ﯿ

ترجمة معاني سورة الإنفطار باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد .
من تأليف: خليفة الطاي .

Көк жарылған сәтте,
Жұлдыздар төгілген сәтте,
Теңіздер тасыған сәтте,
Қабырлар қопарылған сәтте,
Әркім ілгері не жіберілгенін,кейін не қалдырылғанын біледі.
Әй адамзат! Ардақты Раббың туралы сені не алдады?
Ол сондай Алла,сені жаратты.Толықтап теңестірді.
Ол,сені қалаған бейнеде құрастырды.
Жоқ,олай емес,дінді өтіріксінесіңдер.
Негізінен сендерге әлбетте бақылаушылар бар.
Ардақты жазушылар,
Олар не істегендеріңді біледі.
Шын мәнінде ізгілер,әлбетте нығымет ішінде болады.
Негізінен бұзықтар тозақта болады.
Олар қиямет күні тозаққа салынады.
Олар,одан ғайып бола алмайды.
Қиямет күнінің не екенін қайдан білесің?
Я,қиямет күннің не екенін қайдан білесің.
Ол күні,Біреуге біреу қараяласуға еш нәрсе қолдан келмейді. Ол күні,әміп Аллаға тән. (28-С.88-А.)