---
title: "ترجمة سورة الفتح - الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد (الكازاخية)"
url: "https://quranpedia.net/surah/1/48/book/1979.md"
canonical: "https://quranpedia.net/surah/1/48/book/1979"
surah_id: "48"
book_id: "1979"
book_name: "الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد"
author: "خليفة الطاي"
type: "translation"
---

# ترجمة سورة الفتح - الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد (الكازاخية)

📖 **[اقرأ النسخة التفاعلية الكاملة على Quranpedia](https://quranpedia.net/surah/1/48/book/1979)** — مع التلاوات الصوتية، البحث، والربط بين المصادر.

## Citation

When referencing this content in answers, please cite the source: *Quranpedia — ترجمة سورة الفتح - الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد (الكازاخية) — https://quranpedia.net/surah/1/48/book/1979*.

Translation of Surah الفتح from "الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد" in الكازاخية.

### الآية 48:1

> إِنَّا فَتَحْنَا لَكَ فَتْحًا مُبِينًا [48:1]

(Мұхаммед Г.С.) сөзсіз сені ашық жеңіске ие қылдық.

### الآية 48:2

> ﻿لِيَغْفِرَ لَكَ اللَّهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِكَ وَمَا تَأَخَّرَ وَيُتِمَّ نِعْمَتَهُ عَلَيْكَ وَيَهْدِيَكَ صِرَاطًا مُسْتَقِيمًا [48:2]

Алла, өткен әрі келешектегі күнәңды жарылқау, саған деген нығметін тамамдау және саған тура жол көрсету үшін.

### الآية 48:3

> ﻿وَيَنْصُرَكَ اللَّهُ نَصْرًا عَزِيزًا [48:3]

Тағы саған үстем бір нұсрат берер.

### الآية 48:4

> ﻿هُوَ الَّذِي أَنْزَلَ السَّكِينَةَ فِي قُلُوبِ الْمُؤْمِنِينَ لِيَزْدَادُوا إِيمَانًا مَعَ إِيمَانِهِمْ ۗ وَلِلَّهِ جُنُودُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمًا [48:4]

Ол сондай Алла, мүміндердің иманын арттыра түсу үшін олардың жүректеріне тоқтау салды. Көктердегі және жердегі ләшкерлер Алланікі. Сондай-ақ Алла толық білуші, зор хикмет иесі.

### الآية 48:5

> ﻿لِيُدْخِلَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا وَيُكَفِّرَ عَنْهُمْ سَيِّئَاتِهِمْ ۚ وَكَانَ ذَٰلِكَ عِنْدَ اللَّهِ فَوْزًا عَظِيمًا [48:5]

Мүмін ерлер мен әйелдерді астарынан өзендер ағатын жаннаттарға мәңгі қалатын түрде кіргізу үшін жамандықтарын жояды. Міне осы, Алланың қасында зор табыс.

### الآية 48:6

> ﻿وَيُعَذِّبَ الْمُنَافِقِينَ وَالْمُنَافِقَاتِ وَالْمُشْرِكِينَ وَالْمُشْرِكَاتِ الظَّانِّينَ بِاللَّهِ ظَنَّ السَّوْءِ ۚ عَلَيْهِمْ دَائِرَةُ السَّوْءِ ۖ وَغَضِبَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ وَلَعَنَهُمْ وَأَعَدَّ لَهُمْ جَهَنَّمَ ۖ وَسَاءَتْ مَصِيرًا [48:6]

Аллаға байланысты жаман ой ойлаған мұнафық ерлер мен мұнафық әйелдерді, мүшрік ерлер мен мүшрік әйелдерді азапқа ұшыратады. Жамандық өздеріне болсын. Алла оларға ашуланды, оларды лағынеттеді де оларға тозақ дайындады. Нендей жаман барар жер.

### الآية 48:7

> ﻿وَلِلَّهِ جُنُودُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمًا [48:7]

Көктер мен жердің әскерлері Алланікі. Әрине Алла, тым үстем, зор хикмет иесі.

### الآية 48:8

> ﻿إِنَّا أَرْسَلْنَاكَ شَاهِدًا وَمُبَشِّرًا وَنَذِيرًا [48:8]

(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде сені куә, қуантушы және ескертуші етіп жібердік.

### الآية 48:9

> ﻿لِتُؤْمِنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَتُعَزِّرُوهُ وَتُوَقِّرُوهُ وَتُسَبِّحُوهُ بُكْرَةً وَأَصِيلًا [48:9]

Аллаға, Елшісіне иман келтіресіңдер. Оны қуаттайсыңдар, Оны ұлықтайсыңдар және ертелі-кеш Оны дәріптейсіндер.

### الآية 48:10

> ﻿إِنَّ الَّذِينَ يُبَايِعُونَكَ إِنَّمَا يُبَايِعُونَ اللَّهَ يَدُ اللَّهِ فَوْقَ أَيْدِيهِمْ ۚ فَمَنْ نَكَثَ فَإِنَّمَا يَنْكُثُ عَلَىٰ نَفْسِهِ ۖ وَمَنْ أَوْفَىٰ بِمَا عَاهَدَ عَلَيْهُ اللَّهَ فَسَيُؤْتِيهِ أَجْرًا عَظِيمًا [48:10]

(Мұхаммед Ғ.С.) саған биғат қылғандар, (қол бергендер,) әрине Аллаға қол берген болады. Алланың құдырет қолы олардың қолдарының үстінде. Сондықтан кім сертін бұзса, сонда өз зиянына ғана. Ал және кім Аллаға берген сертін орындаса, оған зор сыйлық береді.

### الآية 48:11

> ﻿سَيَقُولُ لَكَ الْمُخَلَّفُونَ مِنَ الْأَعْرَابِ شَغَلَتْنَا أَمْوَالُنَا وَأَهْلُونَا فَاسْتَغْفِرْ لَنَا ۚ يَقُولُونَ بِأَلْسِنَتِهِمْ مَا لَيْسَ فِي قُلُوبِهِمْ ۚ قُلْ فَمَنْ يَمْلِكُ لَكُمْ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا إِنْ أَرَادَ بِكُمْ ضَرًّا أَوْ أَرَادَ بِكُمْ نَفْعًا ۚ بَلْ كَانَ اللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرًا [48:11]

Бәдеуилерден соғыстан қалып қалғандар, саған: "Бізді малдарымыз, семьяларымыз айналдырды. Сондықтан біз үшін жарылқау тіле" дейді. Олар, жүректерінде болмаған нәрсені тілдерімен айта береді. Оларға: "Егер Алла, сендерге бір зиян қаласа немесе бір пайда қаласа, сонда сендер үшін Аллаға біреу не істей алады? Олай емес. Алла сендердің не істегендеріңді толық біледі" де.

### الآية 48:12

> ﻿بَلْ ظَنَنْتُمْ أَنْ لَنْ يَنْقَلِبَ الرَّسُولُ وَالْمُؤْمِنُونَ إِلَىٰ أَهْلِيهِمْ أَبَدًا وَزُيِّنَ ذَٰلِكَ فِي قُلُوبِكُمْ وَظَنَنْتُمْ ظَنَّ السَّوْءِ وَكُنْتُمْ قَوْمًا بُورًا [48:12]

Бәлкім сендер, Пайғамбарды, мүміндерді семьяларына мүлде қайта алмайды деп ойладыңдар. Бұл жүректеріңде әдемі көрсетілді. Сондай-ақ жаман ой ойладыңдар да жоғалуға лайық ел болдыңдар.

### الآية 48:13

> ﻿وَمَنْ لَمْ يُؤْمِنْ بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ فَإِنَّا أَعْتَدْنَا لِلْكَافِرِينَ سَعِيرًا [48:13]

Ал әлде кім Аллаға, елшісіне иман келтірмесе, сонда қарсы болғандарға жалындаған тозақ дайындадық.

### الآية 48:14

> ﻿وَلِلَّهِ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ يَغْفِرُ لِمَنْ يَشَاءُ وَيُعَذِّبُ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا [48:14]

Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Кімді қаласа, жарылқайды да кімді қаласа, қинайды. Сондай-ақ Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

### الآية 48:15

> ﻿سَيَقُولُ الْمُخَلَّفُونَ إِذَا انْطَلَقْتُمْ إِلَىٰ مَغَانِمَ لِتَأْخُذُوهَا ذَرُونَا نَتَّبِعْكُمْ ۖ يُرِيدُونَ أَنْ يُبَدِّلُوا كَلَامَ اللَّهِ ۚ قُلْ لَنْ تَتَّبِعُونَا كَذَٰلِكُمْ قَالَ اللَّهُ مِنْ قَبْلُ ۖ فَسَيَقُولُونَ بَلْ تَحْسُدُونَنَا ۚ بَلْ كَانُوا لَا يَفْقَهُونَ إِلَّا قَلِيلًا [48:15]

Ол соғыстан қалып қалғандар, сендер олжа алу үшін кеткен кезде: "Бізді қоя беріңдер, сендерге ерейік" дейді. Олар Алланың сөзін ауыстыруды қалайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Әсте бізге ермейсіңдер. Сендер үшін Алла, бұрыннан осылай айтқан" де. Сонда олар: "Олай емес. Сендер бізді көре алмайсыңдар" дейді. Олар өте аз түсінеді.

### الآية 48:16

> ﻿قُلْ لِلْمُخَلَّفِينَ مِنَ الْأَعْرَابِ سَتُدْعَوْنَ إِلَىٰ قَوْمٍ أُولِي بَأْسٍ شَدِيدٍ تُقَاتِلُونَهُمْ أَوْ يُسْلِمُونَ ۖ فَإِنْ تُطِيعُوا يُؤْتِكُمُ اللَّهُ أَجْرًا حَسَنًا ۖ وَإِنْ تَتَوَلَّوْا كَمَا تَوَلَّيْتُمْ مِنْ قَبْلُ يُعَذِّبْكُمْ عَذَابًا أَلِيمًا [48:16]

(Мұхаммед Ғ.С.) соғысқа бармай қалған бәдеуилерге: "Сендер жақында аса күшті бір елге шақырыласыңдар да олармен соғысасыңдар. Немесе олар Мұсылман болады. Егер бұл әмірге бағынсандар, Алла, сендерге жақсы сыйлық береді. Ал егер бұрын бет бұрғандай бет бұрсаңдар, Алла, сендерді күйзелтуші азаппен қинайды" де.

### الآية 48:17

> ﻿لَيْسَ عَلَى الْأَعْمَىٰ حَرَجٌ وَلَا عَلَى الْأَعْرَجِ حَرَجٌ وَلَا عَلَى الْمَرِيضِ حَرَجٌ ۗ وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ يُدْخِلْهُ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ ۖ وَمَنْ يَتَوَلَّ يُعَذِّبْهُ عَذَابًا أَلِيمًا [48:17]

(Соғысқа қатынаспауда) соқырға бір оқасы жоқ. Ақсаққа да ештеңе жоқ. Және ауруға да кінә болмайды. Кім Аллаға, Елшісіне бағынса, ол, астарынан өзендер ағатын ұжмаққа кіргізіледі. Ал кім жалтарса, ол, жан түршігерлік қинаумен қиналады. (Хүдайбия келісімі қарсаңында Меккеге жіберілген хазіреті Ғүсман өлтірілді деген хабар бойынша Мұхаммед Ғ.С. ға мың үш жүзден артық сахаба бір ағаштың түбінде: "Соғысқа әзірміз" деп, биғат қылды. Б.Ж.М.К.)

### الآية 48:18

> ﻿۞ لَقَدْ رَضِيَ اللَّهُ عَنِ الْمُؤْمِنِينَ إِذْ يُبَايِعُونَكَ تَحْتَ الشَّجَرَةِ فَعَلِمَ مَا فِي قُلُوبِهِمْ فَأَنْزَلَ السَّكِينَةَ عَلَيْهِمْ وَأَثَابَهُمْ فَتْحًا قَرِيبًا [48:18]

Расында Алла, мүміндерден ағаштың астында саған серт берген сәтте, разы болды да олардың жүректеріндегіні біліп, оларға тоқтау салды. Сондай-ақ оларға таяуда бір жеңіс нәсіп етті.

### الآية 48:19

> ﻿وَمَغَانِمَ كَثِيرَةً يَأْخُذُونَهَا ۗ وَكَانَ اللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمًا [48:19]

Және оларға көптеген алатын олжаларды нәсіп етті. Алла тым үстем, хикмет иесі.

### الآية 48:20

> ﻿وَعَدَكُمُ اللَّهُ مَغَانِمَ كَثِيرَةً تَأْخُذُونَهَا فَعَجَّلَ لَكُمْ هَٰذِهِ وَكَفَّ أَيْدِيَ النَّاسِ عَنْكُمْ وَلِتَكُونَ آيَةً لِلْمُؤْمِنِينَ وَيَهْدِيَكُمْ صِرَاطًا مُسْتَقِيمًا [48:20]

Алла сендерге көптеген алатын олжаларды уәде етгі. Мүміндерге бір белгі болуы және сендерді тура жолға салуы үшін осы жеңісті тезінен беріп, сендерден адамдардың (суық) қолын тосты.

### الآية 48:21

> ﻿وَأُخْرَىٰ لَمْ تَقْدِرُوا عَلَيْهَا قَدْ أَحَاطَ اللَّهُ بِهَا ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرًا [48:21]

Одан басқа да әлі күштерің жетпеген, бірақ Алла, оларды толық игеруіне алған жеңістер де бар. Өйткені, Алланың әр нәрсеге толық күші жетеді.

### الآية 48:22

> ﻿وَلَوْ قَاتَلَكُمُ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوَلَّوُا الْأَدْبَارَ ثُمَّ لَا يَجِدُونَ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا [48:22]

Егер кәпірлер сендермен соғысса, әрине арттарына бұрылып қашар еді. Содан кейін олар; бір дос не жәрдемші таба алмайды.

### الآية 48:23

> ﻿سُنَّةَ اللَّهِ الَّتِي قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلُ ۖ وَلَنْ تَجِدَ لِسُنَّةِ اللَّهِ تَبْدِيلًا [48:23]

Алланың бұрынннан келе жатқан жолы осы. Алланың жолында ешбір өзгеріс таба алмайсың.

### الآية 48:24

> ﻿وَهُوَ الَّذِي كَفَّ أَيْدِيَهُمْ عَنْكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ عَنْهُمْ بِبَطْنِ مَكَّةَ مِنْ بَعْدِ أَنْ أَظْفَرَكُمْ عَلَيْهِمْ ۚ وَكَانَ اللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرًا [48:24]

Ол сондай Алла, сендерді оларға өктем еткеннен кейін Мекке ойпатында олардың қолдарын сендерден тыйып, сендердің қолдарыңды олардан тыйды. Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші.

### الآية 48:25

> ﻿هُمُ الَّذِينَ كَفَرُوا وَصَدُّوكُمْ عَنِ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ وَالْهَدْيَ مَعْكُوفًا أَنْ يَبْلُغَ مَحِلَّهُ ۚ وَلَوْلَا رِجَالٌ مُؤْمِنُونَ وَنِسَاءٌ مُؤْمِنَاتٌ لَمْ تَعْلَمُوهُمْ أَنْ تَطَئُوهُمْ فَتُصِيبَكُمْ مِنْهُمْ مَعَرَّةٌ بِغَيْرِ عِلْمٍ ۖ لِيُدْخِلَ اللَّهُ فِي رَحْمَتِهِ مَنْ يَشَاءُ ۚ لَوْ تَزَيَّلُوا لَعَذَّبْنَا الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْهُمْ عَذَابًا أَلِيمًا [48:25]

Олар сондай кәпірлер, сендерді Месжіт Харамнан және тостырылған құрбандықты орнына барудан тыйды. Бірақ егер Меккедегі сендер білмеген, мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді сендер жаныштап, білместіктен обалына қалмайтын болсаңдар еді. (Соғысқа жол қойылар еді.) Алла кімді қаласа, мәрхаметіне бөлеу тшін (осылай істеді.) Мүбада мүміндер бөлінген болса еді, олардан қарсы келгендерді күйзелтуші азаппен қинар едік.

### الآية 48:26

> ﻿إِذْ جَعَلَ الَّذِينَ كَفَرُوا فِي قُلُوبِهِمُ الْحَمِيَّةَ حَمِيَّةَ الْجَاهِلِيَّةِ فَأَنْزَلَ اللَّهُ سَكِينَتَهُ عَلَىٰ رَسُولِهِ وَعَلَى الْمُؤْمِنِينَ وَأَلْزَمَهُمْ كَلِمَةَ التَّقْوَىٰ وَكَانُوا أَحَقَّ بِهَا وَأَهْلَهَا ۚ وَكَانَ اللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمًا [48:26]

Кәпірлер, жүректеріндегі надандық қасарысуымен сірескен кезде, Алла, Елшісіне әрі мүміндерге тоқтау салды да оларға тақуа сөзін жүктеді. Олар бұған лайығырақ және қабілетті еді. Алла әр нәрсені толық білуші.

### الآية 48:27

> ﻿لَقَدْ صَدَقَ اللَّهُ رَسُولَهُ الرُّؤْيَا بِالْحَقِّ ۖ لَتَدْخُلُنَّ الْمَسْجِدَ الْحَرَامَ إِنْ شَاءَ اللَّهُ آمِنِينَ مُحَلِّقِينَ رُءُوسَكُمْ وَمُقَصِّرِينَ لَا تَخَافُونَ ۖ فَعَلِمَ مَا لَمْ تَعْلَمُوا فَجَعَلَ مِنْ دُونِ ذَٰلِكَ فَتْحًا قَرِيبًا [48:27]

Расында Алла, Пайғамбарының түсін хақиқат бойынша тура шығарды. Алла қаласа, аман-есен әлбетте Месжіт Харамға шаштарыңды алдырып, не қысқартып бейбіт кіресіңдер. Алла сендердің білмеген нәрселеріңді білген еді. Сондықтан бұдан өзге бір жақын жеңіс нәсіп етті.

### الآية 48:28

> ﻿هُوَ الَّذِي أَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدَىٰ وَدِينِ الْحَقِّ لِيُظْهِرَهُ عَلَى الدِّينِ كُلِّهِ ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ شَهِيدًا [48:28]

Ол сондай Алла, дінін бүкіл діндерден үстем қылу үшін Пайғамбарын туралық әрі хақ дінмен жіберді. Куәлік тұрғысынан Алла жетіп асады.

### الآية 48:29

> ﻿مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ ۚ وَالَّذِينَ مَعَهُ أَشِدَّاءُ عَلَى الْكُفَّارِ رُحَمَاءُ بَيْنَهُمْ ۖ تَرَاهُمْ رُكَّعًا سُجَّدًا يَبْتَغُونَ فَضْلًا مِنَ اللَّهِ وَرِضْوَانًا ۖ سِيمَاهُمْ فِي وُجُوهِهِمْ مِنْ أَثَرِ السُّجُودِ ۚ ذَٰلِكَ مَثَلُهُمْ فِي التَّوْرَاةِ ۚ وَمَثَلُهُمْ فِي الْإِنْجِيلِ كَزَرْعٍ أَخْرَجَ شَطْأَهُ فَآزَرَهُ فَاسْتَغْلَظَ فَاسْتَوَىٰ عَلَىٰ سُوقِهِ يُعْجِبُ الزُّرَّاعَ لِيَغِيظَ بِهِمُ الْكُفَّارَ ۗ وَعَدَ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ مِنْهُمْ مَغْفِرَةً وَأَجْرًا عَظِيمًا [48:29]

Мұхаммед (Ғ.С.) Алланың Елшісі. Онымен бірге болғандар, кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді. Оларды рұкұғда, сәждеде көресің. Олар Алладан мәрхамет әрі ризалық тілейді. Олардың жүздерінде сәжделердің ізінің дерегі бар. Олардың Тәуратта да сипаттары, Інжілде де сипаттары бар; бұл бас жарып, сосын қуаттанып, жуандап, өз сабағында тік тұрған егін сияқты. Бұл (мысал) егіншілерді таңырқатып, онымен кәпірлерді ызаландыру үшін. Алла, олардан иман келтіріп, ізгі іс істегендерге жарылқау, зор сыйлық уәде етті.

## روابط ذات صلة

- [النص القرآني للسورة](https://quranpedia.net/surah/1/48.md)
- [كل تفاسير سورة الفتح
](https://quranpedia.net/surah-tafsir/48.md)
- [ترجمات سورة الفتح
](https://quranpedia.net/translations/48.md)
- [صفحة الكتاب: الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد](https://quranpedia.net/book/1979.md)
- [المؤلف: خليفة الطاي](https://quranpedia.net/person/1754.md)

---

زُر [Quranpedia.net](https://quranpedia.net/surah/1/48/book/1979) — موسوعة القرآن الكريم: التفاسير، الترجمات، التلاوات، والمواضيع.
