ﯧ
surah.translation
.
من تأليف:
خليفة الطاي
.
ﰡ
(Біреу әйелін өз шешесінің арқасына ұқсатуды "Зиһар" деп атайды. Жаһилиет дәурінде мүлде ажырасып кетеді екен. Самет ұлы Әуіс: "Маған анамның арқасындайсың" дегендіктен жұбайы Пайғамбарға келіп шағады. Ж.М.К.Р.Х.Т.) (Мұхаммед Ғ.С.) расында Алла, ері жайында Аллаға шағып, сенімен тартысқан әйелдің сөзін естіді. Алла екеуіңнің сөйлескендеріңді де естиді. Шүбәсыз Алла, толық естуші, тым қырағы.
Сондай сендерден жұбайларын зиһар еткендердің әйелдері аналары емес. Олардың аналары өздерін тапқандар ғана. Сөзсіз олар теріс әрі өтірік сөз сөйлейді. Шынында Алла тым кешірімді, ерекше жарылқаушы.
Сондай жұбайларын зиһар еткендер, сосын айтқан сөздерінен қайтса, сонда екеуі қосылудан бұрын бір құл азат етуге тиіс. Міне сендерге осы нұсқау беріледі. Алла не істегендеріңді толық біледі.
Сонда біреу құл таба алмаса, екеуі қосылудан бұрын тұтас екі ай ораза ұстасын. Біреудің оған да шамасы келмесе, алпыс аш кісіні тамақтандырсын. Бұл Аллаға, Елшісіне иман келтірулерің үшін. Сондай-ақ осы Алланың шектері, қарсы болушыларға жан түршігерлік азап бар.
Расында Аллаға, Елшісіне қасарысқандар, олар да бұрынғылар қорлағандай қорланады. Әлбетте ашық аяттарды түсірдік. Қарсы болушылар үшін қорлаушы азап бар.
Сол күні, Алла, оларды тұтас тірілтеді де өздеріне не істегендерін түсіндіреді. Алла, оны түгендеп сақтады. Оны өздері ұмытты. Алла, әр нәрсені көріп тұрады.
(Мұхаммед Ғ.С.) көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т.) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші. (Рауаят бойынша, Яьудилер мен мұнафықтар; сыбырласып, қас қағысып, көз қысысудан тыйым салынған бола тұрса да өршелене түсіп, тіпті сәлемнің өзін бұрмалаған. Ж.Б.М.Р.Т.)
Сондай сыбырдан тыйылғандардың тыйым салынған нәрселеріне қайта оралғандарын көрмедің бе? Олар күнәда, дұшпандық және Пайғамбарға қарсылықта сыбырласады. Әрі саған келген сәтте, өзіңе Алланың сәлемінен басқа сәлем береді. (Есендік тілемей өлім тілейді.) Сондай-ақ өздерінше: "Алла, бізді айтқан сөзімізбен азапқа душар қылмайды" дейді. Оларға кіретін тозақ жетіп асады. Ол нендей жаман орын.
Әй мүміндер! Егер сыбырлассаңдар; күнә, дұшпандық және Пайғамбар (Ғ.С.) ға қарсылық жайында сыбырласпаңдар. Жақсылық, тақуалықта сыбырласыңдар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар. Өйткені Ол тарапқа жиналасыңдар.
Шын мәнінде құпия жиналыс мүміндерді кейіту үшін шайтан ісі. Алла қаламайынша ешбір зиян келтірмейді. Сондыктан мүміндер Аллаға тәуекел етсін.
Әй иман келтіргендер! Сендерге жиналыста: "Орын беріңдер" делінсе, ашылыңдар. Алла да сендерге кеңшілік етеді. Ал және: "Тарқаңдар" делінсе, дереу тарқаңдар. Алла (Т.) сендерден сондай иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді. Істегендеріңді толық біледі.
Әй иман келтіргендер! Пайғамбар (Ғ.С.) мен оңаша сөйлескен кезде, оңаша кеқесудің алдында садақа беріңдер. Бұл сендер үшін хайырлы әрі кіршіксіз болады. Егер оны таппасаңдар, шәксіз Алла (Т.) тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.
Пайғамбар (Ғ.С.) мен оңаша сөйлесуден бұрын садақа беруден тартындыңдар ма? Оны істемесеңдер де Алла, сендерді кешірім етті. Ал енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. Сондай-ақ Аллаға, Елшісіне бағыныңдар. Алла (Т.) істегендеріңнен толық хабар алушы.
(Мұхаммед Ғ.С.) өздеріне Алла ашуланған қауымды дос тұтқандарды көрмедің бе? Негізінде олар, сендерден де олардан да емес. Сондай-ақ олар біле тұра өтірікке ант ішеді.
Алла, оларға қатты азап әзірледі. Олардың істегендері нендей жаман.
Олар анттарын қалқан қылып алып, Алланың жолынан тосады. Сондықтан олар үшін қорлаушы азап бар.
Олардың малдары да балалары да Алладан келген нәрсеге еш төтеп бере алмайды. Міне солар, тозақтық. Олар онда мәңгі қалады.
Қиямет күні Алла, оларды, тұтас тірілтіп жинағанда, сендерге ант ішкендей Оған да ант ішеді. Расында олар оны пайдалы деп ойлайды. Байқаңдар! Шын мәнінде олар, өтірікші.
Оларға шайтан үстем келіп, өздеріне Алланы еске алуды ұмыттырды. Олар шайтанның тобы. Байқандар! Расында шайтанның жамағаты солар; зиян тартушылар.
Сөзсіз, Аллаға, Елшісіне қарсы келгендер, солар; қорлардың қатарында болады.
Алла (Т.): "Әлбетте Мен және елшілерім жеңіске иеміз" деп, жазған. Шүбәсыз Алла; тым күшті, аса үстем.
Аллаға, ахирет күніне иман келтірген бір елдің; аталары не балалары яқи туыстары немесе ағайындары болса да Аллаға, Елшісіне қарсы келгендерді сүйгенін көрмейсің. Міне солардың жүректеріне Алла иман жазган әрі оларды Өз жағынан бір нұрмен қолдаған. Және оларды астарынан өзендер ағатын әрі онда мәңгі қалатын бейіштерге кіргізеді. Алла, олардан разы, олар да Алладан разы. Міне бүлар, Алланың жамағаты. Жақсы біліңдер. Дау жоқ, Алланың жамағаты, олар; құтылушылар.