ﯕ
surah.translation
.
من تأليف:
خليفة الطاي
.
ﰡ
ﭥ
ﰀ
Хә. Мим.
Кітаптың түсірілуі, өте үстем, аса білуші Алла тарапынан.
Күнәны жарылқаушы, тәубені қабыл етуші, азабы да қатты және кеңшілік иесі. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Әрі қайтар орын Сол жақ.
Алланың аяттары турасында қарсы болғандар ғана тартысады. (Мүхаммед Ғ.С.) сені, олардың мемлекеттерде кезіп жүрулері алдамасын. (3-С. 196-А.)
Олардан бұрында Нұх (Ғ.С.) тың елі әрі одан кейінгі топтар да жасынға шығарған болатын. Әр үммет өз елшілерін қолға алуға бел байлады. Сондай-ақ хақиқатты бос нәрселер арқылы құлатуға тырысты. Сондықтан оларды қолға алдым. Жазаландыруым қалай екен?
Осылайша қарсы болушыларға байланысты Раббыңның сөзі шындыққа айналды. Сөз жоқ, олар тозақтық.
Сондай ғаршыны көтерген және оның маңындағы періштелер, Раббыларын мақтаумен дәріптейді, Оған сенеді. Сондай-ақ иман келтіргендер үшін: "Раббымыз! Мәрхаметің, білімің әр нәрсені сидырып, ішіне алған. Сондықтан тәубе етіп, жолыңа түскендерді жарылқа! Әрі оларды тозақтан сақтай көр!",- (деп тілейді.) (Ғаршыны көтеруден мақсат; қорғау, басқаруға міндеттендірілген періштелер: Олар сап-сап болып, Алланың бірлігін, ұлықтығын баян етіп, дәріптей құлшылық қыла отырып Мұсылмандар үшін де хайыр дұға етеді. Б.Ж.М.К.Р.)
"Раббымыз! Оларды әрі аталарынан, жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, оларды өзің уәде еткен Ғадын жаннаттарына кіргізе көр. Күдіксіз Сен өзің тым үстем, аса данасың..."
"Оларды жамандықтардан қорға. Ол күні кімді жамандықтан қорғасаң, сөз жоқ, оны мәрхаметіңе бөлеген боласың. Міне сол, зор қолы жеткендік."
Расында сондай қарсы болғандарға (қиямет күні): "Алланың ашуы, сендердің өз ашуларыңнан зорырақ. Өйткені, сендер иманға шақырылған кезде, қарсы болдықдар" деп дабысталады.
Олар: "Раббымыз! Бізді екі рет тірілтіп екі рет өлтірдің. Енді күнәларымызға мойындадық. Ал енді бізге шығар жол бар ма?",-дейді.
Оларға: "Бір ғана Аллаға шақырылғанда қарсы шықтыңдар да ал Оған ортақ қосылса, сенетін едіңдер. Ал енді үкім өте жоғары, аса ұлы Аллаға тән" (делінеді).
Ол сондай Алла, сендерге дәлелдерін көрсетті. Тағы сендерге көктен несібе түсірді. Бірақ бой ұсынған кісі ғана үгіт алады.
Егер қарсы болғандар, жек көрсе де дінді өзіне ғана арнап, нағыз Аллаға жалбарыңдар.
Ол, дәрежелерді көтеруші, ғаршының иесі. Жолығатын күнді ескерту үшін құлдарынан кімді қаласа, өз бұйрығымен уахи түсіреді. (Бүл жердегі "Рұх"; уахи мағнасында. Б.Ж.М.)
Ол күні; олар, көрнеуге шығарылады. Олардан ешбір нәрсе Аллаға жасырын болмайды. "Бүгін патшалық кімдікі? Тек қана жалғыз, тым өктем Алланікі" (делінеді.)
Бүгін әркім істегені бойынша жазаланады. Бүгін зұлымдық болмайды. Күдіксіз Алла (Т.) тез есеп көруші.
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға жақындаған қиямет күнін ескерт. Сол уақытта, жүректер жұтқыншаққа келіп, қылғынып, лоқсушылар болады. Залымдар үшін бір дос та ықбалды болушы да болмайды.
Алла көздердің қиянатын және көкіректердегі құпияны біледі.
Алла (Т.) туралық бойынша үкім береді. Олардың Алладан өзге жалбарынғандары, еш нәрсеге үкім бере алмайды. Күдіксіз Алла (Т.) толық естуші, тым қырағы.
Олар жер жүзінде кезіп, өздерінен бұрынғы, тағы күшті әрі жер жүзінде көп деректер қалдырғандардың соңдарының қалай болғанын көрмей ме? Сонда Алла, олардьі күнәлары себепті қолға алған. Сондай-ақ оларды Алладан қорғаушы жоқ.
Осылар, расында өздеріне ашық белгілермен келген елшілеріне қарсы келулерінің салдарынан; Алла, оларды қолға алды. Өйткені Ол, тым күшті, азабы өте қатты.
Расында Мұса (Ғ.С.) ны мұғжизаларымыз әрі ашық дәлелмен жібердік.
Перғауын, Һаман және Қарұнға жібердік. Олар: "Өтірікші жадыгер" деді.
(Мұса Ғ.С.) оларға жанымыздан шындық келтірген кезде: "Онымен бірге иман келтіргендердің ұлдарын өлтіріңдер, әйелдерін тірі қойыңдар" деді. Бірақ кәпірлердің әдістері мүлде зая болар.
Перғауын: "Мені қоя беріңдер, Мұсаны өлтірейін. Ол, Раббына жалбарынсын. Расында мен оның, діндеріңді өзгертуінен немесе жер жүзінде бір бұзақылық шығаруынан қорқамын" деді.
Мұса (Ғ.С.): "Мен, есеп күніне сенбеген әр текаппардан, менің де Раббым, сендердің де Раббыларыңа сиындым" деді.
Перғауын семьясынан иманын жасырған бір мүмін: "Раббым Алла.деген кісіні өлтірмеңдер. Расында ол, сендерге Раббыларыңнан мұғжизалармен келді. Егер өтірікші болса, өтірігі өзіне, ал егер шыншыл болса, сендерді қорқытқан апаттың кейі бастарыңа келер. Расында Алла, шектен шыққан суайт біреуді тура жолға салмайды" деді.
"Әй елім! Бүгін патшалық сендердікі. Бұл жерде өктемсіңдер. Ал егер (Алланың ашуы) бізге келсе, сонда бізді Алланың апатынан кім қорғайы?",- деді. Перғауын: "Мен сендерге өз көзқарасымды ғана айтамын. Сондай-ақ сендерді тура жолға ғана саламын" деді.
Иман келтірген кісі: "Әй елім! Расында мен сендерге (өткен) топтардың күні сияқты күн (келуі) нен қорқамын" деді.
"Айталық: Нұх (Ғ.С.) елінің, Рад, Сәмүд және олардан кейінгілердің әдеттері тәрізді. Алла (Т.) құлдарына зұлымдық қаламайды!"
"Әй елім! Расында мен, сендерге келетін ойбайласу күнінен қорқамын!"
"Сол күні арттарыңа бұрылып қашасыңдар. Сендерді Алладан қорғаушы болмайды. Алла кімді адастырса, оған тура жол көрсетуші болмайды."
"Расында Мұса (Ғ.С.) дан бұрын Юсып (Ғ.С.) сендерге дәлелдермен келген еді. Алайда сендерге келтірген нәрседен үнемі күдікте едіңдер. Ақыр Юсып (Ғ.С.) қайтыс болғанда: "Алла одан кейін ешбір елші жібермейді" деген едіңдер. Осылайша Алла, шектен шығушы, күдіктенуші кісіні адастырады."
"Олар, өздеріне келген ешбір дәлел болмаса да, Алланың аяттары жайында тартысады. Бүл Алланың қасында да мүміндердің қасында да зор кейіс. Өстіп Алла, әрбір тәкаппар, зорлықшылдардың жүрегіне мөр басады. (Бітейді.)"
Перғауын: "Әй ћаман! Маған бір мұнара жаса. Бәлкім жолдарға жетермін" дейді.
"Көктердің жолдарына жетіп, Мұсаның Тәңірін байқаймын. Расында мен оны өтірікші деп ойлаймын." Осылайша Перғауынға жаман істері көркем көрсетіліп, жолдан тосылды. Перғауынның тәсілдері, мүлде жойылуда.
Иман келтірген кісі: "Әй елім! Маған ілесіңдер. Сөндерді тура жолға саламын" деді.
"Әй елім! Шын мәнінде бұл дүние тіршілігі, уақытша пайдалану. Сөзсіз ахирет, ол; тұрақты жұрт."
"Әлде кім бір жамандық істесе, сонда ол, соның өзіндей ғана жаза көреді. Ал және ер, әйел кімде-кім сенген түрде ізгі іс істесе, ал міне солар; жаннатқа кіреді. Сондай-ақ олар онда есепсіз ризыққа бөленеді."
"Әй елім! Маған не болды? Мен сендерді құтылуға шақырамын. Сендер мені тозаққа шақырасыңдар."
"Әрі сендер мені Аллаға қарсы болуға сондай-ақ білмеген нәрсені Оған ортақ қосуға да шақырасыңдар. Мен, сендерді өте үстем, аса жарылқаушы Аллаға шақырамын..."
"Күдік жоқ, шын мәнінде сендердің мені шақырған нәрселерің, дүниеде де ахиретте де шақыруға лайық емес. (Немесе олар шақыру күшіне ие емес.) Сөзсіз бәріміздің қайтар жеріміз Алла жақ. Расында шектен шығушылар, олар тозақтық."
"Таяуда менің айтқанымды түсінесіңдер. Мен ісімді Аллаға тапсырамын. Күдіксіз Алла, құлдарын толық көруші" деді.
Енді Алла, оны, олар жасаған сұмдықтарынан қорғады. Перғауындықтарды сүркей азап баурап алды. (Дүниеде суға батты. Ахиретте тозаққа кіреді. Ж.)
Олар ертелі-кеш отқа ұсынылады. Қиямет-қайым болған күні: "Перғауындықтарды азаптың ең қаттысына кіргізіңдер."
Сол уақытта олар тозақта керкілдеседі. Нашарлары, паңсығандарына: "Расында біз сендерге ерген едік. Ал енді сендер, бізден оттың бір бөлімін кетіре аласыңдар ма?",-дейді.
Паңсығандары: "Расында бәріміз тозақтамыз. Күдіксіз Алла, құлдарының арасына үкім беріп қойған" дейді.
Оттағылар, тозақтың сақшысына: "Раббыларыңнан тілеңдер. Азабымыздан бір күн жеңілтсін" дейді. (49)
(Тозақ сақшылары): "Сендерге елшілерің мұғжизалармен келмеді ме?",- дейді. Олар: "Әрине!",- дейді. (Сақшылар): "Ендеше жалбарыныңдар, кәпірлердің тілегі мүлде зая кетуде" дейді.
Расында елшілерімізге иман келтіргендерге дүние тіршілігінде де куәлікке тұратын (қиямет) күні де әлбетте жәрдем етеміз.
Ол күні залымдардың желеулері кәдеге аспайды. Оларға қарғыс болады. Және жұрттың жаманы да солардікі.
Расында Мұса (Ғ.С.) ға тура жол беріп, Израил ұрпақтарын Тәуратқа мұрагер қылдық.
Ақыл иелеріне тура жол әрі үгіт.
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше сабыр ет. Шын мәнінде Алланың уәдесі хақ. Ертелі-кеш күнәңның жарылқануын тіле. Раббыңды дәріптеп, мақта.
Алланың аяттарына байланысты өздеріне бір дәлел келмесе де тартысқандардың көкіректерінде өздері әсте жете алмайтын бір менмендік бар. Енді Аллаға сиын. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса қырағы.
Әлбетте көктер мен жерді жарату, адамдарды жаратудан зор. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді.
Соқыр мен көруші тең емес. Сондай-ақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер мен жамандық істеушілер де тең емес. Аз ғана түсінесіңдер.
Расында қиямет сағаты келеді. Онда шәк жоқ. Бірақ адамдардың көбі сенбейді.
Раббыларың: "Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын. Расында Маған құлшылық қылудан паңсығандар, олар қор болып, тозаққа кіреді" дейді.
Ол сондай Алла, сендерге түнді тынығу, күндізді көру үшін жаратты. Күдіксіз Алла, тым кеңшілік иесі. Бірақ адамдардың көбі шүкірлік қылмайды.
Міне осы Алла Раббыларың. Әр нәрсені жаратушы; Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Қайтып адастырыласыңдар?
Осылайша Алланың аяттарына қарсы келгендер адастырылады.
Ол Алла сендерге жерді тұрақ, көкті күмбез қылды. Сондай-ақ сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі. Және де таза нәрселерден көрек берді. Міне осы Алла, Раббыларың. Төтенше үлы Алла, бүкіл әлемнің Раббы.
Ол тірі Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ендеше дінді Оған арнап, нағыз ынтамен өзіне жалбарыныңдар. Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббына лайық.
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Маған Раббымнан ашық дәлелдер келген заман; сендердің Алладан өзге жалбарынғандарыңа құлшылық қылуыма тыйым салындым. Сондай-ақ әлемдердің Раббына бой ұсынуға бұйрылдым" де.
Сондай Алла сендерді топырақтан, сосын мәниден, сосын ұйыған қаннан жаратып, кейін бөбек қып шығарып, соңыра ержеткізіп, кәртейтеді. Кейбіреулеріңді (ержетуден) бұрын өлтіреді. Кейбірің белгілі мерзімге жетесіңдер. Әрине ойланарсыңдар.
Ол сондай Алла, тірілтеді әрі өлтіреді. Қашан бір істі бұйырғысы келсе, шын мәнінде оған: "Бол" дейді. Сонда ол бола қалады.
(Мхаммед Ғ.С.) Алланың аяттары турасында тартысқандарды көрмейсің бе? Қалайша айналдырылады?
Сондай осы Кітапты, елшілерімізге жібергендерімізді жасынға шығарғандар, олар жедел біледі.
Сол уақытта олардың мойындарында ажырғылар, боғаулар болған түрде сүйреледі.
Қайнап тұрған суда болып, сосын отқа жағылады.
Сосын оларға: "Алладан өзге ортақ қосқан нәрселерің қайда?",-делінеді.
Олар: "(Өзгелер) бізден ғайып болды. Бәлкім біз бұрын еш нәрсеге шоқынбаушы едік" дейді. Алла кәпірлерді өстіп тентіретеді.
"Бұл сендердің жер жүзінде орынсыз мәз болып, масайрауларыңның салдарынан."
Оларға: "Ішінде мәңгі қалатын тозақтың есігінен кіріңдер. тәкаппарлардың орны нендей жаман!"
(Мұхаммед Ғ.С.) енді сабыр ет. Алланың уәдесі хақ. Ал енді мейлі оларға еткен уәдеміздің кейбірін саған көрсетсек те(көзің тірісінде болса да) немесе саған өлім берсек те (бұрын қайтыс болсаң да) олар Біз жаққа қайтарылады.
Расында сенен бұрында елшілер жібердік. Олардың кейбірін саған баян еттік те кейбірін баян етпедік. Ешбір елші Алланың рұхсаты болмайынша бір мүғжиза келтіре алмайды. Қашан Алланың әмірі келсе, хақиқат бойынша үкім етіледі. Бүл жерде бұзақылар зиянға ұшырайды.
Ол сондай Алла, Сендер үшін малдарды жаратты. Кейбірін мінесіңдер де кейбірін жейсіңдер.
Оларда сендерге түрлі пайдалар бар. Олардың үстінде көңілдеріңдегі хажетті жерге жетулерің тшін; оларға мініп және кемеде тасымалданасыңдар.
Алла сендерге белгілерін көрсетеді. Ал сонда Алланың қайсы белгілеріне қарсы келесіңдер?
Олар жер жүзінде кезбеді ме? Сонда өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанын көрер еді. Олар, бұлардан көп және күшті әрі жер жүзінде қалдырғаң деректері мықты еді. Сонда да табыстары олардың істеріне жарамады.
Өйткені оларға, елшілері, мүғжизалармен келгенде, өз қастарындағы білімге мардамсыды да ажыуалаған нәрселері бастарына жетті.
Ал енді азабымызды көргенде: "Жалғыз ғана Аллаға сендік. Сондай-ақ Оған ортақ қосқан нәрселерімізге қарсы келдік" дейді.
Бірақ, азабымызды көргендегі сенімдері оларға пайда бермейді. Өйткені, Алланың құлдарына байланысты болып, келе жатқан жолы осы. Бұл жерде кәпірлер зиян көреді.