surah.translation .
من تأليف: جمعية خليفة الطاي الخيرية .

Жоқ! Осы қаламен ант етемін.
Ей, Мұхаммед! / Саған осы қалада рұқсат етілген.
Әрі атамен және одан туылғанмен ант етемін!
Шын мәнінде Біз адамды ауыртпалықтарға жараттық.
Ол өзіне ешкімнің күші жетпейді деп есептей ме?
Ол: «Мен көп мал-дүние құрттым», - дейді.
Сонда ол оны ешкім көрмеді деп ойлай ма?
Біз оған екі көз жаратып бермедік пе,
және тіл мен екі ерінді?
Әрі оған екі биіктікті көрсетпедік пе?
Ал, ол асудан өтуге тырыспады.
Асудың не екенін саған не білдірді?
Ол / - құлды азат ету,
немесе ашаршылық күні тамақ беру,
туыстығы бар жетімге,
немесе шаң топырақтағы кедейге.
Кейін иманға келіп, бір-біріне сабырды насихаттап, өсиеттеген және бір-біріне мейірімділікті насихаттап, өсиет еткендерден болу.
Міне, осылар - оң жақтағылар.
Ал, аяттарымызға сондай күпірлік еткендер / сенбегендер / , олар - солшылдар.
Олардың үстінен қамап алушы От / тозақ / бар.