---
title: "ترجمة سورة الملك - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)"
url: "https://quranpedia.net/surah/1/67/book/1980.md"
canonical: "https://quranpedia.net/surah/1/67/book/1980"
surah_id: "67"
book_id: "1980"
book_name: "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي"
author: "جمعية خليفة الطاي الخيرية"
type: "translation"
---

# ترجمة سورة الملك - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية)

📖 **[اقرأ النسخة التفاعلية الكاملة على Quranpedia](https://quranpedia.net/surah/1/67/book/1980)** — مع التلاوات الصوتية، البحث، والربط بين المصادر.

## Citation

When referencing this content in answers, please cite the source: *Quranpedia — ترجمة سورة الملك - الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي (الكازاخية) — https://quranpedia.net/surah/1/67/book/1980*.

Translation of Surah الملك from "الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي" in الكازاخية.

### الآية 67:1

> تَبَارَكَ الَّذِي بِيَدِهِ الْمُلْكُ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ [67:1]

Билік қолында болған Ол - аса Берекелі әрі Ол - барлық нәрсені Жасай алушы.

### الآية 67:2

> ﻿الَّذِي خَلَقَ الْمَوْتَ وَالْحَيَاةَ لِيَبْلُوَكُمْ أَيُّكُمْ أَحْسَنُ عَمَلًا ۚ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْغَفُورُ [67:2]

Ол өлім және өмірді сендердің қайсыларың амал етуде жақсырақ екенін сынау үшін жаратқан. Әрі Ол - аса Үстем, өте Кешірімді,

### الآية 67:3

> ﻿الَّذِي خَلَقَ سَبْعَ سَمَاوَاتٍ طِبَاقًا ۖ مَا تَرَىٰ فِي خَلْقِ الرَّحْمَٰنِ مِنْ تَفَاوُتٍ ۖ فَارْجِعِ الْبَصَرَ هَلْ تَرَىٰ مِنْ فُطُورٍ [67:3]

Жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқан - Сол / Аллаһ /. Әр-Рахманның / аса Қайырымдының / жаратуында ешбір кемшілік көрмейсің. Қайта көз салшы, қандай да бір сәйкессіздік көре аласың ба?!

### الآية 67:4

> ﻿ثُمَّ ارْجِعِ الْبَصَرَ كَرَّتَيْنِ يَنْقَلِبْ إِلَيْكَ الْبَصَرُ خَاسِئًا وَهُوَ حَسِيرٌ [67:4]

Содан кейін де көзіңді қайта сал. Көзің саған қажып, талған күйде қайтады.

### الآية 67:5

> ﻿وَلَقَدْ زَيَّنَّا السَّمَاءَ الدُّنْيَا بِمَصَابِيحَ وَجَعَلْنَاهَا رُجُومًا لِلشَّيَاطِينِ ۖ وَأَعْتَدْنَا لَهُمْ عَذَابَ السَّعِيرِ [67:5]

Ақиқатында Біз төменгі аспанды шырақтармен / аспан денелерімен / безендірдік әрі оларды шайтандарды қайтаратын нәрсе еттік. Әрі Біз оларға / шайтандарға / Саъир (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) азабын әзірледік.

### الآية 67:6

> ﻿وَلِلَّذِينَ كَفَرُوا بِرَبِّهِمْ عَذَابُ جَهَنَّمَ ۖ وَبِئْسَ الْمَصِيرُ [67:6]

Сондай-ақ өздерінің Раббысына, сондай күпірлік еткендерге / сенбегендерге / Жаһаннам (Тозақ) азабы бар. Ол - баратын орын неткен жаман!

### الآية 67:7

> ﻿إِذَا أُلْقُوا فِيهَا سَمِعُوا لَهَا شَهِيقًا وَهِيَ تَفُورُ [67:7]

Олар / имансыздар / онда лақтырылған кезде, оның өкіргенін естиді, әрі ол бұрқылдап қайнап тұрады.

### الآية 67:8

> ﻿تَكَادُ تَمَيَّزُ مِنَ الْغَيْظِ ۖ كُلَّمَا أُلْقِيَ فِيهَا فَوْجٌ سَأَلَهُمْ خَزَنَتُهَا أَلَمْ يَأْتِكُمْ نَذِيرٌ [67:8]

Ол қатты ашудан жарылып кете жаздайды. Оған бір топ лақтырылған сайын, оның сақшылары олардан: **«Сендерге ескертуші келмеген бе еді?»** - деп сұрайды.

### الآية 67:9

> ﻿قَالُوا بَلَىٰ قَدْ جَاءَنَا نَذِيرٌ فَكَذَّبْنَا وَقُلْنَا مَا نَزَّلَ اللَّهُ مِنْ شَيْءٍ إِنْ أَنْتُمْ إِلَّا فِي ضَلَالٍ كَبِيرٍ [67:9]

Олар: **«Иә, солай, бізге ескертуші келген еді. Бірақ біз оны өтірікші санап: «Аллаһ еш нәрсе түсірмеген. Сендер бар болғаны үлкен адасудасыңдар»**, - дегенбіз», - дейді.

### الآية 67:10

> ﻿وَقَالُوا لَوْ كُنَّا نَسْمَعُ أَوْ نَعْقِلُ مَا كُنَّا فِي أَصْحَابِ السَّعِيرِ [67:10]

Әрі олар: **«Егер де біз тыңдағанымызда не ақылымызды істеткенде, Саъирға (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) түскендер қатарында болмас едік»**, - дейді.

### الآية 67:11

> ﻿فَاعْتَرَفُوا بِذَنْبِهِمْ فَسُحْقًا لِأَصْحَابِ السَّعِيرِ [67:11]

Сөйтіп олар күнәсін мойындайды. Саъирға түскендер құрысын!

### الآية 67:12

> ﻿إِنَّ الَّذِينَ يَخْشَوْنَ رَبَّهُمْ بِالْغَيْبِ لَهُمْ مَغْفِرَةٌ وَأَجْرٌ كَبِيرٌ [67:12]

Шын мәнінде, өздерінің Раббысынан, Оны көрмей тұрып қорқатындарға кешірім әрі үлкен сый / Жәннат / бар.

### الآية 67:13

> ﻿وَأَسِرُّوا قَوْلَكُمْ أَوِ اجْهَرُوا بِهِ ۖ إِنَّهُ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ [67:13]

Сендер сөздеріңді жасырсаңдар да, не оны жарияласаңдар да, әлбетте, Ол - көкіректердегіні / жүректердегіні / Білуші.

### الآية 67:14

> ﻿أَلَا يَعْلَمُ مَنْ خَلَقَ وَهُوَ اللَّطِيفُ الْخَبِيرُ [67:14]

Бәрін Жаратқан білмей ме?! Әрі Ол - аса Жұмсақ, Қырағы, әрбір нәрседен Хабардар.

### الآية 67:15

> ﻿هُوَ الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ الْأَرْضَ ذَلُولًا فَامْشُوا فِي مَنَاكِبِهَا وَكُلُوا مِنْ رِزْقِهِ ۖ وَإِلَيْهِ النُّشُورُ [67:15]

Ол сендерге жерді көнгіш / пайдалануға жеңіл / етті. Оның / жердің / жан-жағында / барлық тарабында / жүріңдер және Оның / Аллаһтың / ризық еткенінен жеңдер. Әрі қайта тірілгеннен кейін Оған ораласыңдар.

### الآية 67:16

> ﻿أَأَمِنْتُمْ مَنْ فِي السَّمَاءِ أَنْ يَخْسِفَ بِكُمُ الْأَرْضَ فَإِذَا هِيَ تَمُورُ [67:16]

Аспандағының / Аллаһтың / сендерді жерге, теңселіп тұрған кезінде жұттырып жіберуінен қауіпсізсіңдер ме?

### الآية 67:17

> ﻿أَمْ أَمِنْتُمْ مَنْ فِي السَّمَاءِ أَنْ يُرْسِلَ عَلَيْكُمْ حَاصِبًا ۖ فَسَتَعْلَمُونَ كَيْفَ نَذِيرِ [67:17]

Немесе сендер, аспандағының / Аллаһтың / өздеріңе тасты дауыл жіберуінен қауіпсізсіңдер ме? Жақында сендер ескертуімнің қалай екенін білесіңдер.

### الآية 67:18

> ﻿وَلَقَدْ كَذَّبَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ فَكَيْفَ كَانَ نَكِيرِ [67:18]

Ақиқатында, олардан бұрынғылар да өтірікке шығарған еді. / Сонда / Менің жазалауым қалай болды?!

### الآية 67:19

> ﻿أَوَلَمْ يَرَوْا إِلَى الطَّيْرِ فَوْقَهُمْ صَافَّاتٍ وَيَقْبِضْنَ ۚ مَا يُمْسِكُهُنَّ إِلَّا الرَّحْمَٰنُ ۚ إِنَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ بَصِيرٌ [67:19]

Олар өздерінің үстінде қанаттарын жаятын және жинайтын кұстарды көрмей ме?! Оларды / ауада / әр-Рахманнан басқа ешкім ұстап тұра алмайды. Ақиқатында, Ол - әрбір нәрсені Көруші.

### الآية 67:20

> ﻿أَمَّنْ هَٰذَا الَّذِي هُوَ جُنْدٌ لَكُمْ يَنْصُرُكُمْ مِنْ دُونِ الرَّحْمَٰنِ ۚ إِنِ الْكَافِرُونَ إِلَّا فِي غُرُورٍ [67:20]

Сендердің әр-Рахманнан басқа жәрдем беретін жасақтарың кім / олар бар ма / ? Шын мәнінде, кәпірлер тек алданышта.

### الآية 67:21

> ﻿أَمَّنْ هَٰذَا الَّذِي يَرْزُقُكُمْ إِنْ أَمْسَكَ رِزْقَهُ ۚ بَلْ لَجُّوا فِي عُتُوٍّ وَنُفُورٍ [67:21]

Егер Ол ризық беруін тоқтатса, сендерге кім ризық береді? Ақиқатында, олар қасарысуда және безулерін жалғастыруда.

### الآية 67:22

> ﻿أَفَمَنْ يَمْشِي مُكِبًّا عَلَىٰ وَجْهِهِ أَهْدَىٰ أَمَّنْ يَمْشِي سَوِيًّا عَلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ [67:22]

Жүзімен жер сүзіп жүрген тура жолда ма, әлде түзу жолда еңсесін тіктеп жүрген бе?

### الآية 67:23

> ﻿قُلْ هُوَ الَّذِي أَنْشَأَكُمْ وَجَعَلَ لَكُمُ السَّمْعَ وَالْأَبْصَارَ وَالْأَفْئِدَةَ ۖ قَلِيلًا مَا تَشْكُرُونَ [67:23]

Ей, Мұхаммед! / Айт: **«Ол - сендерді жоқтан бар етті және сендерге естуді, көруді және жүректерді берді. Сендер өте аз шүкір етесіңдер / Аллаһтың берген игіліктеріне тым аз алғыс білдіресіңдер / »**, - деп.

### الآية 67:24

> ﻿قُلْ هُوَ الَّذِي ذَرَأَكُمْ فِي الْأَرْضِ وَإِلَيْهِ تُحْشَرُونَ [67:24]

Айт: **«Сендерді жер бетіне таратқан - Сол / Аллаһ / , әрі сендер Оған жиналасыңдар»**, - деп.

### الآية 67:25

> ﻿وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا الْوَعْدُ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ [67:25]

Олар / сенбейтіндер / :**«Егер шын сөзді болсаңдар, бұл уәде қашан / келеді / ?»**- дейді.

### الآية 67:26

> ﻿قُلْ إِنَّمَا الْعِلْمُ عِنْدَ اللَّهِ وَإِنَّمَا أَنَا نَذِيرٌ مُبِينٌ [67:26]

Ей, Мұхаммед!! Айт: **«Шын мәнінде / ол жайлы / білім - тек Аллаһта. Ал, мен - анық ескертуші ғанамын»**, - деп.

### الآية 67:27

> ﻿فَلَمَّا رَأَوْهُ زُلْفَةً سِيئَتْ وُجُوهُ الَّذِينَ كَفَرُوا وَقِيلَ هَٰذَا الَّذِي كُنْتُمْ بِهِ تَدَّعُونَ [67:27]

Ал, оны / Есеп күнін / жақыннан көрген кезде, күпірлік еткендердің / Есеп күнін өтірікке шығарғандардың / жүзі түнеріп кетеді. Оларға: **«Міне, осы сендердің сұрағандарың!»** - делінеді.

### الآية 67:28

> ﻿قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِنْ أَهْلَكَنِيَ اللَّهُ وَمَنْ مَعِيَ أَوْ رَحِمَنَا فَمَنْ يُجِيرُ الْكَافِرِينَ مِنْ عَذَابٍ أَلِيمٍ [67:28]

Ей, Мұхаммед! / Айт: **«Айтыңдаршы, егер Аллаһ мені және менімен бірге болғандарды жоқ етсе, немесе бізді мейіріміне бөлесе де, кәпірлерді күйзелтуші азаптан кім қорғайды?!»** - деп.

### الآية 67:29

> ﻿قُلْ هُوَ الرَّحْمَٰنُ آمَنَّا بِهِ وَعَلَيْهِ تَوَكَّلْنَا ۖ فَسَتَعْلَمُونَ مَنْ هُوَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ [67:29]

Айт: **«Ол - әр-Рахман / аса Қайырымды / , біз Оған сендік әрі Оған жүгініп, ісімізді Оған тапсырдық / тәуекел еттік /. Сендер жақында кімнің анық адасуда екенін білесіңдер»**, - деп.

### الآية 67:30

> ﻿قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِنْ أَصْبَحَ مَاؤُكُمْ غَوْرًا فَمَنْ يَأْتِيكُمْ بِمَاءٍ مَعِينٍ [67:30]

Айт: **«Айтыңдаршы, егер суларың жер астына сіңіп кетсе, сендерге ағатын су көзін кім келтіреді?!»** - деп.

## روابط ذات صلة

- [النص القرآني للسورة](https://quranpedia.net/surah/1/67.md)
- [كل تفاسير سورة الملك
](https://quranpedia.net/surah-tafsir/67.md)
- [ترجمات سورة الملك
](https://quranpedia.net/translations/67.md)
- [صفحة الكتاب: الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي](https://quranpedia.net/book/1980.md)
- [المؤلف: جمعية خليفة الطاي الخيرية](https://quranpedia.net/person/1755.md)

---

زُر [Quranpedia.net](https://quranpedia.net/surah/1/67/book/1980) — موسوعة القرآن الكريم: التفاسير، الترجمات، التلاوات، والمواضيع.
