): "Сен пәксің! Біздің иеміз олар емес, Сенсің. Бәлкім олар жынға табынатын еді. Олардың көбі соларға сенуші еді" дейді.

### الآية 34:42

> ﻿فَالْيَوْمَ لَا يَمْلِكُ بَعْضُكُمْ لِبَعْضٍ نَفْعًا وَلَا ضَرًّا وَنَقُولُ لِلَّذِينَ ظَلَمُوا ذُوقُوا عَذَابَ النَّارِ الَّتِي كُنْتُمْ بِهَا تُكَذِّبُونَ [34:42]

Бүгін бір-бірлеріңе пайда, зиян тигізу күшіне ие емессіңдер. Залымдарға: "Жасынға айналдырған тозақтың азабын татыңдар" дейміз.

### الآية 34:43

> ﻿وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُنَا بَيِّنَاتٍ قَالُوا مَا هَٰذَا إِلَّا رَجُلٌ يُرِيدُ أَنْ يَصُدَّكُمْ عَمَّا كَانَ يَعْبُدُ آبَاؤُكُمْ وَقَالُوا مَا هَٰذَا إِلَّا إِفْكٌ مُفْتَرًى ۚ وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِلْحَقِّ لَمَّا جَاءَهُمْ إِنْ هَٰذَا إِلَّا سِحْرٌ مُبِينٌ [34:43]

Оларға түсінікті аяттарымыз оқылған кезде, олар: "Бұл адам, сендерді аталарың табынған нәрселерден тыюды ғана қалайды" деді. Және: "Бұл Құран, жасанды бір өтіріктен басқа дәнеңе емес" деді. Сондай-ақ өздеріне келген шындыққа қарсы болғандар: "Бұл ашық бір жады ғана" деді.

### الآية 34:44

> ﻿وَمَا آتَيْنَاهُمْ مِنْ كُتُبٍ يَدْرُسُونَهَا ۖ وَمَا أَرْسَلْنَا إِلَيْهِمْ قَبْلَكَ مِنْ نَذِيرٍ [34:44]

Оларға оқитын бір кітап бермедік те өздеріне сенен бұрын бір ескертуші жібермедік. (Олар дәлелсіз қасарысуда.)

### الآية 34:45

> ﻿وَكَذَّبَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ وَمَا بَلَغُوا مِعْشَارَ مَا آتَيْنَاهُمْ فَكَذَّبُوا رُسُلِي ۖ فَكَيْفَ كَانَ نَكِيرِ [34:45]

Олардан бұрынғылар да жасынға шығарған еді. Бұлар, оларға бергеніміздің оннан біріне де жеткен жоқ. Сонда да олар, елшілерімді жасынға шығарды. Менің соққым қалай екен?

### الآية 34:46

> ﻿۞ قُلْ إِنَّمَا أَعِظُكُمْ بِوَاحِدَةٍ ۖ أَنْ تَقُومُوا لِلَّهِ مَثْنَىٰ وَفُرَادَىٰ ثُمَّ تَتَفَكَّرُوا ۚ مَا بِصَاحِبِكُمْ مِنْ جِنَّةٍ ۚ إِنْ هُوَ إِلَّا نَذِيرٌ لَكُمْ بَيْنَ يَدَيْ عَذَابٍ شَدِيدٍ [34:46]

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Шын мәнінде сендерге бір үгіт беремін; Алла үшін екі-екіден, бір-бірден тұрыңдар да сосын ойланыңдар. Жолдастарыңда бір жындылық жоқ. Ол, сендер үшін келетін қатты азапты алдын ала ескертуші ғана" де.

### الآية 34:47

> ﻿قُلْ مَا سَأَلْتُكُمْ مِنْ أَجْرٍ فَهُوَ لَكُمْ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَى اللَّهِ ۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ شَهِيدٌ [34:47]

Оларға: "Сендерден ақы тілемедім. Ол сендердікі болсын. Менің ақым Аллаға ғана тән. Ол әр нәрсеге куә" де.

### الآية 34:48

> ﻿قُلْ إِنَّ رَبِّي يَقْذِفُ بِالْحَقِّ عَلَّامُ الْغُيُوبِ [34:48]

Оларға: "Негізінде шындықты Раббым ортаға атады. Ол, көместерді толық білуші" де.

### الآية 34:49

> ﻿قُلْ جَاءَ الْحَقُّ وَمَا يُبْدِئُ الْبَاطِلُ وَمَا يُعِيدُ [34:49]

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Шындық келді. Енді бұзықтық бастамайды да қайтып келмейді" де.

### الآية 34:50

> ﻿قُلْ إِنْ ضَلَلْتُ فَإِنَّمَا أَضِلُّ عَلَىٰ نَفْسِي ۖ وَإِنِ اهْتَدَيْتُ فَبِمَا يُوحِي إِلَيَّ رَبِّي ۚ إِنَّهُ سَمِيعٌ قَرِيبٌ [34:50]

"Егер адассам, шын мәнінде адасуым өз зияныма болады. Ал егер тура жолда болсам, сонда ол, Раббымның уахи еткенімен болады. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса жақын" де.

### الآية 34:51

> ﻿وَلَوْ تَرَىٰ إِذْ فَزِعُوا فَلَا فَوْتَ وَأُخِذُوا مِنْ مَكَانٍ قَرِيبٍ [34:51]

Олардың үрейленіп қашар жер жоқ, жақын жерден ұсталғанын бір көрсең.

### الآية 34:52

> ﻿وَقَالُوا آمَنَّا بِهِ وَأَنَّىٰ لَهُمُ التَّنَاوُشُ مِنْ مَكَانٍ بَعِيدٍ [34:52]

"Оған иман келтірдік" дейді, олар; бірақ ұзақ жерден олардың қолдарына қалайша келеді?

### الآية 34:53

> ﻿وَقَدْ كَفَرُوا بِهِ مِنْ قَبْلُ ۖ وَيَقْذِفُونَ بِالْغَيْبِ مِنْ مَكَانٍ بَعِيدٍ [34:53]

Расында олар, оған бұрын қарсы келген еді. Олар ұзақ жерден көрмей сілтейді.

### الآية 34:54

> ﻿وَحِيلَ بَيْنَهُمْ وَبَيْنَ مَا يَشْتَهُونَ كَمَا فُعِلَ بِأَشْيَاعِهِمْ مِنْ قَبْلُ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا فِي شَكٍّ مُرِيبٍ [34:54]

Олармен олардың қалаған нәрселерінің арасына кедергі түседі. Бұрын ұқсастарына да сөйтілген еді. Сөз жоқ, олар шәк ішінде күдіктенуші.

## روابط ذات صلة

- [النص القرآني للسورة](https://quranpedia.net/surah/1/34.md)
- [كل تفاسير سورة سبأ
](https://quranpedia.net/surah-tafsir/34.md)
- [ترجمات سورة سبأ
](https://quranpedia.net/translations/34.md)
- [صفحة الكتاب: الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد](https://quranpedia.net/book/1979.md)
- [المؤلف: خليفة الطاي](https://quranpedia.net/person/1754.md)

---

زُر [Quranpedia.net](https://quranpedia.net/surah/1/34/book/1979) — موسوعة القرآن الكريم: التفاسير، الترجمات، التلاوات، والمواضيع.
