ﰃ
                    surah.translation
            .
            
    
                                    من تأليف: 
                                            جمعية خليفة الطاي الخيرية
                                                            .
                                                
            ﰡ
                                                                                                                
                                    ﭑﭒ
                                    ﰀ
                                                                        
                     Аспанмен және Тариқпен / жарық жұлдызбен / ант етемін.
                                                                         Ей, Мұхаммед / / Тариқтың / жарық жұлдыздың / не екенін саған не білдірді?
                                                                        
                                                                                                                
                                    ﭙﭚ
                                    ﰂ
                                                                        
                    Ол / жарығы / өткір жұлдыз.
                                                                        Анығында, әрбір жанның үстінде сақтаушы бар.
                                                                        Ал енді адам / өзінің / не нәрседен жаратылғанына бір қарасын.
                                                                        Ол атылып шыққан судан жаратылған.
                                                                        Бел / сүйегі / мен көкірек сүйегінің арасынан шығады.
                                                                        Ақиқатында, Ол оны қайтаруға күші жетеді.
                                                                        Сырлар сынаққа тартылған сол күні,
                                                                        оның / кәпірдің / күші-қуаты да, көмек берушісі де болмайды.
                                                                        Қайталаушы / жаңбырлы / аспанмен ант етемін.
                                                                        Тілімденіп айырылушы жермен ант етемін.
                                                                         Анығында ол / Құран / - айырушы Сөз,
                                                                        ол - әзіл емес.
                                                                        Негізінде, олар / имансыздар / қулықпен айлакерлік түзуде,
                                                                        
                                                                                                                
                                    ﮗﮘ
                                    ﰏ
                                                                        
                    Мен де / айла-шарғыларынақарсы / шара қолданамын.
                                                                         Ей, Мұхаммед! / Кәпірлерге уақыт бер де оларды аз ғана кейінге қалдыр.