ﯟ
surah.translation
.
من تأليف:
جمعية خليفة الطاي الخيرية
.
ﰡ
Қаф. Ұлы дәрежелі Құранмен ант етемін!
Иә, олар өз араларынан бір ескертуші келгеніне таң қалды әрі кәпірлер: «Бұл - бір таңқаларлық нәрсе екен!
Біз өліп, топыраққа айналған кезімізде ме? Бұл қайту - ұзақ / мүмкін емес / », - деді.
Біз олардан / мүрделерінен / жердің нені кемітіп жатқанын білеміз, әрі Біздің алдымызда сақтаушы Кітап бар.
Негізінде, олар өздеріне ақиқат келген кезде оны өтірік деді, ал енді олар сасқалақтап абыржуда.
Олар үстеріндегі аспанға назар салмай ма? Оны қалай құрғанымызға және безендіргенімізге? Онда бір сызат / жарықшақ / жоқ.
Әрі жерді жайып және оған берік орналасқандарды / тауларды / тастадық / орнаттық / , әрі онда барлық көркем түрлерден өсірдік,
мұны әрбір Раббысына әрдайым қайтушы құлға көрнекі белгі етіп және есіне салу / ғибрат / үшін істедік.
Аспаннан берекелі су түсіріп, онымен бақтар және орып алынатын дақылдар өсірдік,
әрі қауашақтары шоғырланған ұзын құрмаағаштарын да,
құлдарға ризық ретінде. Әрі ол сумен тіршіліксіз қалған жерді жандандырдық. / Қабірлерден / шығу да осылай болады.
Олардан бұрын Нұхтың елі, ар-Рас тұрғындары / құлық иелері / және Сәмұдтықтар / елшілерін / өтірікші санады.
Әрі Ад елі, Фиръаун және Лұттың ағайындары да,
Әйке тұрғындары мен Туббаъның елі де. Барлығы елшілерді өтірікші санады, сонда Менің / жазамен / қорқытуым шындыққа айналды / орындалды /.
Біз алғашқы жаратқанда әлсіз болдық па? Жоқ! Алайда олар жаңадан жаратуға / қайта тірілтуге / қатысты күмәндануда.
Ақиқатында, адамды Біз жараттық және оған оның жаны не деп сыбырлағанын / уәсуәса еткенін / білеміз. Әрі Біз оған күре тамырынан да жақынбыз.
Міне, / әрбір адамның / оң жағынан және сол жағынан екі тіркеп / жазып / алушы отыр.
Ол қандай сөз айтпасын, оның жанында дайын тұрған бақылаушы бар.
Әрі өлім арпалысы / жан шығатын кездегі қиыншылық / ақиқатпен келеді. Сен қаламай қашқақтап келген нәрсең - міне осы.
Әрі Сүр үріледі. Бұл - уәде етілген / ескертілген / Күн.
Сонда әрбір жан бір айдаушымен және куәгермен бірге келеді.
«Сен бұдан қаперсіздікте едің, Біз сенен пердені аштық, енді бүгін сенің көзің өткір, -деп әрбір сенбеушіге үнделеді.
Әрі оның қасында бірге болған / періште / :«Міне, мынау мендегі дайындағаны», -дейді.
«Екеуің ақиқатқа қасарысқан әрбір кәпірді Жаһаннамға тастаңдар,
жақсылыққа кедергі жасаған, шектен шыққан және күмән келтіргенді,
сондай, Аллаһпен қатар басқаны құдай етіп алғанды. Оны қатты азапқа тастаңдар», -делінеді.
Оның серігі: «Раббымыз! Мен оны күнәға батырып адастырған жоқпын, керісінше оның өзі ұзақ адасуда болды», - дейді.
Ол / Аллаһ / :«Менің алдымда дауласпаңдар. Мен сендерге алдын ала ескерткенмін.
Менің алдымда сөз өзгертілмейді әрі Мен құлдарға әділетсіздік етуші емеспін», -дейді.
Сол күні Біз Жаһаннамға: «Толдың ба?» - дейміз. Ал ол: «Тағы да бар ма?» - дейді.
Ал, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін жәннат жақындатылып, / олардан / алыс болмайды.
Міне, осы сендерге - әрбір әрдайым Раббысына қайтушыға, сақтаушыға уәде етілген нәрсе,
сондай әр-Рахманнан көрмей-ақ, құпия түрде қорыққанға әрі әрқашан Раббысына бұрылған жүрекпен келгенге.
«Оған / жәннатқа / амандықпен кіріңдер! Міне, бұл - мәңгілік Күні.
Оларға ол жерде қалаған нәрселері бар, ал Бізде және қосатынымыз бар.
Біз олардан / Мекке кәпірлерінен / бұрын қаншама халықты жойып жібердік. Олардың күш-қуаты бұларға қарағанда мықты әрі көп елдерді шарлаған еді. Оларға қашатын / құтылатын / жер болды ма?
Ақиқатында, Мұнда жүрегі барға немесе естігенін қабылдағанға еске салу / ескерту / бар.
Біз аспандарды және жерді, әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жараттық және Бізге шаршау тимеді.
Ей, Мұхаммед! / Сен олардың айтып жатқандарына сабыр ет. Әрі күн шығардан алдын және күн батардан бұрын Раббыңды мақтап, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте,
және түннің бір бөлігінде және сәжделердің / намаздардың / артында да Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте.
Әрі шақырушы сол күні жақын жайдан шақырғанда тыңда.
Сол күні олар сайханы анық естиді. Міне, бұл - Шығу күні.
Анығында, Біз тірілтеміз және өлтіреміз, әрі қайту - Бізге.
Сол күні жер жарылып, олар асыққан күйде болады. Бүл жинау Бізге оңай.
Ей, Мұхаммед! / Біз олардың не айтып жатқандарын жақсы білеміз, ал сен оларға мәжбүрлеуші емессің. Менің ескертуімнен қорқатындарға Құран арқылы еске сал / насихат ет /.