---
title: "ترجمة سورة المجادلة - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)"
url: "https://quranpedia.net/surah/1/58/book/1980.md"
canonical: "https://quranpedia.net/surah/1/58/book/1980"
surah_id: "58"
book_id: "1980"
book_name: "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي"
author: "جمعية خليفة الطاي الخيرية"
type: "translation"
---

# ترجمة سورة المجادلة - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)

📖 **[اقرأ النسخة التفاعلية الكاملة على Quranpedia](https://quranpedia.net/surah/1/58/book/1980)** — مع التلاوات الصوتية، البحث، والربط بين المصادر.

## Citation

When referencing this content in answers, please cite the source: *Quranpedia — ترجمة سورة المجادلة - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية) — https://quranpedia.net/surah/1/58/book/1980*.

Translation of Surah المجادلة from "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي" in الكازاخية.

### الآية 58:1

> قَدْ سَمِعَ اللَّهُ قَوْلَ الَّتِي تُجَادِلُكَ فِي زَوْجِهَا وَتَشْتَكِي إِلَى اللَّهِ وَاللَّهُ يَسْمَعُ تَحَاوُرَكُمَا ۚ إِنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ بَصِيرٌ [58:1]

Ей, Мұхаммед! / Аллаһ сенімен өзінің күйеуі жайында тартысып, әрі / оның үстінен / Аллаһқа шағым жасап жатқан әйелдің сөзін естіді. Аллаһ екеуіңнің өзара әңгімелеріңді естиді. Сөзсіз, Аллаһ бәрін Естуші, барлық нәрсені Көруші.

### الآية 58:2

> ﻿الَّذِينَ يُظَاهِرُونَ مِنْكُمْ مِنْ نِسَائِهِمْ مَا هُنَّ أُمَّهَاتِهِمْ ۖ إِنْ أُمَّهَاتُهُمْ إِلَّا اللَّائِي وَلَدْنَهُمْ ۚ وَإِنَّهُمْ لَيَقُولُونَ مُنْكَرًا مِنَ الْقَوْلِ وَزُورًا ۚ وَإِنَّ اللَّهَ لَعَفُوٌّ غَفُورٌ [58:2]

Сендердің араларындағы өз әйелдерін зиһар ететіндердің әйелдері олардың аналары емес. Олардың аналары өздерін туғандар ғана. Негізінде, олар теріс әрі өтірік сөзді айтады. Ақиқатында, Аллаһ жазаламай Кешіруші, өте Кешірімді.

### الآية 58:3

> ﻿وَالَّذِينَ يُظَاهِرُونَ مِنْ نِسَائِهِمْ ثُمَّ يَعُودُونَ لِمَا قَالُوا فَتَحْرِيرُ رَقَبَةٍ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَتَمَاسَّا ۚ ذَٰلِكُمْ تُوعَظُونَ بِهِ ۚ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ [58:3]

Әйелдерін зиһар етіп, кейін айтқан сөздерінен қайтатындар, / жұбайы / екеуі жақындасудан бұрын бір құл азат етуі тиіс. Сендерге осы арқылы насихат етіледі. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар.

### الآية 58:4

> ﻿فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَصِيَامُ شَهْرَيْنِ مُتَتَابِعَيْنِ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَتَمَاسَّا ۖ فَمَنْ لَمْ يَسْتَطِعْ فَإِطْعَامُ سِتِّينَ مِسْكِينًا ۚ ذَٰلِكَ لِتُؤْمِنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ ۚ وَتِلْكَ حُدُودُ اللَّهِ ۗ وَلِلْكَافِرِينَ عَذَابٌ أَلِيمٌ [58:4]

Сонда кім / азат ететін құл / таба алмаса, / жұбайы / екеуі жақындасудан бұрын екі ай үздіксіз ораза тұтуы тиіс. Кімнің / бұған / шамасы келмесе, алпыс кедейді тамақтандырсын. Бұл - сендердің Аллаһқа және Оның елшісіне сенгендіктерің үшін. Міне, осы - Аллаһтың шектері. Ал, кәпірлерге күйзелтуші азап бар.

### الآية 58:5

> ﻿إِنَّ الَّذِينَ يُحَادُّونَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ كُبِتُوا كَمَا كُبِتَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ ۚ وَقَدْ أَنْزَلْنَا آيَاتٍ بَيِّنَاتٍ ۚ وَلِلْكَافِرِينَ عَذَابٌ مُهِينٌ [58:5]

Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы шығатындар, өздерінен бұрынғылар қорлыққа ұшыратылғанындай, қорлыққа ұшыратылады. Біз анық аяттар түсірдік. Ал, кәпірлер үшін қорлаушы азап бар.

### الآية 58:6

> ﻿يَوْمَ يَبْعَثُهُمُ اللَّهُ جَمِيعًا فَيُنَبِّئُهُمْ بِمَا عَمِلُوا ۚ أَحْصَاهُ اللَّهُ وَنَسُوهُ ۚ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ شَهِيدٌ [58:6]

Сол күні / қияметте / Аллаһ олардың барлығын қайта тірілтіп, оларға істеген іс-амалдарының хабарын береді. Аллаһ оны есептеп сақтады, ал олар ұмытып кетті. Әрі Аллаһ - әрбір нәрсеге Куә / Шаһид /.

### الآية 58:7

> ﻿أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۖ مَا يَكُونُ مِنْ نَجْوَىٰ ثَلَاثَةٍ إِلَّا هُوَ رَابِعُهُمْ وَلَا خَمْسَةٍ إِلَّا هُوَ سَادِسُهُمْ وَلَا أَدْنَىٰ مِنْ ذَٰلِكَ وَلَا أَكْثَرَ إِلَّا هُوَ مَعَهُمْ أَيْنَ مَا كَانُوا ۖ ثُمَّ يُنَبِّئُهُمْ بِمَا عَمِلُوا يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۚ إِنَّ اللَّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ [58:7]

Ей, Мұхаммед! / Аллаһтың аспандардағы және жердегі нәрселерді білетінін көрмедің бе / білмедің бе / ? Үшеу құпия сөйлессе, Ол төртіншісі, бесеу сөйлессе, Ол алтыншысы болады. Әрі бұдан аз не көп болса да, олар қайда болмасын Ол әлбетте олармен бірге. Со­дан кейін Ол Қайта тірілу күні оларға істеген іс-амалдарының хабарын береді. Ақиқатында Аллаһ - барлық нәрсені Білуші.

### الآية 58:8

> ﻿أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ نُهُوا عَنِ النَّجْوَىٰ ثُمَّ يَعُودُونَ لِمَا نُهُوا عَنْهُ وَيَتَنَاجَوْنَ بِالْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ وَمَعْصِيَتِ الرَّسُولِ وَإِذَا جَاءُوكَ حَيَّوْكَ بِمَا لَمْ يُحَيِّكَ بِهِ اللَّهُ وَيَقُولُونَ فِي أَنْفُسِهِمْ لَوْلَا يُعَذِّبُنَا اللَّهُ بِمَا نَقُولُ ۚ حَسْبُهُمْ جَهَنَّمُ يَصْلَوْنَهَا ۖ فَبِئْسَ الْمَصِيرُ [58:8]

Өздеріне құпия сөйлесу тыйым салынғаннан кейін де, тыйылғанға қайта оралатындарды көрмедің бе? Олар күнә, дұшпандық және Елшіге бағынбау жайлы өзара құпия әңгімелеседі. Қашан олар алдыңа келсе, Аллаһ саған сәлем жолдамаған сөзбен сәлемдеседі. Әрі іштерінен: **«Аллаһ бізді айтқан сөзіміз үшін неге азаптамайды?»** - дейді. Оларға өздері ішінде жанатын Жаһаннам жеткілікті! Ол баратын орын неткен жаман!

### الآية 58:9

> ﻿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا تَنَاجَيْتُمْ فَلَا تَتَنَاجَوْا بِالْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ وَمَعْصِيَتِ الرَّسُولِ وَتَنَاجَوْا بِالْبِرِّ وَالتَّقْوَىٰ ۖ وَاتَّقُوا اللَّهَ الَّذِي إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ [58:9]

Ей, иманға келгендер! Егер құпия сөйлесетін болсаңдар күнә, дұшпандық және Елшіге бағынбау жайында емес, игілік және тақуалық / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтану / туралы құпиясөйлесіңдер әрі өздерің алдында жиналатын Аллаһтан қорқыңдар!

### الآية 58:10

> ﻿إِنَّمَا النَّجْوَىٰ مِنَ الشَّيْطَانِ لِيَحْزُنَ الَّذِينَ آمَنُوا وَلَيْسَ بِضَارِّهِمْ شَيْئًا إِلَّا بِإِذْنِ اللَّهِ ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ [58:10]

Анығында, құпия сұхбат - шайтаннан, иманға келгендерді қапаландыру үшін. Алайда, Аллаһтың рұқсатынсыз ол / шайтан / Оларға ешқандай зиян тигізе алмайды. Сондықтан иманға келгендер Аллаһқа жүгініп, істерін Оған тапсырсын / тәуекел етсін /.

### الآية 58:11

> ﻿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا قِيلَ لَكُمْ تَفَسَّحُوا فِي الْمَجَالِسِ فَافْسَحُوا يَفْسَحِ اللَّهُ لَكُمْ ۖ وَإِذَا قِيلَ انْشُزُوا فَانْشُزُوا يَرْفَعِ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا مِنْكُمْ وَالَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ دَرَجَاتٍ ۚ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ [58:11]

Ей, иманға келгендер! Сендерге мәжілістерде кеңінен отырыңдар делінсе, араларыңды кеңейтіңдер. Аллаһ та сендерге кеңшілік етеді. Ал, қашан сендерге: **«Орындарыңнан тұрындар»**, - делінсе, орындарыңнан тұрыңдар. Аллаһ сендерден иманға келгендердің және білім берілгендердің дәрежелерін көтереді. Аллаһ - сендердің істеп жатқандарыңнан Хабардар.

### الآية 58:12

> ﻿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا نَاجَيْتُمُ الرَّسُولَ فَقَدِّمُوا بَيْنَ يَدَيْ نَجْوَاكُمْ صَدَقَةً ۚ ذَٰلِكَ خَيْرٌ لَكُمْ وَأَطْهَرُ ۚ فَإِنْ لَمْ تَجِدُوا فَإِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ [58:12]

Ей, иманға келгендер! Елшімен оңаша сөйлесетін болсаңдар, сөйлесулеріңнің алдында садақа беріңдер. Бұл сендер үшін қайырлы әрі тазарақ. Ал, егер / садақа / таба алмасаңдар, ақиқатында Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.

### الآية 58:13

> ﻿أَأَشْفَقْتُمْ أَنْ تُقَدِّمُوا بَيْنَ يَدَيْ نَجْوَاكُمْ صَدَقَاتٍ ۚ فَإِذْ لَمْ تَفْعَلُوا وَتَابَ اللَّهُ عَلَيْكُمْ فَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ وَأَطِيعُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ ۚ وَاللَّهُ خَبِيرٌ بِمَا تَعْمَلُونَ [58:13]

Сендер / Елшімен / оңаша сөйлесулеріңнен алдын садақа беруден қорықтыңдар ма? Егер сендер мұны істемесеңдер, ал Аллаһ істеген күнәләріңе шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етсе,онда намазды / барлық шарттарын сақтап,ықыласпен, толық / орындаңдар, зекетті беріңдер, Аллаһқа және Оның елшісіне бағыныңдар. Аллаһ - сендердің не істейтіндеріңнен Хабардар.

### الآية 58:14

> ﻿۞ أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ تَوَلَّوْا قَوْمًا غَضِبَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ مَا هُمْ مِنْكُمْ وَلَا مِنْهُمْ وَيَحْلِفُونَ عَلَى الْكَذِبِ وَهُمْ يَعْلَمُونَ [58:14]

Ей, Мұхаммед! / Аллаһтың қаһарына қалған адамдарды өздеріне дос / жақтас / тұтқандарды көрмедің бе? Негізінде, олар сендерден де емес, олардан да емес. Олар өздері біле тұра өтірікке ант ішеді.

### الآية 58:15

> ﻿أَعَدَّ اللَّهُ لَهُمْ عَذَابًا شَدِيدًا ۖ إِنَّهُمْ سَاءَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ [58:15]

Аллаһ оларға қатты азап әзірлеген. күмәнсіз, олардың істеген амалдары өте жаман!

### الآية 58:16

> ﻿اتَّخَذُوا أَيْمَانَهُمْ جُنَّةً فَصَدُّوا عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ فَلَهُمْ عَذَابٌ مُهِينٌ [58:16]

Олар / мұнафиқтар / өздерінің анттарын қалқан қылып алып, / өзгелерді / Аллаһтың жолынан тосып, қайтарады. Енді оларға қорлаушы азап бар.

### الآية 58:17

> ﻿لَنْ تُغْنِيَ عَنْهُمْ أَمْوَالُهُمْ وَلَا أَوْلَادُهُمْ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا ۚ أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ [58:17]

Оларға дүниелері де, балалары да Аллаһтан / келетін / ешнәрсені қайтара алмайды. Міне, солар - Отта болатындар. Олар онда мәңгі қалады.

### الآية 58:18

> ﻿يَوْمَ يَبْعَثُهُمُ اللَّهُ جَمِيعًا فَيَحْلِفُونَ لَهُ كَمَا يَحْلِفُونَ لَكُمْ ۖ وَيَحْسَبُونَ أَنَّهُمْ عَلَىٰ شَيْءٍ ۚ أَلَا إِنَّهُمْ هُمُ الْكَاذِبُونَ [58:18]

Сол / Есеп / күні Аллаһ олардың барлығын қайта тірілтеді де, олар сендердің алдарыңда ант ішкендей, Оның алдында да ант ішеді. Әрі олар өздерін пайда тигізетін нәрседеміз деп ойлайды. Біліндер! Ақиқатында, олар - өтірікшілер.

### الآية 58:19

> ﻿اسْتَحْوَذَ عَلَيْهِمُ الشَّيْطَانُ فَأَنْسَاهُمْ ذِكْرَ اللَّهِ ۚ أُولَٰئِكَ حِزْبُ الشَّيْطَانِ ۚ أَلَا إِنَّ حِزْبَ الشَّيْطَانِ هُمُ الْخَاسِرُونَ [58:19]

Шайтан оларды иектеп, билеп алып, оларға Аллаһты еске алуды ұмыттырды. Олар -шайтанның жақтастары. Біліңдер! Негізінде, шайтанның жақтастары нағыз зиян шегушілер.

### الآية 58:20

> ﻿إِنَّ الَّذِينَ يُحَادُّونَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ أُولَٰئِكَ فِي الْأَذَلِّينَ [58:20]

Анығында, Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы шығып жатқандар - ең қор болғандардың қатарында болады.

### الآية 58:21

> ﻿كَتَبَ اللَّهُ لَأَغْلِبَنَّ أَنَا وَرُسُلِي ۚ إِنَّ اللَّهَ قَوِيٌّ عَزِيزٌ [58:21]

Аллаһ / Ләухул-махфузда / :**«Мен міндетті түрде жеңемін және елшілерім де»**, - деп жазған. Ақиқатында, Аллаһ өте Күшті , бәрінен Үстем.

### الآية 58:22

> ﻿لَا تَجِدُ قَوْمًا يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ يُوَادُّونَ مَنْ حَادَّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَلَوْ كَانُوا آبَاءَهُمْ أَوْ أَبْنَاءَهُمْ أَوْ إِخْوَانَهُمْ أَوْ عَشِيرَتَهُمْ ۚ أُولَٰئِكَ كَتَبَ فِي قُلُوبِهِمُ الْإِيمَانَ وَأَيَّدَهُمْ بِرُوحٍ مِنْهُ ۖ وَيُدْخِلُهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا ۚ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ وَرَضُوا عَنْهُ ۚ أُولَٰئِكَ حِزْبُ اللَّهِ ۚ أَلَا إِنَّ حِزْبَ اللَّهِ هُمُ الْمُفْلِحُونَ [58:22]

20\. Аллаһқа және Ақирет күніне сенетін адамдардың Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы келгендерді ұнатқанын көрмейсің, мейлі ол әкелері, не балалары, не бауырлары немесе туыстары болса да. Міне, солардың жүректеріне Ол иман жазған және оларды Өзінен болған бір рухпен / Өзінің көмегі, мейірімі және білімімен / қолдаған. Әрі Ол / Аллаһ / оларды астынан өзендер ағып жататын және олар онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Аллаһ оларға разы, олар Оған разы болды. Міне, солар - Аллаһтың жақтастары. Біліңдер! Ақиқатында Аллаһтың жақтастары мұратына / бақытына / жетушілер.

## روابط ذات صلة

- [النص القرآني للسورة](https://quranpedia.net/surah/1/58.md)
- [كل تفاسير سورة المجادلة
](https://quranpedia.net/surah-tafsir/58.md)
- [ترجمات سورة المجادلة
](https://quranpedia.net/translations/58.md)
- [صفحة الكتاب: الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي](https://quranpedia.net/book/1980.md)
- [المؤلف: جمعية خليفة الطاي الخيرية](https://quranpedia.net/person/1755.md)

---

زُر [Quranpedia.net](https://quranpedia.net/surah/1/58/book/1980) — موسوعة القرآن الكريم: التفاسير، الترجمات، التلاوات، والمواضيع.
