Ей, Мұхаммед! / Олар сенен өздеріне не рұқсат етілгені жайлы сұрайды. Айт:«Сендерге жақсы нәрселер рұқсат етілді әрі Аллаһтың өздеріңе үйреткені бойынша, үйреткендеріңнің аулағаны да. Олардың өздеріңе ұстап бергенінен жендер әрі оған / аңшы ит не құсты салғанда / Аллаһтың есімін атаңдар», - деп айт. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар, ақиқатында Аллаһ есепте өте жылдам.


الصفحة التالية
Icon