ﯓ
surah.translation
.
من تأليف:
جمعية خليفة الطاي الخيرية
.
ﰡ
Сад. Еске салуды қамтыған Құранмен ант етемін!
Ал, сондай күпірлік етушілер / бас тартушылар / тәкаппарлық пен қарсылықта.
Біз олардан бұрын қаншама ұрпақтарды жойдық. Сонда олар жалбарынды, бірақ құтылуға кеш болған еді.
Әрі олар ескертушінің өз араларынан келгеніне таң қалды және кәпірлер: «Бұл сиқыршы, өтірікші.
Ол құдайларды бір ғана құдай етті ме? Шынында, бұл таң қаларлық нәрсе екен!» - деді.
Олардың араларындағы беделділері шығып бара жатып: «Жүре беріңдер және құдайларыңа сабыр етіңдер. Негізінде, бұл арнайы істелген нәрсе.
Біз соңғы дінде мұндай туралы естімедік. Бұл - ойдан шығарылған өтіріктен басқа нәрсе емес.
Ескерту біздердің ішімізден осыған түсірілді ме?» - деді. Жоқ, олай емес! Олар Менің Ескертуімнен / Құраннан / күмәндануда. Иә, солай! Олар әлі азапты татпады.
Ей, Мұхаммед!! әлде оларда әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Уаһһаб / сый Беруші / Раббыңның мейірімінің қазыналары бар ма?
Әлде аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың билігі соларда ма? Олай болса / қолынан келсе / олар жолын тауып / аспанға / көтерілсін,
Қай әскері болмасын, алдыңғы топтар сияқты жеңіліске ұшырайды.
Бұлардан бұрын Нұхтың елі, Ад елі және қазықтардың / үлкен әскердің / иесі Фиръаун да / елшілерді / өтірікке шығарды.
Әрі сәмұдтықтар да, Лұттың елі және Әйке тұрғындары да. Міне, осылар - / ұқсас / топтар.
Елшілерді өтірікшіге шығарғандары үшін олардың әрқайсысына Менің жазам тиісті болды.
Олар одан кейін қайта оралу болмайтын, бір ғана сайхадан басқаны күтпейді.
Әрі олар: «Ей, Раббымыз! Бізге тиісті үлесімізді / азабымызды / Есеп күнінен бұрын бізге тездет», - дейді / келеке етіп /.
Ей, Мұхаммед / / Олардың айтқандарына сабыр етіп, қуатты құлымыз Дәуітті еске ал. Ол әрдайым Оған қайтушы еді.
Ақиқатында, Біз тауларды кешке және таңертең онымен / Дәуітпен / бірге Раббыңды / барлық кемшіліктен / пәк деп ұлықтайтын етіп бағындырдық.
Әрі топталған түрде құстарды да. Барлығы да Оған / Аллаһқа / бойсұнушы.
Біз оның патшалығын қуаттап бекіттік әрі оған даналық пен тура / шешімді / сөз бердік.
!Ей, Мұхаммед! / Саған дауласқандардың хабары келді ме? Сонда олар михрабқа / құлшылық ететін орынға / дуалдан асып келген еді.
Олар Дәуіттің алдына кірген кезде, ол олардан қорқып қалды. Олар: «Қорықпа! Біз бір-бірімізге әділетсіздік еткен екі тартысушымыз. Біздің арамызға ақиқатпен үкім шығар да әділетсіздік етпе. Әрі бізге дұрыс жолды көрсет.
Бұл - менің бауырым. Оның тоқсан тоғыз саулық қойы бар, ал менің бір ғана саулығым бар. Ол: «Оны менің қарамағыма бер»,- деп, сөзбен менен үстем түсті», - деді.
Ол: «Ол сенің саулығыңды өз саулықтарына / қосып алу үшін / сұрап, саған әділетсіздік еткен екен. Негізінде, жақын араласушылардың көпшілігі бір-біріне әділетсіздік етеді. Тек иманға келген және ізгі амал жасағандар ғана ондай емес. Ал, олар аз», - деді. Сонда, Дәуіт Біздің оны сынағанымызды анық түсінді де Раббысынан кешірім тіледі және иіліп / сәждеге / жығылды әрі Раббысына бойсұна жүгінді / тәубе етті /.
Біз оған мұны кешірдік. Ақиқатында ол үшін Біздің алдымызда жақындатылу және қайтар орынның көркемі бар.
Ей, Дәуіт! Ақиқатында, Біз сені жер бетінде халифа еттік. Адамдардың арасында ақиқатпен шешім шығар да көңілқұмарлығына еруші болма. Онда ол / еру / сені Аллаһтың жолынан адастырады / ауытқытып, шығарады /.2813 Ақиқатында, Есеп күнін ұмытқаны үшін Аллаһтың жолынан адасқандарға қатты азап бар.
Біз аспандар мен жерді және екеуінің арасындағыларды бостан-босқа жаратпадық. Бұл - сондай күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келушілердің / жорамалы. Ендеше, сондай күпірлік етушілерге / иманға келмегендерге / Оттан үлкен қасірет бар\
Біз иманға келген және ізгі амал істегендерді жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істейтіндермен тең етеміз бе? Әлде тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / күнәһарлармен бірдей етеміз бе?
Ей, Мұхаммед! / Біз саған түсірген Кітап - берекелі. / Адамдар / оның аяттарына зейін қойып зерделеулері үшін әрі ақыл иелері еске алуы үшін / түсірдік /.
Біз Дәуітке Сүлейменді тарту еттік. / Сүлеймен / қандай жақсы құл! Ол әрқашан Оған қайтушы.
Бірде оған кешке қарай, ойнақтаған / тұяғымен жер тарпыған / жүйрік сәйгүліктер көрсетілді.
Сонда ол: «Мен Раббымды еске алудан гөрі ол / күн / тосық артына жасырынғанша / күн батқанша / , жақсы нәрселерге құштар болып ұнатыппын.
Оларды маған қайтарыңдар!» - деді. Сөйтіп ол / аттардың! аяқтары мен мойындарын сипай бастады.
Әрі Біз Сүлейменге сынақ етіп, оның тағының үстіне бір денені тастадық. Содан кейін ол / Раббысына / беріле, бойсұна жүгінді / тәубе етті /.
Ол: «Раббым! Мені кешір әрі маған өзімнен кейін ешкімде болмайтын билік бер. Ақиқатында, Сен Сый берушісің», деді.
Біз оған, оның әмірімен қалаған жеріне жеңіл есетін желді бағындырдық.
Әрі оған әрбірқұрылысшы және сүңгуші шайтандарды
және кісендермен байланған басқаларын да / бағындырдық /.
Міне, осы - Біздің сыйымыз. Игілік ет не өзіңде ұста, ол үшін есепке тартылмайсың.
Ақиқатында, оған Бізде - жақындатылу және қайтар орынның көркемі бар.
Ей, Мұхаммед! / Құлымыз Айюбты есіңе ал. Ол Раббысына жалбарына: «Маған шайтаннан бір қиыншылық пен бейнет тиді!» - деп үн қатты.
Оған / :«Аяғыңмен / жерге / теп. Бұл жуынатын және ішетін салқын / су / »,- дедік.
Бізден бір мейірім әрі ақыл иелері үшін еске салу ретінде оған үй ішін және олармен бірге тағы соншасын сыйладық.
Әрі оған / :«Қолыңа бір тұтам сабан алып, сонымен / әйеліңді / ұр және берген антыңды бұзба», - дедік. Ақиқатында оны сабырлы түрде таптық. Ол қандай жақсы құл! Ол әрдайым Оған қайтушы.
Ей, Мұхаммед! / Қолдар және көздер иелері болған құлдарымызИбраһимді, Исхақты және Йаъқубты есіңе ал.
Ақиқатында, Біз оларды / мәңгілік / мекенді / ақиретті / еске алумен тазарттық.
Олар Біздің алдымызда таңдаулы, ең жақсылардан.
Исмаъилды, Әлиясағты және Зулкифлді есіңе ал. Барлығы ең жақсылардан.
Ей, Мұхаммед! / Бүл еске салу / ескерту /. Ақиқатында тақуаларға / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға / қайтар мекеннің көркемі -
олар үшін қақпалары ашылып тұратын, ’Адн жәннатының бақтары бар
Олар ол жерде сүйеніп отырып, коп жемістер мен сусындар алдырады
Әрі олардың жанында көздерін / сақтап / өзгелерге салмайтын, өздерімен құрдас қыздар бар.
Бұл сендерге Есеп күні үшін уәде етілген нәрсе.
Ақиқатында, бұл ризық - Біздікі. Ол ешқашан таусылмайды.
Міне, солай. Ал анығында, бойсұнбағандарға, қайтар мекеннің ең жаманы -
Жаһаннам (Тозақ) болады. Олар онда күйіп-жанады. Ол - өте жаман мекен!
Бұл - қайнап тұрған су және ірің. Енді олар оны татсын.
Әрі / жазаның / осы секілді басқа да түрлері бар.
Тозақ періштелері / :«Мына топ сендермен бірге кіреді», - дейді. / Тозақтықтар / :«Оларға кеңшілік болмасын! Шын мәнінде олар Отта жанады», - дейді.
Тозаққа кейін кіргендер / :«Жоқ! Өздеріңе кеңшілік болмасын! Сендер оны / тозақты / бізге жақындаттыңдар. Ол өте жаман орын!» - дейді.
Олар: «Раббымыз! Бізге оны жақындатқанғаОттағы азабын екі есе арттыр», - дейді.
Әрі: «Бізге не болды? Біз өзіміз нашар кісілер деп есептегендерімізді / бұл жерде / неге көрмей тұрмыз?!
Біз оларды келеке етпедік пе? Әлде көзіміз олардан ауытқып, көрмей тұр ма?» - дейді.
Ақиқатында, осы - Отты / тозақты / мекен еткендердің тартысуы - шындық.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен - тек ескертушімін. Әрі Жалғыз, бәрін сөзсіз Бағындырушы Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ.
Ол - аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың Раббысы, бәрінен Үстем, көп Кешіруші», - деп.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «бұл / Құран / ұлы хабар.
Сендер одан бет бұрудасыңдар.
Менде жоғарғы топтың әрі олардың тартысқандары туралы ешқандай білім болмады.
Маған тек өзімнің анық ескертуші екендігім ғана уахи етілуде», - деп.
Міне, кезінде Раббың періштелерге: «Мен лайдан адам жаратамын.
Оны / рет-ретімен / теңестіріп Өзімдегі / иелігіміздегі / рухты оның ішіне үрлеген кезде, оған сәжде етіп жығылыңдар», - деді.
Сонда періштелердің барлығы, түгелімен сәжде жасады.
Ал, Ібіліс өзін жоғары санап, менменсіп, сәжде етуден бас тартты. Сөйтіп, кәпірлерден болды.
0л / Аллаһ / :«Ей, Ібіліс! Екі қолыммен жаратқаныма сәждеетуіңнен сені не тосты? Сен өзіңді жоғары санадың ба, әлде биік мәртебелілерден болдың ба?» - деді.
Ібіліс / :«Мен одан абзалмын. Сен мені оттан жараттың, ал оны лайдан жараттың», -деді.
Ол / Аллаһ / :«Ол жақтан шық, сөзсіз сен қуылғансың.
Әрі Менің лағнетім саған Қайтарым / қиямет / күніне дейін болады», - деді.
Ібіліс / :«Раббым! Маған олар қайта тірілтілетін күнге дейін уақыт бер», - деді.
Ол / Аллаһ / :«Негізінде сен уақыт берілгендерденсің,
белгілі мерзімдегі күнге дейін»,- деді.
82. / Ібіліс / :«Сенің үстемдігіңмен ант етемін, мен олардың барлығын адастырамын,
тек олардың ішіндегі тазартылған құлдарыңды ғана / азғыра алмаймын / », -деді.
Ол / Аллаһ / айтты: «Бұл - ақиқат! Мен ақиқатты ғана айтамын.
Міндетті түрде Жаһаннамды (Тозақта) сенімен әрі олардың ішінен саған ергендердің барлығымен толтырамын», - деп.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын әрі мен / бұған / өз ойымнан жалған қосушылардан / өзгертушілерден / емеспін.
Бұл / Құран / - әлемдер үшін еске салу, / ескерту / ғана.
Сендер әлбетте оның хабарын бір уақыттан кейін білесіңдер», - деп.