ﯠ
                    surah.translation
            .
            
    
                                    من تأليف: 
                                            جمعية خليفة الطاي الخيرية
                                                            .
                                                
            ﰡ
                                                                                                                
                                    ﯤﯥ
                                    ﰀ
                                                                        
                    Ұшырып жіберушілермен ант етемін! 
                                                                        
                                                                                                                
                                    ﯧﯨ
                                    ﰁ
                                                                        
                    Әрі жүкті көтерушілермен,
                                                                        
                                                                                                                
                                    ﯪﯫ
                                    ﰂ
                                                                        
                    және жеңіл жүзушілермен, 
                                                                        
                                                                                                                
                                    ﯭﯮ
                                    ﰃ
                                                                        
                    әрі / Аллаһтың / әмір еткендерін үлестірушілермен!
                                                                         Анығында, сендерге уәде етілген нәрсе - шындық.
                                                                        Әрі есепке тарту міндетті түрде болады.
                                                                        Жүретін жолдары бар аспанмен ант етемін!
                                                                        Негізінде, сендер қарама-қайшы сөздесіңдер.
                                                                        Одан / Құраннан / бұрылғандар бұрып жіберіледі.
                                                                        
                                                                                                                
                                    ﭟﭠ
                                    ﰉ
                                                                        
                    Өтірікшілер / анық білмейтін нәрселер жайлы сөйлейтіндер / жойылсын,
                                                                        сондай, / имансыздық пен адасудың / ұйығында қаперсіздікте жүргендер!
                                                                        Олар: «Есеп күні қашан болады», - деп сұрайды.
                                                                        Ол күні олар Отта азапталады.
                                                                        «Азаптарыңды татыңдар! Сендер асықтырған / тез болуын сұраған / нәрсе - осы».
                                                                        Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / Жәннат бақтары мен бұлақтары арасында,
                                                                        өздеріне Раббысының бергенін алады. Анығында, олар бұдан алдын жақсылықты ықыласпен істеуші еді.
                                                                        Олар түннің аз ғана бөлігін ұйықтайтын,
                                                                        ал сахарда кешірім тілейтін еді.
                                                                        Олардың дүние-мүліктерінде сұраушыға және түгі жоқ мұқтаждарға үлес бар.
                                                                        Әрі айқын сенушілер үшін жерде белгі-дәлелдер бар.
                                                                        және сендердің өздеріңде де. Көрмейсіңдер ме? 
                                                                         Әрі аспанда сендердің ризықтарың және сендерге уәде етілген бар.
                                                                        Аспан мен жердің Раббысымен ант етемін, бұл - сендердің / сөз / сөйлеулерің секілді ақиқат.
                                                                         Ей, Мұхаммед! / Саған Ибраһимның құрметті қонақтары жайлы хабар келді ме?
                                                                        Олар оның алдына кірген кезде: «Сәләм» / бейбітшілік болсын! / - деді. Ол да: «Сендерге де Сәләм / амандық болсын / , ей, бейтаныс адамдар!» - деді.
                                                                        Ол ақырын әйеліне шығып, әзірленген бір семіз бұзау әкелді.
                                                                        Оны Оларға жақындатып: «Жемейсіңдер ме?» - деді.
                                                                        Сонда ол олардан / қауіптеніп / қорқып қалды. Олар: «Қорықпа», - деді және оны білімді бір ұлмен сүйіншіледі.
                                                                        Ал, оның әйелі дауыстап, бетін ұрып: «Бедеу кемпір ме?» - деді.
                                                                        Олар / періштелер / :«Раббың осылай деп айтты. Ақиқатында Ол әл-Хаким / аса Дана / , әл-’Алим / бәрін Білуші / », - деді.
                                                                        Ол: «Әй, елшілер, не шаруаменкелдіңдер?» - деді.
                                                                        Олар: «Біз қылмыскер елге жіберілдік,
                                                                        оларға лайдан / жасалған / тас жаудыру үшін,
                                                                        шектен шыққандарға Раббың тарапынан белгіленген», - деді.
                                                                        Біз ол жерден имандыларды шығардық.
                                                                        Алайда, біз ол жерде бір үйден басқа мұсылмандарды / бойсұнушыларды / таппадық.
                                                                        Әрі ол жерде күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін белгі қалдырдық.
                                                                        Мұсада да / белгілер бар /. Сол кезде оны Фиръаунға анық дәлелмен жібердік.
                                                                        Бірақ ол айналасындағылармен бірге теріс бұрылды және: «Бұл - сиқыршы не жын соққан», - деді.
                                                                        Сонда Біз оны әрі әскерін ұстадық / жазаладың / және оларды теңізге тастадық. Ол / Фиръаун / айыпталуға лайықты болды.
                                                                        Ад елінде де. Сол кезде оларға / пайдасы жоқ / зиянды желді жібердік.
                                                                        Ол тиген нәрсесін аман қалдырмай, оны үгіндіге айналдырады.
                                                                        Сәмұд елінде де. Сол кезде оларға: «Бір уақытқа дейін пайдаланыңдар», - делінді.
                                                                        Олар Раббысының әміріне бағынбай, менмендік танытты. Сонда қарап тұрған күйлерінде оларға саъиқа тиді.
                                                                        Сонда олар тұруға шамалары келмей қалды әрі қорғана да алмады.
                                                                        Бұдан бұрын Нұхтың елін де / жойдық /. Өйткені олар бұзық / бойсұнбаушы / ел еді.
                                                                        Біз аспанды құдіретімізбен құрдық әрі Біз кеңейтушіміз.
                                                                        Ал жерді жайып қойдық. Біз қандай жақсы жаюшымыз.
                                                                        Әрі сендердің еске алуларың / ғибраттануларың / үшін Біз әрбір нәрсені жұбымен жараттық.
                                                                         Ей, Мұхаммед! / :«Аллаһқа қарай қашыңдар / пана іздеп ұмтылыңдар /. Анығында, мен - сендерге Одан / жіберілген / анық ескертушімін.
                                                                        Аллаһпен бірге басқаны құдай етіп алмаңдар. Шын мәнінде, мен сендерге Одан анық ескертушімін», - деп айт?
                                                                        Міне, осылай, бұлардан алдыңғыларға да әрбір елші келгенде, олар да: «Сиқыршы немесе жын соққан», - деді.
                                                                        Олар бұл сөзді бір-біріне өсиет етіп қалдырды ма? Жоқ, олай емес! Олар шектен шыққан ел.
                                                                         Ей, Мұхаммед! / Олардан теріс бұрыл, сен жазғырылмайсың.
                                                                        Алайда естеріне сал, өйткені еске салу - имандыларға пайдасын тигізеді.
                                                                        Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етуден басқа нәрсе үшін жаратпадым. / Жын және адамзатты Өзіме ғибадат етулері үшін ғана жараттым / ?
                                                                        Мен олардан ешбір ризық / несібе, үлес / қаламаймын және олардың Мені тамақтандыруын да қаламаймын.
                                                                        Ақиқатында, Аллаһ Ризық беруші, күш-қуат Иесі, өте Мықты.
                                                                        Анығында, әділетсіздік еткендерге / алдыңғы өткен осы ұстанымдағы / өздері тәрізділердің үлестеріндей үлес бар. Сондықтан олар асықтырмасын / тез болуын сұрамасын /.
                                                                        Күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / өздеріне уәде етілген Күннен қасірет бар\