Сондай-ақ, некелі әйелдерге үйленулеріңе / тыйым салынды /. Бірақ қол астарыңдағы / соғыстан түскен / күңдерің бұған жатпайды. Сендерге Аллаһтың жазғаны / үкімі / осы. Ал, бұлардан басқа әйелдерге мал-дүниелеріңмен / мәһр беріп / талпынуларың, ар-намыстарыңды сақтаған халде, зина жасамай үйлену - сендерге рұқсат етілді. Олармен қосылған болсаңдар, мәһр ретінде ақыларын беріңдер. мәһрді бекіткеннен кейін, / оның көлемін / өзара келісулеріңде сендер үшін күнә жоқ. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.