ﰐ
surah.translation
.
من تأليف:
جمعية خليفة الطاي الخيرية
.
ﰡ
Жер сілкінуімен сілкінген кезде,
әрі ішіндегі жүгін шығарған кезде,
және адам: «Оған не болды?» - деген кезде,
сол Күні ол, оз хабарын айтады,
Раббыңның оған уахи етіп білдіруімен.
Міне, сол Күні, адамдар топ-тобымен амалдары көрсетілуі үшін шығады.
Сонда кім / заттың / ең кішкентай бөлшегінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді.
Және кім / заттың / ең кішкентай бөлшегінің салмағындай жамандық істесе, ол да оны көреді