ﰂ
                    surah.translation
            .
            
    
                                    من تأليف: 
                                            جمعية خليفة الطاي الخيرية
                                                            .
                                                
            ﰡ
Шоқжұлдызды аспанмен ант етемін,
                                                                        
                                                                                                                
                                    ﭟﭠ
                                    ﰁ
                                                                        
                    және уәде етілген Күнмен.
                                                                        
                                                                                                                
                                    ﭢﭣ
                                    ﰂ
                                                                        
                    Куәлік берушімен және куәлік берілгенмен ант етемін.
                                                                        Жойылып кетсін ордың иелері,
                                                                        ішінде отыны бар отты / ордың /.
                                                                        Сол кезде олар оның / ордың / маңында отырған еді,
                                                                        имандыларға / мүміндерге / не істегендеріне өздері куә болып.
                                                                         Ал, олар бұларға / мұсылмандарға / тек бәріненҮстем, аса Мақтаулы Аллаһқа сенгендіктері үшін ғана өшікті.
                                                                        Ол / Аллаһ / сондай, аспандардың және жердің иелігі - Онікі. Әрі Аллаһ барлық нәрсенің үстінен Куә / Шаһид /.
                                                                        Ақиқатында, иманды / мүмін / ерлер мен иманды әйелдерді сынаққа салып / азаптап / , кейін істеген күнәларына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтпағандарға / тәубе қылмағандарға / - міне, соларға Жаһаннамның азабы әрі Оларға өртеуші оттың азабы бар.
                                                                        Анығында, иманға келген және ізгі амал істегендерге астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтар бар. Бұл - үлкен жетістік.
                                                                        Шын мәнінде, Раббыңның қолға алуы - өте қатты.
                                                                        Ақиқатында, Ол бастайды / бастапқыда жаратып / әрі қайталайды.
                                                                        Әрі Ол - өте Кешірімді, аса жақсы көруші,
                                                                        Аршының Иесі, аса дәріптеліп Мақтаулы,
                                                                        қалаған нәрсесін әрқашан Жасаушы.
                                                                         Ей, Мұхаммед! / саған әскерлердің хабары келді ме?
                                                                        
                                                                                                                
                                    ﯪﯫ
                                    ﰑ
                                                                        
                    Фиръаун және Сәмүдтықтардың?
                                                                        Бірақ, кәпірлер өтірікке шығаруда.
                                                                        Ал, Аллаһ оларды сыртынан / алды-артынан / орап, қамтып тұрушы.
                                                                        Сөзсіз, ол - ұлы Құран,
                                                                        Ләухул-Махфузда.