ﮨ
surah.translation
.
من تأليف:
خليفة الطاي
.
ﰡ
ﮝ
ﰀ
Та. Син. Мим.
Бұл ашық баян етуші Кітаптың аяттары.
(Мұхаммед Ғ.С.) саған Мұса (Ғ.С.) мен Перғауынның қиссасын сенетін ел үшін дұрыс оқимыз.
Рас Перғауын ол жерде зорекер болып, елін топтарға бөлді. Олардың бір тобын езіп, ұлдарын бауыздап, әйелдерін тірі қоятын еді. Өйткені ол, бұзақылардан еді.
Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз:
Оларды жерге (Мысырға) орналастыруды; Перғауын, Һаман және екеуінің әскерлеріне, бұлардың қорыққан нәрселерін көрсетуді қаладық.
Мұсаның анасына: "Оны еміз де оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да ктйіибе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз" деп, қөкейіне салдық.
Сонда Перғауынның семьясы өздеріне қастас әрі қайғы болатын баланы тауып алды. Расында Перғауынмен Һаман әрі әскерлері қателесті.
Перғауынның әйелі: "Менің де сенің де көз қарашығымыз, оны өлтірмеңдер! Бәлкім бізге пайдасы тиер; немесе бала қып аламыз" деді. Өйткені олар, сезбеді.
Мұсаның анасы бос ойларға батып, таң атырды. Егер жүрегін сенушілерден болуға бекемдемесек, оны білдіріп ала жаздады.
Анасы, Мұсаның әпекесіне: "Оның соңына түс" деді. Ол, олар сезбеген жақтан оны көздеді.
Бұрын емізушілерді оған арам еттік. (Бала бөтен омырауды ембей қойды.) Сонда оның әпекесі, Оларға: "Сендерге, оны сендер үшін бағатын, оған қамқор бір үйдің ішін көрсетейін бе?",-деді.
Сөйтіп оны, анасына көзайым болып, күйінбеуі, сондай-ақ Алланың уәдесінің хақ екендігін білу үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді.
(Мұса Ғ.С.) ержетіп, теңелген кезде, өзіне хикмет, ғылым бердік. Жақсылық істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз.
(Мұса Ғ.С.) елдің кәперсіз уақтында қалаға кірді де онда төбелесіп жатқан екі адам көрді. Бірі өз тобынан, біреуі дұшпан жақтан еді. Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мұсадан көмек тіледі. Сонда Мұса (Ғ.С.) оны жүмырықпен ұрғанда оған қаза жетті. (Мұса Ғ.С.): "Бұл шайтан ісі. Өйткені ол ашық адастырушы дұшпан" деді.
"Раббым! рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!",- деді. Сондықтан Алла, оны жарылқады. Өйткені Ол, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.
"Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем етпеймін" деді.
Қалада қорқып, алаңдықпен таң атырды. Ал және кешегі өзінен көмек тілеген кісі, тағы жалбарынып жатыр. (Тағы төбелесіп жатыр.) Мұса (Ғ.С.) оған: "Сен анық адасқан екенсің" деді.
Сонда Мұса (Ғ.С.) екеуінің де дұшпанын ұстағысы келген сәтте: "Әй Мұса! Кеше бір адамды өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен Бұл жерде турашылдардан болмай бір зорекер болуды қалайсың ба?",- деді.
Қаланың шетінен бір адам жүгіріп келіп: "Әй Мұса! Бастықтар сені өлтіруге кеңесіп жатыр. Дереу шығып кет! Шынында мен саған қамқорларданиын" деді.
Сонда Мұса (Ғ.С.) қорқа байқастап, қаладан шықты да: "Раббым! Мені залым елден құтқар!",- деді.
Ол, Мәдян жаққа жөнелген сәтте: "Раббымның, маған тура жол көрсетуін үміт етеиін" деді.
Мәдян суына барган кезде, ол жерде мал суарған бір топ адам көреді. Тағы олардан өзге малдарын судан қайырып түрган екі әйел керді де: "Екеуіңнің бұйымтайларың не?",-деді. Екеуі: "Малшылар малдарын алып кеткенге дейін суара алмаймыз. Әкеміз кәрі шал" деді. (Бұлар Шұғайып (Ғ.С.) тың қыздары еді)
Мұса (Ғ.С.) олардың малдарын суарды да сосын көлеңкеге бұрылып: "Раббым! Сен маған хайырдан не жіберсең мұхтажбын" деді.
Сонда екі әйелдің бірі, ұялған түрде келіп: "Әкем, бізге мал суарып берген ақыңды беруге сені шақырады" деді. Мұса (Ғ.С.) Шұғайып (Ғ.С.) қа келген сәтте, оған қиссаларын баян қылды. Шұғайып (Ғ.С.): "Қорықпа! Залым елден құтылдың" деді.
Екі қыздың бірі: "Әкетайым! Оны жалдап ал! Рас ол, жалдаған адамдардың хайырлысы да, күшті, сенімдісі" деді.
(Қыздардың әкесі Мұса Ғ.С. ға): "Маған сегіз жыл жалға жүруіңе орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, ол сенің өз жаныңнан болады. Саған машақат қылуды қаламаймын. Алла қаласа, мені ізгілерден табарсың" деді.
(Мұса Ғ.С.): "Осы, мені мен сенің арамыздағы келісім бойынша, екі мезгілдің қайсысын орындасаи да маған қарсылық жоқ. Айтқанымызға Алла кепіл" деді.
Мұса (Ғ.С.) мерзімді бітіріп, жұбайымен жолға шыққанда, Тұр жақтан бір от көріп, жүбайына: "Тұра түрыңдаршы. Рас бір от көрдім. Бәлкім бір хабар немесе оттан бір шоқ әкелермін. Әрине сендер жылынарсыңдар" деді.
Ол жерге келген сәтте, мүбарак жердегі ойпаттың оң жагандагы ағаштың жанынан: "Әй Мұса! Рас Мен, әлемдердің Раббы Алламын" деп, дабысталды.
"Таяғыңды таста!" Сонда оны иреңдеген жылан тәрізді көріп, бұрыла артына қарамай жөнелді. "Әй Мұса! Бері бұрыл, қорықпа! Шынында сен амандықта болғандардансың!"
"Қолыңды қойныңа тық. Кесірсіз аппақ болып, шығады. Қорқудан салбыраған қолыңды жина! (Сүлкіме!) Бұл екеуі, Перғауынға да адамдарына да Раббыңның екі дәлелі. Өйткені олар бұзақы ел..."
(Мұса Ғ.С.): "Раббым! Расында олардан кісі өлтірдім. Сондықтан олардың мені өлтіруінен қорқамын" деді.
"Туысым Һарүн тілде менен жаттығырақ. Сондықтан оны, менімен бірге көмекші етіп жібер де, мені жөптесін. Расында олардың жасынға шығаруынан қорқамын!"
(Алла Т.): "Туысың арқылы білегіңді күшейтіп, екеуіңе олар жете алмайтын күш беремін. Аяттарымызбен екеуің де сендерге ергендер де жеңіске ие боласыңдар" деді.
Мұса (Ғ.С.) Оларға ашық аяттарымызбен келгенде: "Бұл жасанды бір жады ғана. Бұрынгы аталарымыздан бұны естігеміз жоқ" десті.
Мұса (Ғ.С.): "Өзінің қасынан кімнің туралықты әкелгенін және соңғы қоныс (жаннат) кімдікі боларын Раббым жақсы біледі. Шынында залымдар құтылмайды" деді.
Перғауын: "Әй бастықтар! Мен сендер үшін менен басқа тәңір барлығын білмеймін. Әй Һаман! Мен үшін балшыққа от жағып, (өрте!) Бір мүнара жаса. Белкім Мұсаның Тәңірін көрермін. Расында оны өтірікші деп ойлаймын" деді.
Ол және әскерлері сол жерде орынсыз дандайсыды. Расында олар, Біз жаққа қайтарылмаймыз деп, ойлады.
Оны да әскерлерін де қолға алып, теңізге тастадық. Залымдардың соңының не болғанын көр!
Оларды тозаққа шақыратын бастық қылдық. (Оларға ерген тозаққа түседі.) Сондай-ақ олар қиямет күні, жәрдем көрмейді.
Олардың соңынан Бұл дүние де қарғыс ертіп, қойдық. Әрі қиямет күні сүркейлерден болады.
Расында бұрынғы ұрпақтарды жоқ еткеннен кейін Мұса (Ғ.С.) ға адамдардың түсінулері үшін Кітапты көрнеу дәлелдер, туралық және мәрхамет түрінде бердік.
(Мұхаммед Ғ.С.) Біз Мұса (Ғ.С.) ға әмір бергенде, сен батыс тарапта емес едің. Сондай-ақ көріп түрғандардан да емес едің.
Алайда бірқанша нәрселер жараттық. Оларға ұзын өмірлер өтті. Аяттарымызды оқу үшін Мәдян елінің ішінде болмадың; бірақ ол хабарларды жолдаушы Бізбіз.
Біз Мұса (Ғ.С.) ға дабыстаған кезде, Тұр жақта емес едің. Бірақ саған мәрхамет түрінде, сенен бұрын өздеріне ескертуші келмеген елге ескертуің үшін жіберілдің. Мүмкін олар түсінер.
Егер оларға қолекі істегендерінің салдарынан өздеріне бір бейнет жетсе, сонда олар: "Раббымыз! Бізге бір Пайғамбар неге жібермедің? Онда аяттарыңа бой ұсынып, мүмін болар едік" дейді.
Ал оларға өз қасымыздан хақиқат келгенде, олар: "Мұсаға берілген кұсаған неге бұған берілмейді?" десті. Олар бұрын Мұса (Ғ.С.) ға берілгенге қарсы келмеп пе еді? "Бірін-бірі сүйемелдеген екі сиқыр" десті. "(Құран мен Тәурат) бәріне де қарсымыз" десті.
(Мұхаммед Ғ.С.): "Егер рас айтушы болсаңдар, Алла тарапынан ол екеуінен турарақ бір кітап әкеліңдер. Мен де соған ілесемін" де.
Сонда да саған жауап бермесе, шын мәнінде олардың өз көңілдері тартқан жаққа кеткенін біл. Алладан бір жол-жорықсыз өз көңілдері ауған жаққа ілескеннен әрі адасқан кім бар? Әрине Алла, залым елді тура жолға салмайды.
Расында оларға түсінулері үшін сөзімізді жалғастырдық.
Бұрын өздеріне кітап бергендеріміз, Құранға сенеді. (5-С. 83-А.)
Оларға Құран оқылғанда: "Біз бұган сендік. Рас ол, Раббымыз тарапынан түсірілген хақ сөз. Негізінде бұрыннан-ақ бой ұсынған едік" деді. (Бұлар Якуди, Христиандардан Мтсылман болғандар. Б.Ж.М.К.)
Міне соларға сабыр еткендіктері себепті сыйлықтары екі есе беріледі. (Екі кітапқа да иман келтіргендіктері үшін. Б.Ж.М.К.Р.) Және олар жамандықты жақсылықпен жойып, өздеріне берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды.
Қашан олар бос сөз естісе, одан бет бұрып: "Біздің ісіміз өзімізге, сендердің істерің өздеріңе тән. Сендерге сәлем. (Қош енді.) Надандарды қаламаймыз" дейді.
(Мұхаммед Ғ.С.) расында жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Алла кімді қаласа, оны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол, тура жол табатындарды жақсы біледі. (Бұл аят Мұхаммед Ғ.С ның әкесімен туысқан Әбу Таліпқа байланысты. Ж.М.К.Р.Х.)
(Құрайш тобы): "Егер сенмен бірге тура жолға түссек, жерімізден дереу шығарыламыз" деді. Оларды өз жанымыздан, әр нәрсенің өнімдері несібе түрінде шоғырланатын, қастерлі де бейбіт бір жерге (Меккеге) орналастырмадық па? Бірақ олардың көбі түсінбейді.
Қаншалаған тіршілігіне мас болған кенттерді типыл қылдық. Міне олардан кейін өте аз отырылған қоныстары; Ақыр Біз мұрагер болдық.
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың кенттердің орталығына, оларға аяттарымызды оқитын бір елші жібермейінше жоқ етуші емес. Халқы залым болған кентті ғана жоқ етеміз.
Сендерге берілген нәрсе, Дүние тіршілігінің буйымы, зейнеті ғана. Ал Алланың қасындагы нәрсе хайырлы да тұрақты. Енді де ойламайсыңдар ма?
Ал енді өзіне жақсы уәде беріп, соған қауышатын біреу; өзін дүние тіршілігінде пайдаландырып, сосын қиямет күні жазаға әзірленетін кісілер тәрізді ме?
(Алла Т.) ол күні, оларға: "Сендердің Маған серік деп үйғарғандарың қайда?",- деп, дабыстайды.
Өздеріне сөз келгендер: "Раббымыз! Бұлар, біз адастырғандар; оларды өзіміз адасқандай адастырдық. Олардан безіп, Саған келдік. Олар негізінен бізге табынбайтын еді" дейді.
Ал оларға: "Қосқан ортақтарыңды шақырыңдар" делінеді. Сонда олар шақырады. Олар жауап бермейді. Олар тозақты көреді. (Қап!) Олар тура жолда болған болса еді.
(Алла Т.) ол күні, оларға: "Елшілерімізге не жауап бердіңдер?",- деп, дабыстайды.
Сол күні оларға хабарлар естілмейді де (өзара да) сұраспайды.
Ал енді кім тәубе етіп, иман келтіріп ізгі іс істесе, құтылушылардан болуы үміт етіледі.
Раббың қалағанын жаратады да сұрыптайды. Оларда ерік болмайды. Алла (Т.) олардың қосқан серіктерінен пәк, өте жоғары.
Раббың олардың көңілдеріндегі жасырған нәрселерін де көрнеу істеген нәрселерін де біледі.
Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Дүние, ахиретте барлық мақтау Оған лайық. Үкім Оған тән. Және Сол жаққа қайтарыласыңдар.
Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Дүние, ахиретте барлық мақтау Оған лайық. Үкім Оған тән. Және Сол жаққа қайтарыласыңдар. (70) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Көрдіңдер ме, егер Алла (Т.) сендерге қиямет күніне дейін ұдайы қараңғы қылса, Алладан басқа сендерге жарық келтіретін тәңір кім? Естімейсіңдер ме?",- де.
"Көрдіңдер ме, егер Алла (Т.) сендерге қиямет күніне дейін ұдайы күндіз қылса, Алладан басқа сендерге онда тынығатын түн келтіретін тәңір кім? көз салмайсыңдар ма?",- де.
Алла, сендерге өз мәрхаметінен түнді тынығу, күндізді кеңшілігін (ризық) іздеулерің үшін жаратты. Әрине шүкірлік етерсіңдер.
Сол күні, Оларға: "Менің серігім деп, ойлағандарың қайда?",- деп, дабыстайды.
Ол күні, әр үмметтен бір айғақ шығарып: "Дәлелдеріңді әкеліңдер" дейміз. Сонда олар, рас хақиқат, Аллаға тән екенін біледі де олардың жасанды нәрселері жоқ болады.
Рас Қарун, Мұса (Ғ.С.) ның елінен еді де, оларға қарсы келді. Сондай-ақ оған, кілттерін күшті бір топ әрең көтеретін қазыналар берген едік. Сонда оған халқы: "Елірме! Расында Алла, еліргендерді жақсы көрмейді" деді.
"Алланың саған берген дәулетімен ахирет жұртын ізде де дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай-ақ жер жүзінде Бұліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді.
Қарұн: "Шын мәнінде бұл, маған мендегі білімге берілді. (Баюдың жөнін білуші едім)" деді. Негізінде Алланың бұдан бұрын, бұдан да күшті, тобы көп нәсілдерді жоқ еткенін білмеді ме? Күнәкарлар, күнәларынан сұралмайды. (Бәрі жазулы. 82-С. 10-11-А.)
Ол, қауымына сән-салтанат ішінде шықты; Дүние тіршілігін қалағандар: "Әттең! Бізге де Қарүнға берілген тәрізді болса; өйткені ол, зор ырыс иесі" деді.
Өздеріне білім берілгендер:"Алланың сыйлығы; иман келтіріп ізгі іс істегендерге тағы жақсы. Ал оған сабырлылар ғана жетеді" деді.
Ақыр оны да үйін де жерге жұтқыздық. Алладан өзге оған жәрдем етер бір топ болмады әрі оған көмек етілмеді. (Бұл атақты Қарұн; бай, Мұса (Ғ.С.) ның жақыны, асқан сараң, мың да бір зекет бер десе; бермей, Мұса (Ғ.С.) ны ел алдында қорлау үшін жала жапсырып, көп іренжітеді. Б.М.Р.)
Кеше оның орнында болуды көксегендер: "Сірә, Алла құлдарынан кімді қаласа, соның несібесін кеңітіп, таралтады екен. Егер Алла, бізге қамқорлық қылмаса, әрине бізді де жерге жұтқызар еді. Айтқандайын, кәпірлер құтылмайды."
Міне ахирет жұрты: Оны, жер жүзінде өзін-өзі көтеріп, бұліншілік ізденбегендерге нәсіп етеміз. Негізінде соңгы табыс тақуалар үшін.
Кім бір жақсылық келтірсе; оған одан жақсы сыйлық бар. Ал кім бір жамандық келтірсе; ол жамандықты істегендерге, істегендерінің ғана сазайы беріледі.
(Мұхаммед Ғ.С.) шәксіз саған Құранды міндетті қылған Алла, әрине сені қайтар жеріңе (Меккеге) қайтарады. "Раббым, Туралық келтірген кісіні де ашық адасудағы кісіні де жақсы біледі" де.
Саған Кітап түсірілетінін үміт етпеген едің. Бірақ Раббыңның мәрхаметі. Сондықтан қарсы болғандарды сүйемелдеме!
Алланың аяттары саған түсірілгеннен кейін олар сені одан (аяттарға ғамал қылудан) тоспасын. Оларды Раббыңа шақыр да әсте серік қатушылардан болма!
Алла мен бірге басқа тәңір шақырма! Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Оның дидарынан басқа әр нәрсе жоқ болады. Үкім Оған тән. Сондай-ақ Оған қайтарыласыңдар.