Сендерге өлексе, қан, доңыз еті және Аллаһтан басқаға арналып шалынған, буынып өлген, ұрылып өлген, құлап өлген, сүзіліп өлген малдар және жыртқыштар жеп кеткен малдар тыйым етілді. Бірақ / жаны шықпай / бауыздап алғандарың / рұқсат етіледі /. Сондай-ақ / Аллаһтан басқағақұрбандық шалу үшін / орнатылған тастар үстінде сойылған малдар және жебелермен бал ашуларың да / тыйым салынды /. Бұлай істеу - бұзықтық / бойсұнбаушылық /. Бүгін сондай күпірлік еткендер / иманға келмегендер / сендердің діндеріңнен күдерін үзді. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін сендерге діндеріңді толық еттім және игілігімді соңына жеткіздім. Әрі сендерге Ислам дінімен риза болдым / Исламды дін ретінде қош көрдім /. Кім аштық кезінде күнәға көңілі аумай / тыйым салынған нәрселерді жеуге / мәжбүр болса, ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.


الصفحة التالية
Icon