Аллаһ балаларыңа қатысты сендерге тапсырады: бір ер кісіге екі әйелдің үлесіндей тиісті. Егер әйелдер екіден көп болса, Оларға ол қалдырғанның үштен екісі тиісті. Егер біреу болса, оған жартысы тиісті. Егер / марқұмның / баласы болса ата-анасының әрқайсысына ол қалдырғаннан алтыдан бірі тиісті. Ал, егер баласы болмай, оған ата-анасы / ғана!мұрагер болса, онда анасына үштен бірі тиісті. Егер оның бауырлары болса, анасына алтыдан бірі тиісті. бұл / көрсетілген бөліс! қалдырған өсиеті немесе қарызынан кейін / беріледі /. Әкелеріңнің және ұлдарыңның қайсысы пайда келтіруде өздеріңе көбірек жақын екенін білмейсіңдер. бұл - Аллаһтың парыз еткені. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.


الصفحة التالية
Icon