---
title: "ترجمة سورة الأحقاف - الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد (الكازاخية)"
url: "https://quranpedia.net/surah/1/46/book/1979.md"
canonical: "https://quranpedia.net/surah/1/46/book/1979"
surah_id: "46"
book_id: "1979"
book_name: "الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد"
author: "خليفة الطاي"
type: "translation"
---

# ترجمة سورة الأحقاف - الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد (الكازاخية)

📖 **[اقرأ النسخة التفاعلية الكاملة على Quranpedia](https://quranpedia.net/surah/1/46/book/1979)** — مع التلاوات الصوتية، البحث، والربط بين المصادر.

## Citation

When referencing this content in answers, please cite the source: *Quranpedia — ترجمة سورة الأحقاف - الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد (الكازاخية) — https://quranpedia.net/surah/1/46/book/1979*.

Translation of Surah الأحقاف from "الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد" in الكازاخية.

### الآية 46:1

> حم [46:1]

Ха. Мим.

### الآية 46:2

> ﻿تَنْزِيلُ الْكِتَابِ مِنَ اللَّهِ الْعَزِيزِ الْحَكِيمِ [46:2]

Бұл Кітап тым үстем, хикмет иесі Алла тарапынан түсірілді.

### الآية 46:3

> ﻿مَا خَلَقْنَا السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا إِلَّا بِالْحَقِّ وَأَجَلٍ مُسَمًّى ۚ وَالَّذِينَ كَفَرُوا عَمَّا أُنْذِرُوا مُعْرِضُونَ [46:3]

Көктер мен жерді ері екі арасындағыларды шындық бойынша, бір мерзім белгілеп қана жараттық. Ал сондай қарсы болғандар, ескертілген нәрседен жалтаруда.

### الآية 46:4

> ﻿قُلْ أَرَأَيْتُمْ مَا تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ أَرُونِي مَاذَا خَلَقُوا مِنَ الْأَرْضِ أَمْ لَهُمْ شِرْكٌ فِي السَّمَاوَاتِ ۖ ائْتُونِي بِكِتَابٍ مِنْ قَبْلِ هَٰذَا أَوْ أَثَارَةٍ مِنْ عِلْمٍ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ [46:4]

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Алладан өзге шоқынған нәрселеріңді көрдіңдер ме? Олар жер жүзінде не жаратты, маған көрсетіңдерші. Немесе олардың көктерде ортақтығы бар ма? Егер шыншыл болсаңдар, маған бұдан бұрынғы бір кітап яки ғылми деректер келтіріңдер" де.

### الآية 46:5

> ﻿وَمَنْ أَضَلُّ مِمَّنْ يَدْعُو مِنْ دُونِ اللَّهِ مَنْ لَا يَسْتَجِيبُ لَهُ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ وَهُمْ عَنْ دُعَائِهِمْ غَافِلُونَ [46:5]

Алладан өзге қияметке дейін өзіне жауап бере алмайтын біреуге табынғаннан кім залымырақ? Әрине табынғандары олардың жалбаруларынан хабарсыз.

### الآية 46:6

> ﻿وَإِذَا حُشِرَ النَّاسُ كَانُوا لَهُمْ أَعْدَاءً وَكَانُوا بِعِبَادَتِهِمْ كَافِرِينَ [46:6]

Адамдар жиналған кезде, оларға табынғандары дұшпан болып, олардың өздеріне құлшылық қылғандықтарына қарсы шығады. (19-С. 80-81-А.)

### الآية 46:7

> ﻿وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُنَا بَيِّنَاتٍ قَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِلْحَقِّ لَمَّا جَاءَهُمْ هَٰذَا سِحْرٌ مُبِينٌ [46:7]

Оларға ап-ашық аяттарымыз оқылған кезде, сондай өздеріне келген шындыққа қарсы болғандар: "Мынау ашық бір сиқыр" дейді.

### الآية 46:8

> ﻿أَمْ يَقُولُونَ افْتَرَاهُ ۖ قُلْ إِنِ افْتَرَيْتُهُ فَلَا تَمْلِكُونَ لِي مِنَ اللَّهِ شَيْئًا ۖ هُوَ أَعْلَمُ بِمَا تُفِيضُونَ فِيهِ ۖ كَفَىٰ بِهِ شَهِيدًا بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ ۖ وَهُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ [46:8]

Немесе олар: "Оны өзі жасады" дей ме? (Мұхаммед Ғ.С.): "Мүбада өзім жасаған болсам, сонда мені Алладан еш қорғай алмайсыңдар. Алла, ол жөнде не көкігендеріңді жақсы біледі. Сондай-ақ Ол, мені мен сендердің арамызға куәлікте жетіп асады. Және Ол, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді" де.

### الآية 46:9

> ﻿قُلْ مَا كُنْتُ بِدْعًا مِنَ الرُّسُلِ وَمَا أَدْرِي مَا يُفْعَلُ بِي وَلَا بِكُمْ ۖ إِنْ أَتَّبِعُ إِلَّا مَا يُوحَىٰ إِلَيَّ وَمَا أَنَا إِلَّا نَذِيرٌ مُبِينٌ [46:9]

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Мен елшілердің тұңғышы емеспін. Сондай-ақ маған әрі сендерге не істелетінін де білмеймін. Өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Және ашық бір ескертуші ғанамын" де.

### الآية 46:10

> ﻿قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِنْ كَانَ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ وَكَفَرْتُمْ بِهِ وَشَهِدَ شَاهِدٌ مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ عَلَىٰ مِثْلِهِ فَآمَنَ وَاسْتَكْبَرْتُمْ ۖ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ [46:10]

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Көрдіңдер ме? Егер де Құран Алланың қасынан болып, сендер оған қарсы болсаңдар; сондай-ақ Израил ұрпақтарынан бір куә, осы сияқты (Тәурат) ға қуә болып, кейін иман келтірсе де сендер менмесісеңдер, күдіксіз Алла залым елді тура жолға салмайды."

### الآية 46:11

> ﻿وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِلَّذِينَ آمَنُوا لَوْ كَانَ خَيْرًا مَا سَبَقُونَا إِلَيْهِ ۚ وَإِذْ لَمْ يَهْتَدُوا بِهِ فَسَيَقُولُونَ هَٰذَا إِفْكٌ قَدِيمٌ [46:11]

Сондай қарсы келгендер, иман келтіргендер үшін: "Егер (бұл дінде) игілік болса еді, олар бізден озбас еді. (Алдымен біз Мұсылман болар едік.)" деді. Онымен де тура жол таппағандықтан: "Бұл көне бір өтірік" деседі.

### الآية 46:12

> ﻿وَمِنْ قَبْلِهِ كِتَابُ مُوسَىٰ إِمَامًا وَرَحْمَةً ۚ وَهَٰذَا كِتَابٌ مُصَدِّقٌ لِسَانًا عَرَبِيًّا لِيُنْذِرَ الَّذِينَ ظَلَمُوا وَبُشْرَىٰ لِلْمُحْسِنِينَ [46:12]

Құраннан бұрын жолбасшы әрі игілік түрінде Мұса (Ғ.С.) ның кітабы бар еді. Міне осы Құран зұлымдық қылғандарға ескерту, жақсылық істеушілерді қуанту үшін арап тіліндегі растаушы бір Кітап.

### الآية 46:13

> ﻿إِنَّ الَّذِينَ قَالُوا رَبُّنَا اللَّهُ ثُمَّ اسْتَقَامُوا فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ [46:13]

Күдіксіз сондай: "Раббымыз Алла" деп, сосын түп-тура кеткендер, оларға; хауіп-қатер жоқ. Әрі олар күйінбейді.

### الآية 46:14

> ﻿أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ خَالِدِينَ فِيهَا جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ [46:14]

Міне осылар жаннаттық. Ғамалдарының бодауы түрінде онда мәңгі қалады.

### الآية 46:15

> ﻿وَوَصَّيْنَا الْإِنْسَانَ بِوَالِدَيْهِ إِحْسَانًا ۖ حَمَلَتْهُ أُمُّهُ كُرْهًا وَوَضَعَتْهُ كُرْهًا ۖ وَحَمْلُهُ وَفِصَالُهُ ثَلَاثُونَ شَهْرًا ۚ حَتَّىٰ إِذَا بَلَغَ أَشُدَّهُ وَبَلَغَ أَرْبَعِينَ سَنَةً قَالَ رَبِّ أَوْزِعْنِي أَنْ أَشْكُرَ نِعْمَتَكَ الَّتِي أَنْعَمْتَ عَلَيَّ وَعَلَىٰ وَالِدَيَّ وَأَنْ أَعْمَلَ صَالِحًا تَرْضَاهُ وَأَصْلِحْ لِي فِي ذُرِّيَّتِي ۖ إِنِّي تُبْتُ إِلَيْكَ وَإِنِّي مِنَ الْمُسْلِمِينَ [46:15]

Адам баласына, әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әреқ босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыр ол, ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: "Раббым! Өзіме әке-шешеме берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу ғамал істеуімді маған нәсіп ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде, мен тәубе қылдым. Әрине мен бой ұсынушыларданмын" деді.

### الآية 46:16

> ﻿أُولَٰئِكَ الَّذِينَ نَتَقَبَّلُ عَنْهُمْ أَحْسَنَ مَا عَمِلُوا وَنَتَجَاوَزُ عَنْ سَيِّئَاتِهِمْ فِي أَصْحَابِ الْجَنَّةِ ۖ وَعْدَ الصِّدْقِ الَّذِي كَانُوا يُوعَدُونَ [46:16]

Міне бұлар, Біз жақсы ғамалдарын қабыл етіп, жамандықтарын кешіретін жаннаттықтардың ішінде болады. Бұл, оларға етілген шынайы уәде.

### الآية 46:17

> ﻿وَالَّذِي قَالَ لِوَالِدَيْهِ أُفٍّ لَكُمَا أَتَعِدَانِنِي أَنْ أُخْرَجَ وَقَدْ خَلَتِ الْقُرُونُ مِنْ قَبْلِي وَهُمَا يَسْتَغِيثَانِ اللَّهَ وَيْلَكَ آمِنْ إِنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ فَيَقُولُ مَا هَٰذَا إِلَّا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ [46:17]

Ал енді әлде кім, әке-шешесіне: "Тұһ! Екеуін де мені қайта тірілтіп, шығумен қорқытасыңдар ма? Расында менен бұрын қаншалаған нәсілдер өтіп кетті. (Олар тірілмеді)" деді. Әке-шешесі Аллаға жалбарынып: "Саған нендей өкініш! Иман келтір. Күдіксіз Алланың уәдесі хақ" дегенде, ол: "Бұл, бұрынғылардың ғана ертегісі" деді.

### الآية 46:18

> ﻿أُولَٰئِكَ الَّذِينَ حَقَّ عَلَيْهِمُ الْقَوْلُ فِي أُمَمٍ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهِمْ مِنَ الْجِنِّ وَالْإِنْسِ ۖ إِنَّهُمْ كَانُوا خَاسِرِينَ [46:18]

Міне осылар, бұрынғы өтіп кеткен, өздеріне делінген сөз бойынша азапқа душар болган жындар мен адамдар тобынан болады.

### الآية 46:19

> ﻿وَلِكُلٍّ دَرَجَاتٌ مِمَّا عَمِلُوا ۖ وَلِيُوَفِّيَهُمْ أَعْمَالَهُمْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ [46:19]

Әркімнің ғамалы бойынша дәрежелері бар. Сондай-ақ өздеріне ғамалдарының бодауы толық беріледі де оларға әділетсіздік етілмейді.

### الآية 46:20

> ﻿وَيَوْمَ يُعْرَضُ الَّذِينَ كَفَرُوا عَلَى النَّارِ أَذْهَبْتُمْ طَيِّبَاتِكُمْ فِي حَيَاتِكُمُ الدُّنْيَا وَاسْتَمْتَعْتُمْ بِهَا فَالْيَوْمَ تُجْزَوْنَ عَذَابَ الْهُونِ بِمَا كُنْتُمْ تَسْتَكْبِرُونَ فِي الْأَرْضِ بِغَيْرِ الْحَقِّ وَبِمَا كُنْتُمْ تَفْسُقُونَ [46:20]

Сондай қарсы болғандар, отқа төндірілген күні: "Дүние тіршілігінің қызығын көріп, одан пайдаландыңдар. Ал енді бүгін жер жүзінде орынсыз менменсіп, бұзақылық қылғандықтарың себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар" (делінеді.)

### الآية 46:21

> ﻿۞ وَاذْكُرْ أَخَا عَادٍ إِذْ أَنْذَرَ قَوْمَهُ بِالْأَحْقَافِ وَقَدْ خَلَتِ النُّذُرُ مِنْ بَيْنِ يَدَيْهِ وَمِنْ خَلْفِهِ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا اللَّهَ إِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ [46:21]

(Мұхаммед Ғ.С.) Ғад елінің туысын (Ћүд Ғ.С. ды) есіңе ал; сол уақытта Ахқафтагы еліне ескерткен еді. Расында одан бұрын да кейін де ескертушілер өткен еді. Ол, еліне: "Алладан басқаға құлшылық қылмаңдар. Шын мәнінде мен сендерге (келетін) зор күннің азабынан қорқамын" (деді.)

### الآية 46:22

> ﻿قَالُوا أَجِئْتَنَا لِتَأْفِكَنَا عَنْ آلِهَتِنَا فَأْتِنَا بِمَا تَعِدُنَا إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ [46:22]

Олар: "Сен, бізді тәңірлерімізден айныту үшін келдің бе? Мүбада шын айтушылардан болсаң, дереу бізге, бопсалаған нәрсеңді келтір" деді.

### الآية 46:23

> ﻿قَالَ إِنَّمَا الْعِلْمُ عِنْدَ اللَّهِ وَأُبَلِّغُكُمْ مَا أُرْسِلْتُ بِهِ وَلَٰكِنِّي أَرَاكُمْ قَوْمًا تَجْهَلُونَ [46:23]

"Шын мәнінде мәлімет Алланың қасында. Мен сендерге менімен жіберілген нәрсені жалғастырып, отырмын. Дегенмен сендерді надан ел көремін" деді.

### الآية 46:24

> ﻿فَلَمَّا رَأَوْهُ عَارِضًا مُسْتَقْبِلَ أَوْدِيَتِهِمْ قَالُوا هَٰذَا عَارِضٌ مُمْطِرُنَا ۚ بَلْ هُوَ مَا اسْتَعْجَلْتُمْ بِهِ ۖ رِيحٌ فِيهَا عَذَابٌ أَلِيمٌ [46:24]

Сонда олар, апатты, ойпаттарына қарай жайылып, келе жатқан бұлт түрінде көрген сәтте: "Бұл бізге жаңбыр жаудыратын бұлт" деді. (Ћүд Ғ.С.): "Жоқ, ол, сендердің асыға тілегендерің; ішінде жан түршігерлік азабы бар бір боран" (деді.)

### الآية 46:25

> ﻿تُدَمِّرُ كُلَّ شَيْءٍ بِأَمْرِ رَبِّهَا فَأَصْبَحُوا لَا يُرَىٰ إِلَّا مَسَاكِنُهُمْ ۚ كَذَٰلِكَ نَجْزِي الْقَوْمَ الْمُجْرِمِينَ [46:25]

Раббыңның әмірімен әр нәрсені тас-талқан қылады. Сонда олардың жұрттарынан басқа еш нәрсе көрінбей қалады. Қылмысты елге осылай жаза береміз.

### الآية 46:26

> ﻿وَلَقَدْ مَكَّنَّاهُمْ فِيمَا إِنْ مَكَّنَّاكُمْ فِيهِ وَجَعَلْنَا لَهُمْ سَمْعًا وَأَبْصَارًا وَأَفْئِدَةً فَمَا أَغْنَىٰ عَنْهُمْ سَمْعُهُمْ وَلَا أَبْصَارُهُمْ وَلَا أَفْئِدَتُهُمْ مِنْ شَيْءٍ إِذْ كَانُوا يَجْحَدُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ وَحَاقَ بِهِمْ مَا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ [46:26]

Расында оларға, сендерге берген мүмкіншілікті берген едік. Сондай-ақ оларға есту, көру және ойлау қабілетін берген едік. Бірақ олардың құлақтары, көздері және жүректері ешбір пайда бермеді. Өйткені олар, Алланың аяттарына қарсы келетін еді. Олардың мазақтаган нәрселері бастарына жетті.

### الآية 46:27

> ﻿وَلَقَدْ أَهْلَكْنَا مَا حَوْلَكُمْ مِنَ الْقُرَىٰ وَصَرَّفْنَا الْآيَاتِ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ [46:27]

Расында маңдарыңдағы кенттерді жоқ еттік. Райдан қайтуларың үшін аяттарды егжей-тегжейлі түсіндірдік.

### الآية 46:28

> ﻿فَلَوْلَا نَصَرَهُمُ الَّذِينَ اتَّخَذُوا مِنْ دُونِ اللَّهِ قُرْبَانًا آلِهَةً ۖ بَلْ ضَلُّوا عَنْهُمْ ۚ وَذَٰلِكَ إِفْكُهُمْ وَمَا كَانُوا يَفْتَرُونَ [46:28]

Сонда Алладан өзге, Оған жақындық үшін жасап алган тәңірлері өздеріне неге болыспады. Керісінше олардан ғайып болып кетті. Осы, олардың өтіріктері және жасандылары.

### الآية 46:29

> ﻿وَإِذْ صَرَفْنَا إِلَيْكَ نَفَرًا مِنَ الْجِنِّ يَسْتَمِعُونَ الْقُرْآنَ فَلَمَّا حَضَرُوهُ قَالُوا أَنْصِتُوا ۖ فَلَمَّا قُضِيَ وَلَّوْا إِلَىٰ قَوْمِهِمْ مُنْذِرِينَ [46:29]

(Мұхаммед Ғ.С.) Сол уақытта саған жындардан Құран тыңдайтын бір топты келтірген едік. (Мұхаммед Ғ.С. Тайып пен Меккенің арасындагы "Нахла" ойпатында таң намазында Құран тыңдауға жындар келген.Б.Ж.М.Р.К.) Олар жетіп келген сәтте: "Үндемеңдер" десті. Сонда оқылуы біткен кезде, елдеріне ескертуші болып қайтты.

### الآية 46:30

> ﻿قَالُوا يَا قَوْمَنَا إِنَّا سَمِعْنَا كِتَابًا أُنْزِلَ مِنْ بَعْدِ مُوسَىٰ مُصَدِّقًا لِمَا بَيْنَ يَدَيْهِ يَهْدِي إِلَى الْحَقِّ وَإِلَىٰ طَرِيقٍ مُسْتَقِيمٍ [46:30]

Олар: "Әй еліміз! Шын мәнінде біз Мұса (Ғ.С.) дан кейін түсірілген алдынғыны растаушы, сондай-ақ шындыққа және тура жолға салатын бір Кітап тыңдатық" деді.

### الآية 46:31

> ﻿يَا قَوْمَنَا أَجِيبُوا دَاعِيَ اللَّهِ وَآمِنُوا بِهِ يَغْفِرْ لَكُمْ مِنْ ذُنُوبِكُمْ وَيُجِرْكُمْ مِنْ عَذَابٍ أَلِيمٍ [46:31]

"Әй халқымыз! Алланың шақырушысын (Мұхаммед Ғ.С. ды) қабылдаңдар. Және Аллаға иман келтіріңдер. Күнәларыңды жарылқап, күйзелтуші азаптан қорғайды..."

### الآية 46:32

> ﻿وَمَنْ لَا يُجِبْ دَاعِيَ اللَّهِ فَلَيْسَ بِمُعْجِزٍ فِي الْأَرْضِ وَلَيْسَ لَهُ مِنْ دُونِهِ أَوْلِيَاءُ ۚ أُولَٰئِكَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ [46:32]

Әлде кім Алланың шақырушысын қабылдамаса да жер жүзінде Алланы осалдата алмайды. Әрі оған, Одан өзге болысушы да болмайды. Міне осылар ашық адасуда.

### الآية 46:33

> ﻿أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّ اللَّهَ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَلَمْ يَعْيَ بِخَلْقِهِنَّ بِقَادِرٍ عَلَىٰ أَنْ يُحْيِيَ الْمَوْتَىٰ ۚ بَلَىٰ إِنَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ [46:33]

Олар көрмей ме? Шәксіз Ол сондай Алла, көктер мен жерді жаратты. Сондай-ақ оларды жаратқанда болдырмаған Алланың өліктерді тірілтуге шамасы келеді. Әрине Оның әр нәрсеге күші толық жетуші.

### الآية 46:34

> ﻿وَيَوْمَ يُعْرَضُ الَّذِينَ كَفَرُوا عَلَى النَّارِ أَلَيْسَ هَٰذَا بِالْحَقِّ ۖ قَالُوا بَلَىٰ وَرَبِّنَا ۚ قَالَ فَذُوقُوا الْعَذَابَ بِمَا كُنْتُمْ تَكْفُرُونَ [46:34]

Сондай кәпірлер, отқа әкелінетін күні, оларға: "Осы шындық емес пе екен?",- (делінеді) Олар: "Әрине Раббымызға серт" дейді. Сонда оларға: "Қарсы келгендіктерің себепті азапты татыңдар" делінеді.

### الآية 46:35

> ﻿فَاصْبِرْ كَمَا صَبَرَ أُولُو الْعَزْمِ مِنَ الرُّسُلِ وَلَا تَسْتَعْجِلْ لَهُمْ ۚ كَأَنَّهُمْ يَوْمَ يَرَوْنَ مَا يُوعَدُونَ لَمْ يَلْبَثُوا إِلَّا سَاعَةً مِنْ نَهَارٍ ۚ بَلَاغٌ ۚ فَهَلْ يُهْلَكُ إِلَّا الْقَوْمُ الْفَاسِقُونَ [46:35]

(Мұхаммед Ғ.С.) пайғамбарлардан майталмандар, сабыр еткендей сабыр ет. Олар үшін асықпа; олар өздеріне уәде етілгенді, көрген күні, дүниеде күндізден бір дем ғана тұрғандай білінеді. Бұл бір ұқтыру. Бұзақы ел ғана жоқ етіледі.

## روابط ذات صلة

- [النص القرآني للسورة](https://quranpedia.net/surah/1/46.md)
- [كل تفاسير سورة الأحقاف
](https://quranpedia.net/surah-tafsir/46.md)
- [ترجمات سورة الأحقاف
](https://quranpedia.net/translations/46.md)
- [صفحة الكتاب: الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد](https://quranpedia.net/book/1979.md)
- [المؤلف: خليفة الطاي](https://quranpedia.net/person/1754.md)

---

زُر [Quranpedia.net](https://quranpedia.net/surah/1/46/book/1979) — موسوعة القرآن الكريم: التفاسير، الترجمات، التلاوات، والمواضيع.
