Al-Baqarah 2:102

سورة البقرة

Medinan Verse: 102/286 Page 16

وَٱتَّبَعُواْ مَا تَتۡلُواْ ٱلشَّيَٰطِينُ عَلَىٰ مُلۡكِ سُلَيۡمَٰنَۖ وَمَا كَفَرَ سُلَيۡمَٰنُ وَلَٰكِنَّ ٱلشَّيَٰطِينَ كَفَرُواْ يُعَلِّمُونَ ٱلنَّاسَ ٱلسِّحۡرَ وَمَآ أُنزِلَ عَلَى ٱلۡمَلَكَيۡنِ بِبَابِلَ هَٰرُوتَ وَمَٰرُوتَۚ وَمَا يُعَلِّمَانِ مِنۡ أَحَدٍ حَتَّىٰ يَقُولَآ إِنَّمَا نَحۡنُ فِتۡنَةࣱ فَلَا تَكۡفُرۡۖ فَيَتَعَلَّمُونَ مِنۡهُمَا مَا يُفَرِّقُونَ بِهِۦ بَيۡنَ ٱلۡمَرۡءِ وَزَوۡجِهِۦۚ وَمَا هُم بِضَآرِّينَ بِهِۦ مِنۡ أَحَدٍ إِلَّا بِإِذۡنِ ٱللَّهِۚ وَيَتَعَلَّمُونَ مَا يَضُرُّهُمۡ وَلَا يَنفَعُهُمۡۚ وَلَقَدۡ عَلِمُواْ لَمَنِ ٱشۡتَرَىٰهُ مَا لَهُۥ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ مِنۡ خَلَٰقࣲۚ وَلَبِئۡسَ مَا شَرَوۡاْ بِهِۦٓ أَنفُسَهُمۡۚ لَوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ ١٠٢

  1. King Fahd Complex

    الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

    (Олар тәуратты қойып) Сүлейман (Ғ.С.) ның патшалығы заманындағы шайтандар оқыған (сиқыр) ға ілесті. Сүлейман (Ғ.С.) қарсы келмеді. (Сиқыр жасамады.) Бірақ шайтандар, адамдарға сиқыр үйретіп, кәпір болды. Олар Бабылда «Һарұт, Марұт» атты екі періштеге түсірілгенді үйретті. Ол екі періште: «Біз сынақ үшін келдік, қарсы болмаңдар» деп айтпайынша ешкімге үйретпеген. Сонда да олар, екеуінен: Ер- әйелдің арасын айыратынды үренетін еді. Олар, Алладан бұйрықсыз ешкімге зиян бере алмайды. Олар өздеріне зиян келтіретін, пайда бермейтін нәрсені үйренетін еді. Расында олар оны айырбастап алғанға (Алланың кітабының орнына сиқыр үйренгенге) ақиретте несібе жоқтығын білді. Олар, өздеріне нендей жаман нәрсе сатып алғандықтарын білген болса еді.
  2. Khalifa Altai Association

    الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

    Әрі олар Сүлеймен патшалығы кезіндегі шайтандар оқыған нәрсеге / сиқырға / ерді. Сүлеймен күпірлік еткен / сиқыр жасаған / жоқ. Алайда адамдарға сиқырды және Бабылдағы һарұт пен Марұт есімді екі періштеге түсірілген нәрселерді үйреткен шайтандар күпірлік етті / қарсы келді /. Ал, ол екеуі / періштелер / :«Шын мәнінде, біз / сен­дерге / сынақ үшін жіберілгенбіз, күпірлік етпе / сиқыр үйреніп, діннен шықпа / », - деп ескертіп, сақтандырмайынша, ешкімге / сиқыр / үйретпеді. Олар ол екеуінен ер кісі мен оның жұбайының арасын айыратынды үйренетін еді. Бірақ олар Аллаһтың рұқсатынсыз ешкімге зиян жеткізе алмайды. Негізінде, олар өздеріне зиян келтіретін әрі пайда бермейтін нәрселерді үйренетін еді. Олар оны / сиқырды / сатып алғанға, соңғы,мәңгілік өмірде / ақиретте / ешбір үлес жоқ екенін білді. Ақиқатында, олардың өз жандарын сатып, оның орнына алған нәрселері қандай жаман. Егер олар білсе.

Read the whole surah Arabic tafsir