At-Taubah 9:64

سورة التوبة

Medinan Verse: 64/129 Page 197

يَحۡذَرُ ٱلۡمُنَٰفِقُونَ أَن تُنَزَّلَ عَلَيۡهِمۡ سُورَةࣱ تُنَبِّئُهُم بِمَا فِي قُلُوبِهِمۡۚ قُلِ ٱسۡتَهۡزِءُوٓاْ إِنَّ ٱللَّهَ مُخۡرِجࣱ مَّا تَحۡذَرُونَ ٦٤

  1. King Fahd Complex

    الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

    (Тәбүк соғысына кетіп бара жатқанда мұнафықтар, жандарынан өткен пайғамбар(Ғ.С.) ға қарап: «Мына ерлерге қараңдар. Шамның қамалын бұзып, Рұмның бекіністерін алмақшы. Бұларға әлі ол алысырақ» деп өзара тәлкектеп күліседі.) Екі жүзділер, өздеріне байланысты жүрегіндегілерден хабар беретін бір сүренің түсуінен қорқады. (Мұхаммед Ғ.С.) :«Қылжақтай тұрыңдар. Расында Алла сескенгендеріңді жарыққа шығарады» де.
  2. Khalifa Altai Association

    الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

    Мұнафиқтар өздеріне қатысты, жүректеріндегіні хабарлайтын бір сүренің түсірілуінен қауіптенеді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Келеке ете тұрыңдар. Негізінде, Аллаһ - сендердің қауіп етіп жүргендеріңді сыртқа шығарушы», - деп.

Read the whole surah Arabic tafsir