Бүгін сендерге жақсы нәрселер рұқсат етілді. Сондай-ақ, Кітап берілгендердің тағамы / бауыздаған малы / сендер үшін рұқсат етілген әрі сендердің тағамдарыңды Оларға / беруге / рұқсат етілген. Сондай-ақ имандылардан / мүміндерден /әйелдік пәктігін сақтайтын әйелдерге және сендерден бұрын Кітап берілгендердің ішінен әйелдік пәктігін сақтайтын әйелдерге мәһрлерін берсеңдер, өздеріңнің еркектік адалдықтарыңды сақтаған түрде ойнастық жасамай, көңілдес ұстамасаңдар / үйленулеріңе рұқсат етілді /. Кім иманға күпірлік етсе / иман шарттарын теріске шығарса / ақиқатында, оның амалы зая болып, соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / зиян шегушілерден болады.


الصفحة التالية
Icon