Ей, иманға келгендер! Аллаһтың белгілеген / хаж / рәсімдеріне, тыйым салынған айға, құрбандық малдарына, алқа тағылғандарға / құрбандық малдарға / және тыйым салынған Үйге / Қағбаға / Раббысынан кеңшілік әрі ризалық іздеп келушілерге қатысты / тыйымдарды / өздеріңе рұқсат етілген етіп алмандар / тыйымдарды бұзбаңдар /. Қашан ихрамнан шықсаңдар, аң аулай беріңдер. Әл- Харам мешітінен тосқаны үшін бір қауымды жек көрулерің, сендерді қылмысқа итермелеп, шектен шығармасын. Бір-біріңе игілікте әрі тақуалықта / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануда / көмектесіңдер, күнәда және дұшпандықта көмектеспеңдер. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ - қатты азап Иесі.


الصفحة التالية
Icon