ﯼ
surah.translation
.
من تأليف:
خليفة الطاي
.
ﰡ
ﮢﮣ
ﰀ
Сүңгіп шығарушы,
ﮥﮦ
ﰁ
Баяу тартушы,
ﮨﮩ
ﰂ
Малтап кетуші,
ﮫﮬ
ﰃ
Жарысып озушы,
ﮮﮯ
ﰄ
Сондай-ақ істі меңгеруші періштелерге серт.
Ол күні қатты сілкініс болады.
ﯖﯗ
ﰆ
Оның артынан тағы бір сілкінеді.
Ол күні жүректер тітірейді.
ﯝﯞ
ﰈ
Көздері төмен қарайды.
(Олар): "Шын, қайта тірілеміз бе?",- дейді.
"Қоқым, сүйек болған сәтте де?"
(Олар): "Ендеше ол қайғылы бір қайту екен" дейді.
Негізінен ол, бір айғай ғана.
Дереу сол уақытта олар майданда.
Саған Мұсаның хабары келді ме?
Сол уақытта, Раббы, оған қасиетгі "Тұуа" ойпатында дабыстады:
"Перғауынға бар. Өйткені ол, азды."
Сонда оган: "Тазарғың келе ме?",- де.
"Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Одан қорқарсың"
Мұса, Перғауынға ірі мұғжизаны көрсетті.
ﭧﭨ
ﰔ
Сонда ол, жасынға шығарып, қарсы шықты.
Кейін теріс айналып, жүгірді.
ﭮﭯ
ﰖ
Адамдарды жинап, айғай салып:
"Мен сендердің ең ұлы раббыларың" деді.
Сондықтан Алла, оны ахирет, дүние азабымен қолға алды.
Расында бұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар.
Сендерді жарату қиын ба? Немесе аспанды? Алла, оны да жасады.
Оның биіктігін көтеріп, оны теңгерді.
Оның түнін қараңғылатып, күндізін жарыққа шығарды.
Сосын жерді төседі.
Одан су және жайылыс майданға келтірді.
ﮞﮟ
ﰟ
Оған таулар орналастырды.
Сендер және малдарың пайдалану үшін.
Бірақ ол ірі уақиға (қиямет) келген сәтте;
Ол күні адамзат не нәрсеге тырысқанын есіне алады.
Тозақ, көретіндерге көрсетіледі.
Ал енді кім шектен шыққан болса,
Оған дүние әсер еткен болса,
Сонда рас оның орны тозақ.
Ал енді кім, Раббыны; алдына түрудан қорқып, нәпсісі соққан нәрседен тежеген болса,
Негізінде оның барар жері ұжмақ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған "Қиямет қашан болады?",- деп сұрақ қояды.
Ол жөнде түсіні беру сенің ісің бе?
Оны қортындысы, Раббыңа байланысты.
Негізінен сен қияметте қорыққан кісілерге бір ескертуші ғанасың.
Олар қияметті көрге күні, дүниеде бір кеш немесе бір сәске тұрғандай ойлайды.