ﯛ
ترجمة معاني سورة الأحقاف
باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
.
من تأليف:
جمعية خليفة الطاي الخيرية
.
ﰡ
ﮑ
ﰀ
Ха. Мим.
Бұл Кітап бәрінен Үстем, аса Дана Аллаһтан түсірілген.
Біз аспандар мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын тек ақиқатпен және белгіленген бір мерзіммен жараттық. Ал, кәпірлер өздеріне ескертіліп, сақтандырылғаннан теріс бұрылуда.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтан өзге шақырып-жалбарынатындарыңды көрдіңдер ме? Олардың жерден нені / қай бөлігін / жаратқанын маған көрсетіңдерші? Әлде олардың аспандарда / оны жаратуда / үлесі бар ма? Егер айтқандарың шын болса, маған / сөздеріңді растайтын / осыдан / Құраннан / алдын түскен Кітап не бұрын өткен білімінен қалған бір белгі әкеліңдерші», - деп.
Аллаһтан өзге, Қайта тірілу күніне дейін өзіне жауап бермейтіндерге жалбарынғаннан өткен адасушы кім бар? Әрі бұлар / табынған нәрселері / олардың дұға тілектерінен хабарсыз.
Ал, адамдар жиналған кезде / қайта тірілу күні / , бұлар / табынғандары / оларға / серік қосушыларға! жау болады және олардың өздеріне құлшылық еткенінен бас тартады.
Ал, қашан оларға / серік қосушыларға / анық аяттарымыз оқылған кезде, өздеріне келген ақиқатқа күпірлік еткендер / Аллаһқасенбегендер / :«Бұл - анық сиқыр», -дейді.
Әлде олар: «Ол оны ойдан шығарды», - дей ме? Айт: «Егер мұны ойдан шығарсам, сендер мен үшін Аллаһтан / келетін / ешнәрсеге иелік ете алмайсыңдар / Аллаһтың жазасынан қорғай алмайсыңдар! ?22і Ол сендердің не сөйлеп жатқандарыңды жақсы біледі. Ол мені мен сендердің араларыңа куә ретінде жеткілікті. Ол өте Кешірімді , ерекше Мейірімді », - деп.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен елшілердің алғашқысыемеспін және маған да, сендерге де не істелінетінін білмеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін әрі мен - бар болғаны анық ескертуші ғанамын», - деп.
Айт: «Сендер ойладыңдар ма, егер бұл / Құран / Аллаһтан болып, ал сендер оған күпір келтірсеңдер / мойындамасаңдар / әрі Исраил ұрпақтарынан бір куә осы сияқтыға / Тәуратқа / куә болып, кейін / Құранға / сенсе, ал сендер менменсіп, өздеріңді жоғары санасаңдар? Анығында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды», - деп.
Әрі сондай күпірлік етушілер / Құранды теріске шығарушылар / иманға келгендер жайлы: «Егер де ол / Құран / жақсылық болғанда, онда олар оған / сенуде / бізден озбас / оны алдын біз қабылдар едік / еді», - деді. Өздері онымен тура жол таппағандықтан: «Бұл ежелгі өтірік», - дейді.
Ал, бұдан / Құраннан / алдын жетекші әрі мейірім - Мұсаның кітабы болды. Ал бұл / Құран / - араб тілінде, / алдыңғы кітаптарды / растаушы, әділетсіздерді ескерту әрі жақсылықты ықыласпен істеушілерге қуанышты хабар ретінде / түсірілген / Кітап.
Анығында: «Раббымыз - Аллаһ» - деп, кейін тура жолды ұстанғандарға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды.
Міне, осылар - жәннаттық. Олар істеп өткен амалдарының қайтарым сыйы ретінде, ол жерде мәңгі қалады.
Біз адам баласына ата-анасына жақсылықты ықыласпен жасауды өсиет етіп тапсырдық. Анасы оны / құрсағында / ауырлықпен көтеріп және оны қиналып босанады. Оның жүктілік және сүттен айыруы - отыз ай. Ал, қашан ол кемеліне келіп, әрі қырық жасқа толған кезде: «Раббым! Маған өзіме және ата-анама берген игілігің үшін шүкір етуімді / алғыс, разылық білдіруімді / және Өзің разы болатын ізгі амал істеуімді жүрегіме кіргізіп, нәсіп ет. Әрі менің үшін ұрпағымды ізгілерден еткін. Мен күнәдан бас тартып, Өзіңе бойсұнуға қайттым / тәубе еттім /. Мен - мұсылмандарданмын / бойсұнушыларданмын / », - дейді.
Міне, осылардың істеген барлық жақсы амалдарын қабыл етеміз және жамандықтарын кешіреміз, оларға берілген шын уәде бойынша олар жәннаттықтардан болады.
Ал енді біреу ата-анасына: «Түһ, сендерден! Сен екеуің мені, / қабірден / шығарылуыммен қорқытпақшысыңдар ма? Менен бұрын қанша ұрпақ өтіп кетті», дейді. Ол екеуі Аллаһтан жәрдем тілеп: «Әй, сорың бар болғыр! Иманға кел! Сөзсіз, Аллаһтың уәдесі - хақ», - дегенде, ол: «Бұл -бұрынғылардың аңыз әңгімелері ғана», - дейді.
Міне, солар - өздеріне, олардан алдын өткен жындар мен адамдар қауымына қатысты, / жаза туралы / Сөз хақ болғандар / тиетіндер /.Анығында, олар зиянға ұшыраушылардан болды.
Әрі оларға амалдарының қайтарымын толық беруі үшін әркімге істеген амалдарына сай дәрежелері болады. Әрі оларға әділетсіздік етілмейді.
Ал, сондай күпірлік етушілер / имансыздар / Отқа келтірілген сол күні / Оларға /:«Сендер дүниелік өмірлерінде / берілген / жақсылықтарды ысырап еттіңдер және онымен рахаттандыңдар. Енді бүгін, құқықтарың болмаса да жер бетінде өздеріңді жоғары санағандықтарың және бұзықтықтарың / бойсұнбауларың / үшін сендерге қайтарым жаза ретінде қорлайтын азап беріледі»,-делінеді.
Ей, Мұхаммед! / Ад елінің ағайынын / Һұдты / есіңе ал. Сол кезде ол Ахқафтағы еліне, өзінен бұрын және кейін өткен ескертушілер секілді: «Аллаһтан басқаға табынбаңдар! Мен сендер үшін ұлы Күннің азабынан қорқамын», - деп ескерткен еді.
Олар: «Сен бізді өз құдайларымыздан қайтару үшін келдің бе? Егер шын сөзділерден болсаң, бізге қорқытқан нәрсеңді келтір», - деді.
Ол: «Шын мәнінде, білім - бір Аллаһта. Ал, мен сендерге өзіммен жіберілгенді ғана жеткіземін. Дегенмен, мен сендердің түсінбейтін / надан / ел екендіктеріңді көріп тұрмын», - деді.
Олар оны / жазаны / алқаптарына қарай / бұлт секілді / жайылып келе жатқанын көрген кезде: «Мына бұлт бізге жаңбыр әкеледі», - деді. «Олай емес! Ол өздерің тез болуын сұрағандарың - ішінде күйзелтуші азабы бар жел.
Ол Раббысының әмірі бойынша әрбір нәрсені қиратады!» Ал, таңертең олардың тұрақ жайларынан басқа ешнәрсе көрінбей қалды. Біз қылмыскер елдің қайтарым жазасын осылай береміз.
Біз Оларға сендерге бермеген күш-қуат / мүмкіншілік / бердік әрі оларға естуді, көруді және ақыл-ес / жүректі / бердік. Алайда олардың естулері, көрулері және ақыл-естері ешқандай пайда бермеді, себебі олар Аллаһтың белгі-дәлелдерін теріске шығарған еді. Сөйтіп олардың келеке еткендері өздерін орап алды.
Әрі Біз сендердің айналаларындағы елді мекендерді жойып жібердік және олардың / хақ дінге / қайтуы үшін белгі-дәлелдерді ашып түсіндірген едік.
Сонда олардың Аллаһтан өзге / Оған / жақындатады деп, құдайлар етіп алғандары Оларға неліктен көмектеспеді? Керісінше, олар бұлардан жоқ болып кетті. Міне, бұл - олардың өтіріктері және ойдан құрастырғандары.
Ей, Мұхаммед! / Әрі саған Құранды тыңдау үшін жындардың бір тобын жібердік. Сонда олар / жындар / оның / пайғамбардың / қасына келген кезде: «Тыңдаңдар», - десті. Ал ол / оқу / аяқталған кезде, олар / дінді қабылдаған жындар / елдеріне ескертуші / насихаттаушы / болып қайтты.
Олар: «Әй, біздің қауым! Біз шын мәнінде, Мұсадан кейін түсірілген, өзіне дейінгі болғанды растаушы Кітапты тыңдадық. Ол ақиқатқа әрі тура жолға бастайды.
Ей, біздің қауым! Аллаһтың шақырушысына / Мұхаммедке / жауап беріңдер және Оған сеніңдер, / сонда / Ол / Аллаһ / сендердің күнәларыңды кешіреді және сендерді күйзелтуші азаптан сақтайды.
Ал, кім Аллаһтың шақырушысына жауап бермесе, ол жер бетінде / Оны / әлсірете алмайды әрі оған Одан өзге құтқарушы, қамқоршы болмайды. Міне, солар - анық адасуда»,- деді.
Олар білмеді ме, аспандар мен жерді жаратқан әрі оларды жаратуда әлсіздік танытпаған Аллаһтың өлілерді де тірілтуге Күші жетуші екенін? Сөзсіз, Ол - барлық нәрсені Жасай алушы.
Әрі сондай күпірлік етушілер / имансыздар / Отқа келтірілген күні / Оларға / :«Бүл ақиқат емес пе?», - делінеді. Олар: «Әрине, Раббымызбен ант етеміз!»,- дейді. Ол: «Қарсы келгендіктерің үшін енді азапты татыңдар», -дейді.
Ей, Мұхаммед / / Елшілерден ъазм иелері сабыр еткендей, сабыр ет және олар үшін / жазаны / тездетуді сұрама. Олар өздеріне уәде етіліп жатқанды көрген күні күндізден бір уақыт қана тұрғандай болады. Бұл / Құран / -бір жеткізу. Бұзық / бойсұнбаушы / адамдардан басқасы жойылатын ба еді?