Al-Baqarah 2:187

سورة البقرة

Medinan Verse: 187/286 Page 29

أُحِلَّ لَكُمۡ لَيۡلَةَ ٱلصِّيَامِ ٱلرَّفَثُ إِلَىٰ نِسَآئِكُمۡۚ هُنَّ لِبَاسࣱ لَّكُمۡ وَأَنتُمۡ لِبَاسࣱ لَّهُنَّۗ عَلِمَ ٱللَّهُ أَنَّكُمۡ كُنتُمۡ تَخۡتَانُونَ أَنفُسَكُمۡ فَتَابَ عَلَيۡكُمۡ وَعَفَا عَنكُمۡۖ فَٱلۡـَٰٔنَ بَٰشِرُوهُنَّ وَٱبۡتَغُواْ مَا كَتَبَ ٱللَّهُ لَكُمۡۚ وَكُلُواْ وَٱشۡرَبُواْ حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَكُمُ ٱلۡخَيۡطُ ٱلۡأَبۡيَضُ مِنَ ٱلۡخَيۡطِ ٱلۡأَسۡوَدِ مِنَ ٱلۡفَجۡرِۖ ثُمَّ أَتِمُّواْ ٱلصِّيَامَ إِلَى ٱلَّيۡلِۚ وَلَا تُبَٰشِرُوهُنَّ وَأَنتُمۡ عَٰكِفُونَ فِي ٱلۡمَسَٰجِدِۗ تِلۡكَ حُدُودُ ٱللَّهِ فَلَا تَقۡرَبُوهَاۗ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ ٱللَّهُ ءَايَٰتِهِۦ لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمۡ يَتَّقُونَ ١٨٧

  1. Khalifa Altai Association

    الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

    Сендерге оразаның түнінде әйелдеріңе жақындасуға рұқсат етілді. Олар - сендер үшін киім, сендер де - олар үшін киімсіңдер. Аллаһ сендердің өздеріңе қиянат етіп жүргендеріңді білді әрі күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етіп, сендерді кешірді. Олармен енді қосыла беріңдер және Аллаһтың өздеріңе жазғанын іздендер Әрі таңның ақ жібі қара жіптен анықталғанға дейін жеңдер-ішіңдер, кейін оразаны кешке дейін / ұстап / аяқтаңдар. Мешіттерде иғтикаф жасаушы болған хал­де, оларға / әйелдеріңе / жақындаспаңдар. Осы - Аллаһтың белгілеген шекаралары, оған жақындамаңдар. Аллаһ адамдарға, олар тақуалық етулері / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанулары / үшін аяттарын осылай түсіндіреді.

Read the whole surah Compare translations Arabic tafsir