---
title: "ترجمة سورة المنافقون - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)"
url: "https://quranpedia.net/surah/1/63/book/1980.md"
canonical: "https://quranpedia.net/surah/1/63/book/1980"
surah_id: "63"
book_id: "1980"
book_name: "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي"
author: "جمعية خليفة الطاي الخيرية"
type: "translation"
---

# ترجمة سورة المنافقون - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)

📖 **[اقرأ النسخة التفاعلية الكاملة على Quranpedia](https://quranpedia.net/surah/1/63/book/1980)** — مع التلاوات الصوتية، البحث، والربط بين المصادر.

## Citation

When referencing this content in answers, please cite the source: *Quranpedia — ترجمة سورة المنافقون - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية) — https://quranpedia.net/surah/1/63/book/1980*.

Translation of Surah المنافقون from "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي" in الكازاخية.

### الآية 63:1

> إِذَا جَاءَكَ الْمُنَافِقُونَ قَالُوا نَشْهَدُ إِنَّكَ لَرَسُولُ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ يَعْلَمُ إِنَّكَ لَرَسُولُهُ وَاللَّهُ يَشْهَدُ إِنَّ الْمُنَافِقِينَ لَكَاذِبُونَ [63:1]

Ей, Мұхаммед! / Мұнафиқтар саған кел­ген кезде: **«Сенің Аллаһтың елшісі екеніңе куәлік береміз»**, - дейді. Аллаһ, әлбетте, сен Оның елшісі екеніңді біледі. Әрі Аллаһ, мұнафиқтардың анық өтірікші екеніне куәлік береді.

### الآية 63:2

> ﻿اتَّخَذُوا أَيْمَانَهُمْ جُنَّةً فَصَدُّوا عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ ۚ إِنَّهُمْ سَاءَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ [63:2]

Олар анттарын қалқан етіп алып, / өзгелерді / Аллаһтың жолынан қайтарды. Шын мәнінде, олардың істеп жатқандары өте жаман!

### الآية 63:3

> ﻿ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ آمَنُوا ثُمَّ كَفَرُوا فَطُبِعَ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ فَهُمْ لَا يَفْقَهُونَ [63:3]

Бұл, олардың алдын иманға келіп, кейін күпірлік етулері / имансыздыққа қайтулары / себепті. Сөйтіп олардың жүректері мөрленді, енді олар түсінбейді.

### الآية 63:4

> ﻿۞ وَإِذَا رَأَيْتَهُمْ تُعْجِبُكَ أَجْسَامُهُمْ ۖ وَإِنْ يَقُولُوا تَسْمَعْ لِقَوْلِهِمْ ۖ كَأَنَّهُمْ خُشُبٌ مُسَنَّدَةٌ ۖ يَحْسَبُونَ كُلَّ صَيْحَةٍ عَلَيْهِمْ ۚ هُمُ الْعَدُوُّ فَاحْذَرْهُمْ ۚ قَاتَلَهُمُ اللَّهُ ۖ أَنَّىٰ يُؤْفَكُونَ [63:4]

Ей, Мұхаммед! / Оларды көрген кезіңде, олардың сырт келбеттері сені қайран қалдырады. Олар сөйлегенде, сөздерін тыңдайсың. Олар бейне бір сүйеп қойылған бөренелер тәрізді. Олар кез келген айқайды өздеріне айтылды деп есептейді. Олар - жау, олардан сақтан. Аллаһ оларды жойсын, олар / шындықтан / қайда бет бұрып барады?!

### الآية 63:5

> ﻿وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ تَعَالَوْا يَسْتَغْفِرْ لَكُمْ رَسُولُ اللَّهِ لَوَّوْا رُءُوسَهُمْ وَرَأَيْتَهُمْ يَصُدُّونَ وَهُمْ مُسْتَكْبِرُونَ [63:5]

Қашан Оларға: **«Келіңдер, Аллаһтың елшісі сендер үшін кешірім тілейді»**, - делінсе, олар бастарын шайқайды. Әрі сен олардың өздерін жоғары санап, менменси теріс бұрылғанын көресің.

### الآية 63:6

> ﻿سَوَاءٌ عَلَيْهِمْ أَسْتَغْفَرْتَ لَهُمْ أَمْ لَمْ تَسْتَغْفِرْ لَهُمْ لَنْ يَغْفِرَ اللَّهُ لَهُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْفَاسِقِينَ [63:6]

Олар үшін кешірім тілесең де, кешірім тілемесең де - оларға бәрібір. Аллаһ оларды кешірмейді. Негізінде, Аллаһ бұзық / бойсұнбаушы / адамдарды тура жолға салмайды.

### الآية 63:7

> ﻿هُمُ الَّذِينَ يَقُولُونَ لَا تُنْفِقُوا عَلَىٰ مَنْ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ حَتَّىٰ يَنْفَضُّوا ۗ وَلِلَّهِ خَزَائِنُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَلَٰكِنَّ الْمُنَافِقِينَ لَا يَفْقَهُونَ [63:7]

**«Аллаһтың елшісінің жанындағыларға ешнәрсе бермеңдер, олар тарап кетсін»**, - дейтіндер солар. Аспандардың және жердің қазыналары Аллаһта. Алайда мұнафиқтар түсінбейді.

### الآية 63:8

> ﻿يَقُولُونَ لَئِنْ رَجَعْنَا إِلَى الْمَدِينَةِ لَيُخْرِجَنَّ الْأَعَزُّ مِنْهَا الْأَذَلَّ ۚ وَلِلَّهِ الْعِزَّةُ وَلِرَسُولِهِ وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَلَٰكِنَّ الْمُنَافِقِينَ لَا يَعْلَمُونَ [63:8]

Олар: **«Біз Мәдинаға қайтып барсақ, әлбетте, үстем ол жерден нашарды қуып шығарады»**, -дейді. Ақиқатында, үстемдік - Аллаһта әрі Оның елшісінде және иманға келгендерде. Бірақ мұнафиқтар білмейді.

### الآية 63:9

> ﻿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُلْهِكُمْ أَمْوَالُكُمْ وَلَا أَوْلَادُكُمْ عَنْ ذِكْرِ اللَّهِ ۚ وَمَنْ يَفْعَلْ ذَٰلِكَ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ [63:9]

Ей, иманға келгендер! Дүние-мүліктерің мен балаларың сендерді Аллаһты еске алудан алаңдатып, бұрып қоймасын. Кім бұлай жасаса, міне, солар - зиян шегушілер.

### الآية 63:10

> ﻿وَأَنْفِقُوا مِنْ مَا رَزَقْنَاكُمْ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَ أَحَدَكُمُ الْمَوْتُ فَيَقُولَ رَبِّ لَوْلَا أَخَّرْتَنِي إِلَىٰ أَجَلٍ قَرِيبٍ فَأَصَّدَّقَ وَأَكُنْ مِنَ الصَّالِحِينَ [63:10]

Сендерден біріңе өлім жетіп: **«Йа, Раббы! Маған жақын бір мерзімге дейін мұрсат берсең, сонда мен садақа беріп әрі түзулерден болар едім»**, - деп айтуынан бұрын, Біз сендерге ризық етіп берген нәрселерден / зекет, садақа / беріңдер.

### الآية 63:11

> ﻿وَلَنْ يُؤَخِّرَ اللَّهُ نَفْسًا إِذَا جَاءَ أَجَلُهَا ۚ وَاللَّهُ خَبِيرٌ بِمَا تَعْمَلُونَ [63:11]

Біреудің / белгіленген / уақыты келген кезде, Аллаһ оған мұрсат бермейді. Әрі Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар.

## روابط ذات صلة

- [النص القرآني للسورة](https://quranpedia.net/surah/1/63.md)
- [كل تفاسير سورة المنافقون
](https://quranpedia.net/surah-tafsir/63.md)
- [ترجمات سورة المنافقون
](https://quranpedia.net/translations/63.md)
- [صفحة الكتاب: الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي](https://quranpedia.net/book/1980.md)
- [المؤلف: جمعية خليفة الطاي الخيرية](https://quranpedia.net/person/1755.md)

---

زُر [Quranpedia.net](https://quranpedia.net/surah/1/63/book/1980) — موسوعة القرآن الكريم: التفاسير، الترجمات، التلاوات، والمواضيع.
